Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ДәрісЖерге орналастыру жобаларындағы жер ресурстарын басқару сұрақтары





Елбасы жер ресурстарының қоғам дамуындағы айрықша рөліне тоқтала келе, «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады» деп тұжырымдаған болатын.

Бүкіл адамзат қауымының арғы-бергі тарихына көз салсақ, жер мәселесінің ерекше мәнге ие болатындығын байқаймыз. Жер – адамзаттың басты тіршілік көзі, бүкіл материалдық өндірістің базистік негізі, аса маңызды геосаяси және экономикалық фактор. Сондықтан жерге дұрыс көзқарас қалыптастырып, оның ресурстық мүмкіндіктерін бағалай және тиімді пайдалана білген елдер жақсы жағдайларға жеткен. Мәселен, қазір кәрі құрлық аталып отырған Еуропа елдерінің экономикалық тұрғыдан жедел дамып, өркениетті қоғам құруына жер мен ауа-райы факторы орасан зор ықпал етті. Еуропа жері құнарлы, табиғаты тұрмыс-тіршілікке өте жайлы. Бұл жағдай осы өңірде халықтардың тығыз қоныстануына және жедел дамуына алып келді. Қайнаған тұрмыс-тіршілік пен халықтардың аралас-құраластығы өмірді өзгерістерге бастап, өндірістік қатынастарды жаңаша құруды қажет етіп отырды. Осылайша өндіріс саласындағы жаңалықтар бірінен кейін бірі балалап, капитализмнің қалыптасуын жеделдетті.

Сондай-ақ қазіргі АҚШ-тың гүлденуіне де жер ресурстарының молдығы, оған қоса тұрақты да бейбіт өмірдің бізге әсер еткені мәлім.

Міне, батыс әлемі бірнеше ғасырлар бойы осындай гүлденуді бастан өткеріп жатқан тұстары орыстың атақты жиһанкезі Пржевальский Зайсаннан Шығыс Түркістанғақарай шеккен сапары барысында анда-санда мал баққан қойшылар ғана кездесетін сары далаға қарап тұрып: «Бұл дала таяудағы жүз жылдықтардың ішінде ешбір өзгермеген қалпы дәл осылай жата берер. Өйткені мұнда өмірді өзгеріске еңгізетіндей дамудың ешбір белгісі байқалмайды» деп болжам айтқан болатын. Содан бері бір ғасыр өтті. Алайда Азияның ұйқыдан оянуы Пржевальский болжағандағыдан әлде қайда жылдамырақ болды. АҚШ-тың қаржысына сүйенген Жапония жедел дамыды. Әлемде өндірістік мақсаттағы қаржының мол шоғырлануы мен осыдан басталған инвестициялар ағыны және Азиялық кеңістіктегі жапон елінің салған үлгілі жолы Қытайдың, Үндістанның оянуына алып келді. Азия жолбарыстарын жұлқындырып, жедел даму жолына түсірді.

Осы ретте Елбасының Шеврон, Бритиш газ, Эксон Мобил секілді әлемнің аса ірі алпауыт компанияларын алғаш рет Қазақстан жеріне алып келіп, көмірсутегін игерудің кең ауқымды бағдарламасы бойынша жұмыс бастатқаны бәріміздің есімізде. Қазақстанның бүгінгі өрлеуі, әлем таныған елге айналуы міне, осы оқиғадан бастау алды. Сөйтіп, Қазақстан азиялық мемлекеттердің жедел дамуына серпінді қуат беріп отырған негізгі факторлардың бірі алпауыт елдер мен әлемдік деңгейдегі компаниялардың қолында шоғырланған қаржы капиталы мен жаңа технологияларын өзіне тарта білді. Айналамыздағы мемлекеттер КСРО-ныңқұлауына байланысты күрт өзгерістерден әлі есін жинай алмай, алмағайып күй кешіп жатқанда жасалған бұл батыл қадам Қазақстанды уақыт жағынан көп ұтысқа шығарды. Сөйтіп мемлекет басшылығының жедел де батыл шешімдер қабылдануының нәтижесінде тәуелсіздіктің алғашқы он жылы жүз жылдың жүгін арқалағандай болды.

 

4 лек Жер ресурстарын басқару қағидалары. Жер ресурстарын басқару түрлері. Жер ресурстарын басқару шешімін әзірлеу және қабылдау [5 (121-126 бет.), қ.ә.№ 7(17-19 бет.)]

Сонымен жер ресурстары дегеніміз – адамзаттіршілігінің дамуына тірек болар негізгі факторлардың бірі. Ол өткен ғасырға дейін таусылмайтын ұшан-теңіз байлық көзі ретінде қарастырылып келді. Алайда, соңғы жүз жылдың ішінде адамзат қауымында жүріп жатқан жаңалықтар жерге деген бұрынғы көзқарастарға өзгерістер енгізді. Жер ресурстарының шектеулі екендігі мәлім болды. Оның үстіне жердің өндірістік фактор ретінде маңызы артты. Құнарлы деген жерлердің біразы ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылып, басқа салалардың игілігіне берілді. Жер бетін жайлаған адам санының жедел өсуіне байланысты қалалар мен қала шаруашылықтары күрт дамып,егістік пен мал жайылымдықтарын тарылта түсті. Жоғарыдағыдай және басқа да себептерге байланысты бүкіләлем бойынша адамдардың жермен қамтылу көрсеткіші уақыт өткен сайын төмендеп келеді.

Осындай жағдайға байланысты жаһандық сипаттағы проблемаларды қамтитын жаңа тұжырымдамалар дүниеге келуде. Соңғы жүз жылдың ішіндегі жер бетіндегі адам санының шарықтай өсуі мен жер ресурстарының шектеулілігі бұл тұжырымдамаларда басты назарға алынуда. Ғалымдар мен мамандар адамзат қауымының өсімі мен оның үдемелі өндіріске негізделген қазіргі тіршілік әрекеттері осылайша жалғаса берсе, бұл дамудың қайшылықты жағдайын тудыруы және XXI ғасырдың екінші жартысында жаһандық дағдарысқа әкеліп ұрындыруы мүмкін деген қауіп білдіруде. Екінші жақтан алғанда, адамзат қоғамының Жер планетасының игеруі соншалықты терең деңгейде деп айта алмаймыз. Біз әзірге жер асты тереңдігінің 10 шақырымдай мөлшеріндегі қазынаны пайдалану үстіндеміз. Оның арғы жағындағыға қол салуға қазіргі технология мүмкіндік бермейді. Бірақ, басты мәселе бұл емес. Басты мәселе – адамзат қауымының табиғатпен арада дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруында. Себебі, Жер жалғыз. Адамзаттың онсыз күні жоқ. Адамзат қауымының алыс болашағына негізделген ғарыштық зерттеу жұмыстарының ешқайсысы әзірге Жерге балама тіршілік мекенін тапқан емес. Мұндай зерттеулердің нәтижесі немен тынары да белгісіз.

Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін есте ұстауымыз қажет. Жер – өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол – өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Енді осылардың сыртында жер – табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік оның аясында дамиды. Одан қуат алады.

Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау мәселелері көбінесе, Жер кодексі мен табиғат қорғау заңдарына бағындырылса, адамдардың үй салу үшін жер тілімін алуы,оны пайдалануы Жер және Азаматтық кодекстерімен, басқа да заң аясындағы актілердің қатысуымен реттеліп отырады. Ал жерді өндірістік тұрғыдан игеру, оның күтіміне мән беру, басқа да ерекшеліктерін ескеру мәселесін, көбінесе, Жер кодексі қозғайды.

Көптеген елдерде және мемлекеттік меншіктің қолында. Жердің жеке меншігінде адамдардың оны қалай пайдаланам десе де еркі бар. Олар оны сата, жалға бере алады. Бірақ жердің ұлттың өміріндегі ерекше маңызын ескере отырып, мемлекет оның тиімділікпен пайдалануындағы және жер туралы заңдылықтардың дұрыс сақталуын қадағалау жөніндегі өз рөлін бір сәтте босаңсытпайды. Қазақстан көп жағдайда үлгі алып отырған Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экономика саласындағы жедел табыстарға жетуінің бір сыры да нақ осы мәселеге, яғни жер мен өндіріс құралдарын жеке меншікке бере отырып, мемлекеттің экономикалық мәселелердегі өз рөлін күшейте түскендігімен байланысты болып отыр.

Қазір жеке меншік нарықтың жаны, ал нарық барлық экономикалық қатынастарды өзі реттейді деген ескі қағидаға сүйеніп кейбіреулер барлық билікті жеке меншікке беру керек деп жүр. Бұл аяғы анархияға апарып соғатын қате пікір. Жедел даму жолына түскен елдердің басшыларының қай-қайсысы болмасын экономиканы дамытутағы мемлекеттік протекционистік саясаттың маңызын жеке меншіктің рөлінен кем санамаған. Бұл екеуі медальдің екі жағы секілді. Екеуі қосылып заңмен, белгіленген шеңберде өзара үйлесімді әрекет жасаған жерде ғана дамудың тұрақтылығы мен жүйелілігі пайда болады. Дамудың мұндай үлгісін ең әуелі Жапон мемлекеті жақсы айшықтап берді. Сингапур мен Малайзия оны одан әрі жетілдіре түсті. Қара ормандай Қытай дамуының негізгі дамуының сырларының бірі де мемлекеттік протекционизмді дұрыс жүргізе білгендігінде тұр. Демек, біздің ойымызша ауыл шарушылығы жері енді ғана жеке меншікке тапсырылып жатқан Қазақстанда жер мәселесін реттеу мен заңдылықтардың дұрыс орындалуын тексеру, Жер кодексін жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттің ешбір төмендетуге болмайды.

Оның үстіне жер мәселесіне қатысты қазіргі өзгерістер бұл мәселенің жекелеген мемлекеттердің ауқымынан шығып, жаһандық проблемаға айналғандығын көрсетіп отыр. Себебі адамзат үшін жердің қасиеті мен маңыздылығы барынша арта түскендігін біз жоғарыда айттық. Екіншіден, табиғатта жүріп жатқан қазіргі өзгерістер, жаһандық жылыну үрдісінің даусыз шындыққа айналуы қазиргі күні адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелерін ғана емес, тұтас мемлекеттердің өзін толғандыра бастады. Бұл жағдай кейбір мемлекеттер үшін жердің құндылығын тіптен арттырып жіберді.

Біз өзіміздің стратегиялық мақсаттарымызды жүзеге асырғанда дүние дидарында жүріп жатқан осындай өзгерістерді мықтап ескеріп отыруға тиістіміз. Жер ресурстарының молдығы басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның ең үлкен басымдығы. Демек, бұл артықшылығымызды қадірлеуіміз қажет.

Жер мәселесі кез-келегн мемлекеттің саясатында, экономикасы мен экологиясында, әлеуметтік саласында ең басты мәселе. Оның үстіне ол қазіргі күні ұлттық қана емес. Оның үстіне ол қазіргі күні ұлттық қана емес, жаһандық, яғни адамзаттың ортақ проблемасы ретінде қарастырылып отыр.

Жердің сан түрлі қасиеті бар. Ол қасиетер осы уақытқа дейін қоғамның даму жағдайына байланысты ашылып келеді. Мәселен, біздің қазақ халқы ертерек уақыттары өзінің тарихи қалыптасқан көшпенді тұрмыс салтына сәйкес жерді мал жайылымы ретінде көбірек пайдаланып келсе, соңғы кездері егіншілік саласында да жақсы табыстарға жетіп жүр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның әлемдегі ірі көлемде астық экспорттайтын алты елдің қатарына қосылғандағын айтуға болады.

Қазіргідей әлем халықтарындай аралас-құраластығы артып, либералдық үстемдік құрып отырған тұста жердің транзиттік мүмкіндіктерінің болуының өзі үлкен байлық көзі деп есептелінеді. Қазақстан Еуразия кеңістігінің кіндік тұсында қоныс тепкендіктен Еуропа мен қайнап өсіп келе жатқан Оңтүстік-Шығыс Азияны құрлық арқылы байланыстыратын көлік дәлізі ретінде де қызмет ете алады. Әрине, ол үшін тиісті инфроқұрылымдардың салынуы шарт. Сонда бұл істен де үлкен экономикалық пайдаға кеңелуге болады.

Қолға алынып жатқан осы шаралардың барлығы, кең-байтақ жеріміздің қасиеті уақыт өткен сайын әр қырынан ашыла түскендігін көрсетеді.

Елбасының жуықтағы халыққа арнаған Жолдауында әлеуметтік салада көптеген жақсылықтардың жасалатыны айтылды. Біз одан Қазақстанда қалыптаса бастаған әлеуметтік мемлекеттіліктің белгілерін байқадық. Осының барі тәуелсіздіктің арқасы және біздің жер ресурстарымыздың іске қосыла басталғанының, таңдап алынған мемлекеттік саясаттың жүзеге асу үстіндегі көрінісі.

 

Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін жер қатынастарын неғұрлым тиімді шешудің жолдары қарастырылғаны белгілі. Өз жеріміздің тағдыры өз қолымызға тигендіктен оның аса зор ресурстық мүмкіндіктерін ашу және тиімді пайдалану мәселесіне күн тәртібіне қойылды. Осы тұста нарық заңдылықтары мен кеңестік жер пайдалану жүйесінің қайшылықтары айқын көзге ұра бастады. Кеңес үкіметінің кезінде жер тек мемлекеттік меншікте ғана болғаны белгілі. Жер қатынасының тек бір ғана – жер пайдалану формасы ғана мойындалды. Жер оны пайдаланушыларға тегін беріліп отырды. Салық алынбады. Жер телімінің жылжымайтын мүлік ретінде мәртебесі болмады. Жерді жалға алуға тыйым салынды. Сөйтіп социалистік жер заңдылықтарында жерді меншіктенудің, төлемді пайдаланудың, жердің азаматтық және нарықтық айналымын дамытудың құқықтық мәселелері шешімі таппады.

Экономикада нарықтық қатынастарды орнатып үлгерген Қазақстан осы тұста жер мәселесі жөнінде екі кеменің құйрығын бірдей ұстаған жанға ұқсап тұрды. Жер қатынастарының социалистік жүйесі жер қатынастарын дамытудың мүмкіндіктерін жетілдіруге дәрменсіз болып шықты. Ал нарық заңдылықтарына мүлдем сәйкес келмеді. Демек, бұл жүйеден бас тартуқажеттігін өмірдің өзі талап ете бастады. Ақырында жер жөнінде әлемдік тәжірибеге негізделген және еліміздің осы ресурс көзіне қатысты өз ерекшеліктері ескерілген түбегейлі реформаны жүргізу жолы таңдап алынды.

Аталған мақсат жолында төмендегідей шаралар бірте-бірте жүзеге асырыла бастады:

Жердің мемлекеттік меншік монополиясын жою, жердің жекелеген санаттарына жеке меншікті енгізу;

Жерді ақылы пайдалану; жер учаскесіне заңды түрде жылжымайтын мүлік құқығын беру;

Мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы ұжымдарының түрлерін дамыту;

Жер кадастрын жаңадан қалыптастыру, жер телімдерінің кадастрлық бағасын анықтау.

Міне, осы шаралар жер учаскелерін нарық айналымының бірінші сатысына шығаруды қамтамасыз етеді.

Шынын айту керек, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан менталитетке сәйкес біздің халқымыз ауыл шаруашылығы жерін жеке меншікке беру туралы аңгіме қозғалғанда бұл ұсынысты ұзақ талқылағаны, қарсылықтардың көп кезіккені белгілі. Бұл жағдайды да түсінуге болады. Әлемде әр алуан халықтар бар. Олардың тарихи қалыптасқан өмір сүру, соның ішінде жермен жұмыс істеу дәстүрлері бар. Оның үстіне әлем елдерінің жер жөніндегі жағдайлары да біркелкі емес. Бір мемлекеттерде жер тапшы болса, екіншілерде ол толық игерілмей босқа жатыр. Осындай мәселелерді ескере отырып, әр мемлекет өз қалауынша жерге қатысты саясат жүргізеді. Бірқатар мемлекеттер жерді жалға беру мәселесімен ғанашектелсе, әлемнің көптеген елдерінде жер жеке меншікке беріледі. Сондай-ақ жерді жеке меншіктен сатып алып, оны шаруаларға жалға беріп жатқан елдер де бар. Мәселен, Жапонияда осындай болды. Өйткені мұнда ауыл шаруашылығыжерлері тапшы. Сондықтан оны аздаған арендалық пұлмен жермен жұмыс істеуге мүдделі шаруаларға берген жөн деп шешілді.

Көршілес Қытай елінде де халықтың жалпы санына шаққанда ауыл шаруашылығы жері аздық етеді. Яғни жер жұрттың баріне бірдей жетпейтіндіктен жекешелендірудің әртүрлі қолайсыздықтары бар. Екіншіден, бұл елде жердің тапшылығына байланысты оған деген сұраным мен қажеттілік күшті болғандықтан оның күтім мәселесін былай да жеңіл шешуге болатындығы байқалады.

Ал жерге бай Қазақстанда жерді тек қана мемлекеттік меншікте қалдырғандағы жағдайдың қалай болатындығы бізге бұрыннан да белгілі. Шын мәнінде иесіздік пен немқұрайдылық салдарынан қаншама мыңдаған гектар жеріміз өзінің құнарлылық қасиетінен айырылып, айналымнан шығып қалып жатты. Сондықтан мемлекет оны жекешелендіруге рұқсат беру арқылы әлемдік тәжірибеде сыннан өткен жер пайдалану қатынасын енгізді. Сөйтіп жерге мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің де заңды түрде енгізілуі оларға салыстырмалытүрде қарауға, жер ресурстарын пайдаланудың тиімді жолдарын енгізуге мүмкіндік туғызады.

Оның үстіне ауыл шаруашылығы жерінің молдығы жағдайында оның барлығы тек мемлекет иелігінде ғана қала берсе, жер телімдеріне инвестиция тарту әрі күтімін үнемі бақылауда ұстау мемлекетке жеңіл тимейтіні белгілі. Сондықтан жердің бір бөлігі халықтың өз қолында болуы – ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруға көмектесіп, жоғарыдағы мәселелерді шешеді деп ойлаймыз. ТМД елдерінде, сондай-ақ нарық экономикасы дамыған әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінде жер қатынастары осы модель бойынша жүргізіліп келеді.

Республика жер ресурстарын жаңа жағдайда басқару ісі мұнан кейінгі кезеңде аумақтарды ұйымдастырудың ландшафтық-экологиялық әдісін жүзеге асыру, компьютерлік картографияны пайдалану, мәліметтерді алудың өңірлік-таңдамалық әдістері мен тәсілдерін қолдану және географиялық ақпараттық жүйені пайдалану негізінде картографиялық ақпараттарды цифрға айналдыру секілді шаралар арқылы жетілдіре түсетін болады.

Ғылыми бағдарламаның негізін құрайтын жоғарыдағы әрбір үлкен мәселе кез келген мемлекетте жетілдіруді, зерттеулер жүргізе отырып, олардың нәтижесін жер пайдалану ісінде қолданып көруді қажет ететін дербес тақырып болып табылады. Олардың әрбірінің, атап айтатын болсақ, мемлекеттік жер кадастры, мониторинг, жерге орналастыру және жер төлемін пайдалану жөніндегі әдістер мен нормативтердің мемлекеттің экономикалық жағдайының жақсаруына тигізетін ықпалы елеулі. Сондай-ақ олар өздерінің инновациялық сипатына сәйкес еліміздің 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ісіне де тікелей әсер етуге тиісті. Екінші жағынан алғанда, осы айтылғандар республиканың жер ресурстарын басқару ісін жетілдірудің негіздері ретінде жер реформасын жүргізу, жерге орналастыру кадрларын әзірлеу мәселелеріне оң ықпалын тигізетін болады.

Мен Қазақстанның жиырма бірінші ғасыр басындағы даму мүкіндіктері ел басқарған тұлғаның қарым-қабілетіне көбірек байланысты болады деп есептеймін. Себебі сырттан қараған сұқ көз көп. Қазақстан әлемдік мүдделердің тоқайласар тұсына айналып отыр. Міне, осындай жағдайда кез-келген әрекетке бірден жауап бере алатындай күшті билік, қиырдағыны шолатын қырағы көз,халықтың бірлігін қамтамасыз етіп отыратын ұйымдастырушы тұлға қажет. Жедел даму жолына түскен шығыс мемлекеттерінің қай-қайсысы болмасын өз дамуларының бастапқы кезеңінде, тіпті өркениетті елдер қатарына қосылған қазіргі кезеңнің өзінде де күшті билік факторының пайдасын көп көргендігі жасырын емес. Қытайдағы Дэн Сяопиннің, Түркиядағы Кемал Ататүріктің атқарған тарихи рөлін еске алайық. Жолбарысша жұлқынған Сингапурды Ли Куан Ю, Малайзияны Махатхир Мұхаммед қатарға қоспап па еді. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі атқарып отырған із ашар қызметі мен тарихи рөлі біздің халқымызды да жедел дамуға бастап отыр.

Өткен ғасырдың орта тұсында Канада мен Аргентина даму жағынан бір-бірімен тайталасып тұрған, жағдайы да мүмкіндіктері де тең ел еді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін екеуі екі түрлі даму жолын таңдады. Канада сыртқы әлемге ашыла түсті, шағын кәсіпкерлікті қолдады, тәуелсіз сот жүйесін қалыптастырды. Ал аргентиналықтар сырттан келер тауарлар үшін шекараларын жапты. Барған сайын тұйықтала түсті. Экономикалық реформалардан бас тартты. Елді сыбайлас жемқорлық жайлап алды. Сөйтіп бірі алға басқанда, екіншісі артқа кетті. Қазір енді бұл екі елдің дамуы мен тұрмыс жағдайын салытыруғада келмейді.

Әрине, мұндай мысалдарды алысқа бармай-ақ өз айналамыздан да таба аламыз. Демек, мемлекеттің дамуында оны басқарған саяси тұлғаның жүргізген саясаты мен атқарған қызметінің ықпалы зор.

Жердің басқа да табиғи ресурстарға қарағанда бір ерекшелігі оның мемлекет үшін аумақтық маңызының да бар екендігі. Жер жеке меншікте болғанымен мемлекеттің аумағы ретінде алғанда ешқашан бөлшектенбейтін тұтастықты білдіреді. Ал бұл жағдай жер жөніндегі мемлекеттік қызметтің маңызын, оның басқаға ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерінің барлығын білдіреді.

Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, жер мемлекет меншігінде және жеке меншікте бола алады.

Жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың және жер телімдеріне жеке меншігі мен жер пайдалану құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз етудің басты құралы – заңмен белгіленген жер кадастрының моделі. Оны жүргізу орталықтандырылған негізінде жүзеге асырылады.

Әлемдік озық тәжірибе мен өз еліміздің ішкі ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алынған жер кадастрының қазақстандық үлгісі ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің тікелей басшылығымен және оның облыстық, аудандық органдарының қатысуымен жүзеге асырылу үстінде. Демек, жаңа үлгіні толық қалыптастырып, әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу, мемлекеттің жер жөніндегі қазіргі саясатын іске асыру, Жер кодексінің нормативтік құжаттарының дұрыс орындалуын қамтамасыз ету секілді сан тараулы маңызды жұмыстар Жер ресурстарын басқару агенттігі өзінің барша құрылымдары мен қызмет функцияларын сақтағанда ғана өзінің логикалық қорытындысына жетпек.

Өйткені кадастрды бүкіл елдің аумағында бірыңғай әдістеме мен технология бойынша жүргізудің тиімді екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Соның ішінде көпетеген дамыған елдерде жер кадастрын жоғарыдан төмен бағыныстағы кәсіпорындары бар ұйымдар жүзеге асырады. Ал мұндай жүйесі жоқ елдер оны құруда ұмтылыс танытуда. Мәселен, Швеция, Финляндия, Австралия, Ұлыбритания секілдіелдерде жерді тіркеу және кадастрын жүргізу ісімен бірыңғай мемлекеттік, ұлттық жерқызметтері шұғылданады. Жер кадастрын жүргізудің мұндай бірыңғай жүйесі, әдістемелері мен технологиялары оны жүргізудің жалпыға тән қағидаттарына негізделген. Мұндай жағдайда мемлекеттің бірыңғай ақпараттық кеңестігі қалыптасып экономиканың көптеген салалары бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қолайлы жол ашылады.

Біздің республикамызда нарық экономикасы жағдайындағы жер кадастрының моделі тұңғыш рет қалыптастырылуда. Бұл кадастр, жоғарыда айтқанымыздай, әлемдік озық тәжірибеге де, еліміз бен жеріміздің ішкі ерекшеліктеріне де сәйкес келеді. Ол өзін-өзі қаржыландырып, өзін-өзі ақтайтын, яғни мемлекетке көп салмақ салмайтын мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындардан тұратын, тікелей және көлбеу байланыстағы құрылымдары бар бүтін, бірыңғай, көп сатылы жүйе болып табылады.

Жерді пайдаланудың функциясының ерекшелігі оның табиғи ресурстарының арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және өндірістік күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторларының – еңбек, материалдық-техникалық және табиғатты ұдайы өндірістік процесстердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Біздің планетамыздың беті – 510 млн. шаршы киллометр. Оның көп бөлігі – 361 млн. шаршы киллометр, яғни 71%-ін су алып жатыр. Құрлыққа тиесілісі – 149 млн. шаршы киллометр. Бұл территорияны 4060 млн.га орман алып жатыр. Шалғын мен жайылым 2600млн.га. Өңделетін жер – 1450 га. Қалған территория 45% Қазақстан Республикасының территориясы 2,72 млн. шаршы киллометр. Ауылшаруашылығына пайдалы жерлердің динамикасына толып жатқан процесстер өз әсерін тигізеді: Ғылыми техникалық прогресстің шапшаң қарқыны, урбанизацияның өсуі, қолайсыз табиғи факторлар, жаңа территорияларды игеру, аграрлық жер құрылымының өзгеруі және т.б. Жер жағдайының нашарлауы ауылшаруашылық жұмыстардың қарқынын ұдайы арттыруға, жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал етіп отыр. Көптеген дамыған елдерде ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемі тарылып барады. Әлемде қосымша пайдалануға болатын алаңдар бар, бірақ олардың сапасы төмен, өйткені ауылшаруашылығына қажетті шұрайлы алаңдар бос емес, әрі бұл алаңдардың көлемін кеңейтудің мүмкіндіктері шектеулі. Еліміздің кейбір аймақтарында мал шаруашылығында кемшіліктер орын алған. Соның ішінде ең үлкен кемшілік, жайылымның мал тұяғының астында тапталуына жол бере отырып, шектен тыс жаю. Соңғы 100 жыл ішінде әлемдегі ауылшаруашылығында пайдалы жердің шамамен 27% -і жарамыз болып қалған, оның ішінде пайдалы жердің көбісі таусылудан жарамыз болды. Жер реурстарының өнімділігі мен ауданын климаттық жағдайлар да көп шектеп, тарылтып отыр. Жер ресуртарын қолдануда қалыптақан жағдай келешекте ауылшаруашылығына пайдалы жердің көлемін арттыруға мүмкіндік бермейді.

Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі (1999-) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қайта құрылуының нәтижесінде ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы Жарлығымен құрылды.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 27 желтоқсандағы қаулысымен агенттік туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, облыстармен, Астана және Алматы қалаларымен қатар агенттіктің аумақтық органдары аудандарда да бар екендігі көрсетілді. Агенттіктің негізгі міндеттеріне қосымша жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі міндеті жатқызылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 1 маусымдағы қаулысымен агенттіктің жер ресурстарын басқару жөніндегі қалалық комитеттері-мемлекеттік мекемелері агенттіктің (Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Қапшағай, Атырау, Өскемен, Семей, Зырьяновск, Тараз, Уральск, қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Қостанай, Арқалық, Рудный, Ақтау, Павлодар, Екібастұз, Петропавловск, Шымкент, Туркістан, Кентау қалалары) аумақтық органдары ретінде құрылды. Осыған сәйкес агенттік туралы ережеге өзгерту енгізілді: "Агенттіктің облыстарда, қалалар мен аудандарда аумақтық органдары бар". Осы қаулымен агенттіктің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі де жаңа редакцияда бекітілді. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 14 қаңтардағы қаулысымен агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Агенттіктің жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комитетгері-мемлекеттік мекемелері агенттіктің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық басқармалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы бөлімдер деп қайта аталды. Агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, заңнамада көзделген шектерде арнаулы атқару, рүқсат ету және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің облыстарда Астана және Алматы қалаларында, облыстық маңызы бар аудандар мен қалаларда аумақтық органдары бар. Агенттіктің негізгі міндеттері: жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; мемлекеттік геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиісті ақпаратты қорғау. Осы қаулымен агенттіктің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілді.

Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы, 1959 ж. Қазақстан Ауыл шаруашылық министрінің облыстардағы жерге орналастыру экспедициясы мен орталық кешенді экспедициясының базасы негізінде Алматыда Жерге орналастыру жөніндегі жобалау институты болып құрылған. 1994 ж. Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы болып қайта құрылып, Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет құрамына енді (1999 жылдан Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік). Жер ресурстарын қорғау мен пайдаланудағы зерттеу жұмыстарымен айналысады. Құрамында республикамыздың барлық облыстарында орналасқан 16 еншілес кәсіпорны бар. Жерді мелиорациялау және рекультивациялау, жерге орналастыру және жерді пайдалануды жоспарлау, жер кадастры мен оның автоматтандырылған-ақпараттық жүйесі, ғылыми-әдістемелік маркетингтік қамту сияқты кешенді бөлімдерден тұрады. Негізгі ғылыми бағыттары: жер қатынастарын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жер мониторингі, жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастрын енгізу, жер нарығын қалыптастыру және дамыту, жер ресурстарын басқару үшін жер реформасын жүргізудің методологиялық және теориялық негіздерін дайындау, т.б. Жер қатынастарын реформалау жағдайында жерге орналастыруды теориялық, методологиялық тұрғыда қамтамасыз етудің жаңа проблемаларын шешу жөнінде іргелі жұмыстар жүргізілуде. Жерді ақылы пайдалануға көшу, жерді иелену және пайдалану жүйелерін қалыптастыру, жерге орналастырудың технол. процестерін жетілдіру проблемалары іздестірілуде. Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы Германия, АҚШ, Франция, Швеция, т.б. елдердегі ұйымдармен байланыс жасайды.

 

Қазақстан Республикісында геодезиялык қызметті ұйымдастырудың тәртібі. Бүгінгі таңда геодезия жоғары ғылыми деңгейде, аса жаңа техникалық базада дамып, халык шаруашылығының барлық саласының мұқтаждарын канағаттандыруда. 1925 жылдан бастап бұрынғы одақта мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін эуеден суретке түсіру қолданылды. Ал ол бүгінгі күндері жердің бетін картаға түсірудің ең негізгі әдісі болып табылады. Ал геодезия жүмыстары үшін авиацияны қолдану қысқа мерзімде (1945 жылға дейін) бүрынғы ТМД территориясының 1:1000000 масштабтағы топографиялық карталарын жасауга мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі кезендегі геодезиялык кызметтің елеулі жетістігі 1954 жылға қарай 1:100000 масштабтағы карталар жасау болды. Қазіргі кезең 1:25000 ірі масштабтағы карталарды жасаумен сипатталады. Топографиялык-геодезиялық жүмыстардың және картография өндірісінің мұнан әрі алға қарай дамуы ғарыш техникасын қолданумен тікелей байланысты болып отыр.

Келешекте халық шаруашылығының шүғыл өсіп отыратын қажеттерін ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазірдің өзінде-ак жасалған ғарыштык борттык аппаратуралардың мүмкіндіктері сондай орбитадан кабылданған бейне-акпараты өзіне койылған міндетті шешуге қабілеттілігі жағынан белгіленген масштабтағы карталардың көпшілігін жасауға мүмкіндік береді, демек олар кең диапазонды масштабтағы карталарды тікелей даярлауға жағдай туғызып отыр деуге болады. 1974 жылдан бастап шельфті жалпы мемлекеттік картаға түсіру одан әрі дамыды, теңіз түбінің беті координаталар мен биіктіктердің бірыңғай жүйесінде кескінделді. Теңіз түбін түсіру үшін жер бетін әуеден суретке түсірген сиякты теңіз түбінің сурет карталары мен планын алуға мүмкіндік беретін казіргі заманғы техникалық кұралдар жасалды. Қазақстанда топографиялык-геодезиялық және картографиялыққызметті Республикамыздың жер ресурстарын басқару Агенттігі басқарады. Геодезияның келешекте өркендеуіне жақсы жағдай жасалды деуге болады.

Оған 1940 жылдары Жамбыл мен Қарағандыда, 1946 жылы Талғарда үйымдастырылган геодезиялык отрядтардың қазіргі танда "Оңтүстікгеодезия", "Астанатопография", "Алматыгеокарта", "Солтүстікгеодезия" сияқты ірі мемлекеттік өнеркэсіпке айналып, Қазақстан Республикасы әскери күштерін геодезиялық- ақпараттармен қамтамасыз ететін Орталықтың ашылуымен қатар, Қазақстанда геодезиядан мамандар дайындауда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ үлттық техникалық университеттің, т.б. еңбектері айқын дэлел. Жоғарыда айтылған мекемелердің негізгі өндірістік міндеттері мыналар: 1. Республикамыздың кең-байтақ территориясында геодезиялык тірек жүйесін дамыту мен карталар жасауда қажетті топографиялық түсірулер жүргізуде жоғарғы дэлдіктегі жұмыстарды үйымдастыру. 2. Әртүрлі мақсаттарға қажет карталарды, пландар мен атластарды жасау және оларды басып шығару. 3. Әртүрлі мекемелерге геодезиялык және топографиялык жүмыстарды жүргізуге рүқсат беру, олардың орындалу сапасын бақылау және барлык мәлімеггерді бір жүйеге келтіру.

Жер ресурстарын баскару Агенттігінің жанында республикада атқарылған картографиялык және геодезиялык жүмыстардың бәрі жиналған. Орталық картографиялык кор және Мемлекеттік геодезиялык кадағалау баскармасы бар. Бүл мемлекеттік баскарма топографиялық және геодезиялык жұмыстарды жүргізуге рүқсат береді. Олардың орындалу сапасын бақылайды, әрі келешектегі геодезиялык жүмыстар үшін бастапқы мәліметтер қызметін атқаратын материалдарды бір жүйеге келтіреді.

3. Спектор М.Д. Прогнозированиеи планирование использования земельных ресурсов. – Акмола:АСХИ, 1995.

4. Научно- практический журнал: Қазақстанның жер ресурстары/ 2005 – 2012ж.ж.

 

 

Дәріс Жер ресурстарын басқарудың негізгі әдістері. Жер ресурстарын басқару жүйесіндегі мемлекеттік жер кадастрының ролі. Жер ресурстарын басқарудағы жер кадастрының автоматтандырылған ақпаттық жүйесі.

Жер кадастры дегеніміз - жерлердің табиғат, шаруашылық және құқықтық жағдайы туралы егжей-тегжейлі мәліметтерінің жинағы. Мемлекеттік жер кадастрының негізгі міндеті айқындалған. Атап айтқанда, онда мемлекеттік жер кадастрының мүдделі кәсіпорындарды, мекемелерді және азаматтарды жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, жер кадастрын реттеу, жерге орналастыру, жер үшін төленетін акы мөлшерін негіздеу, шаруашылық кызметті бағалау мақсатындағы жер туралы мәліметтермен камтамасыз етуге арналғаны атап өтілген.

Мемлекеттік жер кадастрында жердің құқықтық режимі, оларды жер иеленушілерге, жер пайдаланушыларға, жер категориялары бойынша бөлу туралы, жерлердің сапалық сипаттамасы және халық шаруашылығы тұрғысынан бағалануы туралы қажетті мәліметтер мен құжаттар жүйесі баяндалады.

Мұндай мәліметтердің тұжырымдамасы мемлекеттік жер кадастрының мынадай кіші жүйелерімен камтамасыз етіледі:

- жер иелену мен жер пайдалануды тіркеу;

- жерді есепке алу;

- жердің топырақ кыртысын және табиғи-технологиялық қасиеттерін таңбалау;

- жердің экономикалық (ақшаға шаққанда) бағасы:

Жер кадастрын сапалы жүргізу үшін топографиялық-геодезиялык, картографиялық топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеулер мен іздестірулер жүргізу, жер иелену мен жер пайдалануды тіркеу, жерлерді есепке алып, бағалау арқылы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік жер кадастры нақты мәліметтер мен құқықтық жағдайлары құжаттар жайлы мәлімет, саны мен сапасы және жердің экономикалық бағалау. Жер учаскілерінің құқықтың орналасуы жайлы мемлекеттік кітабында көрсетілген. Мемлекеттік тіркеу және учаскілері және субъектілері оны қолданатын, сонымен қатар жалпы мәліметті және жер учаскілерін қолдану мінезін құқығын мәліметте көрсетілген. Сапа мен санның есебі оның қолдануы мен жағдайына байланысты. Есепке барлық жер категориялары жатады. Есепке жердің ауданы, классификациясы, шешімді экологиясы, технологиясы және қасиеті жатады.

Мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыру және жетілдіру процесі толық масштабды түрде жүргізілуде. Республикада жылжымайтын мүлік, сондай – ақ жер құқықтарын мемлекеттік тіркеуге алуға себепті, жер – кадастрлық жұмыстарының көлемі едәуір артты.

Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру агенттік құзіретіндегі негізгі функциялардың бірі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастры еліміздің жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер телімдерінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы, жер пайдаланудың есебі мен жер телімдерінің кадастрлық құны туралы және де қажетті мәліметтердің жүйесін құрайды.

Жер кадастрының құрамдас бөлігі суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай-қүйі, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жерлердің мелиорациялық кадастры болып табылады.

Кадастр мәліметтері топографиялық-геодезиялық, аэро-ғарыштық, катографиялық, жерді үйлестіру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеулер мен іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастр мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген, тұйық шекарада бөлінген жер учаскесі болып табылады.

Қазақстанда жер мемлекеттің меншігінде болғандықтан, оған барлық жер қорының табиғи, құқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметтер қажет. Экономикалық тұрғыда жерді өңдірістің ең басты құралы ретінде есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларын есепке алу қажеттілігін есептейді.

Жер қорларын ұтымды және тиімді пайдалану – халық шаруашылық маңызды мәселе. Ол халық шаруашылығы салалары арасында жерді дұрыс үлестіруді, қоғамға керек ауыл шаруашылық өнімді толық алуды, топырақтың құнарлылығын сақтау және жүйелі түрде жоғарылатуды көздейді. Осы мәселені шешу үшін жер кадастрын толық, қомақты жүргізу керек.

Жер – кадастрын жүргізу жөніндегі жұмыстар негізінен жер – кадастрлық карталарын құрастыруды және жер учаскелері туралы мәліметтерді автоматтандырылған жер – кадастры жүйесіне енгізуді қамтиды.

Жер кадастрлық жұмыстары алдымен жер учаскелерін сату – сатып алу жөніндегі келісім шарттарын рәсімдеумен, жер аукциондары мен конкурстарды өткізумен байланысты.

Жер кадастрының мазмұны және оны жүргізудің белгіленген тәртібі еліміздің барлық аймақтарына міндетті. Мемлекеттік жер кадастрының объектісі Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік жер қоры болып саналады. Мемлекеттік жер кадастры осы қордың толық саны және сапалық сипаттамасын беруге және жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы дұрыс, қажетті мәліметтер жиынтығынан тұруға тиісті.

Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың биіктіктердің, картографиялық проекциялардың классификатор, код, кіру және шығу форматтардың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.

Жер ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді тиімді, уақытты және сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер кадастры жерді үйлестіру, жер моноторингі, топографиялық – геодезиялық топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешуі қажет. Осы ақпаратты іздеу, сақтау және пайдалану қазірге есептеуіш және телекоммуникациялық желісіз мүмкін емес. Сондықтан Республикамыза қазірде белсенді түрде қалыптасып жатқан жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесі өзегі болып келетін жер ресурстарын басқарудың біріңғай ақпаратты – есептеуіш жүйесін құру керек.

Жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғары өнімді компьютерлік технологиясын пайдаланып, жер кадастрын жүргізудің түбегейлі, жаңа тәсілдері мен түрлеріне көшу болып табылады. Жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесіне тиісті мәліметтер базаларында жер ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындары, қызметтері, тиісті министрлік және ведомстволар пайдаланады. Жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесі – ол күрделі, көп нысаналы, көп қызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастыру – технологиялық жүйе. Оған:

- Жер ресурстарын басқару процестерінің мүмкіндігінше толық ақпараттары;

- Басқарудың барлық деңгейлері бойынша ақпараттың өте қысқа уақытта өтуі;

- Жер пайдалану жүйесіне басқарушы жерлердің жоғары ұйымдылығы;

- Басқарылатын жүйеде болатын барлық өзгерістерді дер кезінде тауып, есепке алу;

- Жер ресурстарын басқару мақсатына мемлекеттен бөлінетін қаржыларды нәтижелі пайдалану мүмкіндіктері кіреді.

Жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесінің республикалық орталықтарының негізгі міндеттері:

- Республика жер ресурстарын басқару процестер туралы барынша толық ақпараттануы;

- Елдің жер ресурстарын пайдалану және жай – күйінің мәліметтері банкісін белсенді түрде ұстау және жүйелеу;

- Заң, атқарушы органдардың, ведомстволарды, ұйымдарды жер кадастрлы ақпаратпен өз уақытында және сапалы түрде қанағаттандыру;

- Жер кадастрын жүргізуді компьютерлеу және ақпараттаудың негізгі бағыттарын анықтау;

- Ақпаратты топтастыру және код арқылы құпиялаудың бірыңғай жүйесін жасау мен енгізу – жергілікті классификаторларды, кадастрлық ақпаратты автоматтандырылған түрде өңеуге арналған бір рәсімдік құжаттарды ойлап табу;

- Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қызметкерлерді оқыту және мамандық арттыру;

- Барлық деңгейде есептеу жүйесінің құралдарын пайдалану және Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

Қалыптасып жатқан Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің қызметі мына мәселелерді қамтиды: жер пайдаланушы субъектілерге, басқару органдарға, барлық мүдделі органдарға, ұйымдарға, кәсіпорындарына заңды және сол салада жұмыс істейтін жеке тұлғаларға қызмет көрсету. Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жер меншігінің әр түрлеріне негізделінген жер қатынастарының орнатылуын қамтамасыз ететін және жер нарығының дамуын қолдаушы мемлекеттік ақпараттық құрылым ретінде қарауға болады.

Республикамызда мемлекеттік жер кадастры жүргізудің ұйымдастырушылық құрылымы және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі үш деңгейлік әкімшілік - аумақтық құрылымнан тұрады: республикалық, облыстық және аудандық деңгейлер. Жер кадастрын жүргізу мен Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі тік және көлбеу деңгейлерде бірыңғай әдістеме мен технология бойынша жүзеге асыру міндеті ресурстарын басқару жөнінде Қазақстан Республикасы Агенттігінің өндірістік құрылымы атқарады.

Жер кадастрлық құжатты жүргізу және жердің қоры және үйлестірілуі туралы жылдық есепті құрастыру көптеген есептер мен жазуларға байланысты. Кадастрлық мәліметттерді алу, құрастыру бойынша жұмыстар әр деңгейде орындалады. Жер кадастры мәліметтерін өңдеуде шешілетін негізгі міндеттер:

1. Жер учаскелері, аудандар, облыстар, республика бойынша жер көлемдерін анықтау;

2. Алқап түрлері бойынша аудандарын есептеу;

3. Жерлердің және ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын анықтау;

4. Жақсартылған жерлердің аудандарын және олардың жай – күйін анықтау;

5. Аудандар, облыстардың есептік мәліметтеріне өзгерістер енгізу;

6. Есептік кадастрлық құжаттарды құрастыру.

Қазіргі уақытта жерлердің бар болуы мен үлестіруші олардың санатта, жер учаскесінің иесі, жер пайдаланушы және алқаптар бойынша кезектегі жылдың бірінші қарашасына қосымша кестелерімен бірге есеп беріледі. Осы мемлекеттік статистикалық есеп беру аудан, қала, облыс, республика деңгейлерінде толық автоматтандырылған.

Республикамызда жер кадастрын жүргізуді автоматтандыру жұмыстары жер қатынастарын қайта қараумен қатар бірге жүргізіле бастады. Ең алдымен бұл жұмыстар республикалық «МемжерҒӨО» жер ресурстарын басқару жөніндегі Алматы облыстық, қалалық комитеттерде басталды. Мысалы, Алматы қаласының қалалық комитетінде 20-дан астам автоматтандырылған жұмыс орны АЖО бар, барлық қажетті техника мен бғдарламалық бұйымдармен жабдықталған жер кадастрын жүргізуді автоматтандыру бөлімшесі құрылды.

Керек техникамен жабдықталған АЖО қаланың алты аудандық агенттігінде қалыптаса бастады. Қазіргі кезде жер учаскесін тіркеу жерлерді негізгі және кезектегі есепке алуды жүргізу, барлық деңгейде есеп құру жұмыстары толық автоматтандырылған.

Жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесі жүргізуді жер учаскелері бойынша келесі міндетті ақпараттар кіреді:

1/ жер учаскесінің кадастрлік нөмірі;

2/ әкімшілік аудан;

3/ учаскенің орны және оның жүйелік баяндамасы;

4/ нысаналы арналуы;

5/ бөлінуі;

6/ пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;

7/ учаске ауданы.

Мемлекеттік жер кадастры негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес жер кадастрының мәліметтер базасын басқа кадастрлармен бірлестіруге мүмкіндік беретін біріңғай бағдарламалық өнімді шығару:

- Жер кадастрын жүргізу процестерін автоматтандыруға қажет бірыңғай анықтамаларды дайындау;

- Геоақпараттық жүйе технологияларды пайдаланып, көпқабатты векторлық карталар негізінде топырақтық және геоботаникалық картогрофиялау процестерін автоматтандыру;

- Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметін атқару бойынша нормативтік, құқықтық, әдістемелік құжаттар жинағын дайындау.

Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ары қарай дамуы Қазақстан Республикасының заң министрлігімен жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу агенттігі жанындағы Пилоттық жобаны дайындау және жүзеге асыру бойынша Топ жоспары жұмысымен байланысты. Жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесі облыстық орталығы облыста жер кадастрын автоматты жүргізу үшін қызмет атқарады және кадастрлык мәліметтерді жинау, өңдеу, оларды өзгерту, сақтау, жаңарту кадастрлік ақпараты беру процестерін қамтиды:

- Облыс жер кадастры мәліметтерінің біріңғай ақпараттық банкін қалыптастыру және ақпаратты Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін республикалық орталығына беру;

- Пайдаланылатын жерлерді тіркеуге алу және жерлердің санын, сапасын есепке алу тәртібін жетілдіру;

- Ақпаратты автоматтандырылған тәртіппен жаңартуды, сақтауды, қорғауды және оған ашықтық құқығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

- Жер кадастрлық мәліметтерді облыстық басқару органдарына, жеке және заңды тұлғаларға өз уақытында беру;

- Кадастр мәліметтерін алу, өңдеу және сақтауға автоматтандырылған әдістермен сатылап көшу боынша Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің аудандық орталығы қызметін үйлестіру;

Қазіргі уақытта облыстық Агенттіктері мен басқа органдардың ақпараттық, байланыс мұқтаждықтарды өте әлсіз қанағаттандырылып отыр. Негізнен жер кадастрын жүргізу мен жер учаскелерін тіркеу, жерлерді сандық және сапалық есепке алу, топырақтарды бонитеттеу, жер салығын анықтау, жерлерді бағалау бойынша есептеулерді жасауға байланысты жұмыстар автоматтандырылған.

Қазіргі уақытта, Әділет министрлігі мен Ақпарат және байланыс агенттігінің жұмыс тобы Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мен Жылжымайтын мүлікті тіркеуге алу мемлекеттік базаның жүйесін біріктіру мүмкіндігін қарастыруда.

Болашақта да осы жүргізілген жұмыстарды әрі қарай қарай жалғастырып, жер учаскілерін түгендеу, заңсыз пайдаланылған жер учаскілерін анықтау және оны мемлекеттік жер қорына қайтару, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қолдану, жер-ка

Date: 2016-05-24; view: 1781; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию