Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






леуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік жеңілдіктерді анықтаңыз





Әлеуметтік жеңілдіктер - ерекше әлеуметтік қорғалуға мұқтаждықты тану үшін негіз болған жағымсыз салдар мен жағдайларды белгілі бір дәрежеде жою үшін қоғам тарапынан ерекше қорғаудың қажет болуына байланысты отбасылар мен азаматтардың жекелеген санаттарына артықшылықтар беру.

Жеңілдіктер туралы айта отырып, әлеуметтік жеңілдіктер мен басқа жеңілдіктерді ажырата білу қажет. Әлеуметтік жеңілдіктер әлеуметтік негіздер немесе себептер бойынша беріледі (аз қамтылу, қарттылық, ауру, көп балалық, мүгедектік және т.б.), ал басқа жеңілдіктер басқа жағдайлардың әсерінен беріледі (қызмет бабы, лауазымы - сот, депутат, әскери қызметкерлер және т.б.)

Әлеуметтік жеңілдіктерді беру үшін негіздер.

Әлеуметтік жеңілдіктер екі негіз бойынша беріледі:

1) аз қамтылуына байланысты (оларға ардагерлер, мүгедектер, көпбалалы отбасылар және т.б.)

2) Отан алдындағы ерекше сіңірген еңбегі үшін (Кеңес Одағының батыры, Социалистік Еңбек ері, Халық қаһарманы, ҰОС мүгедектері және қатысушылары және т.б.) Кей кездері жеңілдік алушыда осы негіздердің екеуі де болуы мүмкін.

Жеңілдіктердің түрлері:

Жеңілдіктерді нысаны бойынша материалдық және материалдық емес деп ажыратуға болады. Материалды сипаттағы жеңілдіктердің мәні - оны алушы қандай да бір тауар немесе қызмет үшін жалпыға ортақ төлемнен босатылады немесе арнайы, жеңілдікті баға бойынша төлейді. Материалды емес сипаттағы жеңілдіктер белгілі бір кезектілікті талап ететін жерде кезексіз немесе бірінші кезекте қызмет көрсетілуден немесе қандай да бір құқықты қолданудағы артықшылықтан көрінеді.

Мазмұны бойынша жеңілдіктердің келесі түрлерін атауға болады:

- қоғамдық көлікте, темір жол, су және әуе көлігінде жүруге жеңілдіктер;

- тұрғын үй, коммуналды қызметтер мен жанармай төлеу бойынша;

- тұрғын үй құрылысы үшін қарыздарды жеңілдікті жағдайда алу құқығы;

- телефонды орнату және қолдану;

- санаторий-курорттық емделуге жолдама беру бойынша жеңілдік;

- медициналық және әлеуметтік көмек және дәрілік заттарды беру бойынша жеңілдік;

- транспорттық құралдармен қамтамасыз ету және оларды ұстау және қызмет көрсету;

- әр түрлі кооперативтерге кірудің артықшылық құқығы (тұрғын үй, саяжай және т.б.)

- т.б. жеңілдіктер.

Әлеуметтік кепілдіктер – мемлекеттің Қазақстан Республикасының Конституциясындажәне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, әлеуметтік құқықтарды іске асыруға бағытталған міндеттемелері;

Әлеуметтік кепілдіктер әлеуметтік стандарттар арқылы жүзеге асырылады.

16-бап. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен
әлеуметтік стандарттар

1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар әлеуметтік қамсыздандыруға әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар:
1) «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы» ең төмен әлеуметтік стандарты;
2) «Ең төмен зейнетақының мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты;
3) «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты болып табылады.
3. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді және қолданылады.

17-бап. «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы» ең төмен
әлеуметтік стандарты

1. «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы» ең төмен әлеуметтік стандарты жыл сайын инфляцияның болжамдық деңгейі ескеріле отырып айқындалатын және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының нормативін қамтиды және:
1) айлық жалақының ең төмен мөлшерін;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
3) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды белгілеу үшін негіз болып табылады.
2. Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу тәртібін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органдар бірлесіп бекітеді.

18-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейi

1. Ең төмен күнкөрiс деңгейi – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс.
Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді және:
1) азық-түлік себетінен;
2) азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады.
2. Азық-түлік себетін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормалары бойынша есептеп шығарады.
3. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығыстардың тіркелген үлесін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органдар ең төмен тұтыну себетінің құнына арақатынасы арқылы бірлесіп белгілейді.
4. Ең төмен күнкөріс деңгейі тоқсан сайын республика бойынша және өңірлер бойынша орта есеппен:
1) халықтың жан басына;
2) халықтың жыныстық-жас топтары бойынша есептеп шығарылады.
5. Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың негізгі жыныстық-жас топтары бойынша халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейі, азық-түлік себетінің құны және кірістері осы өлшемшарттардан төмен халықтың үлесі туралы мәліметтерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға тиіс.

19-бап. Ең төмен күнкөріс деңгейін қолдану

Ең төмен күнкөріс деңгейі жыл сайынғы:
1) халықтың өмір сүру деңгейін бағалау;
2) әлеуметтік саясаттың бағыттарын айқындау және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін қолданылады.

20-бап. «Ең төмен зейнетақы мөлшері» ең төмен әлеуметтік
стандарты

«Ең төмен зейнетақы мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде қолданылатын ең төмен зейнетақы мөлшерінің нормативін қамтиды.

21-бап. «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің
кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік
стандарты

«Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты психоневрологиялық патологиялары бар және тірек-қозғалу аппараты бұзылған мүгедек балалар, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін ұсынылатын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер нормативтерін қамтиды.

Заңға ссылка если что: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000314

 

31. Қайнар көздері:

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі

Бұл қай орган және қандай мәселелер бойынша оларды қабылдағанына қарай ажыратылатын нормативтік құқықтық актілер. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі тура мағынада әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларына бастау беретін, әлеуметтік қамсыздандыру туралы құқықтық нормалардың мазмұнын анықтайтын қасиетті білдіреді, сол себепті әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерін әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан тұратын, құзыретті органдардың жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі бұл нормаларды, жүрістұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттің уәкілетті органдарының құқықты қалыптастыруға, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар және өзге де нормативтік құқықтық актілер нысанын беруге байланысты тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз құқық қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.
Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарының зейнетақы және өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығармашылық қызметінің нәтижелерін түсінуге болады. Басқаша айтар болсақ, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері – бұл әлеуметтік қамсыздандыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері осы саланың нормаларынан тұрады, оларды осы нормаларды қолдану актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы еңбекке жарамсыз азаматтарды зейнетақылармен немесе жәрдемақылармен қамтамасыз ету туралы нормалардан тұратын құқық қайнар көзі болып табылады, ал ұйым басшысының қызметкерді зейнетке шығуына байланысты жұмыстан босату туралы бұйрығы құқық қолдану актісі болып табылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының барлық қайнар көздері өз жиынтығында қайнар көздер жүйесін құрайды, мұнда олар өз мәні, бағыныстылығы бойынша ҚР Конституциясынан бастап, республиканың өзге де заңға сәйкес актілеріне (ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары және өзге де министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтары) дейін белгілі бір кезектілікте орналасқан.
2 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің түрлері

Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды болып бөлінеді.
Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.
Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік құқықтық актілерге әртүрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар және т.б. жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізінде қабылданады және олармен бірге біртұтас жүйені құрайды.
ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының 4-бабына сәйкес, Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік-құкықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:
Қазақстандық құқықтың, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орынды Қазақстан Республикасының Конституциясы иеленген. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасында қабылданатын заңдар мен өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы саясаты адамның жақсы өмірі мен еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған саясатқа ие әлеуметтік мемлекет болып табылады.
Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы қорғалады, отбасын, балаларды және аналарды, мүгедектерді және қарт адамдарды мемлекеттік қолдау қамтамасыз етіледі, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дамып жатыр, мемлекеттік зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік қорғаудың өзге де кепілдіктері белгіленеді. Соған қоса, азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтары ҚР Конституциясының жекелеген баптарында белгіленген (28, 29, 30-баптары).
Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.
1) Конституция заңдар мен заңға сәйкес актілерге қарағанда артықшылық рөлге ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен заңға сәйкес актілерді қабылдау тәртібін белгілейді.
Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі болып табылады.
Ол жалпы құқық, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздеріне қатысты бірқатар жаңа ережелер бекітті.
Конституциялық нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда және заңға сәйкес актілерде сипатталады.
Әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңдар жүйесінде заң шығарушы актілердің маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес заң шығарушы актілерге мыналар жатады:
• ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
• констиуциялық заңдар; ҚР Президентінің конституциялық заң күшіне ие жарлықтары;
• Қазақстан Республикасының кодекстері; заңдар; ҚР Президентінің заң күшіне ие жарлықтары;
• Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
• ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
• министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары; орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары және қаулылары;
• мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс.
ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады.
Заңның өзге заңға сәйкес актілерге қарағанда жоғары күші болады.
Бұл заңдылық қағидасының мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мәселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты маңызды мәселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы заңға сәйкес актілермен реттеледі.
3 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің жүйесі

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздері өз жүйесіне ие, ол әлеуметтік қамсыздандыру құқығының барлық заңдарының біртұтас кешенде орналасу құрамын, өзара байланысын және кезектілігін білдіреді.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерін былайша түрлерге бөлуге болады:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (28, 29, 30-баптары);
2. Халықаралық-құқықтық актілер – халықаралық конвенциялар, декларациялар, ТМД елдерінің арасындағы келісімдер;
3. Қазақстан Республикасының заңдары:
- ҚР «ҚР еңбек туралы» заңы;
- ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы;
- ҚР «ҚР-дағы қаржы полициясының органдары туралы» заңы;
- ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы;
- ҚР «Отбасылық типтегі балалар ауылдары және жастар үйлері туралы» заңы;
- ҚР «Өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшері туралы» заңы;
- ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы;
- ҚР «ҚР-дағы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңы;
- ҚР «Әлеуметтік кепілдіктерді реттеуге қатысты шаралар туралы» заңы;
- ҚР «Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» заңы;
- ҚР «Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңы;
- ҚР «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңы;
- ҚР «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық полигондардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы;
- ҚР «Арал теңізіндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы және т.б.
4. заңға сәйкес актілер (ҚР Президентінің жарлықтары және ҚР Үкіметінің қаулылары);
5. ведомстволық актілер (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің актілері және т.б.);
6. жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілері (мысалы, Алматы қаласының);
7. локальдық актілер (келісімдер, ұжымдық шарттар).
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының маңызды қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының заңдары табылады.
ҚР Конституциясына және ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес заңдардың келесі түрлерін атап өтуге болады:
А) ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар. Олар ҚР Конституциясында (62-б. 3-т.) белгіленген тәртіппен қабылданады. Мысалы: мемлекеттік қызметшілердің жасына қойылатын талапты жойған ҚР 1998 жылғы 7 қазандағы «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы (33-б. 4-т.);
Ә) ҚР конституциялық заңдары. Конституциялық заң ретінде ҚР Конституциясында осылай танылған және Конституцияда белгіленген тәртіпте қабылданған заң танылады. Мысалы, ҚР 1991 жылғы 16 қазандағы «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы;
Б) жай заңдар. Мысалы, ҚР «ҚР халқын жұмыспен қамту туралы» заңы, ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы, ҚР «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы және т.б.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздеріне әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңға сәйкес актілер де жатады.
Заңға сәйкес актілерге заң шығарушы болып табылмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады. Бұл – ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары, ҚР Парламентінің және Үкіметінің нормативтік қаулылары, министрлердің нормативтік бұйрықтары, мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Заңға сәйкес нормативтік актілер 2-і белгімен сипатталады:
1) заңға сәйкес нормативтік актілер заңдарға қайшы келмеуі және шегінен шықпауы тиіс;
2) олар заңдарды орындауды ұйымдастыруға бағытталған.
ҚР Конституциясына сәйкес (62-бабы), Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуі тиіс.
Заңға сәйкес актілердің ішінен ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары жоғары заңды күшке ие. Олар ҚР Парламенті мен оның Палаталарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қабылданады.
Мысалы, ҚР Президентінің 1990 жылғы 29 мамырдағы «Мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту бойынша шұғыл шаралар туралы» жарлығы.
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары құрайды.
Олар жалпымемлекеттік сипатқа ие. ҚР Конституциясына (69-бабы) сәйкес Үкімет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулы, ал Премьер-министр – өкімдер шығарады. Бұл актілер бүкіл республика аумағында міндетті сипатқа ие.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің жүйесінде ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы аса маңызды орынға ие. Бұл акт әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесіне кіретін қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін реттейді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері ретіндегі маңызды заңдарға жалпы сипаттама. Қазақстан Республикасында еңбек мәселелері бойынша маңызды заңдарға мыналар жатады:
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы. Бұл заң тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру құқықтарын, мемлекеттің зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты кепілдіктерін анықтады, Орталықтан және зейнетақылық қорлардан зейнетақылық төлемдер алудың тәртібін белгіледі, жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастырудың және олардың жұмысының негізгі қағидаларын бекітті.
ҚР «ҚР-да мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы. Бұл заң «мүгедек» сөзіне анықтама берген, мүгедектердің құқықтық жағдайының негіздерін, олардың еңбек саласындағы құқықтарын, мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек пен жеңілдіктердің түрлерін анықтаған.
Халықты еңбекпен қамту туралы заң. Елімізде жұмыссыздық деген пайда болып, жұмыссыздардың саны көбейіп келе жатқан жағдайда қабылданған бұл акт – біздің республикамыздағы халықты еңбекпен қамтуға бағытталған алғашқы заң. Аталған заң еңбекпен қамту қағидасын бекітіп, «еңбекпен қамту», «жұмыссыз», «жұмыссыздың мәртебесі» сияқты түсініктерді анықтады, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың жұмыс берушілермен және жұмыссыздармен қарым-қатынастарын реттеді.
Осы заңға сәйкес еңбекпен қамту және жұмысқа орналастыру органдары да жұмыс істейді. Қызметкерлер еңбек шартын бекітпестен бұрын аталған органдармен қатынасқа түседі.
Еңбекті қорғаудың негіздері туралы заң еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысында қызметкерлердің өмір және денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін, сонымен қатар әлеуметтік қорғау мәселелерін реттейді.
Заңдардан өзге барлық қайнар көздер заңға сәйкес актілер болып табылады, олар: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары және т.б.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен қабылданған бірқатар актілер де бар.
ҚР Президенті Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күшке ие жарлықтар мен өкімдер шығарады, олар заңға сәйкес актілер болып табылғандықтан, ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен еңбектің әр түрлі мәселелеріне қатысты заңдарды орындауға қатысты нормалар қабылданады. Еңбек жөніндегі арнайы орган – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Бұл министрлік еңбекті қорғау, жалақы, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау және өзге де мәселелер жөнінде актілер қабылдайды.
Мәслихаттар және әкімдер өз құзыреті шегінде өздеріне бағынысты аумақтарда еңбекті қолдану және ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына (88-бабы) сәйкес мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында міндетті күшке ие. Егер мәслихаттардың шешімдері ҚР Конституциясына және заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін. Ал әкімдердің шешімдері ҚР Конституциясы мен заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші ҚР
Президентінің, ҚР Үкіметінің немесе жоғары тұрған әкімдердің актілерімен жойылады, сонымен қатар, сот тәртібімен де жойылуы мүмкін.
Нормативтік құқықтық актілер өз күшіне келесі мерзімдерде енеді:
1. Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары – егер осы актілердің өздерінде не олардың күшіне енуі туралы актілерде өзге мерзім көрсетілмесе, ресми түрде алғаш жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң;
2. ҚР Парламентінің және оның Палаталарының қаулылары – егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап;
3. ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары – қабылданған күннен бастап;
4. ҚР Үкіметінің құрамына кіретін және кірмейтін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, соның ішінде, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Ұлттық Банкісінің нормативтік құқықтық актілері – егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң.
Заң жарияланған соң күшіне енеді. Бұл заңның тек күшіне енген сәтінен бастап қана құқықтық қатынастарды реттеп, белгілі бір заңды салдарды тудыратынын білдіреді.
4 Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы, кеңістіктегі және қызметкерлер санаты бойынша күші

Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы күші. Еңбек құқығының қайнар көздері болып табылатын нормативтік құқықтық актілер үшін олардың әрекет ету күшінің басталу және аяқталу уақытын, яғни, олардың уақыттағы шектерін белгілеудің тәжірибелік маңызы зор.
ҚР Конституциясының нормалары мен ережелері оны ресми түрде жариялаған күннен бастап күшіне енеді. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Конституцияны қабылдаған күн Қазақстан Республикасы Конституциясының күні деп саналады. ҚР Конституциясы күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келмейтін бөліктері қолданылады. Конституция және оның жекелеген нормативтік ережелері белгіленген тәртіп бойынша жаңа Конституция қабылдағанға дейін немесе осы ережелерге өзгертулер мен толықтырулар енгізетін конституциялық заң қабылдағанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары және ҚР Үкіметінің қаулылары, егер осы актілердің өзінде не олардың күшіне енуі туралы актілерде өзге мерзім көрсетілмесе, алғаш рет ресми түрде жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының «ҚР еңбек туралы» заңы 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданды, ал «ҚР еңбек туралы» заңының күшіне енуі туралы» арнайы заңның негізінде 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Мысалы, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы 1997 жылғы 20 маусымда қабылданып, 1998 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген кейбір баптарын есептемегенде, бұл заң 1997 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
ҚР Парламентінің және оның Палаталарының қаулылары, егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап, ал ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері, егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Дәл осындай мерзімдер жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің күшіне енуі үшін де белгіленген.
Нормативтік құқықтық актілердің күшіне ену уақытының маңызы өте зор, себебі, ол осы актілерде көзделген заңды жауапкершіліктің туындау мерзімдерімен және осы актілердің кері күші туралы мәселені шешумен байланысты. Жалпы ереже бойынша нормативтік құқықтық актінің күші бұл акт күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таралмайды.
Тек актінің өзінде немесе осы актінің күшіне енуі туралы арнайы заңда нормативтік құқықтық актінің не оның бөлігінің кері күші көзделсе ғана ол өзі күшіне енгенге дейінгі қатынастарды реттеуде қолданылуы мүмкін. Нормативтік құқықтық актілердің (ҚР Жоғарғы Сотының және Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларын есептемегенде) күшіне енуінің маңызды жағдайы болып олардың ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуі табылады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық актілердің заңды күші болмайды.
Нормативтік құқықтық актінің күші тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін. Егер актінің өзінде немесе осы актінің күшіне енуі туралы актіде өзге мерзім көзделмесе, нормативтік құқықтық актінің күші тұрақты деп танылады. Әрекет ету күшінің уақытша мерзімі бүкіл акт не оның жекелеген бөліктері (бөлігі) үшін белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда еңбек туралы нормативтік құқықтық актінің күші қандай мерзімге дейін сақталатыны міндетті түрде көрсетіледі. Бұл мерзім өткеннен кейін нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган актінің күшіне қатысты жаңа мерзімді белгілеуі немесе оны тұрақты деп тануы мүмкін.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан тұратын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт оның әрекет ету мерзімінің аяқталуымен, осы актімен тең не одан жоғары заң күшіне ие басқа актінің қабылдануымен, осы актіні оған тең не одан жоғары заң күшіне ие актінің жоюына (күшін жоғалтты деп тануына) орай өз күшін тоқтатады.
Жалпы ереже бойынша, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан тұратын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт кері күшке ие емес және ол күшіне енгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады. Алайда, нормативтік актіде тікелей көзделген жағдайларда заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің күші ол күшіне енгенге дейінгі қатынастарға да таралуы мүмкін.
Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші «аумақ» деген түсінікпен тығыз байланысты. Жалпы алғанда аумақ ретінде мемлекеттік шекара шегіндегі жер қабаты, жер қойнауы, су және әуе кеңістігі танылады.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы нормативтік құқықтық актілердің әрекет ету күшінің құқықтық кеңістігі болып табылады.
Егер актілердің өзінде немесе осы актілердің күшіне енуі туралы актілерде өзгеше көзделмесе, ҚР Президенті, ҚР Парламенті және ҚР Үкіметі, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкілетті органдары қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады.
Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші туралы сөз қозғай отырып, олардың күші Қазақстан Республикасының елшіліктеріне, өкілдіктеріне, сауда кемелеріне және шетелдегі өзге де аумақтық құрылымдарына таралатынын ескеріп өткен жөн. Себебі, «Қазақстан Республикасының аумағы» түсінігі жер-аумақтық, теңіз және әуе шектерімен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар, халықаралық-құқықтық актілермен де анықталады.
Атап өтетін тағы бір жайт, егер сыртқы еңбек миграциясы саласындағы халықаралық келісімдерде көзделсе, әлеуметтік қамсыздандыру туралы нормативтік актілер өзге мемлекеттерде жұмыс істеп жүрген азаматтарға да таралады.
Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына ғана таралады.
Қазақстан Республикасының жекелеген жерлеріндегі (шалғай елді мекендер, сусыз жерлер, таулы өлке және т.б.) еңбек жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысына қатысты аудандық коэффиценттерді, әр түрлі жеңілдіктерді, кепілдіктерді және т.б. көздейтін арнайы құқықтық актілер қабылданады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің арасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары – мемлекетердің келісімдері айрықша орынды иеленген. Бұл келісімдер азаматтардың ТМД бір мемлекетінен екіншісіне көшкен кезде оларды әлеуметтік қамсыздандырудың жағдайлары мен тәртібін белгілейді. Мысалы, «Тәуелсіз Мемлекеттер достастығының қатысушылары – мемлекеттердің азаматтарының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы» келісімі (1992 жылғы 13 наурыздағы) КСРО-ның бұрынғы республикаларының аумағында зейнетақыға құқықты иеленген және осы құқықты Келісімнің барлық қатысушыларының – мемлекеттердің аумағында жүзеге асыру құқығын иеленген тұлғаларды зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды үйлестіру саясатын жүргізуді көздейді.
Нормативтік құқықтық актілердің тұлғалар шеңбері бойынша күші.
Егер ҚР Конституциясында, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, нормативтік құқықтық актілердің күші Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырушы ҚР азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға таралады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтар ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дәлелдері бар тұлғалар танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дәлелдері жоқ тұлғалар азаматтығы жоқ тұлғалар ретінде танылады.
Шетелдік азаматтар еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі құқықтарды иеленіп, міндеттерді орындайды.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық нормалар екі үлкен топқа бөлінеді: (бұлай бөлудің негізіне объективтік факторлар, нақты айтар болсақ, Қазақстан Республикасының әртүрлі аумақтарының ауыр табиғи-климаттық жағдайлары алынған):
1) экономика саласына және еңбек жағдайына қарамастан, жалданбалы еңбек қызметкерлерінің барлығына таралатын жалпы нормалар.
Мысалы, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының күші тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асырушы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға да таралады;
2) қызметкерлердің жекелеген санаттарына (әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, бюджет саласының қызметкерлеріне, ауыр және зиянды өндіріс жұмысшыларына, уақытша және маусымдық қызметкерлерге және т.б.) таралатын арнайы нормалар. Осы заңда қызметкерлердің белгілі бір санаттары – еңбекке құқық қабілеттігі шектеулі тұлғалар, кәмелетке толмағандар, жасы кіші балалары бар әйелдер үшін жеңілдіктер көзделген.
Жекелеген жеңілдіктер шектеулі еңбек қабілеттігіне ие тұлғалар үшін көзделген. 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақ КСР-де мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңында мүгедектердің әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтары анықталған. Осы заңға сәйкес, мүгедектер тұрмыстық қызмет көрсетуде басым құқықтарды иеленеді, азық-түлік және өнеркәсіптік товарларды алуда, үйде қызмет көрсетуде жеңілдіктер иеленеді және т.б.
Жекелеген қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандырудың жағдайлары тек ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңымен ғана емес, өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының күші барлық мемлекеттік қызметшілерге таралады.
Құқықтың қайнар көздерін қызметкерлер бойынша түрлерге бөлудің нақты мазмұны мынаған бағытталған: арнайы нормалар арқылы олар үшін зейнетақы тағайындаудың ерекше тәртібі; жеңілдіктер мен артықшылықтар; жоғарылатылған тәртіптік және материалдық жауапкершілік және т.б. ерекшеліктер белгіленеді.

 

Date: 2016-05-25; view: 1601; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию