Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақтардың Орал мен Торғай облыстарындағы (1868-1869) және Маңғыстаудағы (1870) көтерілістері





«Уақыт­ша ере­женің» енгізілуі Ор­та жүзде қар­сы­лыққа кез­деспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қам­ты­ды. Зерт­те­уші Н. А. Се­реда Орал об­лы­сын­дағы ашу-ыза­ның се­бебі «ха­лық пен ре­фор­ма­лар­да» емес, қазақтар­ды сұлтан­дар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі ха­лықтың ашу-ыза­сын туғызған фак­торлар­дың бірі үкіметтің фис­калдық са­яса­тының қатай­ты­луы еді. Оның үстіне қатар­дағы көшпелілер мен ауқат­ты от­ба­сылар бірдей міндет­керлік атқар­ды. Мұның өзі пат­ша өкіметінің қазақ қоғамы­ның ар­тықшы­лықта­ры, топ­та­ры жөніндегі қамқор­шы­лық са­яса­тының көрінісі бол­ды; са­лықтар мен басқа да міндет­керліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай об­лыста­рын­да ха­лықтық бой көрсе­тулердің бас­та­лу­ына түрткі бол­ды.Пат­ша «Уақыт­ша ере­жені» мақұлдаған­нан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзе­ге асы­рыла бас­таған са­лық са­яса­тына қазақтар­дың на­разы­лығы 1868 жылғы қара­шаның аяғына қарай қару­лы қар­сы­лыққа ұлас­ты. На­шар қару­ланған, бірақ жер жағдайын та­маша білген көтерілісшілер­ге қар­сы қимыл­даған шағын ка­зак шолғын­шы­лары олар­дың те­ге­урінін әлсіре­те ал­ма­ды.Қару­лы бой көрсе­тулер шек­тес екі об­лыстың бірқатар аудан­да­рын­да бір мезгілде дерлік бо­луы се­бепті тұрақты бөлімдер аз болған кез­де қазақтар­дың нақты күштерін ұтым­ды бөлу қиын бол­ды. Оның үстіне көтерілісшілер өздерінің бы­тыраңқы жа­сақта­рын үкіметтің өзін-өзі қорғай­тын күштерімен жеткілікті қам­та­масыз етілген ірі әске­ри-тірек бе­кет­теріне қар­сы емес, қай­та қазақ ауыл­да­рына ка­зак от­рядта­рының қорғауымен жа­сыры­нып жүрген жеккөрінішті стар­шындарға, бо­лыс­тарға қар­сы бағыт­та­ды.Көтеріліс Орал об­лы­сының солтүстік-ба­тыс аудан­да­рын, атап айтқан­да, бұрынғы ха­лық көтерілістері бойын­ша да отар­шылдыққа қар­сы қозғалыс­тарға бел­се­не қатысқаны аңғарылған жа­уын­гер та­бын, шекті ру­лары­ның қоныс­та­рын кең қам­тыған. Бұл жо­лы да та­бын­дар ре­фор­ма­дан кейінгі ке­зеңдегі отар­шылдыққа қар­сы күрес­ке еле­улі үлес қос­ты. Отар­шылдық өкімет орын­да­ры көтерілістің шек­тес екі да­лалық об­лыс аумағына қанат жа­юының шын мәніне бой­лап жат­пай, мұның се­бебін бар­лық уақыт­та хи­уалықтар­дың ықпа­лы деп білді.

XIX ғасыр­дың 60-жыл­да­рына дейін Хи­уа үкіметі Ре­сей­ге ба­рын­ша адал­дық көрсетіп, оны­мен ең ал­ды­мен өза­ра тиімді са­уда қаты­нас­та­рын жа­сап отыр­ды.

Маңғыс­та­удағы көтеріліс (1870 ж.) «Уақыт­ша ере­же» Маңғыс­та­уда 1870 жы­лы енгізілді. Пат­ша әкімшілігі Маңғыс­та­удың негізгі халқы – адай руы «Уақыт­ша ере­жені» күрессіз қабыл­да­май­ды деп қауіптенді және оны жүзе­ге асы­ру үшін неғұрлым қолай­лы жағдай­лар­ды күтті.Маңғыс­тау прис­та­вы под­полков­ник Ру­кин да­ла тұрғын­да­рының қиын жағдайымен са­нас­пай, адай­лар­дан 1869–1870 жыл­дар үшін шаңырақ алы­мын жаңа та­риф­ке сәй­кес де­реу енгізуді та­лап етті; көпте­ген жергілікті тұрғын­дар, со­ның ішінде Бо­зашы түбегінің ба­лықшы жа­тақта­ры Ру­киннің та­лабын орын­да­удан бас тарт­ты. Адай­лар­дың жай­лауға көшуін күштеп тоқта­туға ты­рысқан Ру­киннің ой­лан­бай жа­саған әре­кет­тері жер-жер­де көтерілістің бас­та­лу­ына се­беп бол­ды. Көтерілісшілердің же­текшісі Иса Тілен­ба­ев қалың бұқараға бас­шы­лық ету­де ше­берлік және жа­зала­ушы­лар­мен келіссөздер­де дип­ло­мати­ялық әдептілік та­ныт­ты. Көтерілісшілер сәуір айының ба­сын­да Ни­кола­ев ста­ница­сына, Алек­санд­ровск фор­ты­на ша­бу­ыл жа­сады, алай­да олар сәтсіздікке ұшы­рады. Пат­ша­лық өкімет орын­да­рын көшпелілердің ба­тыл­дығы қорқыт­ты, мұның өзі олар­ды қосым­ша әске­ри көмек сұрауға мәжбүр етті; Кав­каздан тың күштердің ке­луі күштердің арақаты­насын өзгертті. Қозғалыс­ты ба­суға бас­шы­лық жа­сау қолы­на шоғыр­ланды­рылған граф Ку­та­исов «ең жа­байы, дөрекі және жа­уын­гер қазақтар­ды» ты­ныш­танды­рудың өз жос­па­рын ұсын­ды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ ша­ру­ала­ры өз қатар­ла­рын берік біріктіру­ге қол жеткізе ал­ма­ды, мұның өзі са­ны жөнінен бол­ма­шы жа­зала­ушы от­рядтар­дың ха­лық қар­сы­лығының негізгі ошақта­рын тұншықты­ру­ына мүмкіндік берді; қазақ ша­ру­ала­рының ру­лық тар өрістері мүдде­лері отар­шыл им­пе­ри­яның әске­ри құра­мала­рының өзінің ұйым­да­суы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жа­сақта­рын­дағы тұрақта­ма­ушы­лықты туғыз­ды. Көтеріліс шағын си­пат­та болғаны­мен, оның ге­ог­ра­фи­ялық шеңбері тым ауқым­ды бол­ды – бүкіл дерлік Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан­ның бір бөлігі қазақ ша­ру­ала­рының бой көрсе­тулерімен қам­ты­лып, «Уақыт­ша ере­женің» жүзе­ге асы­рылу­ын қиын­датты

 

 

Date: 2016-05-23; view: 1683; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию