Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ЖЖБИ-сына бейім қауіп-қатер тобына жататындарды атаңыз.





5. АИВ –инфекциясын, ЖЖБИ, ВГВ, ВГС ауруларының деңгейін төмендету және тұрғындар арасында репродуктивті функцияны сақтап қалу мақсатына бағытталған медициналық көмектің көлемін көрсетіңіз. Ол Қазақстан Республикасының қандай нормативтік құжатымен қадағаланады.

6. ЖЖБИ науқастарына медициналық көмек көрсететін негізгі және қосымша мамандарды атаңыздар.

7. Тұрғындар арасында ЖЖБИ-сымен күресуге бағытталған бағдарламаларды атаңыздар. 8. Қәуіпсіз жыныстық қатынас және дер кезінде медициналық көмекке жүгінуді қалыптастыру мақсатында тұрғындарды ақпараттандыру тәсілін көрсетіңіздер.

9. ЖЖБИ пациенттеріне көрсетілетін көмек тәсілдерін атаңыздат.

Оқытушыға сабаққа арналған жабдықтар.

Сұраққа

БДСҰ жасап шығарған ЖЖБИ- мен күресу және алдын -алу жөніндегі ауқымды стратегиясына сәйес ЖЖБИ -ға бейім қауіп -қатер тобына жататындар:

• ақылы жыныстық қызмет көрсететін адамдар мен олардың клиенттері;

• наркотикті ине арқылы қабылдайтындар;

• мобилді топтағы адамдар (жүк көлік жүргізушілері, алыс сапарға жүретіндер, балықшылар, теңізшілер, көшіп-қонып жүретін жұмысшылар т.б.);

• еркек пен еркек арасында жыныстық қатынаста болатын адамдар;

• қамауда болғандар;

• қашқындар мен уақытша көшпенділер;

• әскери және полиция құрылымдарында қызметтегілер;

• туристер, әсіресе жыныстық қарым- қатынас жасау мақсатымен саят жасаушылар;

• жыныстық зорлық -зомбылық құрбандары;

• тұрақты мекен жайы жоқ адамдар.

Сұраққа

АИВ -инфекциясын, ЖЖБИ, ВГВ, ВГС ауруларын төмендетіп, тұрғындардың репродуктивтік қызметін сақтау мақсатында келесі көлемдегі медициналық қызмет көрсетілуі қажет:

• осы инфекция туралы ақпарат беріп, оларды алдын- алу туралы кеңес беру;

• қауіпті мінез -құлық формаларын анықтау;

• АИВ – инфекциясын, ЖЖБИ, ВГВ және ВГС анықтау;

• тұрғындарға тексерілуге мүмкіндіктері бар екендігі туралы ақпарат беру;

• алдын -алу мақсатында және жыныстық қатынаста болғаннан кейінгі профилактикалық мақсатта қолданылатын заттардың қол жетімділігі туралы ақпарат беру;

• емдеу шараларына қол жетімділік жоғарғы дәрежеде;

• арнайы маман мен біріншілік көмек көрсететін дәрігер арасындағы жұмысты бір-бірімен байланыстыру.

Сұраққа.

ЖЖБИ науқастарына негізгі көмек көрсктетін мамандар, дерматовенерологтар болып табылады.

Қосымша көмек көрсететіндер акушер-гинекологтар, урологтар, инфекционисттер, педиатрлар және жалпы практика дәрігері. Оларды ЖЖБИ-сымен күресуге жұмылдыру, тұрғындар арасында алдын-алу және емдік-диагностикалық медициналық көмек көрсету жұмыстарының ауқымдылығын жоғарылатады. Бұл кезде ЖЖБИ-сымен ауыратын науқастарға әр-түрлі бағыттағы медициналық көмек көрмету жұмыстары енгізіледі.

Сұраққа.

ЖЖБИ- сымен күресу бағдарламасының тиімділігіне шолу жасау:

  Барлық ЖЖБИ Мерез Соз Хламидия инфекциясы Трихомониаз Ұшық АИВ- инфекцияСЫ АПВ Вирустық гепатит В
Популяциялық деңгей
Біріншілік алдын-алу А В В В В В А - -
Тұрғындарды жаппай тексеру - Д Д С Д Д С Е Д
Қауіп –қатер тобына жататындарды жаппай тексеру - А В А В Д А Д А
Вакцинация - - - - - - - В А
Синдромына қарай ем жүргізу - А - - - - - - -
Жұп/отбасылық деңгей
Серіктесін тексеруден өткізу және емдеу В В А А В - В - -
Антенаталды скрининг - А В В - Е А - А
Жеке басылық деңгей
Жеке немесе жалпылама кеңес беру А - - - - - - - -
Диагностика А А А А А А А А А
Жыныс қаптың танымалдылығы А А А А А В А В А  
ЖЖБИ-терапиясы - А А А А А А - -
Вакцинация - - - - - - - В А
Ерлердің піштірілуі - С - - - - В - -

Ұсыныстардың сенімділігі («Ұсыныстардың сенімділігі» кестесін қараңыз):

А — Жоғарғы дәрежеде әсер ететіндігі дәлелденген. Күнделікті міндетті түрде қолдануға ұсынылады.

В — Жақсы дәлелдер. Кеңінен қолдануға болады.

С — Әсер етуі мүмкін, бірақ үнемі қолдануға тиым салынады.

Д және Е — Қолдануға тиым салынады.

 

Date: 2016-07-25; view: 388; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию