Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зербайжан Республикасы





Кавказдың оңтүстік - шығысында орналасқан мемлекет. Негізгі заңы - 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы - президент. Жоғарғы заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Милли меджлис, 125 депутаттан тұрады). Атқарушы үкіметтің жоғарғы органы - Министрлер кабинеті, оны премьер-министр басқарады.

Азербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік -батысында Армениямен және Туркиямен, оңтүстігінде Иранмен шектеседі. Астанасы - Баку (Бақы) қаласы. (1,1 млн адам).

Жер көлемі - 86,6 мың ш.ш. Халқы - 8,14 млн адам. Халқының 83% -і азербайжандар. Халықтың жоғары өсіміне байланысты Азербайжанда - 11 адам. Шаруашылықтағы жұмыспен қамтылған халық саны Азербайжанда 2,9 млн адам. Мемлекеттік тілі- азербайжан тілі. Халқы, негізінен, ислам (шеййт пен суннит ағымдары) дінін ұстанады.Президенті - Ильхам Алиев.

Табиғаты.Әзербайжанның жер бедерінің 2/3 Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабах жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері - Базардюзю (4466 м). Үлкен жэне Кіші Кавказ таулары аралығында Кура- Аракс алливийілі ойпат орналасқан. Талыш тауының етегін бойлай Ленкоран ойпат жатыр. Үлкен Кавказ таулары, негізінен мезозой тақтатасынан, саздан, қүмтас пен эктастардан, Кіші Кавказ таулары мен Талыш таулары кайназой эрасының жанартау текті шөгінді жыныстарынан түзілген. Климаты қоңыржай белдеу (Кура-Аракс ойпатында) мен субтропикалық белдеуі (Ленкоран ойпаты) қүрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 0°С-тан 3°С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25-27°С. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200мм, тау-беткейлерінде 1400мм, ал Ленкоран ойпатында

Қара металлургия өнеркәсібі -Азербайжан құбыр-шойын заводы (Сумгаит қ). Бұл зауытта әр қайсысының болат қорыту мөлшері 150 т құрайтын алты мартен пештері, 0,82 млн т қуатты шойыннан болат қорытатын блюмингтер, 0,7 млн т қуаты бар құбыр жасау және үш құбыр прокаттары бар. Зауыттың мұнай өнеркәсібі үшін үлкен көлемде құбыр шығаруға мүмкіндігі болған. Қазіргі таңда оның өнімін елде шектеулі көлемеде тұтынады. Үшінші өнеркәсіп -кішігірім Бакин болат қорыту зауыты, мұнда негізінен болат мемлекеттің машина жасау зауыттары үшін шығарылады. 1991 жылдың өзінде Азербайжанда 0,5 млн т болат шойыны шығарылған. 1995 жылдан бері елдегі болат пен шойын өндірісі көлемінің мәліметтері олардын өнеркәсіптері туралы сипаттама жасауға мүмкіндік береді.1999 жылы Бакуда ірі арматура зауыты жаңа іске қосылды.

Түсті металлургия.Елдегі түсті металлургия алюминий жэне т.б түсті металдардың өндірілуімен сипатталады. Алюминий өндірісін бақылау үшін «Азералюминиум» мемлекеттік компаниясы құрылды. Бұл саланың өнеркәсіптерін ұзақ уақыт бойы бірінен соң бірі шетел компаниялары басқарып отырған.

Азербайжанда сиенитті өндіруге болады, оларды глиноземге айналдырады, кейін одан біріншілік алюминий алады. Сиениттердін өндірісін Дашкесан қаласындағы Заглик тау-кен басқармасы жүргізеді. Өндірілгген барлық шикізат Гянджий глинозем зауытына өндеуге жіберіледі (қуаты 600 мың т глинозем жылына), мұнда одан және импортты бокситтерден төмен сортты глинозем, күкірт қышқылын және калий сульфатын шығарады. Белгілі мәліметтер бойынша, Азербайжанда өндірілген глиноземдардың жартысын ресейлік компания «Руский алюминий» сатып алады, қалғанын Сумгаит алюминий заутына жібереді. Бұл технологиялық тізбек кеңестер уақытында қалыптасқан.

2001 жылы біріншілік алюминий өндірісінің құны 250 млрд манатты қүраған. Қазіргі уақытта елдегі бүл саланың жетекші инвесторы болып голландиялық басқармалық компания «Ғопёеі Меіаі Рагіісіраііоп» саналады. Тақаудағы бес жылда компанияның жоспары бойынша 500 млн долл. дейінгі инвестиция арқылы біріншілік алюминий өндірісі 300 мың. т, ал глинозем 400 мың. т. дейін өседі. Бүл үшін барлық алюминий цехтарын іске қосу және Сумгаит немесе Гянджада орналасатын, қуаты 150-200 мың. т құрайтын жаңа алюминий заводының қүрылысын бастау жоспарланған. Қазіргі кезде қызмет ететін Гянжий глинозем зауытын толық көлемде қызмет етеді. Бірақ компанияның жоспарлауынша олар болашақта қуаты 100 мың. т құрайтын жаңа глинозем зауытын құрмақ жэне егер де нарықтағы алюминий бағалары төмендемесе, қуаты 60 мВт құрайтын жылу электр станцияларын қайта іске қоспақ. Азербайжандағы алюминий саласында үлкен қызығушылықты ресейлік компаниялар туындайды, бірінші орында «Сибирския алюминий».

2000 жылдың аяғынан бастап «Алтын конракт» негізінде азербайжан компаниясы «Азерқызыл» мен америка компаниясы «Ар Ви Инвестмент Груп сервис из Эл-Эл-Эс» жүзеге асырылмақ. Келісімнің бірінші кезеңінде американ компаниясы 40 млн долл. енгізуді шепікен, бұл қаражат таңдалған жерлерді тексеру мен оларда қажетті көлемде металл шикізатының болуын анықтауға қажет. Келешекте өндірілетін рудаларды өндеу үшін байыту комбинатын және қуаты жылына 10-20 т алтын жэне 60-70 т күміс құрайтын аффинаж зауыты, ал мыс қорыту үшін Шамкир ауданында металлургиялық комбинат салу жоспарланған.

Келісімнің басты мәселесі -Сойитличай алтын кенорны, ол Кялбаджар ауданында орналасқан. Армения бойынша, бұл кенорын аты Зод және ол оларға тиесілі. Армяндар бұл кенорынды американың «Глобал Голд Корпорейшн» бірігіп, игеруін бастаған.

Азербайжанда -Гянджан жэне Бакуда -машина жасау өнеркәсібінде тұтынылатын түсті металлдарды өндейтін және одан латун, мыс, алюминий,шойын шығаратын екі кішігірім зауыт бар. Мемлекеттің көптеген машина жасау зауыттарында түсті металлдарды өндейтін цехтары бар. Бүгін елдін барлық түсті металлургиясы, алюминийдан басқасы, төмен деңгейде жұмыс істейді және шетелдік инвесторларды күтуде, олар өнеркәсіптердін жиналған қарыздарын, салықтарын, төлем ақыларын төлеп, өндірісті қайта жандандырып және ескірген техника-құралдарды жаңарту керек.

Отын энергетикасы -Азербайжанда шаруашылықтың орталық буыны - отын-энергетикалық кешені, оның басты буыны - мұнай өндіру (Каспий қайраңы) және қайта өңдеу (Баку) Біріншісі - көмір сутегі шикізатын органикалық түрде синтездеп шығару. Мұнда «Оргсинтез» (Сумгаит) комбинаты төменгі бензин және керосин, синтетикалық каучук т. б технологиялық қайта өңдеу нәтижесінде дайын өнімді шығарады. Екінші топта - хлор жэне фосфорды қайта синтездеу. «Супер фосфат зауыты» қымбат фосфор астық тұзын және фосфор органикалық қосылыстарды (ядохимикаттар мен гербицидтер) өңдеп шығарса, ал «Химпром» хлор органикалық өнімдерді технологиялық өңдеуден өткізеді. сонымен қатар мемлекет қалаларынан басқа химиялық өнеркәсіп ішінен пластмассаны қайта өңдеу мекемелерін байқауға болады.

Машина жасау өнеркәсібі.Азербайжан машина жасау зауыттары әртүрлі қырына және қуаттылығына қарай кең көлемде таралған. Соның ішінде әсіресе электротехникалық өнеркәсіп, мұнай машина жасау, және прибор жасау кәсіпорындары ерекшеленеді. Әсіресе мұнай өнеркәсібіне қажетті машина, механизм, запас бөлшектерді жасау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сонымен қатар электрлік мотор шығару, кіші және орта электрлік еріткіш пештері, тұрмыстық кондиционерлер, тоңазытқыш, электрламп, т.б өндіреді және машина жасау зауыттарында мұнай өнеркәсібінде өртке қауіпті ортада қолданылатын, яғни жарылғанда зиянсыз электр моторын жасап шығарады. Машина жасау кешені негізінен Бакуде, Сугмаитте, Нахичеван қалаларында шоғырланған.

Жеңіл өнеркәсіп.Азербайжанда жеңіл өнеркәсіп бірнеше салаларға бөлінеді: мақта тазартушы, натуралды жібек маталарын өндіру жэне сапалы кілем өндіру. Бұл мемлекетте мақта тазарту зауыттары жылына 300 мың.тн таза мақта өніреді, олар негізінен кіші қалаларда (Горадиз, Евлах, Барда,Уджары, Сальяны) шоғырланған. Жақсы өнім алған жылдары 500мың.тн мақта өнімін өңдеп шығарады жэне оны тазартқаннан кейін негізгі бөлігі басқа ТМД елдеріне, бірінші кезекте Орталық Ресейге жіберіледі. Сапалы кілем - Азербайжанда ең негізгі ерекше өнім болып табылады. Бұл мемлекетте кілемді қолмен және машинамен тоқу ерте кезден қалыптасып жатқан өнім. Сапалы кілемді Закавказ елдері жэне Иран тұтынады.

4.Агроөнеркәсіп кешені. Азербайжанда ауыл шаруашылықпен мамандануы елдің табиғи, климаттық жағдайына байланысты және сауда айналымындағы қиындықтар шығарылатын ауыл шаруашылық шикізаты азық-түлік өніміне негізделген. Барлық жер көлемі6,8 млн га болса, оның ішінде 4,6 млн га ауыл шаруашылыққа арналған. Оның ішінде 2,5 млн га. жайылым және шабындық кұрайды,тек 1,7 млн га ғана егістік алып жатыр. Азербайжанда өсімдік шаруашылығы дала, құрғақ және ылғалды субтропиктік зонада аз көлемде дәнді-дақыл шығару тән.

Азербайжанда Кура ойпатының суармалы жерлерінде мақта, күріш, бидай өсіріледі. Закавказьенің тау бөктерлерінде жүзімнің жартысы жиналады, бау-бақша мен тұт ағашын өсірумен, жүзім және шай өндіру шаруашылығымен айналысады. Негізгі шаруашылық көзі мемлекетте шие, гранат, құрма, жаңғақ, маслин иеленеді, Соңғы жылдары мал шаруашылығында елеулі өзгерістер болды. Мемлекетте шошқа және тауық өсіру, қой және ешкі өсіру бірнеше есеге көтерілді.

5.Транспорттық кешен.Азербайжан транспорттық және желі (сеть) саласында қазіргі заманға сай коммуникациялық жетістіктерге жетіп отыр. Темір жол арқылы мемлекет 2,1 мың км, оның ішінде электрлендірілгені 1,2 мың км құрайды. Темір жол арқылы Ресей,Грузия, Иран, Армения мемлекеттерімен байланысады. Соңғы уақыттарда темір жол қатынасы аз қолданылуда.

Азербайжанда қазіргі таңда маңызы зор автомобиль жолының ұзындығы 25 мың км құрайды. Жүк автомобилі соңғы уақытта күрт өсуде. 20% жүк автомобиль жэне 70% автобус жеке меншік ретінде қолданылады. Мемлекет аралық қозғалыста негізінен автобус - Дагестан арқылы Ресейге байланысады. Жүк машина екі жолмен Бакуге Акстафу арқылы және Зачаталы - Балакен арқылы тасымалданады. Ресеймен темір жол арқылы үздіксіз байланыста және жүкті автотранспорттық жолмен тасымалдайды. Теңіз жолдары да жақсы дамыған, онда құбыр арқылы мұнай тасымалдау, сонымен қатар кемемен жүк және жолаушы тасымалдау да аз көлемде қолданылады

Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясының Джейхан терминалынан Баку - Тбилиси - Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалданатын әзербайжан мұнайының ресми тасымалдаушысы болып табылады. Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясы мен Раітаіі арасындағы тиісті келісім-шартқа 2007 жылдың 2-мамырында қол қойылған болатын.

Баку - Тбилиси - Жейхан мұнай құбырының ұзындығы 1767 шақырым, ал оның 443 шақырымы Әзербайжанда, 248 шақырымы Грузия аумағында, 1076 шақырымы Түркияда. Мұнай құбырының өткізу мүмкіндігі - жылына 50 млн тоннаға тең. Құрылыс жұмыстары 2003 жылдың сәуірінде басталған болатын. Кұрылыс құны 3,9 млрд АКД1 долларын құрайды.

Азербайжанда бірнеше ірі аэропорт орналасқан Олар халықаралық дәліз Бакуде (Бина) және ішкі авиациондық қатынастар Гяндже, Баку (Забрат) және Нахичевани қалаларында орналасқан. Азербайжан халықаралық «ТРАСЕКА» проектісіне еркін қатынасады. Ол Закавказ елдері арқылы Орта Азия елдері жэне Қытайға қатынаса алады.

6. Әкімшілік - территориялық бөлінісі Мемлекет негізінен үш экономикалық аймаққа бөлінеді. Олар:

- Шығыс экономикалық аймақ;

- Батыс экономикалық аймақ;

- Нахичевань Автономды Республикасы;

Шығыс экономикалық аймақ Азербайжан экономикасында негізгі орынды алады. Себебі мұнда газ және мұнай кен орындары шоғырланған. Сонымен қатар мемлекет астанасы - Баку орналасқан. Баку тек қана астана емес, онда ірі өнеркәсіп орталықтары, мәдени және ғылыми орталықтар бар.

Баты экономикалық аймақ негізінен ауыл шаруашылық игерумен маманданған. Бәрінен бұрын бұл жерде дәнді-дақылдар және жүзім өндіріледі. Сонымен қатар бұл аймақта тау-кен, химия, жеңіл және азық-түлік өнеркәсіптері біршама дамыған. Бұл аймақтың негізгі өнеркәсіп орталығы - Гянджа қаласы болып табылады.

Нахичевань Автономды Республикасы көбінесе ауыл шаруашылықпен маманданған. Онда астық, мақта, жүзім т.б өңдеу шаруашылығымен айналысады. Негізгі өнеркәсіптік, әкімшілік және мәдени орталығы Нахичевань қаласы.

7. Сыртқы экономикалық байланыс. Азербайжан АҚШ-тың Еуропалық қолбасшылығымен әскери ынтымақтастық жоспарын бекітті. Жоспар Әзербайжанның Қарулы күштерінің еуро-атлантикалық қауіпсіздік құрылымына инеграциялану мәселелерін реттеуді, сондай-ақ, әрбір НАТО-ға мүше елдер мен Әзербайжан мемлекеті арасындағы дербес серіктестікке қатысты жедел жоспарды жүзеге асыруда олардың қатысуын қарапайымдандыру, НАТО жэне Әзербайжанның қарулы күштері арасында өзара ынтымақтастықты дамыту, көпұлтты коалициялық жедел іс-шараларын, ұлттық кадрлерді даярлау, елдің теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аймақтық қауіпсіздік шеңберінде тұрақтылықты нығайтуды қарастырады. Еуроодақ пен Әзербайжан арасындағы өзара қатынастар деңгейімен қанағаттанатынын білдіріп, Әзербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамадияровпен кездесу барысында Еуропалық көршілік саясаты аясында жүзеге асырылатын жаңа жобалар талқыланғанын атап көрсетті.

Э. Мамадияров өз кезегінде Әзербайжан Баку - Тбилиси - Жейхан мұнай құбыры мен Баку - Тбилиси - Эрзурум газ құбырын салу жөніндегі энергетикалық жобаларды табысты жүзеге асырғанын және қуат көздерін Еуропаға тасымалдау мәселесі бойынша Орта Азия елдерімен ынтымақтасуға дайын екенін хабарлайды.

Әдебиеттер [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,19,23,45]

Тақырып 10. Армения Республикасы.

 

Астанасы – Ереван (1,2 млн тұрғын). Территориясы – 29,74 мың шаршы шақырым. Халқы – 3,802 млн адам. Мемлекеттік тіл – армяндық. Мемлекеттік мерекелер – 21 қыркүйек – Тәуелсідік күні. Ұлттық валюта – драм. Ежелгі Армения Урарту мемлекеті кезінде көне парсы жазбаларда «Армино» елі, грек жазбаларда «Армения» деп аталады. Армения 301ж христиан дінін қабылдады. 405-406жж жасалған армян жазуларының осы уақытқа дейін өзгеріссіз қолданылады. Армения мәдениетінің дамуына, ұлт ретінде өзін – өзі сақтап қалуын көп ықпал етті.Елдегі үздіксіз соғыс салдарынан жергілікті халық жан – жақа көшіп, дүние жүзінің бірсыпыра елдері Армения тобы (диаспорасы) пайда болды. 7-11ғасырларда Еуропаға, Алтын Орда қалаларына, Қырымға, Польшаға,Украйнаға бытырады. 11-14 ғасырларда Византияда, Египетте, Сирияда,Ливанда, Молдавада, Венгрияда, 17 ғасырдың басында Иранда босқын Армения көбейді. 18 ғасырдың басында көптеген Армения ИраннанҮндістанға, Қытайға, Бирмаға, Филиппинге, Яваға қоныс аударды. Ресейдің Петербург, Мәскеу, Астрахан, Солтүстік Кавказ, Дон өңірлеріне ығысты. Армения Республикасы Кавказ тауының оңтүстігінде орналасқан.Негізгі заңы – 1995 жылы 5 маусымда қабылданған. Мемлекет басшысы президент (1998 жылғы ақпаннан бері Роберт Кочарян).Армения солтүстік – батыста Грузиямен, солтүстік – шығыста Әзербайжан,оңтүстікте Түркия, Иран мемлекетімен шектеседі. Жерінің аумағы 29,8 мыңшаршы шақырым, халқы 3,8 млн адам (1995). Халқының 93% - тен астамы армяндар. Орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға 90 адамнан келеді Армения – демократиялық республика. Заң шығарушы атқарушы орган – Ұлттық жиналыс, бір палатадан тұрады. Атқарушы билік – министрлер кеңесі. Негізгі партия – Армяндық жалпыұлттық партия, БҰҰ партиясы, Християндық –демократиялық партия, Рамковар – Азатакан партиясы, Комунистік партия. Административті – территориялық бөлінуі. Мемлекет 11 облысқа бөлінген – Марзов, Арагацот, Арарат, Армавир, Гегаркун, Котайк, Лорий,Сюник, Ширак, Тавуш, Вайоц – Дзорск.

Экономикасы. Армения индустриялы – аграрлы мемлекет. Жерінде түсті және сирек металдар, мыс, цинк, темір, аздаған марганец қоры, нефелин сиениті, құрылыс материалдары – мәрмәр, туф, әк, доломит, пемза, отқа төзімді балшық және хлем құрамы жағынан әр түрлі минерал сулардың («Джемур», «Арзни», «Севан») үлкен қоры бар. Отын – энергетика ресурстарына кедей болғандықтан су энергиясы кең пайдаланылады.

Армения өнеркәсіптерін түрлі кешенді – өркендеген салалар құрайды. Олардың ішінде – түсті металлургия, химия өнеркәсіптері және көп салалы машина жасау өндіріс. Машина жасау саласы бойынша металды аз қажетсінетін өнеркәсіптер (прибор жасау, электротехника, радиоэлектроника және станок жасау салалары) дамыған. Жеңіл өнеркәсіпте мақта – мата кәсіпорындары шұлық және трикотаж бұйымдарын, кілемдер, жібек, жүн және мақта маталарын шығарады. Тамақ өнеркәсібі ауыл- шаруашылық өнімдерін өңдейді. Армения сапасы жоғары шараптар мен коньяктар шығарады («Каири»«Армения», «Ереван»). Арменияның шаруашылығында 400 мың гектардан астам жерден дәнді және техникалық дақылдар өндіріледі, жеміс –жидек, жүзім шаруашылықтары дамыған. Альпі жайылымдарында етті –сүтті ірі қара мен қой өсіріледі. Арменияның ұлттық табысы 1996 жылы 7200 млн АҚШ доллар, ал жан басына шаққанда 2000 АҚШ долларға тең болды. 200 экспорт пен импорт тиісінше 57 және 830 млн. АҚШ долларына тең. Таулы Карабахтағы жүргізілген соғыс Армения экономикасына үлкен зиян келтіреді.

Географиялық орналасуы. Армения Кавказ тауларының оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Ерекшелігі географиялық жағдайы теңізге шыға алмайды. Мемлекет шекараласатын елдер – ГрузияменАзербайджанмен,

Иранмен, Турциямен – Ахурян- және Арккас өзендерінен өтеді.Азербайджанмен – таулы қыраттармен. Армения Ресеймен шекараласпағандықтан оның шаруашылығының дамуына теріс әсерін тигізіп отыр. Ресеймен транспорттық қарым- қатынас машина магистралімен жүзеге асып отыр. Теміржол қарым – қатынасы тоқтауда. Себебі Азербайджанмен және Абхазиямен байланыс үзілгендіктен. Кейінгі жылдары Армения өнімді шығарумен алумен Грузиялық порт Поти мен Иран мемлекетінің көмегімен жүзеге асып отыр.

Табиғи жағдайлары. Армения таулы үстіртінің солтүстік шығысындағы жанартаулық үстірті алып жатыр. Ең биік жері – Арагац тауы (4090м). Оның оңтүстік беткейінде әйгілі Бюрокан астрофизикалық абсерваториясы орналасқан. Арменияның солтүстігінен Сайхет, солтүстігік – батысында Джавахет, оңтүстігінен Базул, Зангезур жоталары, оңтүстік батысынан аккумуляттанған шөгінділерден түзілген Армян жазығы алып жатыр. Жерінің 90% -тен астам аумағының биіктігі 1000 мм-ден жоғары. Жоталар Жерортатеңіздік қатпарлы геосинклинальды белдеуде жатыр. Мұнда кембрий кезеңінен антропоген дәуіріне дейінгі барлық жүйелердің шөгінділері таралған. Байлықтарынан: мыс, молибден, алтын, темір кентасы, нефелин сиениті; құрылыс материалдарынан: туф, мәрмәр, көптеп кездеседі.

Климаты.Негізінен, континенттік субтропикалық құрғақ типке жатады. Жазық тау етектерінде қаңтардағы орташа температура 5 градус, шілдеде 25 градус. Жылдық орташа жауын – шашын мөлшері 400 мм. Аумағының 1/3-ін жалпақ жапырақты орман және бұталар, таулардың 2000м-ге дейінгі белдеуінің басым көпшілігін дала және ксерофитті сирек орман, одан жоғары белдемін альпі шалғындығы алып жатыр.Су ресурстары. Армениядағы ең ұзын өзендерінің бірі – Ахурян. Ол Аракас өзеніне құяды, ал Аракас өзені Азербайджан территориясында жатқан Кура өзеніне құяды. Ең ірі ағыстар Армения территориясында жатқан Аракси –Ахурян өзені, Касах, Раздан, Арпа, Вохчи және Воротан. Сонымен қатар басқа да территорияда жатқан 3 өзен мемлекетің солтүстігік бөлігінде ағып өтеді.Олар Кура өзеніне құятындар -Дебед, Агстев және Ахурян. Армения өзендері ағысына және қоректенуіне байланысты 3 типке жатады.Аралас (жаңбырлы), көктемдік ағыс және жаздық болып бөлінеді.Орталықтағы өзендер жер асты суларымен қоректенеді. Армения өзендері қысқа және кішігірім аумақты бассейнді алып жатқандықтан – көбінесе 2000 шаршы шақырымнан (тек қана Аракси өзені шамамен 22 мың шаршы шақырым құрайды), жылдық ағын мөлшері көбісі кішігірім болып келеді. Тек Армения өзені ғана 900 млн шаршы шақырым ағысты, Дебед өзені- 900 млн шаршы текшеге дейін. Ал қалған өзендер жарты жылдық орта ағыс 300 млн шаршы текше болып келеді. Ал көлдер Арменияда көп емес. Бірақ олардыңішіндегі ең белгілісі мемлекеттегі ең ірі көл – Севан, аумағы 1416 шаршы шақырым. Бұл көлдерден бөлініп жатқан кішігірім өзендері елді мекенді сумен қамтамасыз етіп отырған өзендерінің бірі болып келеді. ГЭС – ті салып біткеннен кейін Севанның аумағы 1240 шаршы шақырым, ал деңгейі 20 м төмендеп кетті. Жер асты тунельмен Аракс суы арқылы деңгейін көтеру шаралары жүргізілді, бірақ оның су деңгейі көтерілмеді.

Халқының орналасуы. (өзд атауы – хай) – халық Арменияда 3,732 мың,ТМД елдерінде 4580 мың, АҚШ-та 650 мың, Францияда 250 мың, Иранда 200 мың, Түркияда 150 мың, Ливанда 150 мың, Сирияда 120 мың т.б елдерде тұрады. Үндіеуропалық тілдер шоғырының бөлек тобын құрайтын армян тілінде сөйлейді. Ол батыс және шығыс диалектісіне бөлінеді. Армян әліпбиімен жазады. Діни сенімі – христиан, монофистер, шетелдерде тұратындардың біразы - католиктер, протестанттар. Хеттер, ассириялықтар жазбаларда б.з.б 2 мыңжылдықтардың екінші жартысында «Урарту» елі,«Арарат» елі, деген мемлекеттері болған айтылады. Б.з.б Ассирия әскерлеріне қарсы тұру мақсатымен таула Армян князьдігіндегі тайпалардың бастары бірігіп, біртұтас мемлекет құрылады. Бұл бұрын урарту –хуриттік, прото армяндық, үнді – еуропалық тілде сөйлесетін тайпалардан құралған. Армения шаруашылығы мен мәдениетін бірыңғай дамытуға әсер етті. Арменияның негізгі кәсібі - егіншілік, жеміс – жидек, зергерлік бұйымдар жасау дамыған. Мемлекет 11 облысқа бөлінген. Бірқатар елдермен дипломатиялық қарым-қатынаста. Мысалы: Ресеймен дипломатиялық қарым – қатынасына қол қойылған жыл сәуір 1992 жыл. 1993 жылы қазанда Қазақстан Республикасымен Армения Республикасы арасындағы қарым – қатынасының негізі жөніндегі шартқа қол қойылған. Сонымен қатар Армения мемлекеті индустриялы – аграрлы мемлекет болып келеді. Табиғи байлықтары: мыс, молибден, алтын, темір кентасы, нефелин сиениті және т.б. Арменияның негізгі кәсібі – егіншілік, мал өсіру, кілем, кесте,шілте тоқу, тас қашау, зергерлік бұйымдар жасау дамыған. Қазіргі уақытта Армения көп салалы өндірісте, халыққа қызмет ету салаларында еңбек етеді.

Әдебиеттер [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,28,29,32,34,36,38]

 

Date: 2016-05-18; view: 1588; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию