Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ноғатықтың шаруашылық маңызы





 

Ноғатық (Lathyrus)–ең жақсы бір жылдық бұршақ тұқымдас мал азықтық өсімдіктердің бірі. Көк балаусасында өсімдіктің гүлдену кезеңінің басында 21-22% протеин, толық гүлденгенде ол 19-20%-ға дейін төмендейді. Ал көк балаусасында, пішенінде және дәнінде қорытылатын протеин, минерал тұздары және витаминдер көптеп кездеседі. Ноғатықтың 100 кг көк балаусасында 17 а.ө., сүрлемінде–13,8 а.ө., дәнінде–119 а.ө. бар. 100 кг пішенінде 46-50 а.ө және 12,3 кг қорытылатын протеин бар. Көк балаусаның а.ө.–218 г, сүрлемінде–167 г және дәнінде–189 г қорытылатын протеин бар. Ағуыз құрамында барлық ауыстырылмайтын аминқышқылдары, оның ішінде лизин, триптофан бар [2].

Көк балаусасы мен пішенінде каротин мөлшері жоғары (1 кг-да 35-80 мг). Ноғатық көк конвейр жасауға өте тиімді өсімдік. Оның астық дақылдармен: сұлы, арпа, тритикале, күздік қара бидаймен өсірген қоспаларын жаз бойы сауын сиырларға шырынды мал азығы ретінде пайдалануға болады. Осындай егістерден жоғарғы сапалы сүрлем, пішендеме, пішен, шөп ұнын дайындайды.

Ең негізгі бұршақ тұқымдас дақылдарының көп бөлігі жайылымдық шөптер ретінде кездеседі. Азықтық шөптердің құрамында ақуыз мол болғандықтан, ол бізде құнды азық ретінде қолданылады. Ноғатық малға өте жақсы азық болып табылады: егер біз оны шапқаннан кейін ол жерде көп жатып қалмаса мал оны жақсы жейді. Көбінесе қара малдың сүтінің көп болуына ықпал етеді, бірақ жатып қалған шөп болса кейбір кезде малдың төлін тастауына себепші болады. Азыққа жасыл массасы, үстеме қорек, сүрлем, шөп ұнын, пішендеме алу үшін шикізат ретінде қолданылады [9].

Ноғатықты таза сүрдің орнына сүрі жер ретінде және де кейбір аймақтарда топырақты ылғалдандыру үшін қолдануға болады. Оның өсіп–өнуі басқа бір жылдық дәнді бұршақтарда сияқты шөп аралас өсімдіктермен бірге жақсы өседі. Өзінің табиғаты бойынша бұршақ тұқымдастар басқа қолданылатын дақылдармен бірге өсіп–жетілуге бейімделген. Ноғатықты көбінесе сұлымен кейбір кезде арпамен, сирек кезде бидаймен, сүрлем үшін сұлы мен күнбағысты араластырып, жүгері мен қара бидаймен, тұқымға–сұлымен және арпамен араластырылып қолданылады. Бір ноғатықта өзінде қара мал мен қойды бағуға болады, ал шошқа мен жылқылар үшін тағы қосымша азықты қажет етеді.

Ноғатықтың сабаны өте қоректі, бірақ қиын қортылады, сондықтан оны өте абайлап беру қажет, ал сабанның ұнтағын ыстық сумен бұқтырылса шошқа үшін өте жақсы қорек. Ноғатықтың сабаны құлынды бие мен құлын үшін және жарты жылдық бұзау мен қозы үшін зиянды. Бірақ басқа мал үшін оте жақсы. Ноғатықтың дақылын береді [20].

 

Date: 2016-05-14; view: 672; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию