Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы: Құрамында илік заттары бар өсімдіктер





 

Жоспары:

1.Илік заттар.

2.Кумарин заттары.

3.Алкалоидтар.

4.Фитонцидтер.

 

Лекция мақсаты: Студенттерді құрамында илік, кумарин, алкалоидтар және фитонцидтері бар өсімдіктермен таныстыру.

 

Лекция мәтіні: Өсімдіктерде көп кездесетін илік заттар немесе таниндер гликозидттерге бір табан жақын. Олар белоктар мен қосылып, су өткізбейтін эластикалық әрі берік пленка жасай алады. Таниндерді тері илеуге (әдетте емен қабығын қолданған, сондықтан бұл процесс орысша дубление, ал заттар дубильные деп аталған) және медицинада оны осы қасиеттеріне сүйеніп қолданады. Медицинада тұтқыр дәру түрінде пайдалану былжыр қабықта одан әрі қабынуға кедергі болатын пленканың (үлкен қабыршақтың) жасалуына байланысты, ал жараға жағылған танин қанды ұйытады және қанды тоқтататын дәру ретінде қолданылады. Ауыз бен жұтқыншақтың былжыр қабығы қабынғанда – шаю дәруі, күйікке - сеппе дәру, қанағанда – малма (примочка) түрінде қолданылады, сондай –ақ асқазан бұзылғанда оны ішеді. Танин ерітінділері белоктық заттармен ғана емес, алколидтермен, гликозидтермен және ауыр металдармен қосылғанда жедел көмек ретінде қолданады. Таниндер әр түрде барлық өсімдіктерде дерлік кездеседі (олар алмұртта көп). Таниндер ауада тез тотығады, оны қабығы аршылған картоп пен алманың қараюынан көруге болады.

Кумарин заттарының сан алуан топтарының ішінде медицина үшін спазмолитикалық, қан тамырын кеңейтетін және тыныштандыратын күшті әсері бар фурокумарин туындысы аса маңызды. Оның үстіне, олардың біреуі ішек құртына қарсы, екіншісі – грибок ауруына қарсы, қолданылады. Осы қосындылардың қайсыбірі күннің ультыра күлгін сәулесіне адам терісінің сезімталдығын күшейтеді. Мәселен, бойында фурокумариндері бар бақшалық балдыркөк өсімдіктері (ақжелкен және басқалары) оларды күннің көзінде өңдеген кезде қолда дерматит ауруларын қоздырғаны белгілі.

Кумарин заттарының сан алуан топтарының ішінде медицина үшін спазмолитикалық, қан тамырын кеңейтетін және тыныштандыратын күшті әсері бар фурокумарин туындысы аса маңызды. Оның үстіне, олардың біреуі ішек құртына қарсы, екіншісі – грибок ауруына қарсы, қолданылады. Осы қосындылардың қайсыбірі күннің ультракүлгін сәулесіне адам терісінің сезімталдығын күшейтеді. Мәселен, бойында фурокумариндері бар бақшалық балдыркөк өсімдіктері (ақжелкен және басқалары) оларды күннің көзінде өңдеген кезде, қолда дерматит ауруларын қоздырғаны белгілі.

Кумариндер – табиғи күрделі ароматты органикалық лактондар. Негізінде 5,6 – банзе – α – пирон туындылары болып табылады. Олар n – оксикумар қышқылынан түзіледі. Алғашқы рет кумарин 1920 жылы (Dipterix odorata) бұршақтар (Fabaceae) тұқымдасына жататын – кумариндер американдық өсімдіктен бөліп алынған. Кумариннің өзіне тән иісі болады. Өсімдіктің жергілікті атауы кумаруна.
Қазіргі уақытта 500 ден астам жақсы зерттелінген кумариндер белгілі. Жіктелуі. Бірінші рет табиғи кумариндердің жіктелуі 1937 жылы Э. Шпет ұсынған. Профессор Г.А. Кузнецова бойынша табиғи кумариндер көміртегі ядросына байланысты бірнеше топқа жіктеледі. Кумариндер 200 түрлі өсімдіктердің, 94 тұқымдастарынан астам, микроорганизмдерде, қарапайым саңырауқұлақтарда, балдырларда кездеседі. Бірақ ең көп мөлшерде жоғары гүлді өсімдіктерде, соның ішінде күрделі кумариндер шатыршагүлділер, бұршақтар, шайқурайлар, кей кезде астерлар тұқымдастарында ұшырасады. Өсімдіктерде кумариндер топтасы ұшырасады. Олар, көбінесе өсімдіктердің жемістерінде, тамырларында, кейде қабықтарында, тамыржемістерінде, аз мөлшерде және өте сирек жапырақтарда, сабақтарда кездеседі. Кумариндер көбінесе эфир майлы жолдарда, каналшаларда, эпидермисте, түкті бездерде жиналады. Кумариндердің мөлшері әр өсімдікте әртүрлі. Кепкен салмағымен есептегенде 2-5% мөлшерінде болады және ол жыл мезгіліне, өсімдіктің өскен ортасына тығыз байланысты.

Алкалоидтар – күрделі органикалық, құрамында азот бар, күшті, ерекше әсер ететін қосындылар. Алкалоид деген екі сөзден құралған: арабша «алкали» - сілті және грекше «эйдос» - сол тәрізді. Алкалоидтар спиртте тез ериді, олардың көбі улы, бірақ организімге аз мөлшерде (0,01 г) енгеннің өзінде көбіне емдік әсер етеді. Алкалоидтардың құрылымы өте әр алуан. Өсімдіктердің бөліктері алкалоидтардың мөлшері жағынан біркелкі емес. Алкалоидтардың мөлшері өсімдіктердің даму фазасына байланысты. Олар өсімдіктерде әртүрлі органикалық қышқылдардың – алманың, лимонның, қымыздардың тұздары ретінде болады. Ақырында, тағамдық өсімдіктердің емдік көзін аша отырып, шырындардың маңызын ерекше алған жөн. Шырындар биологиялық сергек заттардың бүкіл жиынтығын шоғырландырады, бұл олардың: боиға тез сіңетіндігі мен алмасу процестеріне араласуы жоғары катализдік қасиеті, өздеріне гербицидтердің болмауы сияқты құндылығын арттыра түседі. Олар шөлді тез басады, тәбет ашады, ас қорыту бездерінің қызметіне, өттің бөлінуіне дем береді, асты жақсы сіңіруге себепші болады. Шырындар – витаминдер- мен тамаша жабдықтаушы, оларда организімге тез сіңетін қант, пектин заттары, органикалық қышқылдар аз, оның орнына олар минералдық тұздар бар. Көкөніс шырындарында органикалық қышқылдар аз, оның орнына олар минералдық тұздаға бай, ал жеміс шырындарында қанттың көп болуына байланысты, калориялығы жоғары. Шырындар, жеміс – жидектердің жұмсағы араласқандықтан, мөлдір болмауыда мүмкін, ал мұның өзі шырындарды әртүрлі органикалық заттармен қосымша байытады. Шырындар әсіресе ас қорыту мүшелері ауыратын адамдарға аса пайдалы. Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол – сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Шырынындағы биофлавонойдтары арқылы С дәрyменінің белсенділігін арттырады. Жүзім қасиетінің Құранда айтылуы да тегін болмаса керек. Неге десеңіз, қандағы оттегін жүргізетін гемоглобин синтезіне қажетті темір мен бүйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий онда өте көп кездеседі. Жүзім қатерлі ісіктен (рак) қорғау ерекшелігіне ие. Клетка іші молекулаларда ісік пайда болуына апаратын еркін радикалдар шабуылдап, тойтару – жүзімге берілген таңғажайып қасиет. Яғни, ол қатерлі ісік ауруының алдын алады. Екінші жағынан, жүзімнің құрамындағы ең маңызды заттардың бірі ресвератролдің де ракқа қарсы әсер ету күші бар екендігі 1985 жылы Жапонияда жүргізілген зерттеу еңбектерінде де анықталған болатын.

Жүзім шырынында қант пен калий көп бірақ витаминдер тапшы, ал құлпынай мен қара қарақат (қышқылдау) шырынында витаминдер (көбіне С) басым. Алма шырыны темір мен витаминіне, ал таңқурай, қарлыған шырындары мысқа бай. Сәбіз шырыны каротин мен темірге бай, сондай – ақ онда С, Е, В2 РР витаминдері, кобальт, мыс бар және зат алмасуды дұрыстауға себепші болады, қан жасалуын жақсартады. Томат шырынында кальций, темір, каротин, қант бар.

Татымды өсімдіктенрден (ақжелкен, балдыркөк) жаңа сығып алынған сығынды – бағалы қосымша шырын. Жабайы өсетін өсімдіктердің қалақайдың, бақбақтың шырыны пайдалы, германияда оларды көктемгі әлсіздікке қарсы профилактикалық дәру ретінде кеңінен қолданады.

Шырындарды белгілі шамада үйлесімді араластырып, хош иісті және дәмді сусын жасауға болады, оның үстіне, бірнеше өсімдіктің араласқан шырындары анағұрлым әсерлі: олар әр алуан витаминдер мен минералды тұздарға бай болып келеді. Қышқыл шырындары тәтті шырындармен, хош иісті еместі хош иісті шырындармен, қоюларын анағұрлым сұйықтармен араластырған жөн. Сәбіз бен алма шырындары жүзім не өрік шырындарымен, алхоры – құлпынай шырынымен үйлесімді келеді. Бірқатар шырындарды ем ретінде пайдалануға болады. Мәселен, сәбіздің, алхорының (немесе өріктің) қоспа шіріні ішті айдауға әсер етеді. Капустаның, қиярдың, сәбіздің, жүзімнің, қарбыздың құлпынайдың, алманың шырындары гастрит және қышқылы төмен кездегі асқазан мен ішек ауруларына дәру ретінде қолданаданылады. Әдетте шырынды ас ішерден 30 – 40 мин бұрын 150 – 200 г ішеді. Егер асқазан сөлінің қышқылы жоғары болып, ол көп бөлінетін болса, ондайға тарнаның, қарлығаның, шиенің, алхорының, таңқурайдың, өріктердің шырындары аса пайдалы келеді. Олар асқазан секрециясын тежейді.

Фитонцидтер - микроорганизімдерді құртуға ықпал ететін қорғаныш химиялық заттар. Олар химиялық құрамы жағынан әр түрлі, олардың ішінде потогендік микроорганизімдерге қашықтан әсер ететін ұшпа фракциясы және ұласа әсер ететін ұшпайтын ткань шырындары бар. Ұшпа фитопциттерге эфир майлары жатады, олардың бойында кейде күкірт қосындылары (мәселен, желкекте, шомырда) бар эфир майлары немесе ерекшелігі жоқ заттар – альдегиттер, төменгі ұшпа қышқылдар жатады. Көптеген ұшпа фитонцидтер химиялық жағынан әлі зерттелген жок. Ұшпайтын заттар анағұрлым сан алуан, оларды классификациялау қиынға соғады.

Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер атам заманнан бері халықтық медицинада кең қолданылып келді. Қазір де көптеген ауруларды: грипп, жоғарғы тыныс жолдарының қатарын, тіс еттері мен тіс ауруларын, терінің іріңді ауруларын емдеуге, профилактика жасауға (ол фитонцидтерапия деп аталады) табысты қолданылып жүр, оның үстіне олар ішек қарынның қозғалыс, секрециялық қызыметін күшейтеді, ішектегі шірумен іру процестерін жойып, ішекті жақсартуға себепші болады. Фитонцидтердің емдік күші бірқатар жүрек, нерв жүйесінің ауруларын емдеген кезде айқын білінеді. Мәселен, сарымсақ пен пияздың фитонцидтік дәрі – дәрмектері гипертония ауруы мен атеросклерозды емдеуге қолданылады.

Өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттерді көкөністерді консервілеуге және азық – түлікті сақтауға, сондай –ақ тұқымдарды ауру жұқпайтындай етуге, өсімдіктер ауруына зиянкестеріне қарсы күреске қолданылады. Ұшпа фитонцидтерді мал тұратын қоралардың ауасын тазарту үшін, дезинфекциялау дәруі ретінде ветеринарияда да и қолдануға болады. Фитонцидтердің емдік ролінің де маңызы аз емес, олар бақтағы ауаны жақсартады, оны биологиялық белсенді оттегімен толықтырады, өйткені, егер оттегі аз ионизацияланса, онда оттегі қажетінше болғанның өзінде оттегінің тапшылығы сезіледі. Фитонцидтердің ықпалымен ауаның бактерицидтігі де артады.

Балқарағайдың пайдасы өте зор. Қытайда cамырсын майы, яғни, «кедровое масло» деп аталатын май осы балқарағайдан жасалады. Ал Еуропада аталмыш майдың 100 грамының өзі жүздеген АҚШ долларымен бағаланады. Дайындалған қап-қап қарағай жаңғағы Қытай асып барған соң дәні сығылып майға, қабығы уатылып, тәтті тоқаштарға, шоколадтарға қосылатын ұнға айналады. Ал Қазақстанда балқарағай әзірге ауладағы орындықта отырып шағуға арналған шемішкенің орнына ғана жүріп тұр. Себебі, қабығы тастай қатты тау жаңғағын шағудың да өзіндік тәсілі бар. Оны катондықтар жақсы біледі. Айтпақшы, еліміздегі спирттік ішімдіктер өндіретін бірді-екілі мекемелер анда-санда балқарағай дәнін сатып алады екен, бірақ олар өте аз мөлшерде пайдаланады. Жалпы, Алтай балқарағайының құнарлылығы басқамен салыстырғанда өте жоғары. Қытайда ғана емес, Азия мен Еуропаның көптеген мемлекеттерінде кедр дәнінен жасалған дәрілерге сұраныс көп. Иван Грозный патшаның тұсында балқарағайды Ресей жылына 300 мың пұтқа дейін Швеция мен Англияға экспорттаған екен. Академик П.Палластың XVIII ғасырдағы жазбаларында Швецияның дәріханаларында омырау бездерінің ауруларына қарсы балқарағай майынан жасалған дәрілер сатылатынын жазыпты. Ертеректе орыс емшілері кедр жаңғағының майын гипертония, атеросклероз, асқазан жарасы ауруларына қарсы пайдаланып, сонымен бірге терінің күйген жерлерін сылап-сипауға, бұлауға пайдаланған. Адамның иммундық жүйесін күйшейтетін қасиеті бар балқарағай майында түрлі микро және макро элементтер бар. Оның құрамында ақуыз, көмірсу, А, В1 (тиамин), В2 (рибофлабин), В3 (РР ниацин) дәрумендері, сонымен қатар фосфор, марганец, кобальт, йод кездеседі. Балқарағай майының баланың өсуіне және адамның көз жанарына тигізер пайдасы да бар көрінеді.

 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана.1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

Осымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

 

Лекция 7

Date: 2016-11-17; view: 1257; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию