Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы: М.Әуезов және балалар әдебиеті





Жоспары:

1. М.Әуезовтің өмірі мен балалар әдебиеті.

2. “Жетім” әңгімесіндегі әлеуметтік өмірдің шындығы.

3. “Көксерек” повесінің танымдық тәрбиелік сипати.

4. Повестің көркемдігі, тәрбиелік мәні.

 

Лекция мақсаты: М.Әуезов әңгімелері терең психологизмнің, нәзік лиризмнің. Сон дай-ақ қазақтың шешендік тілінің үлгісі десе де болады.

Лекция мәтіні:

М.О.Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысының қазіргі Абай ауданында көшпелі малшының жан ұясында дүниеге келген. Атасы Әуе, әкесі Омархан елге қадірлі, сауатты, әдебиет пен өнерге құмар жандар болған. Абай аулымен сыйлас, аралас-құралас, туыс болған жандар. Атасы Әуез кішкене кезінен немесересі Абай өлеңдерін жаттатып отырған. Жазушының балалық шағы Абай аулында өтті. Мұның өзі болашақ жазушыға көп әсер етті. Өйткені, Мұхтар өзінің аса зеректілігімен Абайдың көптеген өлеңдерін алдырған кезінде- ақ жатқа айтатын болған.

Алғаш Абай аулындағы бастауыш мектепте оқып, оны 1908 жылы бітіреді. Бір жыл өткен соң, 1909 жылы Семейдегі бес класты училищеге келіп түседі. Оны 1914 жылы бітіріп, 1915 жылы Семейдегі мұғалімдер дайындайтын семинарда оқиды. Бұл семинарияны 1919 жылы бітірді. Әр түрлі қызметте бола жүріп, 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетін, одан соң Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасын бітірген.

М. Әуезов балаларға арнап көптеген шығармалар жазды. Шығармашылық алғашқы қадамдарында, яғни 20-шы жылдары жазған әңгімелер мен повесттері «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Жетім», «Ескілік көлеңкесінде», «Қаралы сұлу», «Қараш- қараш оқиғасы», «Қилы заман» повесттері.30-40 жылдары «Іздер», «Білекке білек», «Шатқалаң» т.б. сияқты бірнеше әңгімелер дүниеге келді.

М.Әуезовтің, қазақ әдебиетінің, ұлы шығармасы «Абай жолы» алғаш «Абай» деген атпен 1942 жылы бірінші, 1947 жылы екінші кітабы жарық көрген.

Жазушылық жолын драматургиядан бастаған және оны өнерінің өзге салаларымен қатар жарыстары өмірінің аяғыына дейін дамыта жетілдіріп, құбылта құлпыртып әкелген Әуезов Мұқтар 1912 жылы «Қорғансыздың күні» деген әңгіме жазады. Бұл оның көркем прозасының басы еді. «Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылндағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңімен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс- тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі жаяды.Бұл ретте «Қорғансыздың күнінде» зор тәрбиелік мағына жатыр.

Абай жөніндегі роман-сол кезеңде кіллі дүние жүзіне көркем сөз құдіретімен, жазушы шеберлігімен қазақ Еліні әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын танытқан шығарма. Халықты, халықтың әдебиетін мойындатқан туынды.

Еңбегі. Әңгімелері. Жазушының алғашқы прозалық шыығармасы-1921 жылы жазылғанн “Қорғансыздың күні” әңгімесі. Асыраушысы, сақтаушысы, қорғаушысынан айырылған жас Ғазиза, оның кәрі әжесі мен соқыр шешесінің тағдырлары. Әңгіме Ақан болыстың жас бала Ғазизаға жасаған зорлығы, қиянат атаулының шегі жоқ дегенге сендіреді, Жан түршіктіреді. Жазушы табиғат суретін, Күшікбай жайындағы әңгімені тарта отырып, психологізм, символдық бей нені шебер жымдастырады. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі Жан дүниесімен үйлесімділік табады.

Жазушының алғашқы шығармаларының бірі “Оқыған азамат”, “Кінәмшіл бойжеткен”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Қаралы сұлу” әңгімелері әлеуметтік теңсіздік, қоғамдық әділетсіздік қана емес, адамдардың қым-қиғаш, қиын өмірі бір-біріне өздері жасайтын озбырлық пен қиянаттан легенді айтады.

М.Әуезов әңгімелері терең психологизмнің, нәзік лиризмнің. Сон дай-ақ қазақтың шешендік тілінің үлгісі десе де болады.

“Кім кінәлі?”, “Сөну-жану”, “Қыр суреттері”, “Жетім” әлеуметтік тақырыптарды қозғайды. Жазушының бірнеше әңгімелері бір-екі эпизодты, шағын оқиғаға құрылғанымен де табиғат суреттеуі, кейіпкер психологиясын беруі терең әрі нәзік.

Повестері. Жазушының табиғат, табиғаттағы тіршілік иелерінің өмір ұүшін күресі, айқасы “Көксерек” повесіндегі қасқыр бейнесімен берілген. Адам мен жыртқыш аң арасындағы айқас, суретіне басқа көзбен баға беруге мәжбүр етюді. Құрмаштың бөлтірік кезінде қолға түсен асыранды Көксерегінің әрекеттері айтылады. Қанша қолдан тамақ беріп, түнде қойнына алып жатқанымен де, тағының бәрібір жыртқыштығын қоймайтыны, оның әр қимылынан, әр айла, әрекетімен көрінетіні көркем жазылған. Жазушы жыртқыш аңның психологиясын әр әрекетімен, әр ісімен береді. Осыған дәл табиғат суретін қоса өзгерте отырып, идеяға апарады. Қолда өскен Көксеректің алғашқыда қойды үркітіп қрорқыта бастауы, ұрлап тамақ жеуі т.б. әрекеттерінен жыртқыштығын байқата бастаған қасқырдың соңында өзі қолынан ас беріп, бауырына басқан Құрмашты өлтіріп кетуіне дейінгі аралықта жазушы осылай болуының себебін де оқырманның ашып тануына мүмкіндік береді. Шығарма жауыздықтың, зұлымдықтың шығуына адамдар өзі түрткі болады деген бір ойды берсе, екінші жағынан, жаратылыстағы әркімнің өз өмір сүру әдісі бар оған иелік етуге, билік етуге, күшпен көндіруге болмайды деген ойды айтады.

Жазушының «Жетім» әңгімесіндегі жетім балалар тағдыры қатты толғандырған. Мұхтар мұндай төзімсіз жағдайларға жайбарақат қарай алмады. Сондықтан да ол «жетім» атты әңгімесінде қаңғып қалған Қасымның тағдырына егіле отырып, оны дарынды шеберлігімен тебірене суреттеп берген. Әке – шешесінен жастайынан айрылып, әжесінің тізесін құшақтап қалған Қасым жарты жылдан, соң онымен де қоштасады.

Қасымның тағдыры енді Иса мен оның ұрысқақ долы әйелі Хадишаға қарап қалды. Қасымның әке- шешесінен, әжесінен қалған отыз шақты қой, он шақты ірі қараға ие болған Иса мен Хадиша оларды талан – таражға түсіріп, көжеге ортақ қылғанша деп, ұрып – соғып, аштан- аш қаңғытып жіберді.

Әңгіме аса әсерлі табиғат суретінен басталады: С. Қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан көлденеңі он шақырымдай, бірақ ұзыны тәуір болғанмен еенсіз кереге сықылды жалғыз жал. Не бауыр, не сыртында ықтасын жер жоқ. Арқалық жадағай жалғыз болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да панасы болмайды. Қыстың басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай қыылып тегістеп тастайды.Алыстан қарағанда да бұдыры жоқ жалаңаш, көруге аса көңілсіз. Арқалықтың осы түрі оқырманы бірден-ақ бір түрлі оқыс оқшау сезімге салып, сүреңсіз табиғаттың әлдеқандай бір беймәлім сырынан секем алғызады. Құлазыған құла тұз, жалаңаш жон, қахарлы қыс, бұрқаған боран... Бұл өңірдегі табиғаттың осы көрінісінің өзі-ақ әлдебір жұпыны, жоқ-жітік халдің хабаршысындай адамға ауыр ой салады. Сонда бұл сурет тек қана табиғат көрінісі емес, сол кездегі заман сипаты, адам тағдыр-тіршілігінің түрі тәрізденеді.

Осындай әсерлі суретке жалғаса келіп, Күшікбай батыр жайлы аңыз әңгімеленеді.

Бақылау сұрақтары:

1. М.Әуезов қай жылы дүниеге келген

2. Әуезовтың туған жері

3. Жазушының «Жетім» әңгімесіндегі жетім балалар тағдыры

4. Жазушының шығармашылық жолының басталуы

5. Алғаш бастауыш мектепті қай ауылда оқыды? (Абай аулында)

6. Жазушының алғашқы шығармаларының бірі (“Оқыған азамат”, “Кінәмшіл бойжеткен)

Лекция

Тақырыбы: Сәбит Мұқанов өмірі мен балалар әдебиеті саласындағы зерттеулері Жоспары:

1. Жазушының балалар әдебиеті саласындағы зерттеулері мен әдеби шығармалары.

2. Жазушының “Батыр қыз” әңгімесіндегі Мәншүк образы.

 

Лекция мақсаты:.

Мұқанов балалар әдебиетіне зор баға бере келіп: «Өмірдің диалектикасы — өсу. Өсуде шек жоқ. Сондықтан өмірдің бүгін «өсіп жетті» деген бір шындығы ертеңге өлке болып қалады да, ескелең өмір ол шындықты ілгері қарай дамыта береді

Лекция мәтіні: Ұлы Октябрь революциясы тудырған қазақ кеңес әдебиетінің және қазақ кеңес балалар әдебиетінің ірге тасын қалаған ардагер жазушыларымыздын бірі — Сәбит Мүқанов. Ол өзінің творчестволық өмірін әрқашан балалар өмірімен жалғастырып отырған жазушы еді.

Мұқанов балалар әдебиетіне зор баға бере келіп: «Өмірдің диалектикасы — өсу. Өсуде шек жоқ. Сондықтан өмірдің бүгін «өсіп жетті» деген бір шындығы ертеңге өлке болып қалады да, ескелең өмір ол шындықты ілгері қарай дамыта береді. Қазақ әдебиетіндегі «балалар әдебиеті аталатын жанрға да диалектикалық көзбен қарауға тиістіміз. Өткен жылдармен, әсіресе революциядан бұрынғы жылдармен салыстырғанда кеңестік дәуірде балалар әдебиеті қазақ тілінде де орасаң өсуі, жылдан-жыл биіктеп, салмақтанып, көркемденіп келе жатуы мәлім» деген болатын. Бұл қамқоршы ағанын кішкентайлар үшін үлкен әдебиет жасауға болатынын ескертуі еді. Осылай дей отырып ол өзі де қазақ кеңес балалар әдебиетіне мол үлес қосты. Сәбиттің жас өспірімдерге арнаған «Менің мектептерім» (1941), «Патшаны қуған батыр», «Бақташының баласы» (1953), «Батыр кыз» (1944), Индия жазушысы Навтежден аударған «Балалар» (1953) повестері мен әңгімелері қазақ, кеңес балалар әдебиетіне қосылған үлкен үлес, мол мұра болып қалды.

Сәбит Мүқанов 1900 жылы Қостанай облысы, Пресногорьков ауданындағы жазушының өз атымен аталатын колхозда, кедей семьясында туған. Жеті жасында әкесі-нең сегіз жасында шешесінен абрылып, жетім қалған Сәбит тұрмыстың ауыр да қасіретті күндерін басынан кешіре жүріп, он жасынан бастап, кісі есігінде жалшылық бейнетін көреді. Жетімдік қасіреті басына төнген Сәбит кісі есігінде жүріп, отыншы да, сушы да, бақыршы бала да атанып, есейе келе жылқышы да болады.

«Міне, мен — бақыршы баламын. Жасым он екіде. Қосымыз Дос пен Шошқалы аталатын екі көлдің арасындағы қалың бетегелі жазықта... Біздің баққанымыз — Тұртайдың жылқысы. Сан шамасы жеті-сегіз жүздей. Оған сол жылы біздің Жаман шұбардан үш-төрт жүздей жылқы қосылған»...,— дейді жазушы өзі туралы жазған «Өмір мектебі» деген кітабында.

Сәбит 17 жасқа дейін белгілі бір мектепте оқымаған. Тек өзінің алғыр да өжет талантының арқасында тиіп қашып жүріп, ауыл молдаларынан хаттанады. Қолжазба қиссаларды оқуға шамашарқы келіп, оны сияқты жазушылар арасында жаттап айтатын болады. Қазақ халқының ауыз-әдебиеті мұраларымен көп танысқан. Сәбиттің өз тұсынан да өлең қабілеті көрініп, ол 15 жасынан бастап өлеңді өзі шығара бастайды. Ауыл ішінде өлеңші бала атанады.

1922—1924 жылдары Сәбит Орынбордағы рабфакта оқи жүріп, орыс әдебиеті классиктерін, шығармалары мен де танысады. Осы тұста Сәбиттің өлең-мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі басылған. 1926—28 жылдары Қазақтың Мемлекеттік баспасы мен жазушылар ұйымында кызмет істейді. 1931—1935 жылдары Москвадағы қызыл профессорлар институтында оқиды. 1936—1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының председателі қызметін атқарды. Міне, осы жылдар арасында «Теміртас» романы мен «Ақ аю» поэмасы және бірнеше өлең, әңгімелері басылды. 1938 жылдан 1941 жылға дейін Сәбиттік «Жұмбақ жалау», «Менің мектептерім», «Балуан шолақ» атты романдары шықты.

¥лы Отан соғысы жылдарында (1943—1951) Сәбит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасынын председателі қызметін атқарды. Бұл жылдары оның «Сырдария», «Тында туған байлык», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар», «Туған жердік тыңында», «Алыптык адымдары» атты очерктері оқырмандар қолына тиеді.

С. Мұқанов 1947 жылдан 1973 жылға дейін Қазак ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Қазақ ССР Ғылым академиясымың академигі, Бүкіл Одақтық бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшесі болды. Кеңес әдебиетін дамытудағы қажырлы еңбектері үшін Сәбит Мұканов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі рет Ленин ордені мен наградталды. С. Мұқанов 1973 жылы қайтыс болды.

Ниет — өзінің осындай шығармаларымен жас өспірімдерді ұстамдылыққа, батылдыққа, тәртіптілікке, еңбек сұюшілікке және күнделікті өмірде кездесетін ерлік дәс-түрлерге баулып отыруды көздеген. Егер сен күнделікті өмірде төзімділікке, ұстамдылыққа дағдыланбасаң, сенен нағыз еңбекқор, батыр адам шықпайды деген ұғым-ды білдіреді. Осындай зандылыққа сүйенген жазушы дәуіріміздің ең жақсы, ең өнегелі, ең үлгілі жақтарын суреттеп беруді көздеген, өйткені кеңес балалар әдебиетінің ең басты қасиеті — жас өспірімдерді тәрбиелеу мәселесінде өзіне ең үлкен, ең озық, міндеттерді жүктейді. Себебі ондағы тәрбие мәселесі кеңестік педагогиканың нағыз ғылымдың зандарына негізделген.

Сәбит «Бақташының баласы» атты бұл шығармасында өмір жолын көрсететін колхоз аулының нағыз өз тұрмысын суреттеп берген. Колхоз шаруашылышна жаны ашып, өз өмірін сол жолға сарп еткен Бектас қария мен Жандостың колхоз малын ит-құстан корап, сақтауды ғана алдарына зор мақсат етіп қойған патриот адамдар екенін көрсетеді. Жазушы барлық жағдайда да келешек коммунизм ісі үшін саналы күрескерлердің, еңбекті сүйетін еркі күшті Жандос сияқты адамдарды, қоғамшыл және қандай қиындықты болса да жеңе алатын төзімді, еңбек үстінде шыныкқан патриоттарды, Іскер адамдарды үлгі етіп көрсетуді алға қойғаны шығармадан бірден-ақ көрінеді.Мұндай шығармалар балаларды өмірге жанасымды етіп тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Жастайынан еңбек үстінде шы-ныққан, колхоз шаруашылығын бес саусағындай білетін Жандос өсе келе Ленин атындағы колхоздың мақтаулы председателі болуы да еңбек үстінде тәрбиеленіп жетілгендіктің дәлелі. Мектепте жалаң теориялық материалдарды ғана жаттаумен өмір тану өте қиын екені қазірде айқын танылды. Біз қазіргі жағдайда мектептен оқыған теориялық білімдерді өмірмен, өндірістік іспен тығыз байланыста жүргізіп, іске араласа, көре жүріп үйренуден ғана үлкен іскерліктің туатынын көріп отырмыз. Сәбит Мұқанов «Бақташының баласы» деген повесінде Жандос образы арқылы теориялық білім мен практикалық істің байланысынан шыққан жемісті жас өспірімдерге үлгі етіп көрсетіп отыр. Бұл повестің оқиғасы да, тақырыбы да балалардың өздеріне таныс құбылыс арқылы суреттеледі. Композициялық құрылымы да қызық. Балалардың қиялын қызықтырып, оларды үлкен арманға, эстетикалық идеалға, әрекетке, өздері қызығатын іске қарай баулиды. Соған орай Сәбиттің тілі де өте қарапайым, жатық, тіл. Сөйлемдері ықшамды, шағын болғандықтан, айтайын деген ойлары да айқын суреттеледі.

"Балаларға жақсы тәрбие берумен қатар, Сәбиттің бұл повесінін басты ерекшеліктерінің тағы бір жақсы көрінісі — тілінің көркемдігі мен айқындығында.

Date: 2016-05-24; view: 3943; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию