Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 7: Молдавия Республикасы





Географиялық орны. Молдавия - Европаның оңтүстік шығысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және шығысы мен оңтүстігінде -Украинамен, батысында – Румыниямен шектесіп жатыр. Астанасы – Кишинев қаласы. 1940-1991 ж дейін – Молдова Кеңестік Социалистік Республика құрамында болды. 1991 ж 27 тамызда Молдовия мемлекеті өзінің тәуелсіздігін жариялады. Бірақта Молдавия территориясында тәуелсіздігін мойындамаған Приднестр Молдавия Республикасы орналасқан.

Молдавия мемлекеті Шығыс-Европа жазығының оңтүстік батыс шетінде орналасқан. 2-ші сағаттық белдеуде және Днестр мен Пруттың арасындағы үлкен бөлігін алып жатыр. Мемлекет теңізге шыға алмайды, бірақ та географиялық жағынан Қаратеңізалды ауданына жатады және де Молдавия Дунай өзеніне шығар жолы бар (жағалаулық сызығының ұзындығы шамамен 950 м).Мемлекеттің жер көлемі 33,7 мың км² құрайды. Молдовия территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 350 км-ге, ал батыстан шығысқа қарай 150 км-ге созылып жатыр. Мемлекеттің шеткі нүктелері: солтүстігінде-Наславча селосы (48º29´с.е.), оңтүстігінде-Джурджулешт селосы (45º28´с.е.), батысында – Крива селосы (26 º30´ш.б.), шығысында – Паланка селосы (30º05´ш.б.). Климатына келетін болсақ, қоңыржай континентті. Қысы жұмсақ және қысқа, ал жазы ыстық және ұзақ болып келген. Қаңтар айының орташа температурасы -4ºС, шілденің орташа температурасы +21ºС. Абсолюттік минимумы -36ºС, максимумы +47ºС. Жауын-шашынның орташа жылдық түсімі 380-550 мм; солтүстігінде – 550 мм, оңтүстігінде Дунайдың маңында – 400 мм. Молдавияның барлық өзендері Қара теңіз бассейне жатады. Ең ірі өзендері – Днестр және Прут. Топырағы қарашірінді болып келген (75%). Далалық өсімдіктері онша үлкен емес учаскелерінде сақталған. Ормандары территорияның 6% алып жатыр. Табиғи аудандары: Солтүстік Молдавия орманды дала, Орталық Молдавия орманды, Оңтүстік Молдовиялық далалы.

Молдавияның ең ірі қаласы және астанасы – Кишинев қаласы мемлекеттің орталық бөлігінде орналасқан. Үлкендігі бойынша 2-ші қала – Тирасполь Днестр өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Әкімшілік территориялық бөлінісі жағынан Молдавия 32 ауданға, 5 муниципалитке (Белц, Бендр, Кишинев, Комрат,Тирасполь) және 1 автономды территориялды құрылымға (Гагаузия) бөлінген. Молдовия мемлекетіңде 60 қала және 917 село бар. Қазіргі кезде Днестр өзенінің сол жақ жағалаулық көп бөлігін алып жатқан, сонымен қатар Бендр муниципалитетін тәуелсіздіген мойындамаған Приднестр Молдовия Республикасының қарамағында.

Мемлекеттік тілі-молдован. Гагаузия және Приднестровьеде мемлекеттік тіл гагауздық және орыс тілі. Ұлттық валютасы – лей. ООН-ға 1992 жылдан бастап мүше. Тарихы. XIV ғасырға шейін қазіргі Молдавияның территориясы әр түрлі тайпалық кеңестердің иемденген бір бөлігі болды. XIX ғасырдың II жартысында Молдовалық княжестваның құрамында, ал XVI-XVIIIғасырда Осман империясының қарамағында болды. XVIII ғасырдың аяғында Ресей империясына Днестрдің сол жақ жағалауы берілді, 1812 ж Бессарабия. 1917 ж Бессарабия Румыния құрамында болған. 1924 ж Украиндық ССР территориясында Молдавиялық АСССР құрылды. 1940 ж Пакта Молотова-Риббентропа қол қоюы нәтижесінде Бессарабия СССР-ге берілді. 1991 ж 31 тамызда Молдавия Республикасы тәуелсіздігін жариялады. 1994 ж қазіргі кезге шейін қолданып келе жатқан конституция қабылданды.

Мемлекеттік құрылымы. Президент – Молдавия мемлекетінің басшысы. Молдавия Республикасының Президенті құпия түрде дауыс берумен сайланады.

Әкімшілік территориялық картасы

Молдавияның табиғат жағдайы оңтүстік батыс бөлігіндегі Шығыс-Европа жазығы және Карпат тауының әсерінен қалыптасты. Сондықтан да ауданның онша үлкендігіне қарамастан, Молдавияның территориясы табиғат жағдайының әр түрлілігімен ерекшеленеді. Рельефі – далалық жазықтар, орманды және орманды далалы, қыратты болып келген. Ең ірі өзендері – Днестр және Прут. Топырағында қарашірінділер де кездеседі. Молдавия территориясын көп игеруге байланысты қазіргі кезде жайылымдық үлкен ауданды алып жатқан жоқ. Осындай себеппен де жануарлар дүниесі біршама кедейірек. Молдавия –төбелі-жазықты ел. Теңіз деңгейінен есептегендегі орташа биіктігі 147 м, ең биік нүктесі – Баланешты тауы – 429,5 м. Территорияда Дубоссар суқоймасы орналасқан, ұзындығы шамамен 128 км, орташа көлемі 528 м.

Табиғат ресурстары.

Молдавияның минералды ресурстары онша дамымаған. Территорияда отын-энергетика және рудалық ресурстар жоқ деуге де болады. Сонымен қатар мемлекетте минералды-құрылыс шикізаттары бар. Соның ішінде ақ әктас (бұны Молдавияда котелец деп те атайды), саз, трепела бар. Шынылы құмның кен орындары айтарлықтай көп, әсіресе Калараш және Тирасполь қалаларының манайында көп таралған. Сонымен қатар керамикалық бұйымдарға пайдаланатын иілмелі саздардың кен орындары да шоғырланған. Қазіргі кезде мемлекеттің оңтүстік бөлігінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр, яғни мұнай мен газды игеру. Территорияда пайдалы қазбалардың орналасуы біркелкі емес, көбінесе Рыбницко-Резинский жерінде орналасқан. Молдавияның негізгі ресурсы – агроклиматтық, бұл елдің экономикалық потенциалын анықтайды.

Пайдалы қазбалары. Молдавия территориясының геологиялық тарихы рудасыз пайдалы қазбалардың және көбінесе құрылыс материалдардың қалыптасуына әкелді. Ең құндысы – ізбес болып табылады. Көбінесе құрылыста қолданатын ақ шаңды ізбес таралған. Сонымен қатар қант өнеркәсібінде қолданатын (қанттас) таза ізбес шөгінділері кездеседі.

Мемлекеттен тыс жерлерінде құрылыста және лактыбояулар өнеркәсібінде қолданатын мергель, бор, трипел қоры бар. Флорешт, Калараша, Тирасполь және т.б манайында шыныны өндіруге шикізат болатын шынылы құмдар табылған. Бричан ауданында, Крива және Дрепкауц селосының маңында құрылыста, цементті және химиялық өнеркәсіпте қолданатын гипстің ірі кен орындары ашылған. Тегіс саз, бетон және құмдақты шөгінділер таралған. Сонымен қатар мұнай мен газдың онша үлкен емес кен орындары бар. Кеңестік кезеңінде өнеркәсібінің интенсивті дамуында Молдавияның пайдалы қазбаларына қажеттілігі жылына 40 млн. тонн пайдалы қазбалар және 300-350 млн. м³ жер асты суын өндіруінен қанағаттанады. Қазіргі кезде тек қана құрылыс материалдарын өндіру іске асырылуда. Олар: тас, гипс, құм, графит, цемент өндіру үшін қажет ресурстар. Өнеркәсіпте қажетті ресурстардың 98% шекарадан тыс жерлерге экспорттайды.

Халқы. 2008ж 1 қаңтардың мәліметтері бойынша Молдавия Республикасының халқы 3572,7 мың адамды құрайды (Приднестр Молдавия Республикасын және Бендр муниципиясын есептемегенде). 2007 ж Молдовияда орташа 3576,90 мың адам трады. Молдавия Республикасының халқы 2004 ж халық санағы бойынша 3395,6 мың адамды (ПМР есептемегенде) құрады. Олардың 3158,0 мың немесе 93,3% халқы – православтар. Халық тығыздығы 1 км² - 111,4 адамды құрайды. Молдавия Республикасы көп ұлтты және саяси мәдениетті. Халықтың негізгі бөлігін немесе 75,8% (2004 ж халық санағы бойынша) – молдовандықтар. Сонымен қатар украиндықтар – 8,4%, орыстар – 5,9%, гагауздар – 4,4%, румыниялықтар -2,2%, армяндар – 0,8%, еврейлер – 0,7% және т.б тұрады. Осы кезеңде гагауз ұлтының халқы 0,3%, румындықтар 2,1% (халық саны бойынша 4 және 5 орынды алады) көбейді. Сонымен қатар болгарлар 0,1% және т.б ұлттар 1,7% құрайды.

2004 ж халық санағы бойынша мемлекет халқының 78,8% туған тілін молдовандық деп көрсетті, ал 21,2% басқа тілдерді көрсетті. Молдовандар ішінде өз тілін халықтың 78,4% көрсетті, 18,8% - румындықтар, 2,5% - орыстар және 0,3% басқа тілдер.

Молдавия Республикасының ішінде 12705 адамдардың 2 азаматтығы бар. Халықтың 21% Кишиневта, 4,6% АТО Гагаузияда, 3,8% Бельцта тұрады. 100мың тұрғынды көп халқы бар ірі аудандарда – Кагуль, Хынчешт, Оргеев, Унген. Кіші аудандар – Бессараб (29 мың), Дуббосар (34 мың), Шолданешт (42 мың) және Тараклий (43 мың).

Ең соңғы 2 халық санағы бойынша 1989-2004 жж. мемлекет халқы 274 мың адамға азайды, орташа жылдық өсу темпінің төмендеуі – 0,5%. Берілген аралық бойынша халық санының төмендеуі туудың және сыртқы миграцияның кері сальдосының төмендеуі дәлел.

2008 ж шамамен 25 мың неке тіркелді, ал бұл 2007 ж көрсеткішінен 2 мыңға аз. Әйел қауымы халықтың көп бөлігін алады – 51,9%, 2004 ж жалпы халық санының және 52,3% - 1989 ж. Ең соңғы халық санағы бойынша әйел 1755643, ал бұл ер адамдарға қарағанда 128 мыңға көп. 1000 әйелге 927 ер адамнан келеді, 1989 жылы 912 ер адам болған.

Халық санағы кезінде халықтың орташа жасы 65,3 жыл құрайды. Әйелдер үшін – 66,8 жыл, ерлер үшін – 63,6 жыл. Молдавия Республикасының 1000 адамына 2005 ж 78 автомобильден келеді. ТМД елдері ішінде халық тығыздығы бойынша ең жоғарғы көрсеткішті көрсетеді. Молдавандықтар мемлекеттің солтүстік бөлігінде шоғырланған. Ауыл халықтарында молдовандықтар 4/5 бөлігін құрайды. Ал қалалық жерлерде орта шамамен 30% құрайды.

Экономикасы. Молдавияда 174 винозавод жұмыс істейді. 2008 ж Ұлттық бюджеті:Кіріс 23 млрд 488 млн лейді құрайды. Шығын 26 млрд лейді құрайды. Дефицит – 2 млрд 512 млн лей.

2008 ж Молдовияның Ұлттық банкінің Валюталық резерві 1,67 млрд. долл құрады. Молдовияда инфляция деңгейі – Шығыс Европадағы ең төмен мемлекеттердің бірі: 2008 ж 7,3%; 2007 ж 13,1%.

ГУУАМ – мемлекетаралық ұйым. 1997 ж октябрьде бұрынғы кеңестік республикаларымен құрылған – Грузия,Өзбекстан,Украина, Азербайжан және Молдавия (1999-2005ж аралығында ұйымға Өзбекстан кірген). Ұйымның аты мемлекеттердің 1-ші әріпімен байланысты. Өзбекстан ұйымнан шықпас бұрын ГУУАМ деп аталған. Бұл ұйымның негізгі саясаты оған мүше болған мемлекеттер арасындағы өте берік байланыстарға бағытталған.

Молдавия ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Европа Советіне кірді, сонымен қатар ХВҚ-нан бірінші болып кредит алды. 1990 жылдары Молдавияның экономикасы төмендей бастады, яғни ІЖӨ басқа мемлекеттерге қарағанда 2/3 көп бөлігіне дейін төмендеді.

Мемлекеттің экономикалық дамуын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

1 кезең 1991-1994 жж. қамтиды. Бұл жылдары өнім шығару күрт төмендеді. Осыған орай ІЖӨ орта есеппен жыл сайын 20%-ға төмендеді.

2 кезең – 1995-1997 жж. – «орташа тұрақтылық кезеңі» ІЖӨ 2,6%-ға дейін қысқарды (жыл бойынша).

2000 ж Молдавияның ІЖӨ өсімі ТМД елдеріне қарағанда аз болып шықты, ал инфляция темпі – көбірек. 1990 ж шейін Молдавияның экономикасы ауыл шаруашылық өнімдерді арзан энергоресурстарға Ресеймен айырбастады. Кеңес Одағы құлаған соң энергоресурстар әлемдік рыноктың бағасымен жеткізіле бастады, ал ауыл шаруашылық тауарларын шығару күрт қысқарды.

Ауыл шаруашылық байланысының үзілуі өнеркәсіптің дамуына әсер етті. 1980 жж. аяғына қарай Молдавияда өндірістік өнеркәсіптер тобы құрыла бастады. Мысалы – компьютерлік техника құралдары «Буран» жасалды. Молдавияның индустриалды потенциалы он жылдық ішінде құрылған. Өзіне көптеген салаларды, прогрессивті өндірісті, микроэлектротехниканы, электронды, приборқұру және де ауыл шаруашылық машина жасау және тағы басқаларды қамтиды.

1991 ж бастап өнім шығару көлемі қысқарды және де елдің өндіруінде салалық құрылымының өзгеруі байқалды. Көбінесе машина жасау саласы зардап шекті. Бұнда керекті бөлшектер аз көлемде шығарылды.

Тамақ өнеркәсібі. Қазіргі кезде өнеркәсіп өндірісінде негізгі орындарды алады. Оның негізгі бағыты – ауыл шаруашылық шикізатының - 40% өңдеу.

Ерекше орынды жүзім өнеркәсібі алады. Бұған негізгі 127 жүзім өнеркәсіптерінің мекемелері, 60 завод (11 Ресей мен Украинаның ірі қалаларында орналасқан), коньяк шығарудан 5 завод (Кишинев, Тирасполь – ең танымалы), шампан шығаруда 10 завод. Жеміс жидек, консервалық өнеркәсібі Приднестровье мен елдің орталық бөлігіндегі қалаларында – Тирасполь, Бендер,Григориапольда орналасқан.

Өнеркәсіп мекемелері өнімді 26187 миллион лей бағасына шығарды (2007ж мәлімет бойынша). Өнеркәсіп өнімін шығару индексінің көлемі 2006 ж салыстырғанда 97,3% құрайды. Өнеркәсіп секторындағы жағдай өндеуші өнеркәсіптерге, яғни 2007 ж бойынша негізгі өнеркәсіп түрлерімен қоса өнеркәсіптің жалпы өнімінің көлемі 89,1% құрайды. Аталған өнеркәсіптер шығаратын өнім көлемі 2006ж қарағанда 3,3%-ға азайды, ал бұл өндірудің жалпы көлемінің 3,0%-ға төмендеуіне әкелді. 2006 ж мәліметі бойынша өнеркәсіп шығаратын өнімнің мынадай түрлері төмендеді: қант шығару, дистиллирінген алкогольді ішімдіктер, қызыл шарап, темекі шығару, киім, ағаш және ағаш бұйымдарын, шыны және шыныдан жасалған бұйымдар шығару.

Ауыл шаруашылық өнімдері 2007 ж барлық категориялар бойынша ағымдық бағасы 12550 миллион лей (1,14 млрд. долл) немесе 76,9% құрайды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің төмендеуі өсімдік өнімінің төмендеуіне байланысты, яғни 33,4% өсімдік өнімі және 1,8% мал шаруашылық өнімінің төмендеуі байқалады.

Көлік кешені. Молдавияның көліктік-географиялық жағдайы Ресей және Оңтүстік-Шығыс Европа елдерімен транзитті байланыста болуын анықтайды. Көліктік торға автомобиль және темір жолдары, кемелік учаскелер, магистралды газқұбырлары жатады. Негізгі темір жол торабы XIX ғ. аяғы – XX ғ. басында салынған. Олар мемлекеттің орталық бөліктерінен өтеді, яғни Унген арқылы Кишинев және Тираспольдан Раздельнойға шейін. Сонымен қатар портты қалаларды атап кетуге де болады, оларға Дунай, Рени жатады. Автомобиль көлігі республика ішіндегі жүк тасымалдауда негізгі орынды алады.

Су көлігіне келетін болсақ, негізгі орында емес деуге де болады. Негізгі кемелік өзен – Днестр. Кемелік жолдардың жалпы ұзындығы (Днестр бойынша) 425 км құрайды. Темір жол, автомобиль, су және әуе көліктерінің жүк айналымы 2006 ж салыстырғанда 2007 ж 6,6% төмендеді, ал тасымалданған жүктердің көлемі 9,2% көбейді.

Сыртқы экономикалық байланысы.

Молдовияның экономикасында сыртқы сауда негізгі рөлді атқарады. Молдовияның сыртқы сауда байланысы кеңестік кезеңдерінде Кеңес Одағына негізделген. Экспортта олардың бөлігі 97% құрайды, ал импортта - 87% құрайды. Қазіргі кезде Молдавияда сыртқы байланыстардың диверсификациясы байқалады.

2007 ж ТМД-ға экспорттың 58% және импорттың 34% ғана сай келеді. ТМД елдері ішінде Молдавияның негізгі саудалық партнёры Ресей мемлекеті болып табылады, оған экспорттың 76%, импорттың 45,9% сай келеді. Экспорттық жеткізілуі ауыл шаруашылық өнімдері және оның өнделген бөлшектерінен тұрады, ал бұның экспорттағы меншігі жыл сайын өсу үстінде. Молдовияның негізгі экспортқа шығаратын өнімі ауыл шаруашылық тауарлары.

2007 ж тауарларды экспорттау 1341,8 миллион. долл құрады, ал бұл 2006 ж қарағанда 27,6% көп. Импорттау 3689,9 миллион. долл құрады, 2006ж қарағанда 37,0% көбірек. Сауда балансы 2006 ж қарағанда 2348,1 миллион. долл немесе 706,5 миллион. долл-ға көбірек (43,0% дейін),

Әдебиеттер [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,19,21,22,25,26,29,41]

Date: 2016-05-18; view: 1727; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию