Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бандын ҚуҒан Хамит





Сәкеннің балаларға лайықты шығармалары оның поэзия саласындағы енбектсрімен ғана шектелмсйді. Проза жанрында 1922 жылы жазған «Бандыны куған Хамит» атты әңгімесі бар. Бұл әңгіме Октябрь революциясынын жеңісінен соң кеңес өкіметіне қарсы іріткі салу мақсатымен елдің үрейін, момын шаруалардың берекесін кетіріп жүрген бандылардың қарақшылықәрекетін әшкерелеуге арналған. Мұнда да автор жаа орнаған кеңес өкіметін оның ішкі жауларынан тазартып, көздің карашығындай қорғай білу керектігін айту, соны жас өспірімдерімізге, пионерлерге социалистік реализм негізінде түсіндіруі көздслген.

Әңгіменің композиялық құрылысында бір ерекшелік бар. Мұнда да оқиға желісі салған жерден бірден сондағы жаратылыстың әсем көріністерін мөп-мөлдір сәулелі күнді, таңертеңгі түскі, кешкі мезгілдегі бұлттарды, айнала төңіректі оқиғаға байланыстыра суреттейді. Табиғаттың әсем көріністерін суреттеген соңғы жолдарында табиғат бояулары туралы, жан-жануарлар туралы, ауа туралы және егіншілер мен шөп орған шалғыншылардыц шаруашылығы жаблы, тиімді күн райы туралы суреттеу әңгіменің негізгі түйіні, арқауы болып отырған оқиғаға байланысты алынған. Табиғаттың бұл көріністері әцгімеленіп отырған оқиғадан оқшау тұрған жоқ, қайта осылай суреттеу арқылы жас өспірімдердің көңіл күйін аулауға, оқиғаның себептерін ашып айқындай тусуге көп жәрдем ететінін жарыстыра айта отырады. Табиғаттың адамды таң-тамаша ететін осындай эстетикалық сұлу да әсем болмысын әсерлі суреттеген Сәкен әңгімесіндегі пейзаждық көріністер негізгі кейіпкерлердің мінезі мен типтік бейнесін әр жақты аша түсуге қызмет етіп отырғанын байқаймыз.

Дәуір шындығьш және басты кейіпкерлерді психологиясын, таптық көзқарастарын ашу үшін жазушы табиғат суреттерін параллелизм жасай отырып айқындайды. Бұл тек табиғаттың сұлу картиналарын суреттеу ғана емес. Пейзаж адамның түйсігі арқылы беріледі де, сол адамның сезім, ой, көңіл күйін, оның өмірге қарым-қатынасын түсінуге жәрдемдеседі, «Бандыны куған Хамит» әңгімесіндегі орман сұлулығын суреттегеңдегі табиғат образы Хамиттің типтік образымен ұштасып, ұлғая түседі. Осы көріністе Хамиттің гуманистік мораліне қасқыр мінез, қара ниет Кудряның ішкі дүниесі қарсы қойылған. Хамит пен Кудря арасындағы тартыс көрінісі дауылда жаңбырмен жуылып, тазарған жаңа өмірдің басталуымён, таңмен, болашацпен үштасады.

Хамиттің бандыны іздеп бара жатқан бағыты осындай қалың орман. Бірақ бүл жерде жайылған мал да, қөрші тепкен үйлер де жок. Хамит келе жатқан орман іші қанша көркем болғанмен жалғыз-жарым адамға қоркынышты, үрейлі. Оқушы осы жағын да ерекше сезініп отырады. Өйткені жалғыз жолаушыны бандылар қай жағынан қоршап алар екен деген ойлар оқушысын әлсін-әлі үрей-лебдіре береді.

Мұның үстіне әңгіменің басынан аяғына дейін өзінін қарақшылық пиғылымен жексұрын керініп отырған Кудрянык Хамитқа қарсы жасырын келе жатқандағы шын амал-айла тәсілдері мен сыртқы портретін суреттегенде Хамиттін ендігі жердегі тағдыры немен тынар екен деген жан шошырлық ойлар окушыны еріксіз тынымсыз халге қалдырады. Автор бұл жерде Кудряны былай суреттеген: «Лесниктің үстінде қара шинелі бар, басында құлақшың. Құлақшынның бауын байлаған. Аяғында қалың ұлтанды қара етік. Сақал-мұртын қырған, жасы отыздың ішінде, шаналы кара торы жігіт, еңгезердей, ұзын бойлы, жауырынды, қолында шыбыртқы камшысы бар, көк аттың үстінде тіптік қаққан қазықша отырып келеді»,— дейді. Әңгіме композициясынық шебер құрылуы осы жағынан көрінеді. Оқиға өзінің шарықтау шегіне жеткенге дейін пейзаждық көрінісімен де, кейіпкердік сырт тұлға, мінез өзгешеліктерімен де окушысын әр алуан ойға салып, оның жан-жүйесін, психологиялық еркін билеп алады. Кудряны бұрын кермеген Хамит оны шын мәнінде леоник деп қалуы да оқушыны қобалжытады, өйткені оқиғаның немен тынарына көз жетпей, оқушы әқгіменін аяғына жеткенше асығып, әр алуан ойға кетіп отырады. Жазушынық даралық қасиеті мен шеберлігі оқиғаға толы осындай драмалық егестерге құрылған ерекшеліктерімен көрінеді.

Екіншіден, жазушы мұндағы әңгіме оқиғасын шашыратпай түгелдей екі-ақ адамның басына жинақтағандықтан кеңес өкіметінің алғашқы орнаған жылдарындағы халық арасына іріткі салуға тырысқан жаулардың, басқыншы бандиттердің барлық сыр-сипатын, зұлымдык әрекеттерің Кудря образы арқылы әшкерелеген. Кішкентай әңгіменің өзімен-ақ Сәкен басты кейіпкер Хамит пен Кудря образдарын типтендіріп бере алған. Екеуінің жек-пе-жек алысқан жердегі өмір үшін күрескен жан түршігерлік шайқастары арқылы автор тозығы жеткен ескі өмір мен өресін кең жайған кеңестік социалистік жаңа құрылыстың арасындағы тартыс күресін танытқан.

Үшінші жағынан, әңгіме белгілі мақсат пен айқын идеяға құрылғандыктан, соны бейнелейтін сөздердін де тізген моңшақтай қисын тауып, өзінің көркемдік сипатқа ие болғанын көреміз. Адам портретін беруде болсын, не жаратылыстың әсем көріністерін шаруашылық және өмір тіршілігімен байланыстыра мәнерлеп суреттеуде болсын, Сәкен түрлі бейнелі сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді, метафораларды кеңінен пайдаланады.

Корыта айтқанда, Сәкен шығармалары балалар,әдебиетіне жаңа тақырып, жаңа мазмұн әкелді. Ол балалар әдебиетін жаңа идеялармен толықтырды. Оның шығармалары жас өспірімдерге, пионерлерге Отанға деген сүйіспеншілікті және оны көздің қарашығындай қорғай білуді, халқына адал қызмет етуді үйретті. Сонымен қатар, еңбек ету — адам баласы болашағынын бақыты екені түсіндіруге күш салды. Сәкен шығармаларының айын идеясы балаларды коммунистік рухта тәрбиелеу максатын көздеп қана қоймай, ол сонымен қатар балалар әдебиеті тақырыбына жазып жүрген жазушыларға социалистік реализм әдісімен қалай, қайтіп жазу керектігінің үлгісін көрсетті.

 

Бақылау сұрақтары:

1."Бандыны қуған Хамит" шығармасының авторы

2..С.Сейфуллин қай жылы,қай жерде туылған?

3.С.Сейфуллиннiң "Қазақ балалар әдебиетiнiң хрестоматиясы"атты еңбегi қашан жарық көрдi?

4.С Сейфуллиннiң "Маузер" поэмасында не айтылады?

5.С.Сейфуллин"Бандыны қуған Хамит" әңгiмесiнiң кейiпкерi.

6.С.Сейфуллин еңбегi.

7. С. Сейфуллиннің алғашқы өлеңдер жинағы.

8. С. Сейфуллиннің “Көкшетау” поэмасының қай бөлімінде Адақ есімді кейіпкер кездеседі?

9. С. Сейфуллиннің Қазан төңкерісі туралы жазған поэмасы.

10. С. Сейфуллиннің пьесасы қай қатарда?

11. Сәкеннің ең даңқты поэмасы

12. Сәкен ревоюцияға дейінгі бірқатар дәстүрлі халық поэзиясының үлгісін кімнен алған?

13. Сәкеннің “Көкшетау” поэмасында не жайлы айтылған?

14. Сәкен Сейфуллин қай жылы дүниеге келді?

15. Сәкеннің драматургия саласындағы еңбегі

16. Сәкеннің “Тар жол тайғақ кешу” мемуарлық шығармасы қай жылы жарияланды?

Лекция

Date: 2016-05-24; view: 3201; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию