Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан – «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастырушы ел





ЭКСПО – Бүкіләлемдік әмбебап жетістіктер көрмесі. Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер тарихы 1851 жылы Лондон қаласында өткізілген «Барлық халықтардың өнеркәсіптік еңбектерінің ұлы көрмесінен» бастау алады. Бір сәт зейін салып, ойланып көрейікші, барлық халықтардың еңбектері жетістіктерінің ұлы көрмесі! Яғни, енді бір жылдан кейін егемен еліміздің елордасы – Астана қаласында адамзат ақыл-ойының қазіргі күнге дейінгі қол жеткізген жетістіктерінің озық үлгілері паш етілетін болады.

Дүниежүзілік шаралар тұрғысындағы өзін­дік маңызы жағынан бұл көрме осы уақытқа дейін Астана қаласында өткізілген жаһандық оқиғалардың ешқайсысынан артық болмаса, кем емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев: «Өзінің ауқымы жөнінен ол Дүниежүзілік экономикалық форум, ал туристерді тарту жағынан Олимпия ойындары немесе футболдан өтетін әлем чемпионатымен бара-бар шара болып табылады. Оның үстіне бұл – Қазақстан экономикасының болашақ дамуына үлкен септігін тигізетін, дүниежүзілік тәжірибелерді Қазақстанға алып келетін, елімізге инвестицияны еселеп тартуға ықпал ететін шара», деп атап көрсеткен болатын.

2012 жылы Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) штаб пәтері орналасқан Париж қаласында осы бір беделді халықаралық ұйымға мүше 161 мемлекеттің 100-ден астамы дауыс беріп, Қазақстан елордасы – Астана қаласы 2017 жылғы Бүкіләлемдік көрмесін өткізетін орталық құрметін жеңіп алды. Содан бері елімізде Мемлекет басшысы «Ұлттық жоба» деп атаған осы бір жаһандық шараны өткізуге әзірлік жұмыстары бастал­ған еді. Биылғы жылғы 11 маусымда Парижде ХКБ Бас ассамблеясының 155-ші сессиясы өтіп, қалып­тасқан дәстүр бойынша осы сессияда «Астана ЭКСПО-2017» Бүкіләлемдік көрмесін ресми түрде тану және ХКБ ұйымының туын 2017 жылы осы әлемдік шараны өткізетін ел – Қазақстанға сал­танатты түрде тапсыру шарасы болып өтті. Сөйтіп, Астанадағы болашақ көрме қалашығы құрылыс алаңында Халықаралық көрмелер туы желбіреді. Елордамызда Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесі қалашығының құрылысы заңды түрде бастау алды.

Қала күні мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылысымен танысып, осы ғасыр құрылысын салу міндеті сеніп тапсырылған мердігерлік құрылыс ұйымдарының басшыларына ерекше жауапкершілік және келелі міндеттер жүктеді. «Бұл – әлемдік ауқымдағы ірі шара. Бүкіл әлемге өз мүмкіндіктерімізді көрсету үшін сіздерге, мердігерлерге оның дайын­ды­ғына қатысуға сенім білдірілді. Сіздер өз қабілет­тері­ңізді өзге нысандарда дәлелдедіңіздер. Отан­дық компаниялар, сондай-ақ, біздің елімізде жұ­мыс істейтін шетелдік мердігерлер бұған дейін еш­қашан ұятқа қалдырған емес, қазір де бәрін уақы­тында және сапалы атқаруға тиіс», деп атап көрсетті осы кездесуде Президент.

Енді 2017 жылы елордамызда өтетін Халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы» болып отыр. Жұмыр жерді мекендейтін 7 миллиардтан астам адамзат планетамызда энергетикалық тапшылықтың күннен-күнге белең алып бара жатқанын, барған сайын сұранысы артқан экономика үшін энергия өндірудің экологияны тығырыққа тірегенін ашық мойындап, ұрпақ болашағы балама қуат көздеріне тікелей байланысты болатынын күн тәртібіне барынша батыл қойып отыр. Ендеше, «Астана ЭКСПО-2017» аясында адамзат ертеңінің негізін айқындайтын энергетикалық қуат көздерінің болашағы шешілмек.

Өркениет өріне ұмтылған адамзаттың ақыл-ойы әлемге барлық ұлттар жетістігін паш ететін ұлы көрмені берді. Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесі өзінің 160 жылдан астам тарихында өркениет шежіресіне алтын әріптермен жазылған сәулет өнерінің жауһарларын қалдырды. ЭКСПО мұралары – Лондондағы Хрусталь сарайы; Париждегі Эйфель мұнарасы; Париждегі Александр ІІІ көпірі; Лион вокзалы; Венадағы Ротонда – әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон; Мельбурндегі патшалық көрме павильоны нақ осындай мәңгілік өнер ескерткіштері болып табылады. Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік мамандандырылған көрме қалашығында да әлем ғажайыптарының санатына қосылатын ЭКСПО мұрасы – көрме символы нысанының бой көтеретініне сенеміз.

Астанада 2017 жылы ЭКСПО көрмесін өткізу елорданың, жалпы бүкіл еліміздің экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін береді. 2017 жыл Қазақстанның бас қаласы – Астана үшін айрықша айтулы жыл болмақ. Бұл жылы Астана қаласының 20 жылдық мүшел тойы аталып өтіледі. Арқа төсіндегі ару қала төрткүл дүние көз тігетін жаһандық оқиға алаңына айналады. Яғни, 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында көрмеге әлемнің 100 елі мен 10 халықаралық ұйымнан 5 миллионға тарта турист келмек. Бұл Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделін бұрынғыдан да арттырып, Астананың атағын тағы да жаһанға жария етеді.

 

Date: 2016-05-23; view: 1259; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию