Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Жердің химиялық және биологиялық эволюция этаптары . Опарин Миллер теориялары





Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған.

Жер бетіндегі тіршілік жоғары саналы жануарлар, қарапайым жалғыз клеткалы организмдерден бастап, түрлі вирустар болып табылатын жалғыз белокты молекулалардан құралған нысандардан құралған. Вирустар инертті кристалдық нысанда немесе қозғалмалы жағдайда өмір сүреді. Белоктық молекуланың өзі болса, оларға қарағанда қарапайым бөліктерден – бір-бірімен түрлі химиялық байланыстар арқылы байланысып, амин қышқылдарын құрайтын көміртегінің, сутегінің, азоттың, оттегінің, қосылыстарынан тұрады.

1953 жылы С.Л.Миллер мен Г.К. Юри деген америкалық ғалымдар Опариннің теориясы негізінде жасанды атмосферамен бірінші болып тәжірибе жасады. Олар Жердің алғашқы атмогидросферасының құрамында болған сутегі (H2), метан (CH4), аммиак (NH3) пен су буының (Н2О) қоспасынан амин қышқылын алды. Газдардың бұл құрамы вулкан газдарының құрамдарына толық сәйкес келетіндігі белгілі. Газдардың осы қоспасына күшті электр тоғы беріліп, содан соң конденсациялады. Алынған сұйықтың құрамынан амин қышқылдары, түрлі көмірсутегілер мен тірі материяға тән компоненттер табылды. Басты факторлардың бірі тотығу - қалпына келу үрдістері белсенді жүруіне мүмкіндік беретін бос оттегінің болмауы және энергияның жеткілікті мөлшері еді.

Дүние жүзі ғалымдарының ұзақ жылғы зерттеу қорытындысына жүгінсек, планетамыздың тарихы 4,5 миллиард, оның бетінде тіршіліктің пайда болуы 3,5 миллиард жыл деп отыр. Міне, осы мерзім ішінде адамзат өзін қоршаған табиғат сырын біліп, оның байлығын игеру жолында көп тарихты басынан кешірді. Әлемнін қайдан, қалай пайда болғандығы туралы да тұспалдар көп болды. Соның ішінде тіршіліктің қалай пайда болғанын академик А. И. Опарин дәл анықтап берді. Оның теориясы бойынша алғашқы тіршілік суда белоктың синтезделуі арқылы, кейін реакцияға түсіп амин қышқылын түзген. Олар өзара қосылыста болып төменгі сатыдағы бір клеткалылар пайда болған. Ал олардың косылыстарынан күрделі өсімдік, жануарлар дұниесі қалыптасқан дейді. Сөйтіп, А. И. Опарин жер бетіне тіршілік басқа планеталардан, күн сәулесімен, метеоридтер қоспасына жабысып келді деген, тағы басқа теріс қисындарды жоққа шығарды. (1.) Түу бастан жер бетіндегі тіршілік ең алдымен өзін қоршаған ортаға бейімделе отырып өсіп, өніп, өрбиді. Міне, осындай ортада пайда болған тіршілік иелерінің бірі—адам болып табылады. Америкалық жас ғалым Стенли Миллер 1953 жылы Опарин мен Холдейннің болжамын сынақтәжірибемен тексеру мақсатында тәжірибелер топтамасын жүзеге асырды. Ол осы заманғы жанартау (вулкан) газдарын негізге алып, аузы дәнекерленген кұты- да Жердің 4,5 млрд бұрынғы алғашқы атмосферасын жасап көрді. Онда тиісті температура мен қысым сақталды. Осы қоспа арқылы найзағай разряды сияқты 1000 вольтқа дейін электр заряды жіберілді. Бұдан басқа құты алғашқы мұхитты елестететін (имитация) суы бар тағы бір ыдысқа жалғастырылды. Буы «атмосфераға» барып, салқындағанда, конденсацияланғанда құтыға «жаңбыр» түрінде «кайта оралу» үшін мезгіл-мезгіл қыздырылды. Бар болғаны бір аптада кұтыдағы «мұхитта» ұсақ ағза «құжынап» кетті. Бұдан несепнәр (мочевина), ағзалық май қышқылы, құмырсқа және сірке қышқылдары, ең бастысы бірнеше аминқышқылдар тәрізді ағзалық қосылыстарды көруге болады. Кейін кептеген зерттеушілер сынақтәжірибе шарттарын біраз өзгертіп, бірақ алғашқы Жер атмосферасының үлгісі бойынша шынайы деректерді қолдай отырып, Миллердің тәжірибесін қайталады. Олар бастапқыда «Миллер құтысында» синтезделмеген өзге де көптеген қосылыстар алды.








Date: 2016-06-09; view: 399; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию