Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кестеде ЖЖБИ-сының қауіптілік дәрежесін қысқаша бағалау мақсатында қойылатын сұрақтар берілген





Қауіптілікті бағалауға арналған сұрақтар Қауіп тудыратын шаралар
Қазіргі таңда жыныстық қатынаста тұрасыз ба? Жоқ болса, бірнеше уақыт бұрын болды ма? Қынаптан өзге оралді және аналді қатынастарды да ескеру қажет. Аналды қатынас кезінде қуіптілік деңгейі жоғары болады
Соңғы жыныстық қатынас қай кезде болды? Бұл қатынас тұрақты жыныстық серіктесіңіз болды ма, әлде кездейсоқ біреу ма? Соңғы екі ай ішінде неше жыныстық серіктесіңіз болды? Өтке жылы нешеуі болды? Бірнеше жыныстық серіктестің болуы
Сізде тұрақты жыныстық серіктесіңіз бар ма? Жыныстық қарым-қатынаста тұрғандарыңызға қанша уақыт болды? Кездейсоқ жыныстық серіктес
Сізді жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекцияға күман тудыратындай кандай белгілер мазалайды? Жыныс мүшесі немесе оның маңайында ойық жараларының пайда болды ма? Жыныс мүше аймағында бөрітпелер пайда болды ма? Дәретсындырған кезде ауру немесе қызу сезімі болады ма? Үрпіден, қынаптан немесе тік ішектен әдетте болмайтын бөлінулер болады ма? Жыныстық қатынас кезінде ауру сезімі болады ма? Бұл белгілер қай уақыттан бері байқалады (қай-қайсысы болса да)? Айтылған белгілер сіздің жыныстық серіктесіңізде кездеседі ме? Пациентте немесе оның жыныстық серіктесінде берілген симптомдардың кез-келгенінің кездесуі.
Соңғы айда антимикробтық препараттар қолдандыңыз ба? Берілген симптомдарды емдеу мақсатында антибиотиктерді қолдану.
Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардан, сондай ақ, АИВ инфекциясынан қорғану мақсатында қандай шаралар қолданасыз? Алдын-алу шараларын қолданбау.
Жыныс қапты қолданасыз ба? Қолданатын болсаңыз оны қалай қолданасыз — үнемі әлде кейде ме? Жыныс қапты қолдану шешіміңізге не әсер етеді? Жыныс қапты ретсіз қолдану. Жыныстық серіктесінің алкоголге немеше нашаға масаюына байланысты жыныс қап қолданудан бас тартуы.  
Өткен шақта ЖЖБИ болды ма, қашан және қандай емдеу шаралары жүргізілді? Өткен шақта ЖЖБИ болуы.
Жыныстық зролау немесе қатыгездік құрбаны болдыңыз ба? Болсаңыз - қай кезде және қай тараптан болдыңыз? Жыныстық зролау немесе қатыгездік құрбаны.
Сіз немесе сіздің жыныстық серіктесіңіз наша қолдандыңыз ба, сондай ақ ине арқалы қолданатын нашаларды ше? Кез-келген наша түрін қолдану.
Жыныстық қатынаста тұратын әйелдерге қойылатын қосымша сұрақтар.
Акушер-гинекологқа қаралдыңыз ба? Соңғы рет жатыр мойнының жағындысы қашан зерттелді? Акушер-гинекологқа қаралмаған.
Жүктілік болды ма? Ол жоспарланға немесе жоспартан тыс болды ма? Жүктілік немен аяқталды: түсік, босану немсе қандай жағдайлар? Жоспарланбаған жүтіліктің болуы. Анамнезінде түсіктердің болуы.  
Жүктіліктен сақтану мақсатында қандай шаралар қолданасыз? Сіздің жыныстық серіктесіңіз қандай да бір контрацепция түрін қолданады ма? Жоспарланбаған жүтіліктен сақтану мақсатында ешқандай шаралар қолданбау.

 

ЖЖБИ анықтау мақсатында сұрақтар қойылған кезде қауіптілік шаралар кездессе, анамназді жітік жыйнау қажет. ЖЖБИ-сының қауіптілік дәрежесін терең бағалау мақсатында қойылатын сұрақтар жиынтығы дерматовенеролог дәрігерлерінің тәжірибелік оқулығы болып табылады, бұл пациенттің жеке қауіптілік факторын дәлірек анықтап, тексеру және кеңес беру, ұсыныс жасауға мүмкіндік беріп

1. Объективті тексеру

2. ЖЖБИ-сының лабораториялық диагностикасы

3. Кеңес беру

4. Қауіпсіз жыныстық мінез-құлықты талқылау

5. Жыныстық серіктесін тексеру барысындағы қиындықтарды анықтап, шешу.

6. ЖЖБИ-сын айқындау есебі.

 

Жағдайлық есептер:

Ші есеп

Тері-венерологиялық диспансерге 22 жастағы ер азамат жыныс мүшесінде «сырылулар» пайда болуы шағымымен қаралды. Анамнезінен: 2 ай бұрын бір рет бейтаныс әйелмен жыныстық қатынаста болған. Басқа да бір жыныстық қатынастар мүлдем болмағандығын айтты. Бір ай бұрын жыныс мүшесінің ұшында, беткей қабығында ойық жарасының пайда болғандағын аңғарған. Қарап тексергенде: жыныс мүшесінің ұшында, беткей қабығында ауырмайтын, тырнақ беткейі көлемінде эрозия бар. Эрозия табаны шеміршек тәрізді қатты. Шап лимфа түйіндері ұлғайған. Эрозия бөліділерін тексергенде бозғылт трепонемалар анықталды.

Сіздің диагнозыңыз?

1. ЖЖБИ қауіптілік дәрежесін қысқаша бағалау мақсатында пациентке қойылатын сұрақтар жиынтағын жасаңыз

2. Қандай ұйымдастыру шараларын жасау қажет?

 

Ші есеп

Қабылдауға жыныс мүшесінде ауырмайтын эрозия пайда болуы шағымымен науқас қаралды. Анамнезінен бір жыл шамасында осындай бөрітпелердің жиі пайда болатындығы анықталды. Қарап тексергенде: жыныс мүшесінің басында топтасып орналасқан көпіршіктер және шекарасы айқын кескіні тура емес эрозия бар, пальпация жасағанда жұмсақ.

1. Келтірілген сипаттама қандай ауруға сәйкес келеді?

2. Қай маман кеңесі қажет?

3. Аурудан алдын-алу мақсатында қолданылатын шараларды атаңыз?

 

Date: 2016-07-25; view: 299; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию