Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






лшеу нәтижелерінің жарамсыздығын жоюдың статистикалық критерийі және олардың дәлме-дәлдігі





Өмірде, практикалық жұмыстарда, әсіресе, ғылыми-зерттеулерде физикалық шамаларды өлшеудің дәлдігі аса маңызды орын алады.
Өлшеу дәлдігі адамның тәжірибелігіне, пайдаланатын аспабындағы бөліктердің мәніне байланысты болады. Осы екі сызғышпен дененің ұзындығын өлшеп көрейік. Бұдан адам тәжірибесінің молдығына қарамастан, өлшеудің аспаптық қатесі немесе жаңылысы үнемі туып отыратынын көреміз. Сондықтан өлшенген физикалық шамалардың мәнін жазғанда оның қандай дәлдікпен орындалғанын да керсетіп отыру керек. Өлшеудін екінші нәтижесі, біріншіге қарағанда жоғары дәлдікпен алынған. Сейтіп біз құралдық (аспаптық) жаңылыс деп аталатын өлшеу қателеріне үнемі кездесіп отырамыз.

Өлшеу қатесі аспаптық жаңылыстан баска әр түрлі себептерге де байланысты болуы мүмкін. Өлшеудің мұқият жүргізілмеуі, аспапты жеткілікті білмеу, өлшенетін шаманың құбылмалығы - осының бәрі де өлшеу қатесін арттыра түседі. Мысалы, айдындағы судың температурасы оның тереңдігіне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Сол сияқты ұзын сымның диаметрін өлшегенде бірдей мән алу өте қиын. Осыған байланысты қателерді абсолют, салыстырмалы, т. б. деп ажыратады. Олармен жоғары сыныптарда танысасыңдар. Бұл жерде тек өлшеу аспабына байланысты туындайтын қатені ескере отырып, өлшеу нәтижелерін дұрыс жазудың мысалдары көрсетіледі.
Зерттеу жүргізгенде немесе зертханалык жұмысты орындағанда өлшенетін физикалық шамалардың мәнін жазудың арнайы үлгісі белгіленген. Ондай үлгіні жазуда мына жайт ескеріледі: аспаптардың көмегімен дурыс орындалган өлшеулердің ең үлкен жаңылысы аспап бөлігі құнының жартысына тең. Сондықтан өлшеу қателігі оның жартысына, яғни 0,25 см-ге тең деп аламыз. Сонда дененің өлшенген ұзындығының мәні былай жазылады:
l=(4,00 ± 0,25) см,

мұндағы 4,00 см - дененің өлшенген ұзындығы; 0,25 см - өлшеудің аспаптық жаңылысы (қатесі).

Сөйтіп бұдан мынадай қорытынды туындайды: бірінші сызғыш бойынша дененің l ұзындығы 3,75 см және 4,25 см аралығында болады

 

Date: 2016-05-15; view: 566; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию