Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы: Қазақстанның хош иісті (ароматты) өсімдіктері.





Жоспары:

1.Аскөк.

2.Ақжелкен.

3.Балдыркөк.

Лекция мақсаты: Хош иісті (ароматты) өсімдіктер мен танысу.

Лекция мәтіні; Тағамдық өсімдіктер қуат беретін көп мөлшерлі биологиялық сергек заттарды бойларында сақтаумен қатар, тағамдық, дәрулік өсімдіктер түрінде де өздерін таныта алады. Энергиялық қосындыларға қанттар, крахмал, клетчатка, пектиндер, органикалық қышқылдар, амин қышқылдары, белоктар, майлар жатады. Көкөністердің, жемістер мен жидектердің тағамдағы энергиялық күші онша көп емес, бірақ оларда малдық тағамдарда жоқ организмнің дұрыс тіршілік етуіне аса қажетті заттар бар. Жидектер мен жемістер – организмге тез сіңетін және зиян келтірмейтін қанттардың (фруктозалар мен глюкозалар) теңгерілген табиғи жиынтығының қайнар көзі.

Көкөністер мен жеміс дақылдарындағы ас қорытқанда сілтілік қасиеті бар қосындылар жасайтын минералдық заттар қанда аз-кем сілтілік реакцияны сақтап тұруға себепші болады және етте, нанда, майда болатын қышқыл майлы заттардың зиянды әсерін бейтараптандырады. Тағам рационына көкөністерді қосу оны үйлесімді етеді. Ішек-қарын ауруларына шалдығуды болдырмайды. Жемістер мен бірқатар көкөністердегі минералдық заттардың едәуір бөлігі калийден тұрады, ал ол тұзды су алмасуын реттеп отыруда, ісінген ауруларды емдеуде маңызды роль атқарады.

Татымды-хош иісті өсімдіктер – дүние жүзінің әр түрлі континентінде кездесетін 200-ден аса түрі бар өсімдіктердің бай тобы, әдетте тропикалық елдердің классикалық өсімдіктер (ваниль, лавр, қалампыр, мускат жаңғағы, хош иісті бұрыш және басқалары) осы топқа жатады. Біздің елде бай татымды тұздықтармен Кавказ бен Орта Азияның ұлттық тағамдары ерекше көзге түседі, олар тағамды көптеген иісті шөптермен байытты – кинза (кориандр), тархун (эстрагон), көк пияз және сарымсақтың жас гүлді сабағы, тағы басқалар.

Татымдылар ретінде әртүрлі мүшелерді: тамырларды (ақжелкек, ақжелкен, балдыркөк), жуашықтарды (пияз, сарымсақ), көктерді (аскөк, ақжелкен, балдыркөк, жиек жалбыз, пияз, сарымсақ, эстрагон, настурция), аналықтар мен аналық ауызды (бұрыш, зире, әшкөк, анис, фенхель, настурция) пайдаланады.

Тамаққа татымды өсімдіктерді қосу астағы тұздың дәмдік нормасын азайтады, мұның өзі тұзы аз диетаға (жүрек, бүйрек ауырғанда, аллергия болғанда) өте қажет. Кулинарияға бірін-бірі өзара толықтырып тұратын, асқа қышқылдау дәм беретін татымдылардың белгілі бір үйлесімділігін табудың маңызы зор.

Аскөк. Татымды көк біздің ерте көктемде организмге көктемгі дәм беруші ретінде келіп, оны қысқы витамин тапшылығынан құтқарады, солардың ішіндегі алғашқысы – иісті бақша аскөгі.

Аскөк өсімдігінің барлық бөлігіне эфир майлары (бұлар 1,5%) хош иіс беріп тұрады, олар көбіне мәуелердежинақталады (2,8-4%). Бұл майдың құрамына карвон (мәуелерде - 50% дейін, шөпте - 16% дейін) кіреді. Мәуелерде құрамында олеин, петроселин, линоль қышқылдары бар майлы май 20%-ке жетеді. Аскөктің жас жапырағы С витаминіне (135-200 мг%), каротинге (0,5-12,8 мг%) бай келеді, онда К, Е, В1 (тиамин), В2 (рибофлавин), В9 (фолий қышқылы) витаминдері, темір, калий, кальций, фосфор тұздары, флавоноидтар (рутин, кверцетин, изорамнетин) бар.

Емдік мақсатқа шөптің тұндырмасы несеп айдайтын дәру ретінде гипертония ауруының бастапқы сатысында, ал жапырағы мен мәуесінің қайнатпасы – ұйқы қашқанда қолданылады. Мәуелерін тұндырма және қайнатпа түрінде ас қорыту үшін бауыр мен өт жолдары ауруына, жел шығаратын деру ретінде пайдаланады.

Ақжелкен. Ақжелкен латынша “петроселинум” – тас балдыркөк, бұл оның Жерорта теңізі маңындағы таулы аудандардан шыққанын білдіреді. Көне Греция мен Египетте ақжелкенді, аскөкті, балдыркөкті әсемдік және дәрілік өсімдіктер ретінде өсірілген. Ал тағамға оларды орта ғасырда қолдана бастады, ақжелкеннің әуелі тамырын, кейіннен – жапырағын пайдаланады.

Ақжелкеннің жапырақтары эфир майларына, С (58-290), К,Е витаминдеріне, каротинге (1,7 мг%) бай, ал тамыр жемістерінде бұл заттардан басқа В (В1, В2, В6) және РР – 2 мг % витамин топтары бар. Мәуелерінде 6,0% дейін эфир майы болады.

Ақжелкен тәбет ашады, ішектегі газды жояды, ауруды, шаншуды, құрысуды басады.

Ақжелкенді косметикаға да қолданады. Ақжелкеннің тамырының қайнатпасы беттің күнге күюін бәсеңдетеді, ал тамырлардың қою қайнатпасын лимон шырынымен қосып, беттің сепкілін және терінің қоңыр пигменттенген дағын кетіру үшін пайдаланады (таңертең және кешке бетке жағады). Бетті ағарту үшін оны ақжелкеннің жаңа шырынымен күнде сылау керек.

Ақжелкен бақшалық – екі жылдық өсімдік, жапырақты және тамыр жемісті болып екі түрге бөлінеді. Жер үстіндегі бөлігі алғашқы жылы тамырдың қыста солып қалатын бір шоғыр жапырақтарынан тұрады, ал екінші жылы тамырдан биіктігі бір метрге дейін жететін, көп бұтақты бір немесе бірнеше сабақтар өседі. Жапырақтары үлпілдек, жылтыр немесе бұйра қабажақты және кетілген немесе тілік қалақша болып келеді. Жапырақты ақжелкеннің тамыры сыртынан – сарғыш, іші ақ, жұқа, көлденең салалары бар ұршық тәріздес, етженді, ал тамыржемістінікі – конус тәріздес немесе түп жағынан жоғары қарай бірқалыпты жіңішкерген шошақ.

Балдыркөк. Балдыркөк қоректі татымды (белогы көп) көкке жатады. өсімдік бойындағы өзіндік иіс пен дәм эфир майларынан тарайды, оларға балдыркөктің мәуелері аса бай келеді (2-6%). Эфир майларының негізгі компоненті лимонен (мәуелерде 60%-ке дейін болады) болып табылады.

Балдыркөк екі жылдық өсімдік, бірінші жылы тамырланады, дегелек құрайды, екінші жылы – гүлді сабақ пен мәуе түзейді. Жапырақтары қауырсынды-тілік келеді. Балдыркөктің бірнеше түрлері өсіріледі; тамырлы, жапырақты, сағақты. Тамырларының – тамыржемісі (диаметрі 8-12 см) етті, ірі, шар тәріздес дерлік, жапырақтынікі – тамыр жүйесі түкті тілікті.

Балдыркөк суыққа төзімді. Тұқымдары 4-60С-де көктейді, көктері 2-30С аязға төзеді. Балдыркөкті өсірудің үш әдісі бар: тұқым себеді, көшеттерді алдын-ала парниктерде өсіріп отырғызады және көктетеді (парниктерде). Оңтүстік аудандарда тұқымды жерге себеді (оны топыраққа сіңірмей үстіне құм төккен жақсы), ал солтүстіктеу аудандарда көшет өсіреді (ақпанда – жәшікке, мамырда – егістікте). Көктің екі жапырағы шыққан кезде, сеппе көшетті қазып алып, көшіріп отырғызады. 55-60 тәулік шамасында көшетті тұрақты жерге кең қатарлы немесе суыртпақты әдіспен қайта отырғызады.

Қазақстанда тез өсетін балдыркөктің тез пісетін тамырлы сорты – Яблочныйаудандастырылған. Тамыржемісі жұмыр, біршама жапырылған, жұмсағы ақ, тамыржемісінің ұзындығы 4-7 см, диаметрі 4-8 см. Көктеп шыққаннан өнім алғанға дейін 82-100 тәулік өтеді.
Шай — сергіткіш, жанды жадыратып, шөлді басатын сусын. Шайдың отаны Қытай елі болып табылады. Ертеректе, 4 мың жылдай бұрын, Қытайда шайды дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен емдік сусын ретінде пайдаланады. Ол кездегі шай мен қазіргі шайдың айырмашылықтары баршылық. Мысалы, ол кезде шай жабайы өсімдік болатын, ал қазіргі шайлар мәдени өсімдікке жатады. айдың құрамында 200-ге тарта биологиялық белсенді заттар бар. Олардың кейбірі шайға сүт қосылған кезде еш пайда бермейді немесе кері әсер етуі де мүмкін. Бұл мәселе төңірегінде үлкен, ауқымды зерттеулер жүргізілмеген. Сол себепті де мамандардың арасында әр түрлі тұжырымдар бар.Шай адам ағзасының кейбір мүшелері үшін пайдалы. Мысалы, көзге жіне ойлау жүйелеріне. Шай ішкен кезде адамның ойлау жүйесі мен есте сақтауы азда болса артады, шығармашылық ой-өріс оянады. Сондай-ақ, шай адамға психикалық ауыртпалықтар (депрессия) түскен кездерде оны жеңілдетуге тырысады. Егер шайды шамадан тыс қатты қою қылып ішсеңіз, онда ағзаға кері әсер етеді. Оны шайды көп ішкен адамның сөзуар мылжың немесе сандырақтаған бәдіктігінен білуге болады. Тек қана бұл емес, тағы денсаулыққа кері әсері бар. Шайдың пайдасы болғанымен, үлкен сақтықты қажет ететіні бар. Мысалы, кей адамдар үшін шай ішпеген жақсы немесе күнделікті пайдаланатын сусындар тізімінен алып тастағаны абзал. Жүкті әйелдер үшін шайды өте аз мөлшерде, мүмкін болса, тіпті ішпегендері дұрыс. Шайдың құрамындағы кофеин іштегі ұрықтың дамуына кері әсер етеді. Жапон зерттеушілерінің дерегі бойынша, 5 шыны аяқ қою шайдың құрамындағы кофеиннің мөлшері іштегі баланың салмағының жетпей туылуына себеп бола алады екен.
Атеросклероз (артерияның созмалы ауруы) ауруымен ауыратындар мен қан қысымы бар (гипертония) адамдар үшін қара шайды ішпеудің пайдасы мол. Әсіресе, аурулары өршіп тұрған кездерде қара шай ішуге болмайды. Өйткені, шайдың құрамындағы кофеин мен теофиллин науқас адамның орталық жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді.
Ұйықысыздыққа тап болып, түнді ұйқысыз өткізетіндер үшін кешкі 18-ден кейін шайды ішуге болмайды. Шайдың құрамындағы кофеин мен хош иісті заттар ұйқыны қашырады.
Қою қара ыстық шай шөлді басадыдеген түсінік бар. Алайда, тек қана шөлді басып қана пайдалы жағымен көрінбейді, сонымен қатар құрамындағы теофиллин арқылы адамның дене температурасын арттырып жібереді.
Шайды қай кезде ішуге болмайды? Аш қарынға шай ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін. Шайды өте ыстық кезінді ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ары қарайғы ас қорыту жолдарын күйдіреді. Шайды суып қалған күйінде ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін. Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін.
Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Ол дәрінің күшін жояды.
Шайды тамақтан алдын немесе тамақтан кейін ішуге болмайды. Тамақ пен шайдың арасы 20-30 минуттай болуы тиіс.
Шай тұрып қалса, оны ішуге болмайды. Негізінде, шайлар демдегеннен 20-30 минуттай кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады.
Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Керсінше, зияны бар. Алағашқы рет демдеген шайдағы пайдалызаттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал одан кейінгісін де 10% пайдалы заттарды ала аласыз.
Көп мөлшерде ішуге болмайды. Қара шайды көп пайдаланудың зияны бар. Сондықтан, күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн. Лимон – цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік. Отаны – Үндістан, Қытай және Тынық мұхитының тропикалық аралдары. Қазіргі кезде тропикалық аймақтарда ғана емес, сонымен қатар мәдени түрлері субтропикалық Кавказ, Орта Азия, Калифорния, Флорида, Жерортатеңіз аймақтарында да өсіріледі. Лимон ағашының биіктігі 5-8 метр. Бұтақтарының инелері болады. Жапырағы жұмыртқа пішінді, ұшы сүйірленген. Жапырағындағы эфир майы әсерінен өсімдік жағымды иіс бөліп тұрады. Гүлі ақ түсті, хош иісті. Лимон ағашының жемісі жұмыртқа пішінді, кейбір сұрыптарында домалақ түрлері кездеседі. Жемісінің ұзындығы 7-12 см, диаметрі 8-10см, салмағы 120 г. шамасында. Лимон жемісінің қабығының қалыңдығы 2-5 мм, сары түсті. Лимонның шырыны ақшыл-сарғыш түсті, дәмі ащы. Қазақстанда климаттық жағдайымызға байланысты бақшаға өсіре алмағанымызбен, жылыжайда өсіруге болады. Дұрыс күтіп баптаса, үй жағдайында да гүлдеп, жеміс береді. Үйде өсірілетін лимонның қабықтары жұқа, дәні майда, хош иісі көбірек болады. Дәнінен өсірген лимон 7-8 жылдан, кейде 15-20 жылдан кейін ғана жеміс береді. Бұл процесті тездету үшін, бір жылдық көшетті жеміс беретін ағаштың бұтағымен телу керек. Мұндай өсімдік 2-3 жылда гүлдей бастайды. Бір лимон жемісі толық жетілу үшін сабақ бойында кем дегенде 10-15 жапырақ болуы керек. Қолданылуы. Лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы, азот пен пектинді заттар,қант, фитонцидтер, калий, мыс, флавоноидтар,А, В1,[[В2],С, Д, Р дәрумендері, қабығында – эфир майы болады. Лимон жемісі тұрмыста аспаздықта кеңінен қолданыс тапқан. Одан кондитерлік тағамдар, мармелад, джемдер, шараптар, түрлі иістендіргіштер жасалады. Суық тигенде лимонды шайға салып ішеді. Медицинада лимонды авитаминоз, цинга, қан қысымының жоғарылауы, асқазан ауруларына кеңінен пайдаланады. Сонымен қатар лимон шырыны косметикада да қолданыс тапқан. Оның шырыны теріні тазартып, ағартатын қасиетке ие. Эфир майлары Қазақстанда өсетін өсімдіктен алынады. Біріншіден, жасанды қоспа емес, ол – табиғи. Кейбір пневмония, лейкоздар, тұмауға, аллергия ауруларына қарсы дәрі-дәрмек жасауға болады. Екіншіден, эфир майлары ароматерапия ретінде қолданылады. Ғалымның айтуынша, раушан гүлінен алынған эфир майы шет мемлекеттерде 8 мың АҚШ долларын құрайды. Ал Қазақстанда өсетін кейбір өсімдік түрлеріне сұраныс жоғары. Яғни, бұл өндірісті елімізде дамытсақ, оны нағыз табыс көзіне айналдыруға болады. Елімізде өсетін 400-ге жуық өсімдік түрінен эфир майын алуға болады. Ол үшін арнайы қондырғылар қажет. Эфир майын дайындау үшін ыдысқа таңдап алынған өсімдік түріне аз мөлшерде су қосылып, ол 100⁰С-та қайнатылады. Содан кейін эфир майы дайын болады. Көптеген өсімдіктердің өздеріне тән хош иісі болады. Бұл иіс, өсімдік құрамындағы ұшқыш заттардың болуына байланысты және оларды эфир майлары деп атайды. Эфир майлары сыртқы қасиетімен, қағаз бетінен тез ұшып кететін майлы дақ қалдыратындығы болмаса, өсімдік және жануарлар майларымен ешбір ортақ байланысы жоқ. Жоғарыда айтылған байланыс тек қана физикалық қасиеті бойынша берілетін мәлімет. «Эфир майы» термині XVII ғасырдың орта шенінде пайда болған, дегенмен, өзінің толық мағынасына сәйкес келмесе де, қазіргі кезге дейін барлық елде сақталып келеді. Құрамында хош иісті эфирмайы барөсімдіктер ертеректен дәрілік, косметикалық және басқа да мақсаттарға қолданылған. Ертеректе қолданылған хош иісті заттар, хош иісті өсімдіктердің майлы тұндырмалары болған. Кейінірек, өсімдіктерді су буымен қыздыру арқылы хош иісті сулар алынады. Бұл тәсіл ежелгі Египетте, әсіресе, араб елдерінде кең тараған. Сол кездегі алхимиктер кейбір эфир майларын судан бөліп ала алған. XVII ғасырдағы орыс елінде хош иісті өсімдіктерден эфир майларын лабораторияларда су буы арқылы алумен шұғылданған (Лубна, Москва, Петербург қалаларында).

Қай кезде болмасын дәрілік есімдіктер ішінде эфир майлы өсімдіктер мен эфир майлары үлкен орын алған. Сонымен қатар эфир майлары халық шаруашылығының көптеген салаларында, соның ішінде парфюмерия-косметикалық мақсаттарда кең қолданылады.

ТМД-да эфир майын өндіру фармацевтік өндіріспен бірге пайда болып, қазіргі кезде өз алдына үлкен өндіріс саласына айналды. Революцияға дейін Ресейде эфир майларын аздап, жеке қолөнер шеберханаларында өндірген. Негізгі эфир майын өндіретін шикізат (кориандр және анис жемістері) шет елге көптеп шығарылған. Соған қарамастан шет елден дайын хош иісті заттарды әкелуге миллиондаған қаржы жұмсалған.

Шикізат қорын зерттеу жұмыстары, өсімдіктерді өсіру, шет ел өсімдіктерін еліміздің климатына бейімдеу, оларды интродукциялау және эфир майын өндіру технологиясын жетілдіру жұмыстары Бүкілодақтық кеңестен кейін кең өріс алды.

Қазіргі кезде, ТМД-да, 300 мыңнан астам гектар жерлерде эфир майлы өсімдіктер совхоз-заводтарда және 200-ден астам колхоздарда өсіріледі, ал эфир майлы шикізаттарды өңдеу ТМД-да 40-тан астам заводтарда жүргізіледі.

Дүние жүзі бойынша бірінші орында цитронеллол эфир майы өндіріледі (жыл сайын 3500т өндіріледі), екінші орында — жалбыз эфир майы (мятное масло) — 2600т, одан кейін камфора эфир майы — 2100т, цитрус майы — І900т, эвкалипт майы — ЮООт, қалампыр майы — 780т, лаванда майы — 400т. Ал, скипидар дүние жүзі бойынша 200т өндіріледі.

Қазіргі кезде ТМ Д-да эфир майының қырық түрі өндіріледі (скипидардан басқа). Олар парфюмериялық, косметикалық, фармацевтік, химиялық, азық-түлік және халық шаруашы- лығының басқа да салаларында қолданылады. Эфир майын өндіру орталықтары, Грузияда, Украинада (Қырымда) Молдова республикасында, РСФСР-да (Воронеж, Курск, Бел- город облыстарында және Краснодар өлкесінде), азербайжанда шоғырланған.

Тек қана эфир майын өндіру деңгейі елдің қажетін қанағаттандырмайды, сондықтан эфир майлы өсімдіктерін өндіру аудандарын кеңейту және бүкіл агротехникалық комплексімен селекциялық жұмыстарды жетілдіру алғы мақсаттардың бірі болып саналады

Эфир майының және эфир майлы шикізаттың химиялық құрамы және классификациясы

Эфир майы — әртүрлі органикалық қосылыстардан тұратын күрделі зат. Оның негізгі бөлімін изопреноидтан тұратын қосылыстар алады. Бірақ, эфир майының құрамына терпеноидтардың барлық түрі кірмей, тек қана олардың екі түрі — монотерпендер мен сесквитерпендер кіреді. Көптеген эфир майларында терпеноидтармен қатар, ароматты қосылыстар кездеседі.

Эфир майының құрамындағы терпеноидтар — көмірсутектер немесе оттекті қосылыстар (спирттер, альдегидтер, кетондар, фенолдар, қышқылдар, эфирлер, лактондар) болып табылады.

Терпеноидтар саны олардың әртүрлі формада, изомерияда (оптикалық, геометриялық, цис-транс изомерия) кездесу қабілетіне байланысты. Сондықтан терпеноидтардың физикалық және химиялық қасиеті де әр түрлі. Көптеген терпеноидтар сұйық күйінде кездеседі, бірақ эфир майында еріген кристалды заттар да кездеседі (мысалы, ментол, камфора, кейбір азулендер).

Эфир майының құрамы әр алуан болуына және шикізат қорының да әр түрлі болуына байланысты оларды топтарға жіктеу (классификациялау) бірқатар қиындыққа әкеліп соғады. Бұл мәселе фармацияда қолданатын эфир майларының саны, елімізде және дүние жүзінде өндірілетін эфир майларының санына қарағанда анағұрлым аз болғандықтан да күрделене түседі.

не кетон тобы да кездеседі (мысалы, анис кетон).

Эфир майларының өсімдіктерде кездесуі

Эфир майлары өсімдіктерде бос күйінде кездеседі, бірақ өсімдіктердің құрамында гликозид түрінде де кездеседі. Эфир майлар көбінесе өсімдіктердің жапырақтарында, гүлінде, жемісінде, тұқымында және тамырларында кездеседі- өсімдіктердің бұл аталған органдарында эфир майлары бірқалыпты кездеспейді. Кейде өсімдіктердің барлық клеткаларында еріген күйінде, не болмаса жеке ұсақ майлы тамшылар күйінде кездеседі. Оларды тек қана микроскоппен көруге болады. Олар ерекше эфир майлары жиналатын түзіліс орындарында пайда болады. Бұлар сыртқы және ішкі түзіліс орындары болып екіге белінеді. Сыртқы түзіліс орындар эпидермис (еһ) тканінде кездеседі. Оларға безді дақтар, безді түктер және бездер жатады. Безді дақтар — эфир майының ұсақ тамшылары, кутикуланың астындағы эпидермисте орналасады. Эфир майлары эпидермистегі ерекше безді клеткалардан бөлініп шығады да, жеке дақ түрінде бүкіл эпидермис тканінде шашырап жатады. Мұндай дақтар мысалы, раушан гүлінің, меруерт гүлінің күлтелерінде кездеседі.

Эфир майлар қуысы (вместилища) — дөңгелек немесе сопақша клеткалар, олар жапырақ мезофилінде, цитрус жемістерінде және басқа да өсімдіктердің қабықтарында және сүректерінде болады. Эфир майлар қуыстары схизогенді және схизолизигенді жолдармен түзіледі. Схизогенді жолмен түзілгенде клеткалар бір-бірінен ығысып, клетка аралық кеңістік пайда болады. Сөйтіп бұл кеңістікке көршілес жатқан клеткалардың эфир майлары құйыла бастайды. Эфир майлар қуысы схизолизигендік жолмен түзілгенде, әуелі клеткалар ығысып, клетка аралық қуыс пайда болады, содан кейін, көршілес клеткалардың қабықтары еріп, кеңістік ұлғаяды. Сөйтіп, пайда болған қуыс екі жолмен бірдей түзіледі. Бұл пайда болған қуыс, ішінен шығару клеткаларымен қапталады да, секреторлық функциясын атқарады.

Кейде бұл пайда болған эфир майлар қуысы ұзын болып келеді, онда оларды каналша немесе эфир майының жолдары дейді.

Эфир майларының түзіліс орындары (безді дақтар, бездер, безді түктер, секреторлық клеткалар, каналшалар, эфир майының жолдары) өсімдіктерде систематикалық маңызы бар. Жалаңаш тұқымды өсімдіктерде олар эфир майларының жолдары ретінде кездеседі.

Дара жарнақты өсімдіктерде олар тек қана құртқашаш (Ігісіасеае), айырлар (Агасеае), имбирлер тұқымдастарында кездеседі.

Қос жарнақты өсімдіктер мұндай эфир майларының түзілістеріне өте бай келеді және олар әртүрлі болады. Эфир майларының каналшалары немесе эфир майларының жолдары шатырша гүлдер (Аріасеае) тұқымдастарына тән систематикалық қасиет болып саналады. Олар өсімдіктердің жемістерінде кездеседі.

Эфир майларының мөлшері өсімдіктерде ішкі түзіліс органдарына (секреторлы клеткалар, қуыстар) қарағанда сыртқы түзіліс органдарында көбірек жиналады. Эфир майларының мөлшері күрделігүлділерге (Азіегасеае) қарағанда еріндігүлділер (Ьатіасеае) тұқымдастарында артық болады. Оның себебі ерінгүлділерде эфир май бездерінің 8-10 клеткалары бірдей эфир майын шығарады, ал күрделігүлділерде тек қана 1-2 клетка шығарады.

 

Date: 2016-11-17; view: 1149; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию