Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Геоэкологиялық мониторинг объектілері





1. Қорғасын ( лат. Plumbum), Pb – элементтердің периодты жүйесінің IV-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 82, атом массасы 207, 2.[1]Қорғасын өте ерте заманнан белгілі, одан жасалған тиын ақша, медальондар ертедегі Египет қазбаларынан көп табылған. Жер қыртысындағы мөлшері 1.6 07 %, ол жеке күйінде кездеседі. Ең маңызды кені- галенит- қорғасын жылтыры PbS; Қазақстандағы кендері Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда және Қарағанды облысында. Қорғасын бос күйінде көкшіл-сұр түсті жұмсақ және ауыр металл, оңай балқиды. Қорғасынды өндіру үшін, оның рудасын алдымен байытады, одан шыққан концентратта 40-78% қорғасын болады.

Кадмий – сынап, мышьяк сияқты ауыр металдардың бірі болып табылады. Кейбір тәжірибелер бойынша оны өте улы металл деп атайды. Кадмийдің организмде жаксы бейімделу қасиеті бар. Адам организміндегі кадмидің басты орналасатын жері ол өкпе – 36-60℅,бүйрек – 20-25℅. Калғандары асқазанда, сілекейде және сүйектерде болады. Кадмий ерітінділері қанға еніп,бауыр,бүйрек,фосфорлы – қышқыл айналуын бұзады. Созылмалы улану қаны аздыққа және сүйектердің қирауына алып келеді. Кадмий тұздарымен улану симптомдары құсық және құрысулар болып табылады.

Кадмий атом энергетикасында оңай балқығыш,басқа балқымада қолданылатын күмістей жалтыраған, ақ түсті жұмсақ, қорғайтын қабаты бар металл болғандықтан, бұл қауіпті элемент мырыш кенін білдіретін грек сөзінен алынған. Ол мырыш кенінің өңдеуінен алынатын қосымша өнім болып табылады. Кадмидің көп мөлшері денсаулыққа зиян.

Адамдар кадмимен мұнай айыратын зауыттар мен металлургиялық кәсiпорындар маңайында орналасқан топырақтан өнген көкөністерді,астық дақылдарын,суды пайдаланғанда улану қаупі туады. Төзімсіз бұлшық ет ауруы (кадмий организмнен кальциді жуып шығарады) еріксіз мертігулер, жеңіл деформация,бүйректердің және тағы басқа органдардың функцияларын бұзады. Кадмий артық дамығыш ісікке алып келеді.

Никотиннің канцерогендік әсері, темекі түтіндегі кадмидің қатысуын көрсетеді. Үлкен дәретпен және несеппен кадмий ыдырайды,бірақ күніне тек 48 мг аспайды. Бәрінен артық ол бауырда және бүйректе, аздап қанда жинақталады.

Елдегі өнеркәсіп дамыған сайын, өкінішке орай ол да көбейеді, бұл элементтің шоғырлануы топырақта. Суперфосфаттардың қатысуы өсімдіктердің кадмиді жақсы сіңіруіне алып келеді, егер суперфосфаттар аз болса кадмий денеге таралмайды немесе тек аз мөлшерде ғана болады.

Кадмий организмге темекі түтіні,бояудың кейбір түрлері, су, кофе,астық дақылдары, тазартылмаған өнімдер арқылы түседі. Кадмий топырақта әсіресе мырыштың табиғи шоғырланатын орындарда кездеседі. Бұл ауыр металл организдегі мырыштың айналуына,,иммунитетке, сүйекке кері әсерін тигізеді.

2Экожүйедегі тепе теңдікті реттеу механизмі Негізгі биогеохимиялық циклдер.Табиғаттағы әртүрлі заттар айналымының жылдамдығы Зат айналымды қолдайтын, кез келген тірі организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы –экологиялық жүйе немесе экожүйе деп аталады.

Табиғи экожүйелер әртүрлі көлемде және кеңістікте орналасады: организмдер тіршілік ететін кішкене шалшық, мұхит, шалғын, тоғай, тайга, дала- бұлардың барлығы әртүрлі масштабтағы экожүйенің мысалдары. Кез келген экожүйе тірі бөлігі биоценоздан және оны қоршаған тірі емес табиғаттан тұрады. Ұсақ экожүйелер жалпы Жер экожүйесіне дейінгі ірі экожүйенің құрамына енеді. Біздің планетамыздағы жалпы биологиялық зат айналым көптеген жеке заттардың қарым қатынасынан құралады.

Экожүйе зат айналымды тек төрт құрамды бөлігі болған жағдайда ғана қамтамасыз ете алады. Олар: биогенді элементтер қоры, консументтер, продуценттер және редуценттер. «Биогеохимия» терминін В.И. Вернадский енгізді. «Био» - тірі организм-дерге, «Гео» - тау жыныстарына, топыраққа, ауаға, суға жатады.

Биогеохимиялық айналым – бұл химиялық элементтердің, протоплазма-ның барлық негізгі элементтерінің сыртқы ортадан тірі организмге және қайтадан сыртқы ортаға айналуы. Бұл процеске экожүйенің биотикалық та, абиотикалық та бөлігі қатысады.

Экожүйелердегі заттар ағындарының маңызды қасиеті олардың циклділігі болып табылады.

Заттар айналымында екі бөлікті немесе екі қорды ажыратады:

1.қол жетпейтін (резервтік) қор – негізінде тірі организмдермен байланыссыз қрзғалатын заттың үлкен массасы; биотикалық фазадан өтпейді (мысалы, көміртектің резервтік қоры – бұл атмосферадағы, мұхиттағы, атқылаған тау жыныстарындағы, кальций карбонаты, көмір, мұнай түзілім-деріндегі органикалық емес қосылыстар);

2.қол жетерлік (айырбас) қоры – организмдер мен олардың тікелей қоршаған ортасы арасындағы жылдам айырбасты сипаттайтын кірі, бірақ аса активті қор; заттар биотикалық фазаға енгізілген (мысалы, көміртектің айырбас қоры – бұл активті көміртек массасы, ол көмірсулары бар фотосинтез процесінде ассимиляцияланады, сонан соң өсімдіктердің тыныс алуына қайта жұмсалады).

Жалпы алғанда биосфера үшін биогеохимиялық айналымдарды екі негізгі түрге бөлуге болады:1.атмосферада немесе гидросферада резервтік қоры бар газ тәрізді заттар;2.жер қыртысында резервтік қоры бар жауын-шашын циклі.

Date: 2016-06-09; view: 1658; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию