Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Р-ғы топырақ мониторинг мәселелері





Топырақ биосфераның ең маңызды компоненті. Топырақ арқылы тірі а,залар литосфера, гидросферамен байланыста болады. Топырақ биосфераның экологиялық қуысы, тіршілік мекені. Қазіргі кезде топырақ экологиясы және топырақты қорғау әлемдік экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің негізі саны жыл сайын өсіп жатқан халықты азық – түлікпен қамтамасыз ету мәселесімен байланысты. Топырақ өзінің негізгі қасиеті – құнарлығы арқылы өсімдіктерді, ал өсімдіктер арқылы жануарлардың да өсіп – өнуін қамтамасыз етеді.

Адамның іс – әрекеті салдарынан топырақ деградациясы республикада кең орын алған. Қарашірігінің азаюы бойынша Солтүстік Қазақстанда, әсіресе, тың және тыңайған жерлері игерілген аудандардағы топырақтарда анық байқалады. Ұзақ жылдар бойы бір дәнді дақылды өсіру топырақтың құнарлығын төмендетті. 30 см-ге дейінгі топырақ қабатында қарашірігі 20-30%-ға азайған. Солтүстік Қазақстанның қара топырағының қарашірігі жыл сайын 0,8-1.0 т/га азаяды деген болжамдар бар. Республикамызда қарашірігі шамалы азайған жерлер 4,5 млн га, орташа азайғаны – 5,2 және күшті азайған 1,5 млн га. Суармалы жерлердің 700 мың га қарашірігі азайған. Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру үшін ауыспалы егістік жүйесін енгізу, органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру, эрозияға қарсы шаралар қолдану қажет.

Қуаң дала және шөл зоналарының өоңыр және күлгін топырақтарының тұздануы ауданның 50%-ына жетті, немесе 111550 мың га. Барлық табиғи зоналарда топырақтың сортаңдануы байқалады. Дала зонасында 8 млн га, қара топырақтың 30%, қуаң дала, шөлейт-дала зоналарындағы күлгін топырақта 37млн га, шөл зонасының ашық қоңыр топырағында 23,2 млн га.

Топырақтың жел эрозиясы барлық аймақтарда, әсіресе шөл зоналарда, егістіктерде күшті байқалады. Қазақстанда жалпы эрозияға ұшыраған аудан 17 млн га. Эрозияның күшті болуы карбонатты жеңіл топырақ және егістіктер мен жайылымдарда артық антропогендік жүктемеге байланысты. Эрозия салдарынан топырақтың генетикалық қабаттары жұқарып, топырақтың құнарлығы төмендейді. Сондықтан ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану, егістіктер мен жайылымдарды пайдаланудың құрылымын жетілдіру, өсірілетін дақылдарды дұрыс таңдау, мелиорация, орман мелиорация шаралары, су ағыстарын реттеу, топырақты өңдеу, ауыспалы егістікті пайдалану, суландыру т.с.с. шаралар дұрыс жүргізілуі тиіс.

Билет №38

Date: 2016-06-09; view: 1065; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию