Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зерттеудің көкейкестілігі. 2 page





Оқушы шығармашылығы өнімдерін зерттеу – оқу пәндері бойынша үй және сынып жұмыстарын, шығармаларын, рефераттарын, есептерін, эстетикалық және техникалық шығармашылық нәтижелерінің зерттелуі тәжірибелі зерттеушіге көп нәрсені айтып бере алады. Сонымен қатар қызығушылықты былайша айтқанда еркін уақыт өнімдері – хобби – қызығушылықтар тудырады. Оқушылардың жеке дара ерекшеліктері, олардың бейімділігі мен қызғушылықтары, іске және өзінің міндеттеріне деген көзқарасы, тырысушылықтары, тәртібі, әрекеттік күшері – осы әдістерді тиімді пайдалануға болатын тәрбиелік аспектілердің бір ғана көрсеткіштері. Ол өзгелері сияқты бақылау жүргізу мен әңгімелердің тиянақты жоспарлануын, дұрыс қолданылуын, үйлесімді болуын талап етеді.

Педагогикалық зерттеулердің дәстүрлі әдісіне әңгімелесу жатады. Оның көмегімен мұғалім өзінің оқушыларының сезімдерін және пиғылдарын, оқушыларының бағалары мен ұстанымдарын анықтайды. Бірақ әңгімелесу әркезде сенімді бола бермейтін күрделі үрдіс. Сондықтан да ол көбінесе өзге әдістерді бақылау жүргізу немесе қолдану барысында толық анықталмаған жағдайларда қажетті түсініктемелерді және нақтылауды алу үшін қолданылады. Әңгімелесудің неғұрлым сенімді нәтижесін алу үшін төмендегі көрсеткіштер қажеті:

• сұхбаттасушының жеке тұлғасын және оның өмірде ойластырылған әңгімесінің тұрақты жоспарын ескере отырып құрылған әңгіме жоспарының болуы;

• әртүрлі ракурстар мен байланыстарда зерттеушінің қызығушылығын тудырған сұрақтарды талқылау;

• сұрақтардың ауыспалылығы, әңгімені сұхбаттасушыға жағымды болатын формасында құру;

• Жағдайды қолдана білу, сұрақ қою мен жауап берудегі тапқырлығы. Әңгімелесу өнерін ұзақ және шыдамдылықпен үйрену керек. [1]

Біздің заманымыз өміріміздің барлық салаларын қарқынды жетілдіре отырып үнемі өзгеріске ұшырап отырады, соның ішінде білім беру жүйесі де. Соған сәйкес, кіші мектеп түлегі төмендегідей сипаттарға ие болуы тиіс:

- білуге құштар, өмірді белсенді және қызыға танушы;

- оқу дағдылары негізін меңгерген, өзінің іс – әрекеттерін ұйымдастыра алатын қабілеттерге ие;

- мейірімді, сұхбаттасушыны тыңдап, ести алатын, өзінің ұстанымдарын негіздей алатын, өз пікірін білдіре алатын. [6] (21)

Жалпыға бірдей білім берудегі кіші мектептегі оқытудың мемлекеттік білім стандарты келесі мақсаттарды қамтамасыз ететін, жеке тұлғаға бағытталған жалпы көпшілік бастауыш сыныптардың жеке тұлғаға бағытталған сапалы дамытушы моделін анықтады.

- оқушының жеке тұлғасын, оның шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, оқу ынтасы мен дағдысын қалыптастыру;

- рухани – адамгершілік және эстетикалық тәрбие;

- білім, білік және дағды жүйесін, әртүрлі әрекет түрлерін жүзеге асыру тәжірибелерін меңгеру;

- оқушылардың физиологиялық және психологиялық денсаулықтарын нығайту және сақтау;

- оқушының даралығын сақтау және қолдау.

Кіші мектепте жалпыға бірдей білім берудің ары қарай оқытудың нәтижелігін анықтауда меңгеру деңгейі неғұрлым әсер ететін жалпы білік пен дағдыны қалыптастырудың басымды бағытымен айқындалған. Білімнің негізгі нәтижесі оқушының әрекеттердің әмбебап тәсілдерімен қатар, оқылып жатқан пәндерге тән дамудың жаңа деңгейлерін меңгеру ретінде әрекеттік бағыттар негізінде қарастырылады. Оқу үрдісіндегі осынау ерекшеліктерді жүзеге асыру мұғалім мен оқушы арасында бірігіп жасаған әрекеттерді жоспарлау негізінде жаңа ұйымдастыруды талап етеді.

Жаңа стандарттың әмбебап оқу әрекеттері білім мен дағдының жинақталуына емес, жеке тұлғаның дамуына (оның когнитивті және эмоционалды адамгершілік ортасына) ықпал ету керек. Бұл дегеніміз – оқи білу, дүниені тану, ынтымақтаса білу, толерантты болу. Басқаша айтқанда, жаңа стандарттар аясында жасалған әмбебап оқу әрекеттері адамның басты қабілеттеріне жататын жалпы әрекеттерін құрайды. [с 25].

«Дүниетану» пәні аясында кіші мектеп оқушыларының аталған сипаттамаларының дамуын қарастырып көрейік. Аталған оқу курсына стандарттар келесі талаптарды қояды:

- табиғат пен қоғамды зерделеудің қолжетімді тәсілдерін меңгеру (отбасылық мұрағаттардан, қоршаған адамдардан ашық ақпараттық кеңістіктен алынған ақпараттарға бақылау, жазба жүргізу, тәжірибе, салыстыру, саралау және т.б.);

- қоршаған ортадағы себеп – салдарлық байланыстарды анықтау және орнату қабілеттерін дамыту.

Жаңа стандарттарға сәйкес оқушылар зерттеушілік жұмыстың әралуан түрлерін меңгеруге тиісті. Мұғаліммен бірлесе отырып, оқушы жаңа жағдаяттарда нәтижелі әрекет етуге, өзінің жеке тәжірибесінен білім алуға, бұрын жинақталған білім мен дағдыларын өздігінен әрекет етуге үйренуі керек.[]

Аталған аспектідегі зерттеушілік әрекеттері оқушының жалпы дамуына ықпал ете отырып жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі, соның ішінде тікелей саралай білу ойлау әрекеттерінің қалыптасуы, шешімнің мүмкін болу барлық нұсқалары мен жолдарын іріктеп алу, жалпылау, бір іздеу шешімінен келесі бір шешімге ауыса білу, өзінің жұмысы бойынша әрекеттер бағдарламасын жасай білу, нысанды әртүрлі көзқарастар жағынан қарастыру, әртүрлі нысандардың үйлесімділіктерін салыстыра білу, сонымен қатар, ұсынылған тақырып бойынша тапсырмалар даярлай білу және өзіндік бақылау жүргізу.

Мектеп жеке тұлғаның өзіндік дамуына ықпал ететін әралуан танымдық әдістерін оқушылар тарапынан меңгеруді қамтамасыз етуге жәрдем. Кіші мектеп оқушыларын белсенді танымдық әрекетке араластыру үшін, мұғалімнен дидактикалық шарттарды құру талап етіледі, ол жағдайда білімді меңгерумен қатар оқушылардың өзіндік жеке тәжірибелік әрекеттері ұйымдастырылады. Оны жүзеге асыруда технологиялар, әдістер мен тәсілдердің үлкен қоржыны бар: бағытталған оқыту, зерттеушілік және жартылай зерттеушілік әдістері және жобалау әдісі.

Оқытудың тәжірибелік әдістерін қолдану – жаттығулар, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар – салыстыру, бақылау дағдыларын дамытуға, басты және екінші кезектегі мәселені анықтап алуға, қорытындылар жасауға және т.б. ықпал етеді.

Жартылай зерттеу әдісін пайдалана отырып мұғалім зерттеудің жекелей саты жұмыстарын орындау кезінде оқушылардың жұмыс әрекеттерін ұйымдастырады және бағыт береді, оның қадамдарын белгілейді, тапсырмаларды құрайды, оның көмекші бөліктерін іріктейді.

Жартылай зерттеу әдісін пайдалану барысында кіші мектеп оқушылары бойында жоспарлау дағдылары дамиды, өз әрекеттерінің мақсатын жете түсінеді; синтездеу мен талдаудың тәсілдері жасалады, міндеттерге сәйкес әдіс тәсілдерінің өзгерту дағдылары дамиды, дәстүрлі жағдаяттарда туындаған мәселелерді көре алу, оларды шешудің нәтижелі тәсілдерін таңдай білу.

Зерттеушілік дағды кезінде кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруда жағымды шарттарды құру маңыздылығы зор, оның ішінде аса ерекшеленетіндері: оқушыларға олардың шығармашылық зерттеушілік дағдылардың мағынасын сезінуге көмектесетін мотивацияланулары, өзіндік жүзеге асыру мен жетілу мүмкіндіктері, мақсатты бағыттылық және жүйелілік, шығармашылық орта, психологиялық жайлылық, педагогтың тұлғасы және жас ерекшеліктерін есепке алу, өйткені зерттеушілік дағдыларға оқыту балалардың қабылдауы қолжетімді деңгейде жүзеге асырылу қажет, ал зерттеудің өзі қызықты және пайдалы болуы тиіс.

Осы орайда, жоғарыда айтылғандардың барлығын жалпылай келе, біз келесі қорытындыға келдік, оқушылардың өзіндік әрекеттері даму үшін бағытталуы тиіс:

- ойлау үрдістері мен зерттеушілік дағдылар;

- туындаған мәселелерді көре білу және іріктей алу, оларды шешу бойынша болжамдарды құра білу;

- алдына міндеттер қоя білу;

- материалды және идеалды әлемнің жаратылыстарының мүмкін болу себептері мен салдарлары жайлы болжамдарды құрай білу дағдылары;

- баламалы болжамдарды ұсына білу және оларды негіздеу;

- бір уақытта күрделі жаратылыстар, оқиғалар, мәтіндер, пікірлердің бірнеше мағынасын сақтай алу білігі. [12. 24бет]

Жалпыға бірдей білім беру модернизациясы Тұжырымдамасында бүгінгі күні оқушылар бойында тек қана терең және берік білімдерді қалыптастыруға ғана назар аудару емес, сонымен қатар олардың бойында жалпы оқытушылық дағдыларды, әмбебап құзіреттіліктерді, функционалды сауаттылықты қалыптастыру қажет. Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік әрекеттері – бұл шығармашылық әрекет, ол қоршаған ортаны танып – білуге бағытталған, оқушылар тарапынан өздеріне қажетті жаңа білімдерді ашу. Ол олардың құндылық, зияткерлік әлеуеттерінің нәтижелі дамуы шарттарын қамтамасыз етеді, оқушыларды белсендіру құралы болып табылады, зерттеліп жатқан материалға олардың қызығушылықтарының артуын қамтамасыз етеді, зерттеліп жатқан материалдың аясын неғұрлым кеңейтуге мүмкіндік береді, пәндік және жалпы дағдыларды қалыптастырады. Зерттеушілік әрекеттері үрдісі кезінде оқушы оқыту нысанынан арылады, ол білім беру үрдісінде белсенді позициялық орын алады. Мұндай бағыт оқушы бойында шешімдерді жасау мен оларды қабылдауда өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін қалыптастырады, ол өз әрекеттеріне жауапкершілік алады, өзіне – өзі сенімділігі артады, жеке тұлға бойындағы маңызды мақсаттылық пен өзге қасиеттерге ие болады [2].

Мұғалім кеңесші, тәлімгерге айналады, ол түпкілікті түрде оқушының оған деген көзқарасын өзгертеді – мұғалім «бақылаушы органнан» оқушылармен бірге бір командада ойыншы болатын неғұрлым тәжірибелі жолдасқа айналады.

Шығармашылық әлеуеттер мен зерттеушілік дағдыларды дамытудағы зерттеушілік әрекеттерге үлкен мән берілуі білім үрдісіне әртүрлі зерттеу әрекеттері формаларын енгізу мен кеңінен таралуына ықпал етеді. Бұл жерде оқушының өзінің мектептегі оқуы кезіндегі ең бастапқы сатысында қоршаған орта шынайылығының әралуындығына жақындау мүмкіндігі, оның құпияларына таңқалу және оны тану үрдісі барысында шығармашылық қуанышын сезіну, жаңалықты ашуға масаттану. [18. 38бет]

Сондай – ақ, пәннің өзі қандай мазмұнды мүмкіндіктеріне ие болса да, ол белгілі бір танымдық қызығушылықтардың, әлемге деген зерттеушілік көзқарасының немесе оқушының зерттеушілік дағдыларының дамуын қамтамасыз ете алмайды. Аталған жағдайда үлкен мән оқыту әдісіне беріледі.

Айтылып кеткендей, зерттеушілік оқытуда ең маңызды және күрделі міндеттердің бірі болып зерттеушілік әрекеттердің жоғары мотивациясын қалыптастыру табылады. Әсіресе оқушы бойында мәселелерді анықтауда ойлау қабілеттерін белсендіру жұмыстары өте маңызды. Яғни, негізінен, зерттелуші мәселенің деңгейінен, оның масштабтарынан оқушы зерттеуінің дидактикалық құндылығы тәуелді болады. Күрделі, кешенді және көп деңгейлі мәселелерге оқушының тұрақты қызығушылығын қалыптастыруда зерттеушілік тәжірибеге бастама беретін әртүрлі ойын сюжеттерінде құрылған арнайы ойын әдістері белсенді рөл атқарады. Бастапқы зерттеу әрекеттері еркін және қандай да бір мөлшерде сыртқы анықтамалармен шектелмегені маңызды болады. Ең жақсысы, қандай мықты болжамдар болса да, олар оған белгілі бір шектеу болмауға тиіс.Сондықтан да ол неғұрлым икемді, оның бойында импровизация үшін орын мол.

Зерттеушілік оқытудың жұмыс формаларының вариативтілігін ескере кету керек. Бұл жеке жұмыс болуы да мүмкін, сол мезетте жекетұлғалық әмбебап оқыту әрекеттері, ал коммуникативті әмбебап әрекеттері кезінде сондай – ақ топтық әрекеттер қалыптасады. Сонымен қатар бұл жұмыстың екі түрін де сәйкестендіруге болады. Демек, алғашында оқушылар жеке жұмыс жасайды, тәжірибе жүргізеді, бақылайды, саяхат кезінде әрбіреуі өзінің ақпаратын жинайды, сондан кейін барып топтарда немесе бүкіл сынып болып талдау жүргізіп, қорытынды жасайды. Жұмыстың әралуан түрлері зерттеушілік жұмысты түрлендіреді және оны одан да қызықты етеді. Соған қоса, баланың психологиясының өзі өзгелермен өзінің білгенін, ашқанын, зерттегенін бөлісуге қызығушылық танытуға бейім.[18. 39бет]

Б.В.Всесвятский жазғандай, зерттеулер баланы бақылау жүргізуге, жеке заттардың қасиеттеріне тәжірибе жүргізуге баулиды. Бүкіл осы үрдіс – белсенді оқушы жаратылысына жауап беретін үрдіс екендігі өте маңызды, ол оңды эмоционалдық бояулармен беріледі. Екеуі де салыстырып жалпылаған кезде деректердің (жай сөздің емес) мықты негізін береді. Ол оқушылардың қоршаған ортаға біртіндеп бейімделуіне негіз болады, өзінің санасында әлемнің ғылыми сипаты туралы өзіндік білім мен жасампаздық ғимаратын салуға мықты негізін береді.

Зерттеу әдісі – өзіңнің жеке шығармашылық және зерттеушілік дағдылары арқылы білім алу жолы. Оның негізгі салыстырмалылары – проблемаларды анықтау, болжамдарды жасау және тізбектеу, бақылау, тәжірибелер, сонымен қатар солардың негізінде жасалған ойлар мен талқылаулар. Оқыту кезінде зерттеушілік әдістерді қолдану барысында ауыртпалық ортасы шынайылықтың деректері мен оның талдауларына ауады. Осы орайда, дәстүрлі оқытуда қолданылатын сөз әдісі кейінге шегіндіріледі.

Осы орайда, біз «зерттеушілік оқыту» мен «оқытудың зерттеушілік әдістері» біздің заманымызда танымдық әрекеттің бірі болып табылатын жаңа білім алуды шығару үрдісі деген қорытынды шығарамыз. Зерттеуге қызығушылық оқушылар өздігінен кейбір қиындықтарды үнемі шеше алмау салдарынан жоғалып кетуі мүмкін. Осы жерде оларға көмекке мұғалім келе алады. Мұғалімнің міндеті нені қалай жасау керектігін айтып беру емес, пайда болған мәселені оқушының өзі шеше алатындай жол көрсету. Ол оқушының мотивациясын ғана сақтап қоймай, тіпті оны жоғарылатуға ықпал етеді.[]

Зерттеушілік дағдыларды ұйымдастыру кезінде ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың (АКТ) алар орны ерекше. Дүниетану сабақтарында оларды қолдану тек қана мұғалім қызығушылығымен емес, қазіргі оқу бағдарламалары мен білім стандарттарының талаптарымен шартталған. АКТ зерттеушілік дағдылар жұмысы барысында және сабақтарда жобалау технологиясын жүзеге асыруда кеңінен қолдану көздерін тарту үшін қажет. Ақпараттық технологиялар зерттеу жұмыстарына қосымша мүмкіндіктер береді, олар жұмысты неғұрлым толығырақ, жан – жақты, көрнекі және жарқын етеді. Сонымен, қазіргі білім беруде АКТ технологияларының жоғарылауы, оқыту мотивациясын көтерудің неғұрлым тиімді және ыңғайлы тәсілдері ретінде зерттеу элементтерін кіріктіре отырып сабақта пайдалану қажет. [Жексенбаева Ниязбекова]109бет

 

1.2 Кіші мектеп жасындағы балалар бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері

 

Қазіргі кезде оқыту қоғамда үлкен қызығушылықты тудырады. Оқыту материалын нәтижелі меңгеру негізінде танымдық қызығушылық жатыр. Егер оқушылар тарапынан бақылау жасауға, тәжірибелер қоюға жағдайлар жасалып отырса, ол үнемі оқыту әрекетіне ілесіп отырады. Олардың негізінде төменгі сынып оқушылары өздерінің жеке ойлары мен қорытындыларын жасай алады. Кіші мектеп оқушылары бойында зерттеу дағдыларын қалыптастыруда кең мүмкіндікке оқу үрдісі ие. В.С.Мухинаның пікіріне сүйенетін болсақ, оқушылардың бойындағы зерттеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту оқу – тәрбие үдерісінде келесі педагогикалық қағидаттардың жүзеге асырылуы меңзеледі:

1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарына бағытталған қағидаттар. Зерттеу – шығармашылық үдеріс, шығармашылықты тыс жүктеп қою мүмкін емес, ол тек қана ішкі қажеттілік негізінде ғана туындайды, аталған жағдайда қажеттілік танымдық қызығушылығында.

2. Таңдау еркіндігі қағидаты мен өзіңнің оқуына деген жауапершілік. Тек қана соларды жүзеге асыру шарттарында ғана білім беру жеке тұлғаның жеке мақсаттарына адекватты болуға қабілетті.

3. Білімді меңгеру мен оны алудың тәсілдерімен біріккен қағидат.

4. Өз бетімен ақпаратты іздеу дағдысын дамытуға сүйентін қағидаты.

5. Оқытудың продуктивті және репродуктивті әдістерінің үйлесімділік қағидаттары.

6. Білімнің жоғарылауы туралы көзқарастарды қалыптастыру қағидаты, себебі, зерттеушілік оқытудың мазмұны келесідегідей құрылу керек: адамзат тәжірибесі оқушылар алдында дәлелденбеген қағидаттар емес, мызғымас заңдар мен ережелер жинағы ретінде емес, үнемі дамып отыратын ағза ретінде көрсетілуі керек. [15. 35бет]

Жоғарыда айтылғандардың негізінде атаған бағыттағы бастауыш сынып мұғалімінің мақсаты – психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып кіші мектеп оқушыларында зерттеушілік дағдыларын дамыту мен қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.

Танымдық үрдістерге қабылдау, зейін, есте сақтау, қиял мен елес және ойлау жатады. Кіші мектеп оқушыларына тән көрінетін танымдық үрдістердің пайда болуына сипат берейік.

Қабылдау. Бұл танымдық психикалық үрдіс, заттар, оқиғалар, жағдаяттардың тұтас көрсеткіштерінен тұрады. Бұл феномен дүниені танудың негізінде жатыр. Кіші мектеп оқушысының дүниетанымының негізі болып тікелей қоршаған ортаны қабылдау табылады. Оқу әрекеті үшін қабылдаудың барлық түрлері маңызды: заттардың формаларын, уақытты, кеңістікті қабылдау. Егер біз алынған ақпаратқа қарайтын болсақ, онда қабылдаудың екі түрін бөліп айтуға болады: сипатты және түсіндірмелі. Сипатты түрі дамыған балалар нақты деректі материалдарға бағытталған. Яғни, мұндай бала мәтінді түпнұсқаға жақын етіп мазмұндап бере алады, бірақ оның мағынасына соншалықты мән бермейді. Ал түсіндірмелі типтер керісінше шығарманың мағынасын іздеуде болады, бірақ оның мәнін есіне сақтауы мүмкін. Жеке тұлғаға тиісті жеке ерекшеліктер де қабылдауға әсер етуі мүмкін. Кейбір балалар қабылдаудың нақтылығына бағытталған, бірақ ол болжамдарға жүгінбейді, естігені мен оқығаны бойынша ойын өрбіткісі келмейді. Ал басқа жеке типтері, керісінше ақпаратты ой өрісінен өткізіп, оны өзінің жеке дара алдын ала пішілген пікірімен толықтырғысы келеді. Кіші мектеп оқушысының қабылдауы өздігінен болатын еріксіз мінезге ие. Оқушылар мектепке жеткілікті мөлшерде дамыған қабылдауымен келеді. Бірақ бұл қабылдаулар заттың формасы мен түр – түсін білумен ғана шектеледі. Осы орайда, затта балалар негізгісі мен маңыздысын емес, өзге заттардан ерекше қылып тұрған өзгешеліктерді көреді.

Ойлау. Кіші мектеп оқушының ойлауы кейіпті – көрнекі түрінен тілдік – логикалыққа ауысады. Ол көрнекі бейнелер мен ұғымға сүйенеді. Кіші мектеп оқушыларының ойлауы көбінде мектепке дейінгі оқушылардың ойлауын еске салады. Аталған танымдық үдерісті түсіну үшін кіші мектеп оқушыларының ойлау операцияларының даму ерекшеліктерін анықтап алу керек. Олардың құрамына талдау, синтездеу, салыстыру, жалпылау және нақтылау сияқты компоненттері енеді. [38. 174бет]

Талдау – бұл затты ойша бірнеше жеке бөліктерге бөлшектеу және оның қасиеттерін, сипаттарын және келбеттерін бөліп алу. Кіші мектеп оқушысында негізінен әрекеттік және сезімталдық талдау басым болады. Оқушыларға нақты заттарды пайдалана отырып мәселені шешкен оңайырақ болады (таяқшалар, заттардың үлгілері, кубиктер және т.б.) немесе оларға бақылау жасай отырып заттар бөліктерін табу. Бұл заттың макеті ретінде болуы мүмкін, сондай – ақ заттың өзі сонда болатын табиғи шарттар болуы мүмкін.

Синтез – бұл өзінің ақыл – ой тізбегін қарапайымнан күрделіге қарай логикалық тұрғыда құрай білу. Талдау мен синтез өзара тығыз байланысты. Оқушы неғұрлым талдауды терең меңгерген болса, синтез соғұрлым толық болады. Егер біз оқушыға сюжеттік суретті көрсетіп, бірақ оның атауын айтпасақ, онда бұл суреттің сипаттамасы жай салынған заттар сияқты болып көрінеді. Суреттің атауын хабарлау, талдау сапасын жоғарылатады, оқушыға тұтастай суреттің мағынасын түсінуге көмектеседі.

Салыстыру. Бұл заттар мен жаратылыстардың ортағы немесе айырмашылығын анықтау мақсатында салыстыру. Кіші мектеп оқушылары көзге түсетін жарық сипаттары бойынша салыстырады. Ол заттың дөңгелек формасы немесе оның өте жарық бояуы болуы мүмкін. Кейбір оқушыларға заттарды салыстыра отырып көп белгілерін анықтау мүмкін болады, ал кейбіреулері кемірек анықтайды.

Жалпылау. Кіші мектеп оқушылары ең алдымен заттың көзге түсетін айқын белгілерін айқындайды. Жалпылаудың көпшілігі нақты белгілерге қатысты. Егер оқушыларға әртүрлі топтарға жататын бірқатар заттарды ұсынып, оларды ортақ белгілері бойынша біріктіруге ұсыныс жасаса, біз кіші мектеп оқушысына оны өздігінен жалпылау қиынға түсетінін көреміз. Ересектің көмегінсіз ол тапсырманы орындау барысында мағынасы жағынан әртүрлі сөздерді бір топқа жатқызып тастауы мүмкін. Жалпылау ұғымдармен бекітіледі.

Ұғымдар – бұл заттар мен жаратылыстардың елеулі қасиеттері мен белгілерінің үйлесімділігі.

Нақтылау. Ақыл – ойдың бұл компоненті жалпылаумен тығыз байланысқан. Өмір бойына оқушыға ұғымдарды, ережелерді, заңдарды меңгеруді үйрену қажет. Оны жеке заттар мен бөліктерді, белгілерді, сызбаларды қарау негізінде жүзеге асыруға болады, ал ең бастысы олармен бірқатар операцияларды жасауға болады. Егер оқушы ортақ қасиеттердің тек қана бір бөлігін ғана білетін болса, онда оның нақтылауы да толық болмайды.

Date: 2016-05-23; view: 1082; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию