Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақы





Қызметкерге жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды, сондай-ақ бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтік жәрдемақыларды жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті.

Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтік жәрдемақылар жүктілік пен босану бойынша бүкіл демалысқа немесе бала асырап алынған күннен бастап, сәбидің туған күнінен елу алты күн өткенге дейінгі кезең үшін демалысқа тағайындалады, бірақ 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспау керек.

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылар бүкіл демалыс уақытына төленеді. Жүктілігіне және босануына байланысты демалыс күнделі босанудан кейінгі күндерге қосылып 126 күнтізбелік күнді құрайды және жәрдемақылар бір жолға төленеді. Босануы қиын болған немесе бірден екі және одан да көп бала туған жағдайда жәрдемақылар 140 күнтізбелік күнге төленеді.

Бала үш жасқа толғанша оған күтім жасау үшін жалақысы сақталмайтын демалыста болып, осы кезең ішінде жұмысқа шықпай босанып қалған әйелдерге жәрдемақылар төленбейді. Егер жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылар алу құқығы бала үш жасқа толғанша күтім жасау демалысы кезінде туындайтын болса, жәрдемақылар жалақысы сақталмайтын демалыс біткен алғашқы күннен бастап төленеді.

Қамауда болғаг уақытқа, сот-медициналық сараптан өту уақытына, сондай-ақ соттың айқындауы бойынша мәжбұрлі емдеу уақытына (жүйке ауруларынан басқа) жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылар төленбейді.

Жұмысқа қайта алынған жағдайда жұмыстан босатудың дұрыстығы туралы дау кезіндегі, жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылар жәрдемақы алу құқығы пайда болған күннен бастап төленеді.

 

Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда - жүктіліктің отызыншы аптасынан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жиырма алты күнге (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы қалыпты босанған жағдайда жиырма жеті аптадан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жетпіс күнге және асқынулары бар босанулар немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда күнтізбелік жүз сексен төрт күнге беріледі;
2) жүктілігі мен босануы бойынша тұрақты мекенжайынан Қазақстан Республикасынан тыс уақытша кеткен әйелдерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босанған жеріндегі медициналық ұйымда немесе әйелдер консультациясында (кабинетінде) № 907 бұйрықпен бекітілген босандыру ұйымының шығару қағазына (ауыстыру картасына) сәйкес бақылау орны бойынша беріледі (ұзартылады);
Тұрақты мекенжайынан Қазақстан Республикасынан тыс уақытша кеткен әйелдерге, олар жүктілігі мен босануы бойынша демалысы кезінде жүгінген кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы бекітілген орны бойынша медициналық ұйымда ДКК қорытындысы бойынша, баланың (балалардың) медициналық ұйымда туылған фактісін растайтын құжатты және баланың туу туралы куәлігін көрсеткен кезде беріледі (ұзартылады). Ұсынылатын құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуы және келген елінде немесе Қазақстан Республикасында бекітілуі тиіс.
3) асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босандыратын денсаулық сақтау ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылаған жері бойынша әйелдер консультациясында (кабинетінде) қосымша күнтізбелік он төрт күнге ұзартылады. Мұндай жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік жүз қырық күнді құрайды;
4) дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жиырма екі және жиырма тоғыз апталық тірі бала туған және ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік жетпіс күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.
Дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жиырма екі және жиырма тоғыз апталық өлі бала туған немесе ол жеті тәулікке дейін тірі болып, өлген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік елу алты күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі;
5) ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жиырма екіден жиырма тоғыз аптаға дейінгі мерзімде тірі бала туған немесе ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге тоқсан бір күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі. Өлі бала туған кезде немесе туған баласы жеті тәулікке дейін тірі болып, өлген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік жетпіс жеті күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі;
6) әйел төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында немесе үш жасқа толғанша балаға күтім жасау бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалыста болған кезеңде жүктілік басталған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүктілігі мен босануы бойынша демалыстың бүкіл күндеріне беріледі;
7) босанған кезде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде анасы қайтыс болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы нәрестеге күтім жасауды жүзеге асыратын адамға беріледі;
8) жүктіліктің жасанды үзу операциясы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын операция жүргізілген стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде болған кезде дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді, ал асқынулар болған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздығының бүкіл кезеңіне береді.
Түсік өздігінен түскен (түсік тастағанда) жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы еңбекке жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне беріледі;
9) эмбрионды ауыстырып қондыру операциясын жүргізген кезде операция жасаған медициналық ұйым эмбрионды ауыстырып қондырған күнінен бастап жүктілікті белгілеу фактісіне дейін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын береді.
Жаңа туған ұл немесе қыз баланы (балаларды) асырап алған адамдарға, сондай-ақ биологиялық аналарға құрық ана болу кезінде ұл немесе қыз баланы асырап алған күнінен бастап және бала туған күнінен бастап күнтізбелік елу алты күн өткенге дейін тікелей перзентханадан еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.

 

Date: 2016-05-25; view: 2132; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию