Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс Тиімді жер пайдаланудың негізгі бағыттары





Жерді пайдаланудың функциясының ерекшелігі оның табиғи ресурстарының арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және өндірістік күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторларының – еңбек, материалдық-техникалық және табиғатты ұдайы өндірістік процесстердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Біздің планетамыздың беті – 510 млн. шаршы киллометр. Оның көп бөлігі – 361 млн. шаршы киллометр, яғни 71%-ін су алып жатыр. Құрлыққа тиесілісі – 149 млн. шаршы киллометр. Бұл территорияны 4060 млн.га орман алып жатыр. Шалғын мен жайылым 2600млн.га. Өңделетін жер – 1450 га. Қалған территория 45% Қазақстан Республикасының территориясы 2,72 млн. шаршы киллометр. Ауылшаруашылығына пайдалы жерлердің динамикасына толып жатқан процесстер өз әсерін тигізеді: Ғылыми техникалық прогресстің шапшаң қарқыны, урбанизацияның өсуі, қолайсыз табиғи факторлар, жаңа территорияларды игеру, аграрлық жер құрылымының өзгеруі және т.б. Жер жағдайының нашарлауы ауылшаруашылық жұмыстардың қарқынын ұдайы арттыруға, жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал етіп отыр. Көптеген дамыған елдерде ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемі тарылып барады. Әлемде қосымша пайдалануға болатын алаңдар бар, бірақ олардың сапасы төмен, өйткені ауылшаруашылығына қажетті шұрайлы алаңдар бос емес, әрі бұл алаңдардың көлемін кеңейтудің мүмкіндіктері шектеулі. Еліміздің кейбір аймақтарында мал шаруашылығында кемшіліктер орын алған. Соның ішінде ең үлкен кемшілік, жайылымның мал тұяғының астында тапталуына жол бере отырып, шектен тыс жаю. Соңғы 100 жыл ішінде әлемдегі ауылшаруашылығында пайдалы жердің шамамен 27% -і жарамыз болып қалған, оның ішінде пайдалы жердің көбісі таусылудан жарамыз болды. Жер реурстарының өнімділігі мен ауданын климаттық жағдайлар да көп шектеп, тарылтып отыр. Жер ресуртарын қолдануда қалыптақан жағдай келешекте ауылшаруашылығына пайдалы жердің көлемін арттыруға мүмкіндік бермейді.

Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі (1999-) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қайта құрылуының нәтижесінде ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы Жарлығымен құрылды.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 27 желтоқсандағы қаулысымен агенттік туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, облыстармен, Астана және Алматы қалаларымен қатар агенттіктің аумақтық органдары аудандарда да бар екендігі көрсетілді. Агенттіктің негізгі міндеттеріне қосымша жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі міндеті жатқызылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 1 маусымдағы қаулысымен агенттіктің жер ресурстарын басқару жөніндегі қалалық комитеттері-мемлекеттік мекемелері агенттіктің (Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Қапшағай, Атырау, Өскемен, Семей, Зырьяновск, Тараз, Уральск, қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Қостанай, Арқалық, Рудный, Ақтау, Павлодар, Екібастұз, Петропавловск, Шымкент, Туркістан, Кентау қалалары) аумақтық органдары ретінде құрылды. Осыған сәйкес агенттік туралы ережеге өзгерту енгізілді: "Агенттіктің облыстарда, қалалар мен аудандарда аумақтық органдары бар". Осы қаулымен агенттіктің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі де жаңа редакцияда бекітілді. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 14 қаңтардағы қаулысымен агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Агенттіктің жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комитетгері-мемлекеттік мекемелері агенттіктің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық басқармалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы бөлімдер деп қайта аталды. Агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, заңнамада көзделген шектерде арнаулы атқару, рүқсат ету және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің облыстарда Астана және Алматы қалаларында, облыстық маңызы бар аудандар мен қалаларда аумақтық органдары бар. Агенттіктің негізгі міндеттері: жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; мемлекеттік геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиісті ақпаратты қорғау. Осы қаулымен агенттіктің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілді.

Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы, 1959 ж. Қазақстан Ауыл шаруашылық министрінің облыстардағы жерге орналастыру экспедициясы мен орталық кешенді экспедициясының базасы негізінде Алматыда Жерге орналастыру жөніндегі жобалау институты болып құрылған. 1994 ж. Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы болып қайта құрылып, Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет құрамына енді (1999 жылдан Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік). Жер ресурстарын қорғау мен пайдаланудағы зерттеу жұмыстарымен айналысады. Құрамында республикамыздың барлық облыстарында орналасқан 16 еншілес кәсіпорны бар. Жерді мелиорациялау және рекультивациялау, жерге орналастыру және жерді пайдалануды жоспарлау, жер кадастры мен оның автоматтандырылған-ақпараттық жүйесі, ғылыми-әдістемелік маркетингтік қамту сияқты кешенді бөлімдерден тұрады. Негізгі ғылыми бағыттары: жер қатынастарын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жер мониторингі, жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастрын енгізу, жер нарығын қалыптастыру және дамыту, жер ресурстарын басқару үшін жер реформасын жүргізудің методологиялық және теориялық негіздерін дайындау, т.б. Жер қатынастарын реформалау жағдайында жерге орналастыруды теориялық, методологиялық тұрғыда қамтамасыз етудің жаңа проблемаларын шешу жөнінде іргелі жұмыстар жүргізілуде. Жерді ақылы пайдалануға көшу, жерді иелену және пайдалану жүйелерін қалыптастыру, жерге орналастырудың технол. процестерін жетілдіру проблемалары іздестірілуде. Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы Германия, АҚШ, Франция, Швеция, т.б. елдердегі ұйымдармен байланыс жасайды.

 

Қазақстан Республикісында геодезиялык қызметті ұйымдастырудың тәртібі. Бүгінгі таңда геодезия жоғары ғылыми деңгейде, аса жаңа техникалық базада дамып, халык шаруашылығының барлық саласының мұқтаждарын канағаттандыруда. 1925 жылдан бастап бұрынғы одақта мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін эуеден суретке түсіру қолданылды. Ал ол бүгінгі күндері жердің бетін картаға түсірудің ең негізгі әдісі болып табылады. Ал геодезия жүмыстары үшін авиацияны қолдану қысқа мерзімде (1945 жылға дейін) бүрынғы ТМД территориясының 1:1000000 масштабтағы топографиялық карталарын жасауга мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі кезендегі геодезиялык кызметтің елеулі жетістігі 1954 жылға қарай 1:100000 масштабтағы карталар жасау болды. Қазіргі кезең 1:25000 ірі масштабтағы карталарды жасаумен сипатталады. Топографиялык-геодезиялық жүмыстардың және картография өндірісінің мұнан әрі алға қарай дамуы ғарыш техникасын қолданумен тікелей байланысты болып отыр.

Келешекте халық шаруашылығының шүғыл өсіп отыратын қажеттерін ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазірдің өзінде-ак жасалған ғарыштык борттык аппаратуралардың мүмкіндіктері сондай орбитадан кабылданған бейне-акпараты өзіне койылған міндетті шешуге қабілеттілігі жағынан белгіленген масштабтағы карталардың көпшілігін жасауға мүмкіндік береді, демек олар кең диапазонды масштабтағы карталарды тікелей даярлауға жағдай туғызып отыр деуге болады. 1974 жылдан бастап шельфті жалпы мемлекеттік картаға түсіру одан әрі дамыды, теңіз түбінің беті координаталар мен биіктіктердің бірыңғай жүйесінде кескінделді. Теңіз түбін түсіру үшін жер бетін әуеден суретке түсірген сиякты теңіз түбінің сурет карталары мен планын алуға мүмкіндік беретін казіргі заманғы техникалық кұралдар жасалды. Қазақстанда топографиялык-геодезиялық және картографиялыққызметті Республикамыздың жер ресурстарын басқару Агенттігі басқарады. Геодезияның келешекте өркендеуіне жақсы жағдай жасалды деуге болады.

Оған 1940 жылдары Жамбыл мен Қарағандыда, 1946 жылы Талғарда үйымдастырылган геодезиялык отрядтардың қазіргі танда "Оңтүстікгеодезия", "Астанатопография", "Алматыгеокарта", "Солтүстікгеодезия" сияқты ірі мемлекеттік өнеркэсіпке айналып, Қазақстан Республикасы әскери күштерін геодезиялық- ақпараттармен қамтамасыз ететін Орталықтың ашылуымен қатар, Қазақстанда геодезиядан мамандар дайындауда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ үлттық техникалық университеттің, т.б. еңбектері айқын дэлел. Жоғарыда айтылған мекемелердің негізгі өндірістік міндеттері мыналар: 1. Республикамыздың кең-байтақ территориясында геодезиялык тірек жүйесін дамыту мен карталар жасауда қажетті топографиялық түсірулер жүргізуде жоғарғы дэлдіктегі жұмыстарды үйымдастыру. 2. Әртүрлі мақсаттарға қажет карталарды, пландар мен атластарды жасау және оларды басып шығару. 3. Әртүрлі мекемелерге геодезиялык және топографиялык жүмыстарды жүргізуге рүқсат беру, олардың орындалу сапасын бақылау және барлык мәлімеггерді бір жүйеге келтіру.

Жер ресурстарын баскару Агенттігінің жанында республикада атқарылған картографиялык және геодезиялык жүмыстардың бәрі жиналған. Орталық картографиялык кор және Мемлекеттік геодезиялык кадағалау баскармасы бар. Бүл мемлекеттік баскарма топографиялық және геодезиялык жұмыстарды жүргізуге рүқсат береді. Олардың орындалу сапасын бақылайды, әрі келешектегі геодезиялык жүмыстар үшін бастапқы мәліметтер қызметін атқаратын материалдарды бір жүйеге келтіреді.

1. Спектор М.Д. Прогнозированиеи планирование использования земельных ресурсов. – Акмола:АСХИ, 1995.

2. Научно- практический журнал: Қазақстанның жер ресурстары/ 2005 – 2012ж.ж.

 

 

№5Дәріс Жер ресурстарын басқарудың негізгі әдістері. Жер ресурстарын басқару жүйесіндегі мемлекеттік жер кадастрының ролі. Жер ресурстарын басқарудағы жер кадастрының автоматтандырылған ақпаттық жүйесі. Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері.Жер ресурстарын басқару жүйесі.Анықтамасы.Міндеттері [2 (36-41 бет.), қ.ә. № 2(14-15 бет.)]

Жер кадастры дегеніміз - жерлердің табиғат, шаруашылық және құқықтық жағдайы туралы егжей-тегжейлі мәліметтерінің жинағы. Мемлекеттік жер кадастрының негізгі міндеті айқындалған. Атап айтқанда, онда мемлекеттік жер кадастрының мүдделі кәсіпорындарды, мекемелерді және азаматтарды жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, жер кадастрын реттеу, жерге орналастыру, жер үшін төленетін акы мөлшерін негіздеу, шаруашылық кызметті бағалау мақсатындағы жер туралы мәліметтермен камтамасыз етуге арналғаны атап өтілген.

Мемлекеттік жер кадастрында жердің құқықтық режимі, оларды жер иеленушілерге, жер пайдаланушыларға, жер категориялары бойынша бөлу туралы, жерлердің сапалық сипаттамасы және халық шаруашылығы тұрғысынан бағалануы туралы қажетті мәліметтер мен құжаттар жүйесі баяндалады.

Мұндай мәліметтердің тұжырымдамасы мемлекеттік жер кадастрының мынадай кіші жүйелерімен камтамасыз етіледі:

- жер иелену мен жер пайдалануды тіркеу;

- жерді есепке алу;

- жердің топырақ кыртысын және табиғи-технологиялық қасиеттерін таңбалау;

- жердің экономикалық (ақшаға шаққанда) бағасы:

Жер кадастрын сапалы жүргізу үшін топографиялық-геодезиялык, картографиялық топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеулер мен іздестірулер жүргізу, жер иелену мен жер пайдалануды тіркеу, жерлерді есепке алып, бағалау арқылы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік жер кадастры нақты мәліметтер мен құқықтық жағдайлары құжаттар жайлы мәлімет, саны мен сапасы және жердің экономикалық бағалау. Жер учаскілерінің құқықтың орналасуы жайлы мемлекеттік кітабында көрсетілген. Мемлекеттік тіркеу және учаскілері және субъектілері оны қолданатын, сонымен қатар жалпы мәліметті және жер учаскілерін қолдану мінезін құқығын мәліметте көрсетілген. Сапа мен санның есебі оның қолдануы мен жағдайына байланысты. Есепке барлық жер категориялары жатады. Есепке жердің ауданы, классификациясы, шешімді экологиясы, технологиясы және қасиеті жатады.

Мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыру және жетілдіру процесі толық масштабды түрде жүргізілуде. Республикада жылжымайтын мүлік, сондай – ақ жер құқықтарын мемлекеттік тіркеуге алуға себепті, жер – кадастрлық жұмыстарының көлемі едәуір артты.

Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру агенттік құзіретіндегі негізгі функциялардың бірі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастры еліміздің жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер телімдерінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы, жер пайдаланудың есебі мен жер телімдерінің кадастрлық құны туралы және де қажетті мәліметтердің жүйесін құрайды.

Жер кадастрының құрамдас бөлігі суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай-қүйі, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жерлердің мелиорациялық кадастры болып табылады.

Кадастр мәліметтері топографиялық-геодезиялық, аэро-ғарыштық, катографиялық, жерді үйлестіру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеулер мен іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастр мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген, тұйық шекарада бөлінген жер учаскесі болып табылады.

Қазақстанда жер мемлекеттің меншігінде болғандықтан, оған барлық жер қорының табиғи, құқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметтер қажет. Экономикалық тұрғыда жерді өңдірістің ең басты құралы ретінде есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларын есепке алу қажеттілігін есептейді.

Жер қорларын ұтымды және тиімді пайдалану – халық шаруашылық маңызды мәселе. Ол халық шаруашылығы салалары арасында жерді дұрыс үлестіруді, қоғамға керек ауыл шаруашылық өнімді толық алуды, топырақтың құнарлылығын сақтау және жүйелі түрде жоғарылатуды көздейді. Осы мәселені шешу үшін жер кадастрын толық, қомақты жүргізу керек.

Жер – кадастрын жүргізу жөніндегі жұмыстар негізінен жер – кадастрлық карталарын құрастыруды және жер учаскелері туралы мәліметтерді автоматтандырылған жер – кадастры жүйесіне енгізуді қамтиды.

Жер кадастрлық жұмыстары алдымен жер учаскелерін сату – сатып алу жөніндегі келісім шарттарын рәсімдеумен, жер аукциондары мен конкурстарды өткізумен байланысты.

Жер кадастрының мазмұны және оны жүргізудің белгіленген тәртібі еліміздің барлық аймақтарына міндетті. Мемлекеттік жер кадастрының объектісі Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік жер қоры болып саналады. Мемлекеттік жер кадастры осы қордың толық саны және сапалық сипаттамасын беруге және жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы дұрыс, қажетті мәліметтер жиынтығынан тұруға тиісті.

Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың биіктіктердің, картографиялық проекциялардың классификатор, код, кіру және шығу форматтардың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.

Жер ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді тиімді, уақытты және сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер кадастры жерді үйлестіру, жер моноторингі, топографиялық – геодезиялық топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешуі қажет. Осы ақпаратты іздеу, сақтау және пайдалану қазірге есептеуіш және телекоммуникациялық желісіз мүмкін емес. Сондықтан Республикамыза қазірде белсенді түрде қалыптасып жатқан жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесі өзегі болып келетін жер ресурстарын басқарудың біріңғай ақпаратты – есептеуіш жүйесін құру керек.

Жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғары өнімді компьютерлік технологиясын пайдаланып, жер кадастрын жүргізудің түбегейлі, жаңа тәсілдері мен түрлеріне көшу болып табылады. Жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесіне тиісті мәліметтер базаларында жер ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындары, қызметтері, тиісті министрлік және ведомстволар пайдаланады. Жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесі – ол күрделі, көп нысаналы, көп қызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастыру – технологиялық жүйе. Оған:

- Жер ресурстарын басқару процестерінің мүмкіндігінше толық ақпараттары;

- Басқарудың барлық деңгейлері бойынша ақпараттың өте қысқа уақытта өтуі;

- Жер пайдалану жүйесіне басқарушы жерлердің жоғары ұйымдылығы;

- Басқарылатын жүйеде болатын барлық өзгерістерді дер кезінде тауып, есепке алу;

- Жер ресурстарын басқару мақсатына мемлекеттен бөлінетін қаржыларды нәтижелі пайдалану мүмкіндіктері кіреді.

Жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесінің республикалық орталықтарының негізгі міндеттері:

- Республика жер ресурстарын басқару процестер туралы барынша толық ақпараттануы;

- Елдің жер ресурстарын пайдалану және жай – күйінің мәліметтері банкісін белсенді түрде ұстау және жүйелеу;

- Заң, атқарушы органдардың, ведомстволарды, ұйымдарды жер кадастрлы ақпаратпен өз уақытында және сапалы түрде қанағаттандыру;

- Жер кадастрын жүргізуді компьютерлеу және ақпараттаудың негізгі бағыттарын анықтау;

- Ақпаратты топтастыру және код арқылы құпиялаудың бірыңғай жүйесін жасау мен енгізу – жергілікті классификаторларды, кадастрлық ақпаратты автоматтандырылған түрде өңеуге арналған бір рәсімдік құжаттарды ойлап табу;

- Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қызметкерлерді оқыту және мамандық арттыру;

- Барлық деңгейде есептеу жүйесінің құралдарын пайдалану және Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

Қалыптасып жатқан Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің қызметі мына мәселелерді қамтиды: жер пайдаланушы субъектілерге, басқару органдарға, барлық мүдделі органдарға, ұйымдарға, кәсіпорындарына заңды және сол салада жұмыс істейтін жеке тұлғаларға қызмет көрсету. Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жер меншігінің әр түрлеріне негізделінген жер қатынастарының орнатылуын қамтамасыз ететін және жер нарығының дамуын қолдаушы мемлекеттік ақпараттық құрылым ретінде қарауға болады.

Республикамызда мемлекеттік жер кадастры жүргізудің ұйымдастырушылық құрылымы және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі үш деңгейлік әкімшілік - аумақтық құрылымнан тұрады: республикалық, облыстық және аудандық деңгейлер. Жер кадастрын жүргізу мен Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі тік және көлбеу деңгейлерде бірыңғай әдістеме мен технология бойынша жүзеге асыру міндеті ресурстарын басқару жөнінде Қазақстан Республикасы Агенттігінің өндірістік құрылымы атқарады.

Жер кадастрлық құжатты жүргізу және жердің қоры және үйлестірілуі туралы жылдық есепті құрастыру көптеген есептер мен жазуларға байланысты. Кадастрлық мәліметттерді алу, құрастыру бойынша жұмыстар әр деңгейде орындалады. Жер кадастры мәліметтерін өңдеуде шешілетін негізгі міндеттер:

1. Жер учаскелері, аудандар, облыстар, республика бойынша жер көлемдерін анықтау;

2. Алқап түрлері бойынша аудандарын есептеу;

3. Жерлердің және ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын анықтау;

4. Жақсартылған жерлердің аудандарын және олардың жай – күйін анықтау;

5. Аудандар, облыстардың есептік мәліметтеріне өзгерістер енгізу;

6. Есептік кадастрлық құжаттарды құрастыру.

Қазіргі уақытта жерлердің бар болуы мен үлестіруші олардың санатта, жер учаскесінің иесі, жер пайдаланушы және алқаптар бойынша кезектегі жылдың бірінші қарашасына қосымша кестелерімен бірге есеп беріледі. Осы мемлекеттік статистикалық есеп беру аудан, қала, облыс, республика деңгейлерінде толық автоматтандырылған.

Республикамызда жер кадастрын жүргізуді автоматтандыру жұмыстары жер қатынастарын қайта қараумен қатар бірге жүргізіле бастады. Ең алдымен бұл жұмыстар республикалық «МемжерҒӨО» жер ресурстарын басқару жөніндегі Алматы облыстық, қалалық комитеттерде басталды. Мысалы, Алматы қаласының қалалық комитетінде 20-дан астам автоматтандырылған жұмыс орны АЖО бар, барлық қажетті техника мен бғдарламалық бұйымдармен жабдықталған жер кадастрын жүргізуді автоматтандыру бөлімшесі құрылды.

Керек техникамен жабдықталған АЖО қаланың алты аудандық агенттігінде қалыптаса бастады. Қазіргі кезде жер учаскесін тіркеу жерлерді негізгі және кезектегі есепке алуды жүргізу, барлық деңгейде есеп құру жұмыстары толық автоматтандырылған.

Жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесі жүргізуді жер учаскелері бойынша келесі міндетті ақпараттар кіреді:

1/ жер учаскесінің кадастрлік нөмірі;

2/ әкімшілік аудан;

3/ учаскенің орны және оның жүйелік баяндамасы;

4/ нысаналы арналуы;

5/ бөлінуі;

6/ пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;

7/ учаске ауданы.

Мемлекеттік жер кадастры негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес жер кадастрының мәліметтер базасын басқа кадастрлармен бірлестіруге мүмкіндік беретін біріңғай бағдарламалық өнімді шығару:

- Жер кадастрын жүргізу процестерін автоматтандыруға қажет бірыңғай анықтамаларды дайындау;

- Геоақпараттық жүйе технологияларды пайдаланып, көпқабатты векторлық карталар негізінде топырақтық және геоботаникалық картогрофиялау процестерін автоматтандыру;

- Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметін атқару бойынша нормативтік, құқықтық, әдістемелік құжаттар жинағын дайындау.

Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ары қарай дамуы Қазақстан Республикасының заң министрлігімен жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу агенттігі жанындағы Пилоттық жобаны дайындау және жүзеге асыру бойынша Топ жоспары жұмысымен байланысты. Жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесі облыстық орталығы облыста жер кадастрын автоматты жүргізу үшін қызмет атқарады және кадастрлык мәліметтерді жинау, өңдеу, оларды өзгерту, сақтау, жаңарту кадастрлік ақпараты беру процестерін қамтиды:

- Облыс жер кадастры мәліметтерінің біріңғай ақпараттық банкін қалыптастыру және ақпаратты Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін республикалық орталығына беру;

- Пайдаланылатын жерлерді тіркеуге алу және жерлердің санын, сапасын есепке алу тәртібін жетілдіру;

- Ақпаратты автоматтандырылған тәртіппен жаңартуды, сақтауды, қорғауды және оған ашықтық құқығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

- Жер кадастрлық мәліметтерді облыстық басқару органдарына, жеке және заңды тұлғаларға өз уақытында беру;

- Кадастр мәліметтерін алу, өңдеу және сақтауға автоматтандырылған әдістермен сатылап көшу боынша Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің аудандық орталығы қызметін үйлестіру;

Қазіргі уақытта облыстық Агенттіктері мен басқа органдардың ақпараттық, байланыс мұқтаждықтарды өте әлсіз қанағаттандырылып отыр. Негізнен жер кадастрын жүргізу мен жер учаскелерін тіркеу, жерлерді сандық және сапалық есепке алу, топырақтарды бонитеттеу, жер салығын анықтау, жерлерді бағалау бойынша есептеулерді жасауға байланысты жұмыстар автоматтандырылған.

Қазіргі уақытта, Әділет министрлігі мен Ақпарат және байланыс агенттігінің жұмыс тобы Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мен Жылжымайтын мүлікті тіркеуге алу мемлекеттік базаның жүйесін біріктіру мүмкіндігін қарастыруда.

Болашақта да осы жүргізілген жұмыстарды әрі қарай қарай жалғастырып, жер учаскілерін түгендеу, заңсыз пайдаланылған жер учаскілерін анықтау және оны мемлекеттік жер қорына қайтару, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қолдану, жер-кадастрлық кітаптарды жүргізу, лицензиялармен жұмыс жасау, мемлекет меншігіне заңсыз пайдаланып отырған жерлерді қайтару және тағы да басқа жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туындап отыр.

Қорыта келе, жерге орналастыру саласының мамандары айтылған мәселелерге қарамай, жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізуге белсенді қатысып, орталық уәкілетті орган құзіреті шегіндегі мәселелерді стратегиялық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау үшін келесі мәліметтер қолданылады:

1. Учаскенің ауданы

2. Жер учаскесінің 1 га базалық ставкасы

3. Түзету коэффиценттері

Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне сәйкес ҚР-ның Үкіметінде қаулы қабылданды:

Мыналар белгіленсін:

1 және 2 қосымшаға сәйкес жер учаскелері жеке меншікке берілген кезе олар үшін төлемақының базалық ставкалары;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер учаскесі бойынша есептелген жер салығыныңмөлшерінде мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерін жалға берген кездежер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасы;

 

Бұл ретте жер учаскесі үшін жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшері жер

учаскесін жалға берген кездегі ол үшін базалық ставканың мөлшерінің 100-120 % шегінде белгіленеді;

Жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшері жер учаскесінің кадастрлық (бағалық) құнының пайызымен мынадай мерзімдер бойынша:

 

10 жылға дейін, оны қоса алғанда – жыл сайын 2 %;

11 жылдан 30 жылға дейін -20%, 10 жылдан жоғары әр жыл сайын 1,5%

қосылады;

31 жылдан 49 жылға дейін - 50%, 30 жылдан жоғары әр жыл сайын 1% қосылады.

Жер учаскесінің түзету коэффициенті Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 11бабы «жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері» қолданылады.

1.Түзету коэффициенттері мен аймақтардың шекаралары аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен селолық елді мекендерде - аудандық атқарушы органның ұсынысы бойынша аудандық өкілді органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда (Астана және Алматы қалаларында) облыстық (Астана және Алматы қалалық) атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық (Астана және Алматы қалалық) өкілді органның шешімімен бекітіледі.

Бұл ретте арттыратын немесе кемітетін коэффициенттердің шекті (ең жоғары) мөлшері екі еседен аспауы тиіс.

2.Мемлекет ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беретін жер учаскелерін кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезінде жер учаскесінің сапалық жай-күйіне, орналасуына, сумен қамтамасыз етілуіне, қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығына байланысты түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерді қолданады.

3.Алқаптардың түрі мен топырақтардың үлгісі бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі жер кадастр карталары, топырақ, топырақ-мелиорация және басқа зерттеу материалдары негізінде анықталады:

1) егістік құрамында пайдаланылатын жер учаскесінің құнын белгілеу үшін оның мелиорациялық жай-күйі мен жер бетінің кеңістігіне қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

жердің мелиорациялық жай-күйі:

жақсы (топырағы тұзды емес және сортаң емес, тассыз, эрозияға ұшырамаған; жер асты суларының тереңдігі:тұщы су-3метрден астам, минералды су -6метрден астам)-1,2;

қанағаттанарлық (топырағы аздап тұзды, сортаңдау, тасы аз, аздап эрозияға ұшыраған;минералдануы төмен жер асты суларының тереңдігі 3-6 метр)-0,9;

қанағатсыз (топырағы орташа және аса тұзданған, орташа және аса сортаң, тастақ, орташа және күшті эрозияға ұқшыраған; 1г/л астам минералданған жер асты суларының тереңдігі 3 метрден кем)-0,6;

жер бетінің кеңістігі:

1 градусқа дейін-1; 1-ден 3 градусқа дейін-0,98; 3-тен-5 градусқа дейін-0,96, 5-тен 7 градусқа дейін -0,93; 7 градустан астам 0,86;

2) Табиғи жем – шөп алқаптары (шабындық, жайылым) құрамында пайдаланылатын жер учаскелерінің құнын айқындау үшін учаскенің сапалық жай-күйі мен жер бетінің кеңістігіне қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар:

көп жылдық шөп егіліп, түбегейлі жақсартылған-1,2

өсімдік жамылғысының түр-құрамын өзгертпей,беткі қабаты жақсартылған-1,1;

шабындық жердің жай-күйі:

жақсы (ластанбаған, бұта-шілік баспаған, ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсімдіктердің белгілері жақсы байқалатын жер учаскесі)-1,2;

қанағаттанарлық (ластанған, бұта-шілік басып кеткен, ағаш өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған жер учаскесі. Аталған белгілер аумақтың 40 пайызына дейінгі алаңынан көрінеді)-0,9;

қанағатсыз (ластанған, бұтшілік басып кеткен, ағаш өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған жер учаскесі. Аталған белгілер аумақтың 40 пайыздан астам алаңынан байқалады)-0,7;

жер қабатының кеңістігі:

3 градусқа дейін-1; 3,1-ден-6 градусқа дейін -0,95; 6,1-ден 10градусқа дейін 0,9; 10,1-ден -20 градусқа дейін -0,85; 20 градустан астам -0,5;

жайылымдық жердің жай-күйі:

жақсы (ластанбаған, бұта-шілік (азыққа жарамайтын бұталар)баспаған,ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсімдіктердің белгілері жақсы байқалатын жер учаскесі)-1,2;

қанағаттанарлық (ластанған, бұта-шілік(азыққа жарамайтын бұталар)басқан, ағаш өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының аймақтық құрлымы бұзылған, қатты тапталған жайылымдары, жалаңаш сорлары бар, сортаң топырақты, тақыр жер учаскесі. Аталған белгілер аумақтың 40 пайызға дейінгі алаңынан көрінеді) -0,9;

қанағаттанғысыз (ластанған, бұта-шілік (азыққа жарамайтын бұталар)басқан, ағаш өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының аймақтық құрлымы бұзылған, қатты тапталған жайылымдары, жалаңаш сорлары бар, сортаң топырақты, тақыр жер учаскесі. Аталған белгілер аумақтың 40 пайыздан астам алаңынан байқалады)-0,6;

жер қабатының еңістігі:

12 градусқа дейін-1; 13-тен-20 градусқа дейін -0,8; 20 градустан жоғары-0,6.

4. Жер учаскелерінің құнын анықтау үшін жер учаскесінің суландырылуына, оның шаруашылық орталығына қарағанда орналасқан жеріне, қызымет көрсету саласының орталықтарынан қашықтығына байланысты мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

1) жер учаскесінің суландырылуы (сумен қамтамасыз етілуі):

суландырылған-1,2; суландырылмаған-0,8;

2) жер учаскесінің шаруашылық орталығына қатысты орналасуы, километрмен: беске дейін-1,2; 5-10-ға дейін-1; 10-нан-20-ға дейін -0,9; 20-дан 30-ға дейін -0,8; 30-дан астам -0,7;

3) жер учаскесінің қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығы, жолдардың сапасына байланысты

Қашықтығы

Тас жолдар

Қиыршық тас төселген жолдар

Жай жолдар

5. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыратын немесе кемітетін бірнеше факторлар болған кезде коэффициенттер көбейтіледі.

Ауыл шаруашылық өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттырудың немесе кемітудің жалпы мөлшері жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген төлемақының базалық ставкаларының елу пайыздан аспауға тиіс.

1. Есполов Т.И., Сейфуллин Ж.Т. Управление земельными ресурсами. – А.: яказНАУ. – Агроуниверситет, 2004 г.

2. Сборник нормативных актов по земельным отношениям и землеустройству. –Алматы: Каржа-Каражат, 1996

3. Научно- практический журнал: Қазақстанның жер ресурстары/ 2005 – 2012ж.ж.

 

Дәріс Жер ресурстарын басқарудыңэкономикалық механизмі. Оны құру.Жер нарығы.ҚР жылжымайтын мүлік нарығын дамыту. жерді бағалау мен оның экономикалық қорғалуы

Ауыл шаруашылығы жерлерінің құрамы мен құрылымы

Ауыл шаруашылығы үшін берілген немесе осы мақсатқа арналған жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер деп танылады.

Ауылшаруашылық жерлер тікелей ауылшаруашылығын жүргізу үшін арналған, жеке шаруа қожалығы, бірлескен баубақша және бақша, сонымен қатар ғылыми зерттеу мен өндірістік зерттеу үшін қолданылады. Жер учаскілері меншік, мәңгілік мұраға қалдыру және жалға алуға қолдануға болады. Мұндай түсініктерді келісімді анықтауға болады, «жалпы жер көлемі» немесе «ауыл шаруашылық жерлер». Жер көлемінің жалпы құрамына барлық территория кіреді, ауылшаруашылығының кәсіпорынға бекінісі.

Ауыл шаруашылық алқаптары дегеніміз - ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алаптары. Ауыл шаруашылық алқаптарына: егістік жерлер, көпжылдық екпе ағаштары, тыңайтылған жерлер, шабындық және жайылымдар жатады.

 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 1991 жылғы мәліметтермен салыстырғанда барлық облыстарда да азайған. Бұл сол жылдардағы жалпы экономикалық реформамен бай ланысты. Ал соңғы 2008 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ауданының өскені байқалады.

2008 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша еліміздегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі 88,9 миллион гектардан астам. Яғни республикамыздың жалпы жер қорының 34,1 пайызын құрайды. Ел өңірлерінің ішкі ерекшеліктері мен экономикалық бағыт-бағдарына сәйкес, бұл көрсеткіш барлық өңірлерде бірдей емес. Мәселен, солтүстік облыстардағы ауыл шаруашылығы жерлерінің үлесі 65-68 пайыз болса, басқа облыстарда ол 11-20 пайыз ғана.

Жер реформасы басталған кезде ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі азайып кеткен еді. 2006 жылдан бастап бос тұрған құнарлы алқаптарды айналымға енгізу арқылы оның ауданы қайта кеңеюде. Соңғы үш жылда 6,7 миллион гектарға соның ішінде 2008 жылы 2,1 миллион гектарға өсті. Қазіргі қолданыстағы ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамын 22,5 миллион гектар егістік, 3,3 миллион гектар тыңайған жерлер, 67,2 мың гектар көп жылдық екпе ағаштар, 1,9 миллион гектар шабындықтар және 54,5 миллион гектар жайылымдық жерлер құрайды.

Егістік жерлерге - ауыл шаруашылық дақылдар егіліп, жүйелі түрде өңделетін және пайдаланылатын таза жатқан жерлер жатады.

Тыңайтылған жерге - бұрыннан егістікке пайдаланып келген және бір жылдан көбірек, күзден күзге дейін ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін пайдаланылмаған және сүдігерге дайындалмаған жерлер кіреді.

Тыңайтылған жер - таза, эрозияға ұшыраған, тұздалған, сортаңданған, батпақтанған, бұталанған, орман аралас, тастақты, төмпешікті болып бөлінеді.

Көпжылдық екпе ағаштарына - жеміс-жидек өнімдерін, техникалық немесе дәрілік өнімдер алуға арналған, жасанды құрылған ағашты-бұталы көшеттер, иеленген жерлер жатады. Бұлардың құрамына бақ, жүзімдік, жидектік, жемісті питомник плантация жатады.

Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді.

Суармалы деп - өсімдіктердің өзгеруне әсерін тигізетін, белгілі бір мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарында немесе ойпат жерлерде орналасқан шабындықтарды айтамыз.

Құрғақты - бұл негізінен атмосалалық жауын-шашынмен ылғалданатын, жыралар мен сайлардын жазықтығында, баурайларында және су айрықтарының жоғарғы элементтерінде орналасқан шабындықтар.

Батпақтыға - артық сулану жағдайларындағы нашар құрғатылатын тегістелген жолақтық территорияларда немесе батпақ шетіндегі жер бедерінің төменгі элементтерінде орналасқан шабындықтар жатады. Шабындықтың түрі мен жағдайын анықтау барысында ескерілетін маңызды көрсеткіштердің бірі - ондағы өсімдіктердің өсіп жетілуінің сапасы мен өзгешілігі болады. Шабындықтың құрамы: мәдени, түбегейлі жақсартылған, таза, томарланған және орман аралас (сырты), зиянды ластанған (қоқым-соқым басқан), желінбейтін және улы өсімдікті болып бөлінеді.

Мәдени шабындыққа - жүйелі түрде тынайтқыш берілетін және күтім жасалатын, жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер беті жақсартуы жүргізілетін шабындық жатады.

Түпкілікті жақсартылған шабындық -бұл мерзіммен жаңартылып тұратын, жаңа жер оты құрылған, түпкілікті жақсару бойынша шаралар кешені жүргізілуі нәтижесінде пайда болатын шабындық учаскелері (көбірек пішен орып алу мақсатында түпкілікті жақсартылған шабындық). Олар: көпжылдық шөптерді таза түрінде егу бір жылда жүргізілген немесе келесі жылы бұрын егілген дақылдардан кейін егілетін болып бөлінеді.

Таза шабындыққа - бұта, түбір, ағаш және тас сияқтылар жоқтың қасы, оларға учаске ауданының 10% аз бөлігін жабатын учаскелер жатады.

Жеке жерлерді бір жалпы жер көлеміне біріктірген жағдайда жер көлемінің құрылымы, ал ауылшаруашылығының жеке жерлерін бір жалпы жер көлеміне біріктіру ауылшаруашылық жер көлемінің құрамы болып табылады.

Ауылшаруашылығында жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігі натуралды (нақты) және құнды көрсеткіштердің жүйесімен сипатталады.

Олардың негізгілері:

ауылшаруашылық өсімдіктерінің өнімділігі, ц/га;

жалпы өнім құны, жалпы және таза табыс құны бір га есептелінгенде табыс құны, тг;

жер ресурсы шығындарының қайта өтелуі;

өнім өндірісінің рентабелділігі, % жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтауда жердің сапасын, яғни оның кадастрлық бағалауын ескеру керек.

 

Жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігін қосымша көрсеткіштері болып қолданылатындар:

ауылшаруашылық жерлерінің жалпы жер аудандағы үлес салмағы, %

ауылшаруашылық жерлері құрылымындағы шабындықтардың үлес салмағы, %

шабындық аудандағы ауыл шаруашылық дақылдарын себудің үлес салмағы, %

 

Қазақстан аумағының басым бөлігін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер құрайды. Бұл жерлерді тиімді пайдалану – ауыл шаруашылығын өркендетудің негізгі шарттарының бірі.

Агенттіктің өндірістік кәсіпорындары ауыл шаруашылығы алқаптарының құнарлылығың тексеру мақсатында жыл сайын топырақты зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Аталған жұмыстар 2008 жылы 968 мың гектар алқапта жүргізілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне паспорт дайындау үшін 743,0 мың гектар жердің топырақ зерттеу материалдары жаңартылды. Бұл ретте, 2008 жылы шаруа қожалықтарының жер телімдеріне 21,7 мың паспорт дайындалды, 850 мың гектар жайылым жерлерде геоботаникалық іздестіру жұмыстары жүргізілді. Соның негізінде жайылымның құрамы және пайдаланылуы туралы карталар құрастырылды. Ауыл шаруашылығы жерлеріндегі 1,1 миллион гектар алқапта топырақ бонитеті (құнарлығы) анықталынды. Бұдан басқа, 12,1 мың гектар жерге аэрофототүсірім жұмыстары жүргізіліп, 10,3 мың гектар жерге сызбалы картографиялық өнімдер дайындалуда. Сонымен бірге, республика бойынша жер-кадастрлық карталар жасалынып, жер телімінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылды.

1. Мауль Я.Я. Экономика и экология землепользования. – Алматы: Кайнар, 1991.

2. Подольский Л.И. Научные основы оценки земель/ Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. - №6 – 1997.

3. Научно- практический журнал: Қазақстанның жер ресурстары/ 2005 – 2009 ж.ж.

 

Date: 2016-05-24; view: 2694; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию