Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономикадағы жеке және мемлекеттік сектор арақатынасы





 

Экономика Секторы – экономикалық мақсаттары, атқарымы, қылығы ұқсас институттық резидент-бірліктердің жиынтығы. Экономика секторы экономикалық жүйенің мына белгілері бойынша құрылымданады: меншік нысаны бойынша – мемлекеттік муниципалдық, жекеше экономика секторы; өндірістің көлемі бойынша – ірі (корпоративтік), орта және шағын Экономика секторы; инвестициялық қызметтің бағытталуы бойынша – нақты, қаржылық экономика секторы; салалар бойынша – өнеркәсіптік, банкілік, тұрғын үй-коммуналдық, т.б. Мемлекеттік экономика секторы – жер, жер қойнауы, орман және басқа табиғи ресурстар, мемлекет меншіктегі зияткерлік меншік нысандары мен оған берілген құқықтар; шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығына негізделген мемлекеттік біртұтас кәсіпорындарға, мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлік, елдің мемлекеттік қазынасы, сондай-ақ мемлекеттің коммерциялық ұйымдарға қатысуынан туындайтын мүліктік құқықтары жатады. Мемлекеттік экономика секторының дамуын мемлекеттік кәсіпорындар өндірісі көлемінің жалпы ұлттық өнімнің жалпы көлеміндегі үлесі сияқты көрсеткіш айқындайды. Бейкорпоративтік экономика секторы – бейкорпоративтік (яғни акционерлік қоғамдарға жатпайтын) кәсіпорындар секторы – жеке сектор, шағын бизнес, т.б.; халық ш-нда кәсіпорындарды топтастыруда (“меншік нысаны” өлшемі бойынша) пайданылады. Жеке меншік Экономика секторы – жеке тұлғалардың меншігіндегі бизнес. Экономикық сектордың бұл түрі кәсіпкердің жеке және мүліктік жауапкершілігіне, шаруашылықты жүргізудің неғұрлым күрделі жағдайларына орай кәсіпкерлік қабілетті ашуға көбірек бағдарланған. Жеке меншік экономика секторында ұйымдар негізгі үш нысан: жеке дара иелену, серіктес және корпорация нысандары бойынша бөлінеді.

Мемлекеттік сектор – бұл жергілікті және Орталық басқару органдарына тікелей, тұтастай немесе жартылай бағыныштағы шаруашылық кешенінің объектілері. Мемлекеттік сектор объектілеріне рентабельділігі төмен инфроқұрылым объектілері және инвестицияны көп қажет ететін капиталдық айналымы жай шикізат энергетика салаларының кәсіпорындары жатады.

Жұмыс жасау принциптері жеке меншіктегі кәсіпорындар принциптерінен өзгеше қызмет жасауы мемлекеттік секторды жалпы халықтық міндеттерді шешу мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекеттік сектор нарық коньюктурасының нашарлауы жағдайында экономикаға жәрдем беруші негізгі құрал мұндай жағдайда мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік бағыттағы негізгі міндеттерін осы мемлекеттік сектор кәсіпорындары арқылы іске асырады, өндірістің құралдарына жол бермеуге тырысады. Мемлекеттік реттеу құралдарынан сыртқы экономикалық процестерді реттеу жатады: сыртқы байланыстарды реттейтін құралдар-тауарлар, экспорттарды ынталандыруға бағытталған шаралар: экспорттарды несиелеу, экспорттық несиелерге кепілдік беру, шет елдегі инвестицияларға кепілдік, сандық шектеулерді еңгізу немесе алып тастау, сыртқы сауда төлемдерін өзгерту және т.б. жатады. Сыртқы экономика реттеу құралдары негізінде отандық тауар өндірушілерге бағытталған протекциялық саясат іске асырылады.

Date: 2016-05-14; view: 1967; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию