Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Меншік қатынастарын экономикалық іске асыру





Меншік қатынастарының ерекшелігі, ол, бір жағынан өте қарапайым, ал екінші жағынан, өте күрделі де. Қарапайымдылығы әр адам онымен күнделікті кездеседі және оны жиі сезіне отырып, ол туралы белгілі бір деректер алып отырады.Күрделігі оның тасасында тұрған адамдар арасындағы өзара қарым қатынастарды бейнелейтін көп қырлы мазмұны.Бұл қарым қатынастар әлеуметтік экономикалық жүйенің эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын адамдардың меншікке қатысты қарым қатынастары.

Күнделікті тәжірибеде меншік қатынастарының экономикалық мазмұны мен оның құқықтық мазмұны арасындағы айырмашылықтарды ажырата білу қажет.

Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып,пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.Бұл дегеніміз өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы күрделі шаруашылық өндіру адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен жұмыс күшін иемдену болып табылады. Меншік қатынастары:

А) иемдену бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.

Б) материалдық ресурстарды тиімді пайдалану мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, сондай ақ одан пайда табу.

В) материалдық ресурстарды тұтыну, яғни өз игіліктеріне байланысты жүзеге асырудың экономикалық сипатын анықтау процесіндегі қарым қатынастарды қамтиды. Міне, осылардың барлығы да өндшріс сферасындағы аса маңызды: “адам адам” қарым қАтынастарын бейнелейді.

Сонымен қатар, меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктермен де сипатталады:

А) екі жұп категорияларының өзара байланысы:(меншіктеу) иемдену шеттету;

Ә) жекелену қоғамдастыру сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;

Б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;

В) табыстарды уйлестіру тәсілі

Г) субъектілік обектілік талдау

1. Иемдену деген қандай да бір қатынас субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.

2. Оқшауландыру деген әрбІр тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.

3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.

Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдерін сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады. Өндіріс құралдарын меншіКтеуші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі: бірінде өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату сатып алу актісінен кейін, яғни тауар ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.

4.Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылад

5.Меншік субъектілері жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.

Меншік тек экономикалық мағынада емес, құқықтық формада да дами алады. Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.

Айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны өзара байланысты, олардың арасында бір сөзбен айтқанда “тамырлар қатынасының заңы ” әрекет етеді.Осы тұрғыдан алғанда меншік бір мезгілде әрі экономика, әрі заң категориясына жатады.Осы бірлікте анықтаушы рөлді меншіктің экономикалық жағы атқарады. Егер, меншік экономикалық форманы қабылдамайтын болса, яғни өндірісте пайдаланбаса, иесіне табыс келтірмесе, ол “заңдылық, функциялық” түрде қалады. Меншіктің экономикалық тұрғыдан дами алуы өндірістік қатынастар арқылы, нақтылап айтқанда алуан түрлі шаруашылық кәсіпкерлік қызмет арқылы жүзеге асады.

Date: 2016-05-14; view: 1225; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию