Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кесте. Ұсыныстардың сенімділігі.





 

A — беріліген ем тәсілін қолдауды сенімді дәлелдеу Емдеу/тексеру жұмыстары айтарлықтай оң нәтижеге жетуге болатындығы дәлелденген. Күнделікті медициналық тәжірибеде міндетті түрде қолдануға ұсыныс береді.
B — беріліген ем тәсілін қолдауды айқын дәлелдеу   Емдеу/тексеру жұмыстарының белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін жақсы дәлелдер бар. Ұсыныстарды күнделікті медициналық тәжірибеде қолдануға болады.
C — беріліген ем тәсілін қолдануды әлсіз дәлелдеу   Емдеу/тексеру тәсілдері тиімді болуы мүмкін деген мәліметтер бар, бірақ сонымен қатар бұл тәсілді қолданудың кер жақтары да белгілі. Күнделікті тәжірибеде қолдануға кеңес берілмейді. Медициналық тәжірибеде ұсынылған тәсілді қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданылады.
D —беріліген ем тәсілінен бас тартуға айқын дәлел   Емдеу/тексеру тәсілдерінің әсер жоқ немесе кері әсері басым екендігі дәлелденген. Медициналық тәжірибеде қолдануға тиым салынады.
E —беріліген ем тәсілінен бас тартуға сенімді дәлел   Емдеу/тексеру тәсілдерінің тиімділігі әлсіз, сапасы төмен немесе келіспеушіліктер бар екендігі дәлелденген, пайдасы мен кері әсерінің қатынасы анықталмаған. Медициналық тәжірибеде қолданудың қажеттілігі жоқ.

Скрининг — медициналық көмекке жүгінгендерді жаппай ЖЖБИ-сына тексерілуді ұсыну.

Ұсынылады:

- барлық тұрғындарды

-белгілі бір топтағы тұрғындарды.

Мысалы,

- АИВ-инфекциясына

- мерезге

- хламидия және гонококк инфекциясына

- жүкті әйелдерді жаппай тексеруден өткізу өз-өзін ақтайды. Бұл жағдайда скрининг жасаудың мақсаты — инфекцияны дер кезінде анықтап құрсақтағы шаранаға берілуден алдын-алу болып табылады.

Жүкті әйелдер арасында скрининг өткізу АИВ, мерез және гепатит В ауруларының құрсақ ішіндегі шаранаға берілуден алдын-алуда жоғары нәтиже беретіндігі дәлелденген. Жүктілік кезінде әйелдерді басқа инфекцияларға: хламидия, гонококк және урогениталды трихомониазға тексеру өте маңызды.

ДДҰ белгілеріне сәйкес емдеу тәсілін жасап шығарды. ДДҰ анықтамасына сәйкес, «белгілі бір клиникалық синдромдарының пайда болуына себепші болатын микроорганизмдерге қарсы бағытталған, эмпириялық емді» білдіреді. Егер лабораториялық зерттеу жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда, медицина қызметкерлеріне арналып ЖЖБИ тудыратын негізгі жеті синдромды диагностикалау және емдеуге бағытталған клиникалық алгаритм жасалынған. ЖЖБИ-ны белгілеріне қарай (синдромалды)емдеу және диагноз қоюды пайдаланудың басты шарты - пациенттерді қәуіпсіз жыныстық мінез-құлыққа, жыныс қапты кеңінен қолдануға және жыныстық серіктесін бірге қосылып ем қабылдау керектігін үйрету және кеңес беру болып табылады. Ерлер арасында дизурияның негізгі себебтері хламидия немесе гонококк инфекциясы болжамдалған кезде синдромалды ем жүргізу жоғарғы деңгейдегі нәтиже көрсетті. Сонымен қатар бұл әдісті қолдану ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелеріндегі ойық жараларының мерез немесе шанкроид және ұшықпен байланысы бар-жоғын анықтауда да жоғары нәтиже береді.

Сұраққа.

Ақпараттандыру жүргізу тәсілдері:

- дәріс немесе сабақ жүргізу,

- газет, радио, теледидар және интернет көмектерімен,

-медициналық мекемелерде таратылатын плакаттар, парақшалар және буклеттер көмегімен,

- мектеп және жұмысшы ұжымдарында бағдарламалар жүргізген кезде.

Сұраққа

ЖЖБИ-сымен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету:

1. ЖЖБИ-сы қауіптілігін бағалау мақсатында анамнезін зерттеу.

ЖЖБИ-сы қауіптілігін бағалау, аурудың және де өмірінің даму тарихын дұрыс сұрақ жою арқылы жітік тексеру көмегімен жүргізіледі. Медицина қызметкері сұрақ қою барысында пациенттке түсінікті сөздерді қолдануы қажет. Кейбір пациенттер тексеруші дәрігердің жынысы өзімен сәйкес келгенде өздерін сенімді әрі ашық сезінеді. ЖЖБИ/АИВ сұрақтары бойынша анамнезін зерттеу, сараптамалар өткізу, кеңес беру жұмыстары пациенттің өмір сүру салтына, жыныстық серіктесін таңдауына, этникалық және діне қарамастан конфиденциалды әрі шын көңлімен жүргізілу керек.

Қауіптілік дәрежесін қысқаша бағалау мақсатында дәрігер ең алдымен төменде берілген сұрақтарды қоюы қажет: «Менің жұмысыма репродуктивті және жыныстық қатынастағы денсаулығыңызға байланысты сұрақтарды зерттеу кіреді. Сіз қарсы болмасаңыз осы тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақ қойғым келеді. Әрине, осы жерде айтылған әңгіме толығымен құпиялы түрде сақталады».

 

Date: 2016-07-25; view: 266; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию