Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жобаланып отырған кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесінде сапаны басқару





Технологиялық үрдісті басқару мен бақылау жоғары сапалы дайын өнім алуды қамтамасыз етеді. Ұн зауытында элеватордың ағынды – транспортты жүйелері, силосты сақтау қоймалары мен ұнды жіберу қоймалары, ұн сорттарын құру жүйелері, дайындау және майдалау бөлімдерінің технологиялық үрдістерінің жүру жолдары автоматтандырылады.

Технологиялық үрдісті ұйымдастыру және жүргізу келесі екі тапсырманың шешілуін қарастырады.

Бірінші - шикізатты өңдеуге дайындаудың ең қолайлы режимін және технологиялық үрдістің негізгі жүйелерінің жұмысын таңдау;

Екінші - берілген партияны өңдеу кезінде таңдалған режим параметрлерінің өзгермейтін мәндерінің сақталуын қадағалау.

Бірінші тапсырманы технологиялық үрдісті ұйымдастыру және жүргізудегі көрсетілген нұсқаулар арқылы немесе зертханалық қондырғыларда шикізатты өңдеу арқылы шешуге болады.[28]

Екінші тапсырма, кәсіпорында режим параметрлерін және олардың берілген деңгейдегі тұрақтылығын бақылайтын белгілі бір жүйелердің болғанын талап етеді. Ұн технологиясы күрделі болғандықтан мұндай жүйені ұйымдастыруда аса қиын мәселелер туындайды. Себебі астық өңдеу кәсіпорындарында технологиялық үрдіс әртүрлі кезеңдердің өзара байланысы арқылы ұйымдастырылған. Барлық технологиялық операциялардың механикаландырылғанына қарамастан, технологиялық үрдістің көп сатылы болуы себебінен оларды басқарудың автоматты жүйелерін жасап шығару өте қиын. Сондықтан автоматтандырылған басқару жүйесін тек қана негізгі операцияларда ғана қолданады.

Ұн өндіру үрдісінде көптеген операциялар жүргізіледі. Оларды белгілі бір қолайлы жұмыс режимі қойылған машиналар мен аппараттарда орындайды. Бірақ заманауи өндіріс жағдайлары жұмыс режимінің өзгеріссіз жұмысын қамтамасыз ете алмайды. Оған келесі факторлар әсер етеді: жұмыс үрдісі кезінде машиналарды реттеу, машиналардың жұмыс органдарының тозу деңгейі, жабдықта меншікті жүктеменің өзгеруі және т.с.с факторлардың барлығы технологиялық операцияларды орындаудың тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.[12]

Технологиялық операцияның әрқайсысы үрдістің соңғы нәтижесіне өзіндік әсерін тигізеді. Атап айтқанда дайын өнімнің шығымы мен сапасына, және өз кезегінде үрдістің соңғы нәтижесі, өзара байланысы белгісіз болуы мүмкін әртүрлі факторларға тәуелді, ал олардың әрқайсысының берілген операция нәтижесіне әсері нақты шарттарға байланысты болады.

Басқару жүйесінің жоғары әсерлігін қамтамасыз ету үшін келесі шарттарды орындау қажет екендігі анықталған:

Технологиялық сұлба мүмкіндігінше қарапайымдатылған және жоғары құрылымдық беріктілікке ие болуы керек.

Өлшеу қондырғыларының (датчиктердің) жүйелері, технологиялық үрдістің кейбір негізгі кезеңдерінің параметрлері жайлы үздіксіз түрде мәліметтермен қамтамасыз етуі тиіс.

Ұн зауытының дайындау бөліміндегі ГТӨ және барлық дәнді ылғалдау үрдістерінің автоматты тұрақтандырылуын қамтамасыз ету керек, себебі ол бидайды ұнға өңдеудегі алынатын соңғы нәтижеге айтарлықтай әсер етеді.

Date: 2016-07-22; view: 585; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию