Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Идеялары, теориялары жӘне Өкілдері 3 page





Алғашқы тарихи және социологиялық тұжырымдарды тұтастық дәрежесі неғұрлым жоғары заңдарға айналдыру Милльдің кері-дедуктивті немесе тарихи тәсілінің мәні болып табылады, ол тәсілді Милль өзінің әлеуметтік ғылым тәсілдерінің ішіндегі ең маңыздысы және сенімдісі деп есептеген.

Формальді-логикалық құрылым бойынша Милль өзінің кері-дедуктивті тәсілінде жалпы ғылыми әдісті ұсынып, болжамдарды түсіндірудің дедуктивті себептерін тексеруді сипаттады. Қазіргі ғылымда мұны әдетте гипотетиктік-дедуктивтік тәсіл деп атайды. Болашақты болжау мен түсіндіруде болжамдарды тексеру тәсілі барлық жерде бірдей. Тексерілген болжамнан, мейлі ол әмбебап заң болсын немесе бастапқы жағдайлар туралы қабылданған ойлар болсын, белгілі бір болжамды дедукцияға сүйеніп қорытынды шығарылады. Мұндай болжамның көптеген бақылаулардың нәтижелерімен үйлесімділігін болжамның расталуы, ал сәйкес келмеушілігін - терістелуі деп есептейді. Алайда болжамдық-дедуктивті тәсіл еш жерде оның көмегімен тексерілген ғылыми ой-пікірлердің түпкілікті дәлелдемелерін бермейді.

Бір текті емес саналардың өзара іс-әрекетін қорытындылаған кезде қыруар сандық күрделі нәрсені Милль адамның мінез-құлқы заңдарын статистикалық тұрғыдан түсіндіру арқылы шешуді ойлады. Егер адамдардың іс-әрекеті адамзат табиғатының жалпы заңдары мен оның көрініс табуының нақты жағдайларының бірлескен әсерінің нәтижесі және адам мінезінің жеке ерекшеліктерінің мәні болса, онда осы іс-әрекеттерді түсіндіру жалпыға ортақ, заңды нәрсені жеке және кездейсоқ нәрседен бөліп алу тәсілі табылуына байланысты жемісті болады. Белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда статистика мұны қамтамасыз етеді, себебі үлкен кеңістіктер мен аумақтарда кездейсоқ ауытқулар бейтараптанып, ортақ тенденция туындайды. Әлбетте, статистикалық, ықтималдық заңдылықтары нақты жағдайда жеке адамдар мен топтардың әрекеттерін алдын ала көруге мүмкіншілік бермейді, алайда адамдардың ірі топтарындағы бағыттар мен тенденцияларды айқындайды. Милль сондай-ақ, статистикалық тенденциялардың, тіпті ғылымның барлық қағидалары бойынша расталған, заң шығарушы мүмкіндігін асыра бағалауға болмайтынын ескертеді.

Олардың жинақталған нәтижесін бәрібір нақты болжау қиын, сондықтан да олардың негізінде барлық қоғамға ақиқат болып табылатын қандай да бір ой-пікірлерді, яғни нағыз әмбебап заңдарды белгілеу мүмкін болмайды.

Милльдің адамның іс-әрекеттерін түсіндіруде нақты ортаның маңызы туралы ойларын қарамастан, жеке-дара психикалардың қарым-қатынасының жемісі ретінде осы ортаның құрылымын, оның пікірінше, адамзат табиғатының феномендерінен шығару керек еді. Психологизм дәстүрлердің қалыптасуы да, дамуы да адамның табиғатымен түсіндірілуі керек деген эволюциялық идеялармен психологизмнің шешуші қағидасын байланыстырды. Осы әлеуметтік өмір фактілерін психологиялық заңдарға ұштастыру талпынысы қисынды түрде қоғамның қалыптасуы мен дамуын зерделеуге жеткізген еді.

О.Конттан кейін Милль адамзат өмірінің барлық жақтарының дамуы адамдардың ақыл-ойының дамуына, яғни адамдар пікірінің дәйекті өзгеру заңына байланысты деп білді. Материалдық өркениетте кез келген маңызды прогрестің алдында білім прогресі тұрды және маңызды әлеуметтік өзгерістердің жаршысы қоғам ойлары бейнесіндегі күрт өзгерістер болды.

Тұтас бір нәрсенің басқа нәрсемен ауыстырудың жүйелі тәртібін бақылауды қамтамасыз ететін басты түсінік Милльдің ойынша қоғамның жай-күйін түсіну болды. Қоғамның жай-күйін ғылымның ерекше объектісі ретінде қарастырған кезде элементтердің арасында әлдебір табиғи арақатынас болатыны айтылады. Қоғамның жай-күйі - барлық маңызды әлеуметтік фактілер мен құбылыстардың да жай-күйі. Қоғамның мұндай жай-күйін біртіндеп ауыстыру заңдары адам нәсілі мінезіндегі прогрессивті өзгерулерге сәйкес шын тарихи оқиғалар тізбегінің тәртібін болжай алады.

Дж. Ст. Милльге қатысты барлық сыни ескертулер оның қоғамдық ғылымдар методологиясына қосқан үлесін, соның ішінде оның әмбебап жаратылыстану тәсіліне қатысты дәлелдемелерін жоққа шығармайды. Ол тарихтың социологиясыз, әмбебап заңдарсыз өмір сүре алмайтынын және кейбір жекелеген оқиға басқа бір жекелеген оқиғаның тек әмбебап заңдарға қатысты себебі ретінде болатынын көрсетті.

 

Карл Маркс

 

Карл Маркс (Karl Marx) (1818 - 1883) - неміс философы, социологы, марксизмнің негізін қалаушы.

1818 жылы Трир қаласында (Германия) адвокаттың отбасында дүниеге келген. Германияда (Бонн, Берлин университеті) білім алады, оқуын бітірген соң, баронесса Женни фон Вестфаленге үйленеді. Журналист болып істейді. Тұрақты жұмыс іздеп 1843 жылы Парижге келеді. Онда радикалды эмигранттар тобына кіріп, социалист болады. Парижде ауқатты фабрикант-тоқымашылар отбасынан шыққан Фридрих Энгельспен кездеседі. Кейіннен олар өмір бойы жақын дос болып кетеді. 1845 жылы Пруссия үкіметінің шешімімен Парижден жер аударылып, Брюссельге көшіп келеді. 1848 жылы Француз революциясы басталғаннан кейін Бельгия үкіметі оны тұтқындап, елден қуады. Маркс Парижге қайтып оралып, жаңа Коммунистер Одағының Орталық Комитетін құрады. Осы жылдың сәуір айында Маркс пен Энгельс Кельнге келеді. Мұнда Маркс “Жаңа рейн газетінің” бас редакторы болып істейді. 1849 жылы мамыр айында Пруссия үкіметі газетті жауып, Марксті елден қуады. Ол Парижге қайтып оралып, одан 1849 жылы тамыз айында Лондонға кетуге мәжбүр болады. Мұнда ол өмірінің соңына дейін, яғни 1883 жылға дейін өмір сүреді. Қатты мұқтаждық көріп, кездейсоқ журналистік табыспен күн көреді. Оның отбасына негізінен Энгельс қаржылық көмек беріп тұрды.

Британдық “The Penguіn Dіctіonary of Socіology” сөздігі Маркстің еңбегі социологияның дамуы үшін маңызды болып табылатын бес саланы көрсетеді: 1) өзінің алғашқы еңбектерінде Маркс иеліктен ойын ұғымына ден қойды; бұл тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі; 2) ол өзінің экономикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар арасындағы байланысты деген көзқарастарымен кеңінен танымал; 3) ол, ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне талдау жасауға мүдделі болды; 4) әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес оның тұжырымдауынша “тарихтың қозғаушы күші” болып табылады; бұл идея Маркстің творчествосын соншалықты терең баурап алғаны, батыс социологиясында маркстік теорияны кейде “конфликт теориясы” (conflіct theory) деп атайды; 5) Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.

Батыстың теориялық социологиясына еніп, социологияда антипозитивистік бағдар негіздерін қалаған немістің әлеуметтік философиясының басты категориясы И.Г. Фихте кезінде пайда болған иеліктен айыру идеясы болып табылады. Адамдар арасында орнайтын қарым-қатынастың ерекше түрі иеліктен айыру деп аталады. Ол адамның өз болмысын құрайтын өзіндік қасиеттерге немесе заттарға бақылау жасаудан айырылу түрін бейнелейді. Иеліктен айыру мәні мысалы, меншік және нарықтық айырбас қатынастарында айқын байқалады. Мәселен, егер мен бір затты жасап шығарсам және оны жасауға өзімнің білімімді, күшімді, уақытымды жұмсасам, онда ол затты өз қалауымша пайдалануға құқылымын. Ал егер мен оны басқа біреуге сататын болсам, онда ол затқа меншік құқығымды жоғалтамын, демек оның бұдан кейінгі тағдырына араласа алмаймын.

Маркс өзінің бірқатар еңбектерінде, атап айтқанда “1844 жылғы экономикалық және философиялық қолжазбаларынан” бастап, иеліктен айырудың мұндай түсіндірмесін дамытып, өрістете түседі. Ол иеліктен айыру қатынастарының негіздері адамдардың өзіндік болмыстық табиғатына қарсы болатын әлеуметтік құрылымның өзінде жатыр деп санады. Ол адамның болмыс-бітімі еңбектен көрінеді, шығармашылық белсенділігі басқа адамдармен бірлесіп әрекет етуінен жалғасын табады, сол арқылы адамдар өздерінен тыс дүние құрады деген сенімде болды. Өндіріс процесі - “объективациялардың” бірі, сол арқылы адамдар адамзат шығармашылығы болып табылатын материалдық объектілер жасайды, алайда олар өздерін жасап шығарушылардан бөлек тұрған болмыс болып көрінеді. Иеліктен айыру адам объективациядан өткеннен кейін өзінің өндірісінен өзін көре алмаған жағдайларда, сол өндіріс өзіне жат көрініп, “бұдан былай оның меншігі емес” және “оның өзіне қарсы күшке айналған кезде” орын алады.

Маркс капиталистік қоғамда иеліктен айырудың төрт түрлі көрінісін көрсетеді.

1. Жұмысшы өз еңбегінің өнімінен айрылып отыр, себебі ол өндірген затты басқалар иемденеді, ал ол болса адам оның кейінгі тағдырына араласа алмайды.

2. Жұмысшы өндіріс актісіне иеліктен айырылған. Жұмыс іштей қанағаттандырмайтын нәрсеге айналады да жұмысшыға сыртқы мәжбүрлеуші күш ретінде қысым жасайды. Жұмыс іс жүзінде сауда түріне айналады және жұмысшы үшін мұндағы ең басты құндылық - оған деген сұраныс болып табылады.

3. Жұмысшы өзінің табиғи болмысынан немесе “әлеуметтік болмысынан” алшақтайды, себебі осы екі нәрсе оны жануарлардан ерекшелендіріп тұратын өндірістік белсенділігінен айырады.

Жұмысшы басқа адамдардан оқшаулана береді, себебі капитализм оның басқа адамдармен қатынастарын рыноктық қатынастарға айналдырып жібереді. Және адамдарға деген қатынасты олардың адамдық қасиеттері бойынша емес, нарықтағы орнына байланысты қалыптастырады. Адамдар бір-біріне тұлға ретінде емес, бастық пен бағынушы, жұмысшы мен капиталист ретінде қарай бастайды.

Маркс капиталдың өзі дамыған капиталистік экономика шеңберінде оқшаулануының қайнар көзі болып табылады деп есептейді. Бұл капиталистік қор өзінің қажеттіліктерін тудырып және ол қажеттіліктер адамдарды тұтыну заттарының деңгейіне дейін төмендетудің салдарынан туындайды, ал жұмысшыларға адами қажеттіліктері мен мәніне қарай емес жұмыс берушіге пайда әкелу тұрғысынан қарайтын болады. Рыноктық экономикада қор жинауды меңгеретін қағидалар - рынок қағидасы. Бұл қағидалардан бірқатар сүреңсіз механизмдер құрылып, олар барлық экономикалық акторларды (капиталистерді де, жұмысшыларды да) басқаратын болады және рынок осы акторларға қатынасында басым күшке ие болады. Маркс пайда мен капиталистік қордың қажеттіліктері сыртқы бақылаушыға өз өмірімен жүріп жатқан сияқты болып көрінгенімен бұл сүреңсіз механизмдер іс жүзінде бір таптың шығарған нәрсесін екінші таптың иеленуіне мүмкіндік беретін капитал мен қанаудың адам баласына қатысты тамырларын бұрмалайды деп көрсетті.

Жоғарыда капиталистік оқшаулану туралы айтылғандарды Маркс тарихи процесс нәтижелерін оны таратушы - адамдарға қатысты, яғни тарихи процестің формасына байланысты қолданады.

Маркстің пайымдауынша капиталистік өндіріс процесі барысында “әмбебап” адам пайда болады, оның дене күштері өнеркәсіп күштермен еселеніп, табиғаттың әмбебап күштерінің мөлшеріне дейін өседі, ал оның интеллектуалды күштері ғылым күштерімен еселеніп, “жалпы интеллект” мөлшеріне дейін ұлғаяды. Маркстің ойынша мұндай адамды жасау - капитализмнің тарихи еңбегі.

Капиталистік оқшауланудың даму барысында елеулі өзгеруді адамдардың оқшаулану мәселесінің өзі жасады. Мұндай адамға қайтар жол жоқ: өндіріс мұндай агентті қажетсінбейді.

“Экономика адамына” бағдарланған саяси экономия өзінің пәні болып табылатын капитал экспроприациялаған “қосымша құннан” айрылып қалу алдында тұрады. Ең ірі өнеркәсіптің өзі жасаған қайта дамушы негізбен салыстырғанда біреудің жұмыс уақытын ұрлау дегеніміз мәнсіз негіз болып көрінеді. Еңбек өзінің тікелей формасында байлықтың қайнар көзі болудан қалған бойда, жұмыс уақыты да байлықтың өлшемі болудан қалады, сондықтан айырбас құны тұтынушы құнының өлшемі болудан қалады.

“Еңбекті жою” талабы - ірі өнеркәсіптің жалпы тенденциясының көрінісі болып табылады, ол бойынша өнеркәсіп табиғаттың “әмбебап күштерін”, адам қатынастары мен ғылымды өндіріс айналымына тарту шарасы бойынша бұрынғыдай “еңбекті” таратушы болып табылатын өндіріс агентіне деген қажеттілікке мұқтаж болмайды. Маркстің ойынша, “әмбебап адам” өндіріс үшін ең қажетті болып табылады, “әмбебап адам” дегеніміз - өзінің қабілетін “жалпы адамзаттық дамудың нәтижесі болып табылатын ғылым, өнер, философия, мәдениетпен толықтырған, яғни, осы “әмбебаптықты” “қабылдаған” адам. Тек осындай адам өндірістің дамуында жаңа мүмкіндіктер аша алады, себебі олар қазіргі өндірістің адамзат дамуының жаңа күштерін меңгеру мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты. Маркстің ойынша, ірі өнеркәсіп “әмбебап субъектіні” қажетсініп қана қоймайды, сонымен қатар ол мұндай субъектінің қалыптасуына мүмкіндіктер (дамуы үшін “кеңістік”, бас уақыт) жасайды. Сонымен қатар, машиналар жүйесі тәрізді еңбекті минимумға жеткізіп, бос уақытты көбейтеді, сөйтіп адамның қалыптасуына тағы бір мүмкіндік беріледі.

Маркстің идеялық-теориялық эволюциясы барысында “оқшаулану” түсінігінің өзгеруінің жалпы тенденциясы адамның оқшаулану күйінің баламасы ретінде адам болмысы іс-әрекетінің “мәдениет” терминімен анықталатын формасы барған сайын жиі кездесе бастайтынын көрсетеді. Егер мәдениетті, адамдардың ғылым, өнер, мораль сияқты сана формаларындағы жоғарғы құндылықтары саласы ретінде жоятын болсақ, онда адамзат жақсылық пен жамандықты айыра алмай қалатын болады.

Ғылыми социализмнің теориялық ерекшелігі негізінен Маркстің социализмге немістің классикалық философиясы арқылы келуімен түсіндіріледі. Ол жалпы философиялық болмыс пен тіршіліктердің ара қатынасы мәселесіне антропологиялық түрде: адамзат тіршілігінің адам болмысына қатынасы мәселесі түрінде тұжырым жасайды. Фейербах сияқты, Маркс те нақтылықты эмпирикалық-сезімдік, денелік көрсеткіш ретінде пайымдады. Алайда, онымен салыстырғанда, Маркс адамдар қатынасын “рулық, туыстық” қатынастармен байланыстырмайды. Сөйтіп, адамның болмысы басқа адамдармен қатынасынан анықталады. Ал бұл дегеніңіз - адамзат индивидінің тіршілік ету мүмкіндігінің шарты ретінде оның өмірі басқа адамдармен байланысты екендігін білдіреді. Сонымен қатар, бұл әр индивидтің болмыс-бітімі бір мезгілде және де одан тыс та бола алатынын білдіреді және бұл оның жеке, туа біткен болмысы десек те, әр адам оны тек басқалармен қатынасында жасай алады. Мұндай адамзат болмысы сонымен қатар, “жалпы болмыс” болып табылады немесе немісше das Gemeіnwesen.

Фейербах сияқты, Маркс те Gemeіnwesen-ді бүкіл адамзат мағынасындағы және оған “қатынасу”, “қоғамдық”, әлеуметтілік” ұғымдары кіретін болмысты айтады. Әлеуметтік-философиялық жағынан алынған адам түсінігіне қатысты жалпы философиялық принциптердің белгілі бір үйлесімділігі нәтижесінде социализмнің алғашқы жорамалын береді, яғни адамзаттың әрбір жеке индивидке қатысты сөзсіз басымдығы бар “тектік” болмысын жалпы, ұжымдық болмыс ретінде түсіндіреді.

Маркс пен Энгельс оқшауланудың жойылуы (дәлірек айтқанда құрып кетуі) коммунизмнің материалдық алғышарты ретіндегі өндіргіш күштердің орасан дамуымен тығыз байланысты деп санады. “Төзуге келмейтін” күш болу үшін, яғни оған қарсы революция құратын күшке айналу үшін бұл оқшаулану адамзаттың негізгі бұқарасын меншіктерінен айрылған және байлық пен білімге қарсы тұрған адамдарға айналдыруы керек, ал бұл екі шарт өндіргіш күштің керемет өсуіне, оның дамуының жоғарғы дәрежесіне жеткізеді”.

Әрине, Маркс заманынан бері оқшаулану түсінігі өзінің алғашқы социологиялық мағынасын жоғалтса да, бүгінгі күні ол әлеуметтік құбылыстарды кеңінен суреттеу үшін қазіргі заманғы социологиялық теорияда колданылады. Бұған индивидтің өзінің өмір сүріп отырған қоғамындағы кез келген қанағатсыздық сезімдері және қоғамда моральдік іріп-шірудің орын алғанын сезіну, сонымен қатар әлеуметтік институттар алдындағы шарасыздығын сезіну және ірі бюрократиялық әлеуметтік ұйымдардың азғындалған табиғаты, осының бәрі оқшаулану түсінігіне жатады. Соңғысы М.Вебердің қазіргі заманғы қоғам дамуының бюрократиялық тенденциялары жайындағы пікірімен ұштасады. Жалпы алғанда бұл түсінік социологияда сирек қолданылады. Көптеген социологтар, соның ішінде марксшілдер Маркс өзінің кейінгі еңбектерінде оқшаулану идеясынан бас тартып, қанау идеясын жақтағанын айтып, бұл түсінікті сақтаудың мәні қалмады деп санайды. Ал көптеген марксшіл емес социологтар оқшаулану түсінігінің тым көмескі болып кеткендігін айтады.

Маркс өзінің зерттеулерінде қолданған социологиялық тәсіл тарихи материализм деп аталады. Оның мәні мынада: К.Маркс тарихтың материалистік түсіндірмесін ұсынады, ол бойынша әлеуметтік, мәдени және саяси құбылыстар кез келген қоғамда материалдық құндылықтарды өндіру тәсілімен анықталады (“табиғи-тарихи даму”). Тарихи процестерді түсіндіруде бұл тұжырымдама қоғамдық санадағы басқа идеялар сайып келгенде экономикалық тұрмыс-тіршілік шартының туындысы деп есептеп, ең алдымен экономикаға себепті басымдық береді. Басқаша айтқанда, адамдар араласатын барлық қарым-қатынастардың ішінде Маркс материалдық игіліктер өндіру, тарату және тұтыну жөніндегі қарым-қатынастарға деп бірінші орынға қояды. Сөйтіп, оның ойынша, адамдар ғылыми пікірталас жүргізбес бұрын, өлең жазып, гимн айтпас бұрын өздеріне тамақ, киім, баспана жасаулары керек.

Осы үлгінің көмегімен Маркс қоғамның әлеуметтік өмірі мен басқа әлеуметтік институттар арасында тым бір жақты және тәптіштеп түсіндірілген байланыс орнатады. Маркс заманынан бері социологияда “материализм” түсінігінің барлық әлеуметтік құбылыстардың негізгі себебі экономикалық қатынастар болып табылатын теорияларға қатысты ерекше мәні бар.

Осы теорияның негізінде Маркстің, базис пен кондырғы теориясынан көрініс табатын, кез келген қоғамның әлеуметтік құрылымының талдамалық схемасы жасалады. Бұл екеуі бөлінбейтін екі ұғым. Оның біріншісі екіншісінің негізі болып табылады. Жалпы алғанда бұл схема мынадай негізгі элементтерден тұрады.

Базис экономикалық ортадағы адамдардың барлық қарым-қатынастарын қарастырады. Бұл саланың ұйтқысы және неғұрлым динамикалық элементі өндіргіш күштер болып табылады. Бұл жалпылама атау білімі мен шеберлігі бар қызметкерлерді (тұлғалық элемент) өндіріс құрал-жабдықтарымен (заттық элемент) бірігуін қамтиды. Бұған өңделуге тиіс материалдарда осы жұмысты атқаратын құрал-жабдықтар да кіреді. Өндірістік қатынастар, яғни адамдардың өндіріс пен материалдық игіліктерді бөлу жөніндегі барлық қарым-қатынастар өндіргіш күштердің дамуы үшін өзіндік орта жасайды. Өндірістік қатынастардың негізінде меншік қатынастары жатады. Меншік қатынастарында еңбек еткен адам өндіріс құрал-жабдықтарына не еңбекке немесе екеуіне де ие болғандықтан, өнімді иелене алады. Қондырғы, әдетте қоғамда бар мемлекет, отбасы немесе әр түрлі идеологиялар сияқты институттарды қамтитын категория болып табылады.

Базис пен қондырма арасындағы байланысқа келетін болсақ, марксшілік позицияның басты ерекшелігі мынада: қондырманың сипаты базистің сипатымен анықталады. Сондықтан, мысалы феодалдық саяси құрылымның капиалистік құрылымнан үлкен айырмашылығы бар, себебі бұл екі формацияда шаруашылық жүргізу тәсілдері екі түрлі. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс тәсілін құрайды. Өндіріс тәсілдері бір-бірінен өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастары арасындағы байланыс сипатымен ерекшеленеді. Мәселен, феодалдық өндіріс тәсілінде помещик шаруалардың жұмыс уақыты мен өндіріс құралдарына тікелей бақылау жүргізе алмайды, бірақ олардың шығарған өнімін бөлуді бақылай алады. Ал, капиталистік өндіріс тәсілінде капиталист өндіргіш күштерге де, өнімді бөлуге де бақылау жүргізе алады. Көптеген теоретиктер өндіріс тәсілдеріне қондырманы да қосу тиіс деп есептеді, себебі өндірістік қатынастардың сипаты идеология мен саясаттың басым формаларымен тығыз байланысты. Мәселен феодалдық өндіріс тәсіліне діни идеологияның үстемдігі тән.

Өндіріс тәсілінің бір түрінен екінші түріне өтуі бұл жүйенің динамикалық элементі болып табылатын өндіргіш күштер өзінің дамуында белгілі бір деңгейде консервативті өндірістік қатынастар жағынан тежеуші, қысым көрсетуші ықпалды сезіне бастайды. Алайда өндіргіш күштердің прогрессивті дамуын тоқтату мүмкін емес, сондықтан олар өздерінің тар шеңберін бұзып, өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің даму қажеттіліктеріне бейімделе отырып, түбегейлі өзгереді. Бұл өндіріс тәсілдерінің ауысуын білдіреді.

Базис пен қондырманың метафорасы біршама нәтижелі талдамалық механизм болды, бірақ ол марксизмнің өзінде де, одан тыс ағымдарда да көптеген пікір таластар тудырды. Мәселелердің бір тармағы өндірістік қатынастарды анықтау болып табылады. Іргелі қатынастар ретінде меншікті өзіне қоса отырып, олар құқықтық анықтамалармен (меншік формалары әрқашан заңдарда көрсетіліп, бекітіліп отырады) ескертілуі керек, ал бүкіл құқық саласы қондырмаға жатады. Сондықтан да, базис пен қондырманы талдамалық жағынан бөлу қиынға соғады.

Марксизмнің көптеген сыншылары бұл үлгіні экономикалық детерминизмнің көрінісі деп есептейді. Шынында да, бұл көзқарастың кейбір жақтаушылары детерминистік позицияны ұстанған болатын. Алайда Маркс пен Энгельстің өздері бұл доктринаны ешқашан ұстанбағанын айта кету керек. Біріншіден, олар қондырманың көптеген элементтері базистен салыстырмалы түрде автономды болып, өзінің жеке даму заңдарына ие болады деп түсінген. Екіншіден, олар қондырманың базиспен жай ғана байланысып қоймай, қондырманың базиске ықпалын байқайды. Маркс қайтыс болған соң Энгельс қондырма қатынастардың ерекше орны мен олардың базиске ықпал етуіне байланысты бірнеше еңбектер жазады (бұл еңбектер хаттар түрінде жазылғандықтан, “Ф.Энгельстің 90-жылдардағы хаттары” деген ортақ атаумен жарық көреді). Кейінгі марксшілдер экономикалық детерминизмнен алшақтай түсіп, қондырма элементтері базистің өмір сүру шарты ретінде қарастырылуы тиіс деп есептеді - бұл көзқарас базисті басымдығынан айырып, барлық институттарға бірдей күш беруі деп бағаланады.

Date: 2016-07-25; view: 257; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию