Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Батыр Қыз» ӘҢгімесіндегі мӘншҮк образы





Қазақ кеңес балалар әдебиетінен елеулі орын алатын Сәбит Мұқановтың тағы бір шығармасы ол—Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметованың өзіне арнайы жазған «Батыр қыз» атты әңгімесі. Бұл әңгіме балаларды кеңестік патриотизм рухында және отаншыл етіп тәрбиелеуде ең басты елеулі роль атқарады. «Батыр қыз» әңгімесінде коммунизм идеясымен қаруланған жас өспірімнің үздік сипатта қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері мен оның сондайлық қайсарлығы, тапжылмас өжеттігі көрінеді. Әңгіменің композициясы да басты кейіпкердің өз халқы мен Отаны алдында саналы түрде аянбай қызмет етуге кіріскенін көрсетуге құрылған. Әңгіме құрылысының қызықтығы, тартымдылығы сондай, оның әрбір елеулі кезендерінде майданға араласқан Мәншүктің рухани өскені, қажырлы қайратына мініп, жауға деген қаталдығының арта түскені айқын көрініп отырады.

Әңгіменің алғашқы бет алысында Мәншүкке әлі де таныс емес майдан оқиғасы сөз болады. Таудай талабы еш нәрседен қайтпаған жауынгер Мәншүк майданның алдыңғы шебіне амалсыздан сумен жүзіп өтпек болған отрядка: «Менің де қосылғым келеді, жолдас капитан» деген өтінішін орындамаған Ушаковқа қатты ренжігенде Ушаков оған: «Сен бекінісін бермегенді батыр деп ойла»1—деп, оған ақыл айтады. Осының өзі Мәншүкке үлкен сабақ болады да, бұл қағида оның жүрегінен берік орын алады. Мәншүк үшін ендігі мақсат бір қадам да шегінбеу, жаудың шабуылын тойтарыл тастап, оларды артына қарайлатпай, батысқа үздіксіз жөңкілте куып отыру болады. Міне осы сертінде түрған Мәншүк кескілескен шайқас, оқты сұрапыл үстілде жалғыз өзі фашистердің шабуылына карсы тұрып, оларды шетінен жусатып салады. Жазушы өзінің кейіпкерін осындай қатал сыннан өткізе отырып, қиын-қыстау кезеңдерде одан оның өз шешімін, өзінің тапқырлығы мен сұрапыл шайқас үстінде көрсететін қайсарлығын, табандылығын талап етіп отырады.

Әңгіменің орта шені сұрапыл соғыстың қиян-кескі шабуылын суреттеуге арналған. Сәбит Мәншүктің қатал сыннан өткен әлденеше ерлік істерін көтеріңкі серпінмен мақтаныш ете, оны үлгі ете суреттейді.

«Бурқыраған шаңның арасында ұйпа-тұйпа бола калған Мәншүк мина денесінің қай жерін жараласа да ауыр жараланғанын сезді, өйткені, қай тамыры қырқылса да, жүрегін тартып әкетіп барады... Сонда да есінен танбаған Мәншүк жалма-жан тұра берді де, қиран ете калды. Тағы ұмтылып еді, тағы құлады. «Апырау, не болған маған» деген оймен ауырған аяғын ашып көрсе, тізеден төменгі жағы былқылдап бос жатыр... Жирыл-ған еттен қан сорғалап ағып түр жүрегі дір ете қалған ол, жау жаққа қараса, жапырлай ұмтылған жау жақындап қапты. Сасқан Мәншүк жарасын байларлықтай еш нәрсе табылмаған соға, белдемшесінін оң жақ етегін дыр еткізіп қақ айырды да, жаралы аяғың шымқай орап, ағытқан қайыс белбеумең тас қып байлады. Содан кейін бір тізе, екі шынтағымен жылжып пулеметке жетсе, айналасында сөреге жайған құрттай қаз қатар тізбектеле жатқан оқтаулы ленталар. Мәншүк есінен жаралануы шығып кетіп, жапа-тармағай жақындап қалған жауға лулеметтен оқ шашып қоя берді. Жау шапқан шөптей оталып кеп түсті.» Жау еселенген армиясын канша төксе де өз сертінде берік тұрған Мәншүк өз бекінісінен бір адым да кейін шегінбейді. Бұл коллектив ортасында, совет мектебіде тәрбиеленген өнегелі жастың өз намысын, арын қорғай біліп, Бүкіл әлемге өзінің патриоттық күшің танытқан Сәбит әңгімесінде жасалған ең бірінші типтік образ. Мәншүк те Зоя Космодемянская, Олег Кошевой, Уля Громова, Лиза Чайкина, Әлия Молдағұлова сияқты өз Отанын фашист басқыншыларынан азат етуде үздік көрінген жас өспірімдер арасынан шыққан батыр азаматтардың бірі. Сонымен қатар, Сәбит бұл әңгімесінде кеңес армиясының солдаттарын фашистермен шайқаста ұлы жеңістерге қарай бастаған.

Әбілқайыр Байдялдин, генерал Галицкийдің басшылық рольдерін көрсетуге де көп көңіл бөлген. Мәншүк пен, Ибрайым сияқты жас өспірімдерді батырлыққа баулыған, олардың қолын ұлы жеңістерге жеткізіп, атағын, даңқын Бүкіл әлемге таратқан алдарындағы аға басшыларының көрсеткен ерлік істерін де әсерлі суреттеген. Өйткені автор бұл әңгімеде кеңес офицерлері мен солдаттарының арасындағы қарым-қатынастың ең бағалы жері — олардың Интернационалдық бірлік пен бірін-бірі қолдау сезімінің күшті екенін де және олардың жалпы мақсаттары жексұрын жауды талқандау үшін, Отанын жаудан босату үшін бар күш-куаттарымен ынтымақтаса кіріскендерің өзі ең басты роль атқарғаны деп түсіндіреді.

Социалистік реализм әдісімен жазылған әңгіменің осындай терең идеясы жас өспірімдерге Отан соғысы тұсындағы коммунистік моральдың ең жоғарғы түрде насихатталғанның жемісі еді деп ұқтырады. Жас өспірімдерді отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеуде мұндай әңгімелер балалар әдебиетінде үлкен роль атқарады.

Жазушы балаларға өзінің озат тәжірибесін, халық өмірін және еңбек адамдарынын үздік табыстарын үлгі етіп ұсынады. Жас өспірімдерге әр алуан мамандықта істейтін адамдардың еңбегін, ісін бағалауды, оларды сыйлай білуді үйретеді. Өздерін де еңбекті сүйе білуге, еқбек етуге құмартып отыруға баулиды. Отан алдында адал қызмет ету— әрбір жас азаматтың рухани азығына айналған, қанына сіңген патриоттық рух болуы керектігін естеріне салады. Сәбит Мұкановтың балалар әдебиетіндегі биік нысанасы жас өспірімдерді өз Отанына берілген патриот етіп тәрбиелеу идеясын іске асыру міндеті болып табылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. С.Мұқановтың өлеңіңін көрсетіңіз?

2. С.Мұқановтың үнді жазушысынан аударған шығармасы

3.С.Мұқановтың "Батыр қыз" әңгiмесiнде

4. С.Мұқановтың «Өмір мектебі романының түрі қандай?

5. С. Мұқанов қай жылы Бүкіл Одақтық Коммунистік болшеиктер партиясына мүшелікке өтеді?

6. С. Мұқановтың «Ботагөз» романының алғашқы атауы

7. Сәбиттің қай шығармасында өмір жолын көрсететін колхоз ауылының нағызөз тұрмысын суреттеп берген.

8. С. Мұқанов 1918 жылыкүзінен бастап қандай оқуға түседі?

9. С. Мұқановтың 20жыл қала өмірімен өзгерген ауыл бейнесі қай романда

10. С. Мұқановтың ең алғашқы прозалық ірі туындысы

Лекция

Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті

Жоспары:

1. Балаларға арналған Жамбыл поэзиясының тәрбиелік мәні.

2. Балалар әдебиетінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері.

3. Балаларды Отан қорғауға, ерлікке шақыруы.

Лекция мақсаты:

Ұлы Отан соғысы жылдарында жазушылар барлық кеңес халқына, сонымен қатар жас өспірімдерге де рухани азық боларлық, олардың жігер-қайратын шындай түсетін жақсы шығармалар берді. Бұл жөнінде жас жауынгер Баубек Булқышевтің «Әмір мен өлім туралы» «Шығыс ұлына хат» (1943) әңгімелерін ерекше атаймыз

Лекция мәтіні:

1. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ (1941-1945)

1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Ер жүрек кеңес халқы өзінің барлық күштерін Отан қорғау жұмысына бағыттау ісіне кірісті. Кеңес Одағындағы істеліп жатқан барлық жұмыстар соғыс мүддесіне сәйкес қайта құрылды. Кеңес азаматтары майданға, кеңестік Отанымызды қорғауға аттанды. Барлық кеңес азаматтарымен бірге жазушыларымыз,Қалмақан Әбдіқадыров, Тайыр Жароков, Баубек Бұлқышев, Әбу Сәрсенбаев, Жұмағали Саин тағы басқа жолдастар майданға аттанды. Тіпті сол кезде тоқсаннан асқан қарт ақын Жамбылдың өзі де майданның алдыңғы қатарындамын деп есептеді. Оның «Ленинградтық өрендерім» өлеңі барлық Кеңес Армиясына үлкен рух беріп, неміс баскыншыларына қатты соққы болып тигені әлемге аян. Мұндағы «Интернационалдық негіздің мықтылығы, халықтар достығының мызғымас беріктігі, тұтастығы зор роль атқарды. Коммунистік партия тәрбиелеген бұл қасиеттер әдебиетте көркем суреттік болуын тауып көрінді.

Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиетінің негізгі тақырыптары майдандағы ерлік күрестер мен тылдағы азаматтардың өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы қаһармандық еңбектері жайында болды.

Жамбылдың балаларға арналған өлеңдерінде алдымен жер жүзі пролетариатына қамқорлық жасап отырған Коммунистік партияның басшылық ролі бірінші қатарда жырланады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында жазушылар барлық кеңес халқына, сонымен қатар жас өспірімдерге де рухани азық боларлық, олардың жігер-қайратын шындай түсетін жақсы шығармалар берді. Бұл жөнінде жас жауынгер Баубек Булқышевтің «Әмір мен өлім туралы» «Шығыс ұлына хат» (1943) әңгімелерін ерекше атаймыз. Баубектің осы әңгімелерінің бәрінен де тауы қайтпаған жалынды жастық шақтың Отанына беріле кызмет ету жайындағы патриоттық сезімдері, ерлік істері көрінеді. «¥р да жық ақымақ офицтер біздің жастығымызды, болашағымызды кұртқысы келеді. Біз, әрине бере алмаймыз оны! Өлерміз, бірақ бере алмаспыз! Бермейміз! Орыс та осыны айтады, қазақ та осыны айтады, ССРО-дағы барлық ұлттар осыны айтады»,— дейді Баубек Бұлқышев «Өмір мен өлім туралы» әцгімесінде олардың Отан қорғау күресіндегі көздеген негізгі нысаналы мақ-саттары да осы еді.

Баубек Бұлқышев жастар алдында осындай патриоттық сөздерімен нысаналы мақсаттар қоя отырып, Отан үшін, өмір үшін күресуге шақырады. «Менің жастығым адам баласының қызметіне берілді. Мүмкін мен жастығымды қайыра алмаспын. Бірақ, ол босқа кетпейді, менің кіші інілерімнің еншісіне тиеді. Кейінгі жастар, жас інілерім, сендер бақытты жандарсындар. Сендер соғыс дегенді білмей өтетін боласындар. Біз- жастығымызды сендердің бақыттарынның жолына құрбан еттік. Сендер тыныш өмірде бақытты жасайтын боласындар!»—деп, Баубек Отан соғысының жеңіспен аяқталатынына көзі жетіп, зор сеніммен сөйледі. Ол өз Отанынык сондайлық қадірлі екенін, оның әрбір тау-тасына дейін, тіпті кара қүйын топырағына дейін қадірлі екенін патриоттық жыл сезіммен баяндап берді.

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ

«Шу өзенініңбойымен жүре берсеңз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен. Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.

Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездені барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін, мен тіл ал-май қасаратынмын.

Менің ағам — әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тнгенде, барлық тентектікті ұмытып, Бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені катты кызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда даусым Бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім. 14 жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладын. Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сияпат көрсете бастады. 15-ке толған мен атақты ақын Сүйінбай туратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне танып келдім де, мен әндете бастадым.

Жүрегім менін елжіреп, Көзімнің жасы мөлдіреп, Өткізіп ем ертерек, Өксумен бала шағымды. Көксеген бірақ көбірек, Бақытты болашағымды.

Алба-жұлба киініп, Кедейлікке күйініп, Жаяулап жерді жағалап, Домбыраны сабалап, Безегем тіл мен жағымды.

Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:

— Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім,— деді Сүйінбай.

Қарт ақынның тілеуі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Онын біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, қошеметімді, өзімнің жастығым мен тәжірибесіздігімді өлеңге қосып, Сүйінбайды аспан әлемін нұрға бөлеген таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, колдауын сұрадым. Ол уәде берді.

Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді. Сүйінбай түні бойы ақындық, шеберлік жайында әңгімеледі. Сөйтіп мен оның шәкірті болдым, онын өлекдерін жұртқа тараттым. Тек 16 жасымнан бастап қана мен өз бетіммен жырлауға бел байладым, бірақ көрнекті, тәжірибелі ақындармен айтысқа түспедім. Қазақ даласында айтыста жеңілу — ақынның өлгенімен тен саналатын. Сондықтан да мен алғашқы кезде тек жас, онша әйгілі емес акындармен сөз таластырып жүрдім.

Мен Шу өзенін бойлап көшіп-қонып жүрген ауылдарды аралап, оларға халық өлендерін, ертегілерін, қиссаларын, атақты ақындардың өлендерін, өз өлендерімді айтып беріп жүрдім. Ғасырлар бойы қалыптаскан жәйт суырып салма ақын — рулар мен тайпаларды, ру ақсақалдарын, атақты адамдарды, окиғалардын бәрін білуге тиіс еді. Ол барлық жаңалықтарға үн қосып, жағдайды ескере білуге тиіс еді. Ақын тілінің өткірлігі, қысылтаяңда тапқырлығы, тез де ұтқыр жауап беруі арқылы бағаланады. Ол әріптесін күлкі, сықақ уытына бөлеп, өзі байсалды, ұстамды болуға тиіс еді. Мен осының барлығын үйрендім.

1941 жылы Жамбылга мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндеріңдің Жамбыл өзінің өлеңдерінде совет халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды.

Кеңес адамдарының батырлығын, СССР халықтарының, мызғымас достығын жыр етті. 1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз отырып барып, кайғылы хабарға өлеңмен жауап берді.

Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 майда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың каһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Кызыл Ту және Құрмет Белгісі ордендерімен наградталды. Жүз жасқа небары бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22июньде Жамбыл дүние салды.

Date: 2016-05-24; view: 3674; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию