Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан Республикасы дамуының 2003-2015 жж. индустриалды-инновациялық бағдарламасы





Инновация – бұл қашанда сезгілікті тауар өндірісі өсіміне әкелетін, пайда мен бәсекеге қабілеттілікті күрт ұлғайтатын идеялар тоғысы мен бизнес. Бүгінде Қазақстанға инновациялық қызметтің «жарылысы» қажет. Бизнес перспективалы жобаларды іздеп, оларды жүзеге асыру үшін бейімделуі және жұмыс істеуі тиіс. Инновациялар ұлттық экономиканың бәсекегеқабілеттілігін анықтайтын негізгі фактор ретінде айқындалады.

Қазақстанның алдында экономиканы жеделдете модернизациялау, индустриалды-инновациялық бағытта дамыған экономикаға жету міндеті тұр. Қазіргі Қазақстанның инновациялық дамуы шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясын (ары қарай – Стратегия) іске асырудың бірінші дайындық кезеңін бағалай келе (2003-2005 жж.) оның сәтті өткенін айтуға болады: заңнамаға қажет өзгерістер енгізілді, дамудың салалық бағдарламалары әзірленді, ғылым, білімді, сәйкес мамандарды дайындауды қаржыландыру көлемдері анықталды. Сонымен бірге даму институттары құрылды, олар арқылы мемлекет бағдарламаға өз қатысуын жүзеге асырады.

Жалпы даму институттарының қызметі оң нәтиже берді. Даму институттарының инвестициялық жобаларды іске асыруға салатын әр долларына басқа қаржыландыру көздерінен екі доллардай инвестиция келеді, бұл Стратегияны жүзеге асырудағы даму институттарының нақты қосқан үлесі болып табылады.

Стратегияның бірінші кезеңін орындау нәтижесінде елде индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның маманданған объектілері құрылды, олардың жұмысы ең алдымен кәсіпкерлік қызметті ынталандыру мен жаңа өндірістерді құруға бағытталған болатын.

“Ақтау теңіз порты”, “Астана – жаңа қала”, “Ақпараттық технологиялар паркі” арнайы экономикалық аймақтары (ары қарай – АЭА) қызмет жасайды. “Оңтүстік” АЭА құрылысы іске асуда. Қарағанды облысында және Астана қаласында индустриалды аймақтар құрылды, олардың аумақтарында жоғары-технологиялы өндірістердің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, “Ақпараттық технологиялар паркі” АЭА аумағында 21 компания жұмыс жасайды, парктегі өндірілетін өнімнің жалпы көлемі 928 млн. теңгеге жуық.

“Ақтау теңіз порты” АЭА белсенді дамып келе жатыр. Оның аумағында өнеркәсіптің өңдеуші секторында 348,3 млн. АҚШ доллар сомасына жобалар іске асырылды, 1584 жұмыс орындары құрылды. Стратегия аясында жүзеге асқан қызықты жобалардың ішінен 2007 жылғы желтоқсанда берілген Павлодар қаласындағы Қазақстандық электролиздік зауытын атап өтуге болады.

Автомобиль өнеркәсібінің кәсіпорындары пайда болды, осылайша Өскеменде «Шкода» жеңіл автомобиль шығару бойынша автоқұраушы зауыт ашылды, Көкшетау қаласында «Камаз» жүк көліктерінің өндірісі ұйымдастырылды, Семейде автобустар жинау бойынша жоба жүзеге асырылуда. Тоқыма кластерін құру бойынша жұмыстар аясында әлемдік стандарттарға жауап беретін озық технологияларды қолданатын бірқатар тоқыма кәсіпорындары құрылды.

Шикізаттық емес секторды дамыту мақсатында жалпы салықтық жүктемені азайтуға бағыттталған салықтық заңнамаға өзгерістер енгізілді, инвестициялау шарттарын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Жалпы Стратегияны іске асыру жылдарында өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі нақты шамада 38,4%-ға, ал абсолютті шамада 1 189,38 млрд. теңгеге өсті.

Қазіргі таңда еліміз экономиканы диверсификациялау және өнеркәсіпті модернизациялау бойынша жобаларды жүзеге асырудың нақты міндеттерін қойған осы Стратегияның екінші кезеңінің аяқталуы қарсаңында тұр (2006-2010 жылдар). Бұл кезеңде ЖҰӨ құрылымы, негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар, экспорт құрылымы өзгерісі қарастырылған және жеке сектордың мүдделерін зерттеуді, іріктелген индустриалды-иннвовациялық жобаларды жүзеге асыруда қатысушы-инвестиция салымшыларын табуды, сәйкес мамандарды дайындау көзделген. Қазіргі уақытта экономиканы жетілдіру бойынша мемлекеттік комиссия құрылған, инвестициялық жобаларды іріктеу және ілгерілету бойынша мемлекеттік органдар, холдингтер және бизнестің өзараәрекеттесу жүйесі қалыптасқан

 

 

Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы 2012 ж. 14 желтоқсан.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қазақстан – 2030» стратегиясының негізгі қорытындылары шығарылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиялық бағыттары белгіленген болатын. Еліміздің ендігі міндеті – қол жеткенді сақтай отырып, ХХІ ғасырда ұлттық экономикамыздың өсуін, орнықты дамуын жалғастыру. Елбасы Жолдауда жаңа ғасырдың жаһандық 10 сын-қатеріне айрықша тоқталды. Олар Қазақстан үшін де, әрбір өңір үшін де жаңа табыстарға жету жолында мұқият ескерілуі керек. Биылғы Жолдау мемлекет дамуының 2050 ж дейінгі даму стратегиясын белгілеуімен ерекшеленеді. «Біздің басты мақсатымыз – 2050 ж қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде беделді қоғам құру. Қазақстан 2050 ж қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы тиіс»деп меже қойды Елбасы. Осы тұрғыда аудан бойынша нақты істерге тоқталар болсақ, өңірдің өсіп, дамуы үшін елді мекендерді газдендіру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша инвестициялық жобалар жоспарлы іске асырылуда. Осы орайда алға қойылып отырған міндет – бюджет қаражатын өз мүмкіндігіміз шегінде ғана шығындау және тапшылықты барынша қысқарту, бюджет қаражатының ысырап болмауын басты назарда ұстау. Жергілікті бюджеттің кіріс болжамын орындау, қосымша салық базасын кеңейту жөнінде биылғы жылғы жұмыстарға талдау жасап, нақты ойластырылған шараларды белгілеу, ауыл шаруашылық саласында мал тұқымын асылдандыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру – маңызды іс. Шағын мал бордақылау алаңдары жобасын іске асыруға ниет білдірушілер, асыл тұқымды бұқалар сатып алушылар бар. Сонымен бірге ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу жұмыстары кенже қалып отыр. Күні бүгін көкөніс түрлері толықтай басқа жерлерден тасымалданып әкелінеді. Бұның өзі оның бағасының жоғары болуына әсерін тигізуде. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша алға қарай кәсіпорындар ашудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлау еңбек нарығына бейімделген жүйе бойынша жүргізілуі керек. Елдің барлық аумағында сапалы да қолжетімді медициналық қызмет көрсету, білім беру саласына басымдылық бере отырып, жетілдіру міндеттері қойылды. Дәрігер кадрларды дайындау, басқа жерлерден кадр тарту, оларды тұрақтандыру үшін әлеуметтік пакеттерді іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізу міндеті тұр.

 

 

Date: 2016-05-23; view: 1390; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию