Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан жерінде





Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б

Шежіреде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға «қажетті адамдардың, аттардың, салық пен малдың санын» есептеу мақсатында ойықтар (белгілер) салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константинопольге II Юстиниан императоры сарайына келген түрік елшісі соғды Маниах қағаннан «скиф жазуымен» жазылған хатты әкелген. Онда соғды тілінде жазылған жазу бар.Руна әрпі пайда болғанға дейін түріктер соғды әліппесін кеңінен қолданған, ол Түрік қағанатының бірінші есми жазуы болды.

Жаңа жазба – көне түрік әліппесі – түріктердің арасында VII ғ бірніші жартысында пайда болған. Әліппе алғашқыда бір – бірінен бөлекм жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 әріптен тұрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға (жырып не ойып жазуға) қолайлылығымен ерекшеленеді. Руна ғаріптері түркі тілінің ерекшеліктерін дәл бере білді.

Көне түркі мәдениетінің ең таңғаларлығы жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы дер едік. Білге – қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады.

Б з I мыңжылдығының ортасында Қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі. Олар үш топқа бөлінді:

1. Бұлғар- хазар.

2. Батыс- түрік (оғыз).

3. Қарлұқ.

VIII-X ғ. Батыс- түрік тілдер тармағынан Қимақ-қыпшақ тілдер тобы бөлінді. Оңт. Қазақстан халқы монғол-қидан, соғды, сирия, араб тілдерінде сөйлеген.

· Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды (VI ғ. II жартысы). Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері – Солт. Монғолиядан, Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынын табылған тастағы жазулар. Бұл жазулар Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне жазылған.

· Көне түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғ. 20 –жылдарында Енесей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф. Страленбрг ашқан. Жазу скандинавиялық руна жазуынп ұқсас болғандықтанируна жазуы деп аталады. 1889 жыл- Н.М. Ядринцев Солт. Монғолияда, рхон өзені аңғарынан руна жазуы бар тас тапты.

· 1893 жылы 15 желтоқсан – дат ғалымы В. Томсон руна жазуын тұңғыш оқыды.

Руналық жазулар сипаты:

- Маңызды зор тарихи құжаттар.

- Әдеби көркем шығарма.

- Шешендік өнердің және батырлық туралы ауызша әңгіме дәстүрлерін сақтаған саяси проза.

Қазақстандағы руналық ескерткіштер Талас аңғарынан табылды.

VI-X ғ. Руна жазуымен қатар соғды жазуы және сирия, ұйғыр алфавиті болған. VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды. VIII-X ғасырларда Сырдария алқабында қыпшақ-оғыз арасында «Қорқыт ата» эпосы тарады.

Қоқыт ата – қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған атақты жыау, күйші, ойшыл.Қорқыт ата кітабын тұңғыш зерттеуші неріс ғалымы Н.Ф.Диц қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққанын және оны көп халықтардың әулие тұтатынын айтады.

«Оғыз-нама» эпосы ел арасында кең таралып, XIII ғасырда - Рашид -ад –дин, XVIII ғасырда – Әбілғаы көшірген. «Оғызнама» жырында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалды.

VII ғасырда жазба әдебиет шыққан. IX-XII ғасырларда ислам дінінің таралуына байланысты әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды.

Жүсіп Баласағұни Xiғ. 1069 жылы «құтты білік» дастанын жазуға 30 жылын арнап, 1 жары жылда жазып шыққан. Дастанда өмір сүген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяи тұжырымы берілген. Бақытт болудың негізі – білім еп түйңндейді.

Махмұт Қашңари XI ғ. 1072-74 жыдары жазылған «Диуани лұғат ат –түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі») атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығама - түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет –ғұрпы, тілі туралы тарих дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклоедиясы атанды.

Қожа Ахмет Йассауи XII ғ. Сайрамда дүниеге келіп, Йассыда өмір сүрген. Ұстазы Арыстан Бабтан тәлім алып, илам діні уағыздаушы – сопы. «Диуани Хикмет»(«Даалық кітабы») шығармасы – тарихи, этнографиялық, әлеуметтік, тілдік дерек.

Сүлеймен Бақырғани. XII ғ (Хакім ата). Ахме Йассауидің шәкірті, Йассыд 1104 жылы дүниеге келген. 1186 жылы Бақырған қыстағында қайтысболды. «Дүниенің ақыры» («Ақыр заман») еңбегінде тәңірге сенуді уағыздайды. «Диуани хикмет» және «Дүниенің ақыры» еңбектері жүздеген жылдар бойы Орта Азия мен Қазақстанның медреселерінде оқулық ретінде пайдаланады.Ахмет Жүгенеки. XII ғ. Йассы маңындағы Жүгенек деген қыстақта дүниеге келген. Араб, парсы тілдерін меңгерген. «Хибат ул хакайк» («Шындық сыйы») дастаы 14 тараудан, 235 өлеңнен тұрады: білім, әдеп, адамгершілік, еңбек туралы.

Әбу Насыр әл-Фараби. IX-X ғ (870-950жж) Фарабта (Отырар) дүниег келіп, Бұхар мен Шашта, Бағдатта бім алған. Өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізді. Ол – энциклопедист ғалым. Ғылымының барлық салаларын меігеріп: 50-ге тарта трактаттар жазды. «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы», «Қайырымды қала тұрғындарыныңкөзқарасы туралы», «Жұлдыз бойынша болжаулар», «Ваккум туралы трактат», т.б. Әсіресе философия ғылымындағы еңбегі ерекше. Грек ғылымын меңгеріп, Пифагор, Архимед, Аристотель, Евклид, Птоломей шығармаларын сол тілде оқыған. Аистотельден кейінгі екінші ғұлама атанған.

Әбу Райх Бируни. X-XI ғ (973-1050). Астроном, математик, географ, геолог, философ, тарихшы, дәрігер, ақын. 22 жасында әйгілі ғалым ретінде танылып, парсы, араб, грек, үнді тілдерін меңгерген, 150 еңбек жазған. «Ежелгі халықтардың хронологиясы», «Астрономияның кілті» т.б. Бируни тұңғыш рет жердің күнді айналып, қозғалатыны жөнінде болжам айтты. Планеталардың қозғалу заңдылықтарын анықтады. Жер глобусының пішінін жасап, 600-ден астам қалалардың координаталарын анықтады. Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтқан.

 

 

Date: 2016-05-23; view: 1461; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию