Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зерттеудің көкейкестілігі. 5 page





Жобалау әдістері оқуды қызықты етуге мүмкіндік береді, оның мәдени деңгейін жоғарылатады, зияткерлік белсенділігі мен оқу әрекетін тұтастай ынталандырады.

Дәл осы үшін де оқу жобаларын орындау арқылы зерттеушілік дағдыларын дамуының педагогикалық шарттарын айқындап алу керек.

Ең алдымен бұл мұғалім рөлінің өзгеруі. Жобаның ұйымдастырушысы, үйлестірушісі және кеңесшісі бола отырып, мұғалім бірқатар зерттеушілік дағдыларды қалыптастырады: проблемаларды айқындап, қоя білу, түсініксіз сұрақтарды нақтылау, болжамдарды құру және тексеру, зерттеу әрекеттерін жоспарлау және жасау, мәліметтерді жинақтау (деректерді жинақтау, бақылау, дәлелдеу), талдау, синтездеу және оларды салыстыру, даярланға хабарламалармен сөз алу, жалпылау мен қорытындылар жасау және т.б. [галиева 16 бет]

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды жобалау іс – әрекетіне дайындаудың тиімді әдісі ретінде, ғалымдардың пікірінше, дизайн – жаттығулар алынды. Ол оқушылардың үш негізгі бағыт (кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін қолжетерлік) бойынша мұғалім ұсынған еңбек объектісін жетілдіруде шешімдерді іздеуден тұрады: бұйымның пайдалылығы, оның беріктігі және эстетикалық тұрғыдан әдемілігі. Мысалы, қарапайым геометриялық пішіндерден ою-өрнектер, қағаздан бұйым жасауда, оқушылар ұсынылған бұйымның үлгісіне өздерінің өзгерістерін еңгізуге болады: жапсырмалауда бөлшектердің түсін өзгерту; ұсынылған геометриялық пішіндерден композициялардың жаңа нұсқаларын құрастыру; нақты кітаптың өлшеміне сәйкес оның негізгінің өлшемдерін өзгерту; бұйымның негізін материалдың басқа түрін – қағаз немесе қатырмақағазды пайдаланып бұйым жасау. [иванова]15бет

Оқу шығармашылық жоба деп – субъектілі жаңашылдығы бар және мұғаліммне бірлестікте орындалған, бұйымды идеядан оны жүзеге асыруға дейін құру және дайындауды айтамыз.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін оқу шығармашылық жобалардың мазмұны деп – жобалау тапсырмасы мәселесін және оны орындауды, процестің сапалық және іс – әрекеттің нәтижелерін талдауын таңдау бойынша, жобалау – технологиялық жағдаяттар, тапсырмалар, міндеттер және тәсілдер жүйесін айтамыз.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жобалау жұмыстарының кешенді сипаты болуы мүмкін, олар аталған оқу жылындағы бірқатар бағдарламалар молульдерін көрсетеді немесе оқушылардың ерекше қызығушылығын тудыратын, олар үшін өзекті болып табылатын белгілі модульді тереңдетіп зерттеудің көрінісі болып табылады.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін, келесі өлшемдерге сәйкес болған жағдайда сәтті болуы мүмкін (Л.С.Лернер бойынша):

1. мәселені анықтауды, жобаның тақырыбын аңдауды, оның практикалық бағыттылығын және орындалатын жұмыстың маңыздылығын саналау;

2. ұсынылатын шешімдерді, тұғырларды және тұжырымдарды аргументтеу;

3. қабылданған жобалау кезеңдерін орындау, олардың дербестігі және аяқталғандығы;

4. бұйымның сапасы, оның өзгешелігі;

5. шығармашылық деңгейі: материалды жүзеге асырудың және жобаны көрсетудің өзгешелігі. [28]

Оқушылардың шығармашылық зерттеу дағдылары бойынша құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында «Зерттеу және жобалау іс-әрекеттер негізі» арнайы курсттар жүргізіледі. Бұл бағдарламалар қазіргі кезеңде апробациядан өтуде. Курсқа арнайы тренинктер жинағы құрастырылып, сабақта қолданылады. «Зерттеу және жобалау іс әрекеттері негізі» курсы нақты бір мәселені зерттеу, оны іс жүзінде немесе тәжірибе түрінде жүзеге асыру, оқушылардың өз бетінше білім игеру белсенділігінің қалыптасуына әсер етеді. «Әрбір бала – болашақ данышпан» деген қағидаға ой жіберсек, шәкірттеріміздің табиғи дарындылығын ашу – ұстазға жүктелген міндет. Оқушының зерттеушілік дағдысының жетекшісі төмендегідей ережені сақтауы тиіс:

· Оқушылардың өз бетінше әрекет етуге үйрету;

· Нақты нұсқаулардан гөрі оқушылының ұсынысына көңіл аудару;

· Талқылау кезінде баға беруге асықпау;

· Білім алу барысында оқушыныға көмектесу: проблеманы таба алу, проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру, пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау, ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау, жинақтау, өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну. [сәбитова]24 бет

Жобалармен жұмыс жасау барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын «Сен дұрыс жасамадың», «Көп білетін болсаң...» деп баспай, оларға қолдау көрсету керек. Сонымен қатар, мұғалім үнемі жинақталған тәжірибесінде жетіліп отыру керек: жобаның ғылыми жетекшісі ретінде үнемі байқауларға қатысып отыру, аталған тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстарына, шебер – сыныптарға қатысып отыру, жаңа басылымдарға қызығушылық таныту, оқушылық зерттеу мәселелеріне арналған әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестерде жобалау әдістерін қолдануды талқылауларға қатысу.

Біз сыныпта арнайы бұрышты жасап қоюды ұсынамыз, ол жерге оқыту зерттеулерін жүзеге асыруға көмектесетін материалдарды қою керек: олар «Жоспарды қалай құру керек?», «Сауалнаманы қалай жүргізу керек?», «Бақылауды қалай өткізу керек?» деген жадынамалары бар зерттеу тақырыпшалары болуы мүмкін. Осылайша, оқушылар өздерінің әрекеттерін жоспарлауды үйренеді, зерттеу әдістерін қолданады, бақылау нәтижелерін жазып отырады және т.б. [31] (35б).

Ата – аналармен жұмысты дұрыс ұйымдастырған кезде зерттеушілік дағдыларды меңгеру тиімдірек болады. Олар жобаны орындау барысында көмекші және кеңесші болулары қажет: мұғалім сияқты олар да ақпарат көздерін іздеуге көмектесу, бүкіл үрдісті жинақтап отыру, оқушыларға қолдау көрсету және ынталандыру, өнімді даярлау кезінде оларға көмек көрсету және т.б. Талқылауларға қатысып, сұрақтар қою үшін ата-аналарды жобаларды қорғау шараларына шақырып отырған пайдалы.Сол кезде ғана оқушы қажетті көмекті мектеп қабырғасынан ғана емес, үйден де алып отырады.

Зерттеушілік дағдыларды дамытудың шарттарының бірі кіші мектеп оқушыларын жобалау дағдыларына үйрету (проблематизация, мақсат қоя білу, әрекетті жоспарлау, керек ақпаратты іздеу, білімдерді практикада қолдану, зерттеуді өткізу, өз әрекетінің өнімін ұсыну). Мұндай жұмыс мектеп факультативтері түрінде жүйелі және мақсатты түрде жүргізілу керек. Сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да.

Сабақта педагогикалық жағдаяттар беріліп отырады. Олар оқушыларды өз пікірлерін қорғауға, өзінің ұсыныстарына дәлелдер келтіруге, сұрақ қоюға, әртүрлі ақпарат көздеріне жүгінуге итермелейді және т.б. Мұндай жағдаяттарға топтағы жұмыстар, жолдасыңа көмек көрсету, жоғары күрделілікті тапсырмаларды орындау, міндеттерді әртүрлі тәсілдермен шешу, өз жолдастарыңның жұмыстарын рецензиялау, конференцияларда сөз алу және т.б. жатады. [жексен ниязб 12 жылд білім беру] 16 бет

Кіші мектеп оқушылары өздерінің оқу әрекеттерін саналы түрде түсінумен қоса сөйлеу дағдыларына, өзінің көзқарасын қорғай алуға, ынтықмақтаса білуге, ақпаратпен жұмыс жасай алуға, өзінің көрсетілімдерін логикалық тізбекте құра білуге ие болады.

Зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін сабақтарда белсенді түрде танымдық және қызықты тапсырмалар қолданылады. Болжамдарды ұсына білу дағдыларын жаттықтыру үшін мынадай ойындар беріледі: «Оқиғаның себебін тап...» (мысалға, неге қоянның түсі ақ немесе шөп сарғайып кетті); классификациялау білігін дамыту үшін – «Қатарды жалғастыр: пайдалы қазбалар – бұл көмір, мұнай...».

"Топтарға жікте", "Заттардың ортақ белгілерін тап" және т.б. Оқушының жақсы бақылай алу дағдыларын өрілген сызықтарды анықтауға оқушыны итермелейтін тапсырмалар дамытады.

"Кім қайда тұрады, анықта?", "Суретте не бейнеленген?" және т.б. Көрнекі бейнелерді талдай білу қабілеттерін дамытуға әдейі жасалған қателері бар тапсырмалар көмектеседі: "Суретші нені шатастырды?", "Заттардың айырмашылығын тап".

Тапсырмаларда берілген сұрақтарға жауап беру барысында оқушыларды «Мен ойлаймын...», «Менің пікірімше...» деген сөздерден бастап үйрету керек. Ол оқушылар бойында өзінің ойын жеткізе алу дағдыларын қалыптастырады. [39]

 

2.3 Кіші мектеп оқушыларының математика және дүниетану сабақтарындағы зерттеушілік әрекеттері

 

Аталған экпериментальды жүйенің апробациясы мен мақсаты сабақта практикалық бағытталған тапсырмаларды пайдалану кіші мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді деген божамды дәлелдеу болып табылады.

Сабақтың жүйесі негізі ретінде практикалық бағытталған тапсырмалар алынды.

«Дүниетануды оқытуда және оның қазіргі жағдайындағы зерттеу әдістері» жұмысында (1923 ж.) профессор Б.Е.Райков мектептегі зерттеу жұмысын жүргізудің логикасын ұсынды, ол бақылаудан басталады, содан кейін болжамдардың бірнеше қатары, болжамды таңдау, қайталама тәжірибе жүргізу, болжамды тексеру мен растау. [33].

Д.С. Милль ойдың мұндай өрбуін «болжамдық әдіс» деп атаған. Мүмкін нақ осы ақыл – ой әрекеті үрдісі арқылы И. Ньютон тартымдылық теориясына келген болар, Ч. Дарвин –эволюция теориясына, Г. Мендель – тұқымқуалаушылық заңдылықтарына және т.б. Э.Мах, әділ айтып кеткендей «ойлаусыз бақылау болмайды», осы орайда Г. Спенсер, «адамның ақыл-ой калибрі оның жалпылауды жасай алу қабілетімен айқындалады» деп кеткен. [?].

Практикалық сабақтардың маңыздылығын айқындай келе, Г. Армстронг жазған: «…олар (оқушылар) таразыны қолдануды үйренеді, таразылау және өлшеу, тек қана сол бір заттарды емес, сонымен қатар тәртіптері мен сөздерін, өйткені олар не істесе де оны тура орындау керек. Өлшемдерді мүмкін болу жағдайлардың барлығында жүргізеді және оқушылар іс-тәжірибе кезінде ол өлшемдердің тура қорытындылар жасау үшін қаншалықты қажет екенін біледі. Өлшемдер мен таразылаулардың жиі жүргізілуі соншалықты, олар оқушының әдеттеріне айланып кетеді. Оқушылар дұрыс бақылау жасау дағдыларына ие болады; олардан барлық істе мұқияттылық талап етіледі, оларды материалдарды артық жұмсамай, берекелікке үйретеді». [24]

Негізгі практикалық бағытталған тапсырмалар ретінде бақылау мен оқу эксперименті алынған. Бұл тапсырмалар ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуді дамытуға бағытталған тапсырмаларды толықтырады, ақпарат көзімен жұмыстың практикалық аспектері ашылады: аталған экпериментальды жүйені жүзеге асырудың шарттарымен деректі материалдарды іздеуі болып табылады:

- оқушы білім беру үрдісінің белсенді қатысушысы болуы керек;

- мұғалім қастарында және оқушылармен біріге жұмыс жасайды, қолдауды жүзеге асырады, туындаған сұрақтар бойынша кеңес береді, кеңесші рөлінде болады;

- зерттеу үрдісі кезінде басты рөл мәселеге беріледі, өйткені ол оқушының ойын проблеманы шешу жолдарын іздеуге бағыттайды;

- зерттеу мазмұны жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келу керек, сондай-ақ, оқушылардың нақты білім деңгейіне сәйкес болу керек;

- зерттеу тақырыбы оқушыларға қызықты болу керек;

- зерттеуге оқушы өз еркімен қатысады;

- жұмыстың сатыларында күтілетін нәтиже – бұл шығармашылық қабілеттерді дамыту, оқушы тарапынан жаңа білім, білік, дағдыларды меңгеру;

- зерттеу қорғанысы – жас зерттеуші оқытудың басты сатыларының бірі;

- тақырып бойынша жұмыс барысында экскурсияларды, бақылау саяхаттарын, әлеуметтік акцияларын, әртүрлі мәтіндік ақпарат көздерімен жұмысты енгізу, практикалық маңыздылығы бар өнімдерді даярлау мен кең қоғамдық презентацияларды (ата-аналар мен мұғалімдерді тарту арқылы) кіріктіру мақсатты болады.

Зерттеу әдісін қолдану проблемалық міндетті құруды, шығарманың сыни талдауын жасау ұсынысын, эксперимент жүргізуді және т.б. меңзейді. Бұл әдістің тиімділік шарты – оқушылардың зерттеу сатыларының барлығында өзіндік жұмыстары, ол сәйкес танымдық әрекеттерді жүргізуден тұрады: деректер мен жаратылыстарды бақылау және зерттеу; болжамдарды ұсыну; зерттеудің жоспарын жасау және оны жүзеге асыру; зерттеу нәтижелерін құру; алынған нәтижелерді бақылау және тексеру, оның маңыздылығын бағалау. [Куликов] 290бет

Оқушылардың бойында аталған білік пен дағдыларды қалыптастыру үшін А.И.Савенковпен ұсынылған әртүрлі тапсырмалар мен жаттығуларды қолдануға болады. Мұндай тапсырмалар оқулықтарда да бар. Негізгілерін атайық:

• Әлемге өзгенің көзімен қара,

• Не туралы сұрады, тауып көр,

• Құстар қалай оңтүстікке жол табады,

• Жұмбақтар, кроссвордтар, "Қиын сөздер" ойыны,

• Төртінші артық қайсысы,

• Суретте қандай заттар белгіленгенін тап,

• Заттардың жүзгіштігін анықтау.

Оқушыларды бастапқы зерттеу әрекеттеріне оқыту сабақ арқылы, арнайы сабақтар мен зерттеу жұмыстары және дәлелдерді қорғау, болжамдарды ұсыну үшін ақпараттарды іздеу және т.б. арқылы жүзеге асыру мүмкін. [14]

Психологиялық-педагогикалық ғылымда оқу үрдісі тиімділігі оқушылардың танымдық ерекшеліктері мен әралуан жақтарының қалыптасуының деңгейімен анықталады деген жағдай бұрыннан аксиома болып кеткен.

Табиғат әрбір сау оқушыны даму мүмкіндігімен марапаттаған. Және де әрбір дені сау сәби шығармашылық әрекеттің ең биік шыңына дейін жете алады.

Қазіргі білім беру технологиялық деңгейге шығу керек- ол уақыттың талабы. Бұл жерде әлі де болса «жалаң мимен» ғана орындалып отырған (М.З.Турарбеков) оқу әрекеттерін өзгерту туралы сөз қозғалады.

Бұл жердегі мәселе, белгілі бір жас сатыларында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыратын білімдерді анықтау.

Түсіну мен әрекет арқылы, білім мен дағдыларды меңгере отырып, қарым-қатынасқа түсіп, бала ой әлемі- зияткерлікке қарай шығады. Кіші мектеп жасында абстракция, жалпылау және ой түйіндеудің бастапқы формалары қабілеттерін қалыптастыру қажет.

Бұл жағдайлар қалай жүзеге асырылады, мысалы, туған өлкемен танысу кезінде? Туған өлке туралы мәліметтерді бермес бұрын, алдымен жалпы ел туралы қарапайым мәліметтер қалыптасады. Осы сәтте оқушылар түсінігінде олардың туған өлкесінің біздің Республикамыздың тек қана бір бөлшегі деген түсінікке жеткізу маңызды.

Қойылған міндетті қамтамасыз ету үшін, келесі сыныптарда біз оқушыларға туған қаласы мен оның айналасын айқындайтын өзара байланысты, әртүрлі масштабты бірнеше жоспар береміз. Мұндай жоспарлар белгілі бір тәртіппен беріледі:

- Мектеп бейнеленген жоспар;

- Мектеп жоспары және оған жалғасқан көшелер;

- Аудан жоспары;

- Бүкіл қаланың жоспары.

Мұндай жоспарларда ғимараттар мен мектеп учаскесі белгілерінің біртіндеп кішірейетіні көрінеді. Мұндай жүйе оқушыларды кішкентай ғана қағаз бетінде Жердің бірқатар қаласы, материктер мен су кеңістігін көрсетуге болады деген ұғымға әкеледі. Оқушылар Жердің – ортақ үй, біздің Отанымыз- Қазақстан екенін саналы түсіне бастайды.

Ұзақ уақыт ішінде бақылау жүйелігінің маңызы зор. Бұл ретте экскурсиялар мен ғылыми-танымдық жұмыстарды пайдаланамыз.

Оқушының білім аймағы неғұрлым кең болса, соғұрлым оны елестету анық, әралуан болады (сабақтағы ақпарат, кітаптар, журналдар, бейнефильмдер, энциклопедиялар, саяхаттар). [жекс я учусь иссл]32 бет

Оқытуға жиі тәжірибе жасауды енгіземіз. Тәжірибенің маңызды ерекшелігі – бұл, оқушы оны жүзеге асыру барысында қандай да бір жаратылысты басқару мүмкіндігіне ие болады: оны шақыру немесе тоқтату, қажетті бағыт бойынша өзгерту. Жаңа мәліметтерді алу жағдайларына қарай оқушылар алдарына күрделене беретін жаңа мақсаттар қояды және оларды жүзеге асыруға ұмтылады. Зерттеу әрекеттері кезінде қате әрекет жасап қоямын деген қорқынышты жеңеді, ол өте маңызды.

Сезімталдық елестетуді түсіну үшін бақылау мен тәжірибелерге үлкен назар аударылады, сондықтан бірінші сыныптан бастап оқушыларда дәптер болады. Ол дәптерте оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіретін, алынған білімдерді бекіту мен қайталауға арналған конспектілер, суреттер, белгілер жазылған. Оқушылар «Олардың есімімен көшелер аталған» деген зерттеу әрекеттерін жүргізеді. Отан тарихында алғашқы ашуларды жасайды.

Қоршаған орта туралы әртүрлі білімдер жүйесінде жансыз табиғат жаратылыстары туралы білім ерекше орынға ие (физикалық жаратылыстар).

Ауамен танысу кезінде тәжірибе жүргізіп: Ауаны қалай анықтауға болады? Оның салмағы қандай? Ауаны қысуға бола ма? Деген сұрақтарға жауап іздейміз. Ауа қасиеттерімен танысамыз.

Топырақпен танысу кезінде біз тәжірибелер жасай отырып, топырақтың құрамын зерттейміз.

Сумен таныстыру кезінде біз оның қасиеттерін анықтаймыз. Судың қасиеттерін тәжірибе арқылы зерттейміз. Бізге барлығынан жақын судың үш агрегатты жағдайы: қатты, сұйық және газ тәріздес. Бірақ қант және балауызбен жасалған тәжірибелер де оқушылардың қызығушылығын тудырады.

Өзгермейтін бірден бір шарт: оқушылар жанды және жансыз табиғатың өзге де саласымен қарым-қатынасқа түскен кезде, жаңа білімдерін пайдалана отырып, өздерінің шамасы келетін міндеттерді өздері шешу керек, осы міндеттерді шешу барысында орын алған қателіктердің белсенді талдауларын жинақтау керек.

Оқушыларға белсенді танымдық-әрекетті сабақтар «тренингтер» өте өзекті. Математика сабақтарында ол негізгі ұғымдарды түзеуге ықпал етеді, есептеудің, көбейту кестесінің білім мен білік дағдылары жетіледі.

Әрбір тренингті жаттығуды шешкен сайын оқушының өз күшіне деген сенімділігі артады және тағы да сондай тапсырмаларды орындауға деген құлшынысы ұлғаяды. Бұл психологиялық фактор – танымдық белсенділікті таныту көзі.

Дифференциациялау материалды бекіту сәтінен басталады, әсіресе шығармашылық тапсырмаларды орында кезінде. Оқушы мықты болған сайын, оның шығармашылық әлеуеті соғұрлым жоғары. Осыған ұқсас үй тапсырмасы да жай жаттығудан зерттеушілікке қарай ауысады.

Кіші мектептеріндегі геометриялық фигуралар пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыру форма түрін қабылдаудан басталады. Біз бірінші сыныптан бастап пішін формаларын айыруды үйренеміз: нүкте, түзу, қисық, кесінді, бұрыш, көпбұрыш және т.б.

Бұл үшін мұғалім пішінді көрсетіп оның атауын айтады. Егер пішіндерді басқаша орналастырып немесе олардың көлемің мен түстерін өзгертіп тастаса, қажетті пішінді оқушылардың түгелі көрсете алмайды, яғни геометриялық пішінді тұтас бір бейне деп қабылдамайды.

Сол себепті де біз оқушылардың назарын геометриялық пішін құралатын элементтерге, олардың нақты белгілеріне аударамыз.

Біз нүктеден бастаймыз. Нүкте арқылы көптеген сызықтарды жүргізіп үйренеміз, оларды «қисық» деп атаймыз. Содан кейін бүктеу сызығы дәл сол нүктелерден өтетіндей қағаздың бетін бүктеп үйренеміз. Бұл орайда бізге оригами техникасы зор көмегін тигізеді. Оқушылар практика арқылы екі нүктемен тек қана бір түзу жүргізуге болатынына көз жеткізеді. Сонымен қатар олар симметриялық пішіндер туралы біледі.

Санау теріс (- 10) нүктесінен бастапқы 0 нүктесіне дейін кері тәртіпте, ары қарай жартылай оң осіне 0 ден 10 дейін жүргізіледі. Осы орайда біз оқушыларға тура және кері есептеу түсінігін береміз де, сол мезетте дүниетану сабағында «Табиғаттағы өзгерістер. Ауа райы. Жыл мезгілдері.» тақырыбында дала термометрлері мен оның теріс өлшемдерін таныстыру арқылы оның пайдалануын табамыз.

Бөлшек санды амалдар көбінесе өзінің қасиеттерімен бүтін сандарға ұқсас болады. Есептеу дағдыларының жоғарғы деңгейіне алуан түрлі есептерді шығару санымен қол жеткізуге болады. Бұл математика бойынша бағдарламасын жылдамдата оқытудың резерві. Ондық және қарапайым бөлшектермен жасалатын механикалық операцияларын он бір жасар оқушылар жоғарғы сынып оқушылары сияқты сенімді және жылдам орындайды. [абдрахманова]276бет

Кіші мектеп оқушыларымен ғылыми жобалар бойынша жұмыс жүргізу де қызыққа толы. Ұсынылған немесе өздігінен таңдап алынған тақырып бойынша оқушылар теориялық материалдарды жинақтайды, зерттеулер жүргізеді – тәжірибеде растау, үлкен қызығушылықпен эксперименттік жұмыстарды жүргізеді, жүргізілген бақылауларын сатылар бойынша күнделікке енгізіп отырады. Педагог тек қана әрекетті бағыттайды, мүмкін рәсімделуі онша сауатты емес жұмысты түзетеді, нәтижеге жетуге ынталандырады.

Бастысы, оқушы өз білімдерін практикада пайдалана алуы. Оқушыларды психологиялық инерцияны жеңіп шығуға,заттар мен құбылыстарға жаңа көзқараспен қарай білуге,ерекше, тіпті кейбір кездерде пародоксалды, бірақ сонда да дұрыс шешімдерге жағдайлар жасауға үйретіңіздер, сол кезде ғана олардың барлығы жаңа ашылулар жасай алатын «дарындыларға» айналады.[30]

 

 

2 бөлімге қорытынды:

Зерттеумен айналысу оқушының жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағдыларын дамытады және оқушы өзі үшін «жаңалық» ашады. Зерттеу әрекеті баланы дамытады және ол шығармашылық арқылы көрініс табады. Зерттеу дағдысын қалыптастыру психологтардың айтуы бойынша жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту мен дамуы үшін өте маңызды. Оқушының зертеушілік дағдысының қалыптаспауы тұлғаның кез келген қиындықты жеңе алмауына, мәселені шешудегі дәрменсіздікке әкеледі. Оқушының қабілетін айтпаса, дамытпаса өз мүмкіндігінен төмен оқуына әкеп соғады. Зерттеу жұмысы күнделікті қолданыста көбінде жаңа білімді меңгеру үрдісі, яғни адамның танымдық әрекетінің бірі ретінде түсініледі. Білім берудің теориясы мен практикасы көз қарасынан қарағанда ғылыми зерттеу қызуғышылық туғызады.

Date: 2016-05-23; view: 584; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию