Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 8: Грузия Республикасы





 

Шаруашылық дамуының жағдайы Мемлекеттің ресми атауы - Грузия. Мемлекеттің алып жатқан ауданы - 69,7 мың км.Халқы - 5,1 млн адам. Астанасы - Тбилиси. Мемлекеттің құрылымы.Грузия - президенттік республика. Мемлекет басшысы - президент, жалпы халықтық дауыс беру арқылы сайланады. Жоғарғы өкілетті орган - парламент. Басшылықта премьер-министр жоқ.Президенттен кейінгі адам мемлекеттік министр.

Әкімшілік - территориялық бөлінуі.Грузия территориясы әкімшілік - территориялық бірліктерге бөлінген. Мемлекет құрамына Аджария, Оңтүстік Осетия және Абхазия республикалары енеді. Мемлекеттік мейрам - 26 мамыр,Мемлекеттік тіл - грузин тілі. Ұлттық валюта - лари.

1992 ж. 31 шілдесінен БҰҰ - на мүше.

Грузия Республикасының географиялық орналасу ерекшелігі - Қара және халықаралық теңіз коммуникацияларына шығуымен ерекшеленеді. Мемлекет Кавказ сыртының орталық жэне батыс бөліктерінде орналасқан. Солтүстігінде ресейлік Краснодар жэне Ставропаль өлкелерімен, Кабардин-Балкар. Солтүстік Осетия, Чеченстан және Дагестанмен, шығысында -Азербайжанмен, оңтүстігінде - Армения жэне Турциямен шектеседі. Грузия территориясы батысында үзыннан 308 шақырым Қара теңізбен шайылып жатыр.

Экономикалық-географиялық орналасуы Грузия дамуының ең негізгі факторы болып келді. Грузия арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Сауда бұл жол арқылы біздің эарамызға дейінгі екінші мың жылдыққа дейін жалғасқан. Совет Үкіметі құлағаннан кейін Грузияның геосаяси орны күрт өзгерді. Оның негізгі себептерінің бірі транзитті ел болуынан, Каспий маңы елдерінің мұнайын тасымалдауында құбыр жолдарды жүргізу.Табиғат жағдайы. Грузия - таулы ел, жерінің 87 % - ын тау мен қырат. Солтүстігінде Үлкен Кавказ қатпарлы тау жүйесі бар. Кавказдың бас жотасынан оңтүстікке қарай Абхаз, Бзыбь, Кодор, Сванет, Лечхум, Рачин, Картли т.б. жоталары созылып жатыр.Шхара (5068 м), Казбек (5033), шыңдары, Крест (2384), Мамисон (2829),Клухор (2781) асулары осында. Грузияның оңтүстік бөлігінде Кіші Кавказ тауының Аджар - Имеретия, Триалет, Шавшет жэне Джавхат жоталары орналасқан. Кіші Кавказ Үлкен Кавказбен Сурам жотасы арқылы жалгасады. Грузияның ең биік жері - Шхара тауы, 5068м. Қара теңіз жағалауын Колхида ойпаты алып жатыр. Басты Қазба байлықтары: марганец, тас көмір, мұнай, полиметалдар, мыс т.б. Грузияда 1300-ге жуық минералды бұлақтар бар. Грузияның солтүстігі Үлкен Кавказ жоталарымен қоршалып жатқандықтан, оның климатына суық ауа массалары аз әсер етеді, ал батысындағы Қара теңіздің жылы әсері етеді, ал батысындағы Қара теңіздің жылы әсері күшті. 500 - 600 м - ден төмен жатқан жерінің климаты субтроптиктік, жоғарылаған сайын құрғақ, қоңыржай, континенттік климатқа ауысады. Теңіз жағалауында жылдық ортша температурасы 14-16 градус, жауын - шашыны 200 - 2800 мм. Шығыс бөлігінде қаңтардың орташа температурасы 2-3 градус, шілдеде 23-26 градус, жауын - шашын мөлшері 300-800мм. Ең төмен температура Рачин жотасында. Өзендері Каспий жэне Қара теңіз алаптарына жатады. Ірі өзені -Кура -Каспий теңізіне құяды. Оның салалары: Арагви, Алазани, Храми, Ксани, Үлкен Лиахви, Қара теңізге Риони, Бзыбь, Кодори, Ингури құяды. Грузия өзендерінің суы мол, ағысы қатты, энергия қорына бай. Ірі көлдері: Паравани, Рица, Амткел, Табацкури т.б.

Колхида ойпаты субтропиктік күлгін топырақты және өзен аңғарлары аллювиалды, тау етектері қызғылт, шығыс бөлігінде жазық жерлері қара және қоңыр топырақты келеді. Жерінің 36,7 % - ы орман. Тау етектері беткейлерінің төменгі жағында жалпақ жапырақты, одан жоғары қылқан жапырақты ағаштар өседі. Таудың жоғары беткейлері субальпілік жэне альпілік шалғындар. Грузия ормандарында аю, ақ марал, сілеусін, таулы аймақтарында тау ешкісі, ұлар т.б. кездеседі. Грузия жерінде 15 қорық ұйымдастырылған. Табиғат ресурстары. Грузия отын ресурсының көп қорын иеленеді, соның ішінде көмір ерекшеленеді. Тас көмірдің кен орындары Рачин және Кодор жоталарының беткейлерінде орналасқан. Қоры 400 млн т. Құрайды. Кокстелген көмірдің базасы ретінде Ткварчели ерекшеленеді. Бұл жерде көмірді өндіру шахталық әдіспен жүргізеді. Грузияның оңтүстігінде, Ахалцихе қаласының маңында қоңыр көмір кен орны бар. Бұл жердің көмірі төменгі сапалы, көмір өндіру қиын, себебі таулы - геологиялық жағдай күрделі.Колхида жазығының батыс бөлігінде торф қоры белгілі. Оның негізігі кен орындары - Потийск, Редуткальск, Хобск. Торфты отын ретінде емес, цитрус және шайлы плантацияларда тыңайтқыш ретінде қолданады.

Грузия мұнай қорына да ие. Оның жалпы қоры 580 млн т. Ірі деген мұнай кен орындары елдің оңтүстік - шығыс бөлігінде, сонымен қатар Тбилиси маңында да кездеседі.. Қазіргі кезде 7 % қоры игерілген. «Грузмүнай» мемлекеттік компаниясының жасаған бағдарламасында мүнайды өндіру көлемін 1 млн т. дейін жеткізу көзделген. Керекті қаржыны шетелдік ивесторлар бөледі, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Австралия және т.б. комапнялар бар. Табиғи газ қоры 98 млрд м бағаланады. Негізгі рудалы кен орындары Үлкен Кавказ жэне Оңтүстік-Грузин таулы қыраты зонасында кездеседі. Марганец кен орындары ерекшеленеді. Барланған үш бассейн - Чиатур, Чхари -ф Аджамет, Квириль бар. Жалпы қоры 222,5 млн т. Түсті метал кен орындарынан мыс, қорғасын, мырыш, полиметалл кездеседі.

Алтын қазіргі уақытта Маднеуль кен орынында өндіреді. Алтынның жоғары қоры Болни Ауданында, Аджарии, Триалети, Сванетии де бағаланады. Бай рудалы пайдалы қазбалар қоры - барит, гумбрин, диатомит, андезит, цеолит ерекшеленеді.

Халқы. Грузияда 5,1 млн адам өмір сүреді. Халықтың этникалық құрамы әр түрлі. Ірі этникалық топ - грузиндар (70%), одан кейін армяндар (8), орыстар (6), азербайжандықтар (6), осетин, гректар, күрттер, абхаздықтар, аджар ұлты. Грузиндар кавказ семьясының картвель тобына жатады. Грузин халқы бірнеше субэтникалық топтардан тұрады, ал грузин тілі 17 диалектпен көрсетілген, елдегі халықтың субэтникалық топтарына сәйкескелетін.

Халықтың көп бөлігі - христиандар. Грузияда демографиялық жағдай қолайсыз. 1991 жылдан бастап табиғи өсу процесі азайып, өлім көбейген. Сәбилердің өлімі көрсеткіші бойынша Грузия Кавказ сырты елдерінің арасында бірінші орын алады. Халықтың тығыздығы 1 км орта есеппен 77,5 адам. Қала халқының саны 57,7%. Гузияда 5000-нан астам тұрғыны бар, жартысынан астам халқы ауылшаруашылық емес қызметпен айналысса оны қала деп атаған. Қазіргі уақытта Грузияда 114 қала типтес поселкалар бар, оның ішінде 62-сі қала.қалалардың ішінде ерекше орында елдің астанасы Тбилиси алады, онда 1,3 млн адам өмір сүреді. Халықтың жартысынан астамы ауылды жерлерде тұрады, ауыл халқы орта есеппен 1000 адамнан келеді. Ірі ауылдар Кахети да орналасқан, онда тұрғындардың орта есеппен алғанда 1272 адамды құрайды. Грузия әр қашанда тұрғындардың жоғары деңгейлі білімділігімен ерекшеленген. Экономика дамуының мәселелеріне қарамастан, мұнда колледждар саны 1995 ж. қарағанда 2005 жылы көп болған. Мемлекетте жұмыссыздар деңгейі-ТМД елдері арасында жоғары-4,7%. 2005 жылы орта айлық жалақы 33,4 доллар, пенсия- 8,1 долларды құраған.Өндірістік кешені. 1991 жылдан кейін Грузия өнеркэсібі қатты құлдырауды басынан кешірді, бұрынғы шаруашылық байланыстың үзілуінен, дайын өнім өткізетін нарықтан, энергия ресурстарынан жэне көлік қызметінің қымбаттауынан. Машина жасау өнеркәсібінің негізігі салалары электртехника, станок жасау, тамақ өнеркәсібіне керек технологиялық жабдықтар жасау болды. 1980 жж. машина жасауда дамушы салалары электртехника, электроника, прибор жасау қарқынды дамыған.Отын ресурстары.Грузия ерекше отын ресурстары қоры шоғырланған. Оның ішінде ерекшесі көмір. 1960 ж. жергілікті отын республиканың қажеттілігін 40 % қанағаттандыратын болған. Одан кейінгі жылдары мұнай және табиғи газ жоғары қолданысқа ие болды. Қазіргі уақытта отынды қолдануда құрылымы ерекше өзгерген, жағылатын ағаштың көлемі күрт өскен және газды қолдану көлемі төмендеген. Электрэнергия.Қазіргі уақытта Грузияның электр жүйесіне 8 жылу элетрстанциялары кіреді, 60 - қа жуық ГЭС. Электрстанцияларының өндірістік потенциалы 15,5 млрд кВт\сағ құрайды, оның ішінде 7,5 кВт\ сағ жылу электр станцияға, ал 8 млрд кВт\сағ ГЭС көлеміне келеді.

Кез келген уақытта тамақ өнеркәсібіГрузияда өнеркәсіптің жетекші саласы болды. Мемлекет территориясында тамақ өнеркэсібінің 30-ға жуық саласы көрсетілген. Бірақ жетекші орынды шай, шарап жасау,консерві шығару, темекі саласы, өсімдік майлары алады. Осылардың 2\3 бөлігін өнімге келеді. Кеңес Үкіметі қүлағаннан кейін экономикалық дағдарысқа түсті, уақытта жоғарыда талған салалардың жартысы жұмысын тоқтатқан. Грузияда қара металлургияекі өндірістік кешенмен - Рустав толық циклды металлургиялық комбинаты және Зестафон ферроқорытпа заводымен ерекшеленеді.Рустав зауыты 1944 жылдан бастап салына бастады, 1950 ж жұмысқа қосылды. Оның шикізат базалары - темір рудасымен Азербайжан еліндегі Дашкесан кен орны, көмірмен Ткварчели және Ткибули қамтамасыз етеді. Комбинатты салу Кавказ сырты елдерін мұнай құбырларын тарту трубаларымен қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Сонымен қатар комбинат құрылысы Грузияны индустриалзацияу, ұлттық кадрларды дайындау бастамасы болды.Осы комбинатта үлкен көлемді кокс (350 мың т.), агломерат (1500 мың), шойын (740 мың), мартен болаты (1500 мың), труба (500 мың т.) шығару көзделді. Зестафон ферроқорытпа зауыты 1933 ж Чиатур марганец кен орынын өңдеу үшін үйымдастырылған, Зестафоннан 20 шақырым жерде орналасқан. Ол 40 жуық өнім түрін өндіреді, олардың ішінде ерекше қажеттері ферромарганец, металломарганец және силикомарганец.Грузияда түсті металлургиямолибден, вольфрам, барит- поллиметалл рудаларын өндірумен көрсетілген. Осылардың ішінде ең ірісі - Маднеуль кен орны негізінде тау - кен комбинаты.

Құрылыс материалдарыөндірісі республика қажеттілігін толығымен қанагаттандырып отырған. Цемент өндіруден Одақ республикалары ішінде 6-орынды алаған. Қазіргі уақытта шығару 2,7 есеге қысқарған. Жеңіл өнеркәсіп.Оның жетекші саласы тоқыма. Грузия үлесіне жібек мата өндіруден жалпыодақтық 1,5% келетін. Оларды өндіруден негізгі өнеркәсіп -Тбилиси комбинаты. Жібек маталарын өндіруден толық цикл ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта салада. өнім өндіру күрт төмендегенін байқауға болады.

Көлік кешені. Грузияда өзен көлігінен басқа барлық көлік түрі көрсетілген.Темір жол көлігі 1870 жылдан бастап темір жол қарқынды дамыды. Баку - Батуми, Тифлис - Самтредиа - Поти, Тифлис - Ереван, Тифлис -Телави жэне т.б. темір жол магитральдары салынған. Темір жол жетекші оына алды және қазіргі уақытта да жетекші.

Автомобиль көлігіXIX - XX ғғ. қарқынды дамыды. Оның ролі қазіргі уақытта елдегі халық шауашылығында жетекші орын алады. Барлық тү-рғылықты пунктер, аудан орталықтарымен автомобиль жолдарымен байланысқа ие. Негізгі автомобиль магистральдарына - Натахтарими -Самтредиа, Қаратеңіз шоссесіне шыға алады.

Теңіз көлігі.Елдегі теңіз көлігінің дамуы - Батуми жэне Поти порттарын салумен тығыз байланысты. Теңіз көлігі Грузиядағы ішкіэкономикалық байланыстар үшін ғана емес, Ортаазия республикларымен байланыс жасау үшін үлкен маңызға ие. Батуми порты арқылы мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға маманданған. Ал Поти порты арқылы руда, бидай, құрылыс материалдарын тасымалдауға маманданған. Сонымен қатар құбыр көлігіде елде дамыған. Гузияда бірінші Ресейлік Баку - Батуми магистральды мұнай құбыры салынған. Самгори -Патардзеуль кен орнынан Батумиға мұнай құбыры салынған. 1950 жж. соңында газ құбыры дамыған. Магистральды газ құбыры Грузияны Азербайжан мен Солтүстік Кавказды байланыстырады.

Агроөнеркәсіп кешені. Кеңес уақыты кезінде Грузияда жақсы дамыған Ауылшаруашлығында қолданатын жер көлемі 2,9 млн га, оның ішінде 0,8 млн га - егін, 1,9 млн га - шабындық және жайылым жерлер.

Өсімдік шаруашылығы. Грузия - жер қорына кедей мемлекет. Оның топырағы құнарлы, бірақ таулы рельеф егістік көлемін шектейді, сондықтан ауылшаруашылығы өнімдерімен халықты қамтамасыз ету жоғары емес. Таулы рельеф ауылшаруашылық техникаларын қолдану қиындатады. Ең ірі өңделетін жер көлемі Колхида ойпатында, Ішкі және Төменгі -Картлий жазығында, Норск таулы қыраты және Джавахет қыраттарында. Грузияда ауылшаруашылық өнімдерін өсіру шығыс аудандарында қажет. Кеңес заманында мұнда ірі өсімдік шаруашылықтары ұйымдастырылған, соның ішінде Жоғарғы - Алазан каналы көзге түседі. Батыс, Қара теңіз маңы аудандары жерлерін игеру, соның ішінде Колхида ойпатына тығыз байланысты. Кеңес заманы кезінде Колхида жері лайдан тазартылып субтропиктік дәнді дақылдар игерілген. Өсімдік шаруашылығына барлық жер көлемінің 57 % келеді.

Негізгі өсімдік түрлері жүзім, цитрусты, ерте жеміс - жидек. Ерекше орынды ылғалды субторпикті өсімдіктер, ең негізгісі - шай.Елдің батыс аудандарында 30 - ға жуық эвкалипт түрлерін өсіреді, олар эфирлі май және құрылыс ағаштарын береді.Шай плантациялары ауқымды 15 мың га асатын жерді алып жатады.

Мал шаруашылығыүлкен көлемді өнім беруден ерекшеленбейді. Ірі қара мүйізді Грузияның батысында жоғары дамыған. Қой шаруашылығы -Шығыс Грузияның жетекші саласы. Үлкен Кавказ және Оңтүстік - Кавказ таулы қыратында жазығы жайылым ретінде қолданады. Қой шаруашылығы етті - жүнді бағыттары дамыған.

Әдебиеттер [1,2,3,4,5,11,12,19,222,23,24,25,26,31,33,37,42]

Тақырып 9: Әзербайжан Республикасына жалпы сипаттама

Date: 2016-05-18; view: 2467; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию