Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алдықтар мәселесі. Технологиялық процестердің экологиялық критерийлары





1. Топырақтағы түйнек және еркін тіршілік ететін бактериялардың атмосферадағы азотты байланыстыру құбылысы да биологиялық сіңіру болып саналады.Биологиялық сіңіру тыңайтқыш қолдануда маңызды рөл атқарады. N15 таңбалы изотопын қолдану арқылы жүргізілген зерттеу жұмысы нитратты тыңайтқыштардың 10-20%, азоты және аммиакты тыңайтқыштардың 20-40% азоты топырақта органикалық формада болатынын дәлелдеді.Топырақтың биологиялық сіңіру қабілетінің қарқынына топырақ аэрациясы, топырақта энергетикалық заттардың (өсімдік қалдықтары, органикалық тыңайтқыш) болуы елеулі әсер етеді. Мысалы, топыраққа астық дақылдарының сабанын енгізгенде микроорганизмдер клетчатканы ыдырату үшін топырақ құрамындағы азотты пайдалануынан ауыл шаруашылығы дақылының азотпен қоректенуі нашарлайды, өнім төмендейді. Мұндай жағдайда сабанға минералдық азот тыңайтқышын қосып пайдалану керек.

Топырақтағы ластағыш заттар үш бағытта нормаланады:

- ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;

- кәсіпорынның территориясындағы улы заттардың жинақталуы;

- елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын жерлер топырағының ластануы.

Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауда екі көрсеткіш қолданылады: ШРКт және уақытша рауалы концентрация (УРКт)

ШРКт-топырақтың егістік қабатындағы заттардың ШРК, мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалануы қабілетіне тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет

Ластаушы заттардың су қоймаларына және су ағзаларына әсер ету сипаты зияндылықты шектейтін көрсеткіштері (ЗШК) деп атау қабылданған негізгі үш топқа бөлінеді.

1. Жалпы санитарлық ЗШК. Құрамына су қоймаларының трофиясының өзгеруі, ерітілген оттегінің концентрациясының төмендеуі, ортаның температурысы мен тұздылығының өзгеруі, қатты және сұйық заттармен механикалық ластану жатады.

2. Улы ЗШК. Заттардың су ағзаларына улы әсерін көрсетеді.

3. Қожалық (балық шаруашылығы) ЗШК, өндірістік су ағзаларының тауарлық сапасының бүлінуін көрсетеді.

Су ортасына түсетін ластаушы заттарға арналған нормативтердің екі тобы бар:

1. Су қоймаларының және оның тұрғындарының қажеттерін берілген нормативтермен қорғалатын, сақталатын ластаушы заттардың түсу нормативі – шекті мүмкін шығын (ШМШ).

2. Су қоймаларының қорғалатын қасиеттері бұзылмайтын құрам нормативтері – шекті рауалды мөлшер (ШРМ).

ШРМ ең аз концентрация бойынше келесі әсер етудің жақтарын ескерумен орнатылады: судағы зиянды заттардың тұрақтылығы, олардың су қоймаларының санитарлық режиміне әсері (өзін-өзі тазартуға қабілеттілік), судың органолептикалық қасиеттеріне әсері, суды тұтынатын тұрғындардың денсаулығына әсерін тигізеді.

2. Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили. А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік. Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек

Экожүйе Экожүйедегі жағдайының ішіндегі қайтымсыз құрауыштардың құрылымдық өзара үдерістерсіз бірқатар тозуының функционалдық байланыстың қауымдастық- жеке белгілері сипаттамалары қайтымсыз тар құрылымы- болуы мүмкін бұзылуы ның бұзылуы.
Трофикалық жүйе – Фитофагтар- Фитофагтар Тұрақты (ауыт- үлес массаның дың үлес үлес қулар норма өзгеруі массасының массасының шегінде) 50%-ға ар- 20%-ға артуы, туы, зоофазоофагтар мен тар мен сап- сапрофагтар- рофагтар дың үлес үлес масса-массасының сының 50%-20%-ға азаюы ға азаюы 10) аумақтың экологиялық жай-күйінің индикаторы ретінде өсімдіктердің жай-күйін бағалау үшін көрсеткіштер.
Кез келген табиғи экожүйенің биотикалық құрауышы ретінде өсімдіктер экожүйенің құрылымдық-функционалдық ұйымдастыруында және оның шекарасын анықтауда шешуші рөл атқарады. Өсімдіктер тек қана қоршаған ортаның бұзылуына өте сезімтал емес, сондай-ақ антропогендік әсер ету нәтижесінде аумақтың экологиялық ахуалының өзгеруін неғұрлым көрнекі көрсетеді. Өсімдіктердің жай-күйін бағалау критерийлері географиялық жағдайларға және экожүйелердің типтеріне байланысты айрықшаланады. Бұл ретте өсімдік жамылғысының құрылымындағы да (тамырлы қауымдастықтар ауданының кемуі, ормандылықтың өзгеруі), өсімдік қоғамдастығы мен жеке түрлердің (популяциялар) деңгейіндегі де қолайсыз өзгерістер ескеріледі: түрлік құрамның өзгеруі, қауымдасу мен доминанттар ценопопуляцияларының жастық спектрінің нашарлауы.
Түрлер-индикаторлар популяциясының тығыздығы – негізгі антропогендік факторларға жоғары сезімталдық білдіретін экожүйе жай-күйінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Антропогендік әсердің нәтижесінде қолайсыз түрлер-индикаторлар популяциясының тығыздығы төмендейді, ал оң түрлер-индикаторларда – артады. Антропогендік жүктеменің шекті мәні түр-индикатор популяциясы тығыздығының 20%-ға, ал сыни мәнінің – 50%-ға төмендеуін (немесе артуын) есептеген жөн.
3. Қалдықтар – табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналадыТұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы, тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын, қағаз және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдық өнімділігі 150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс материалдарын өндіруге колданылады. Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі мақсатын орындаумен бірге, зауыт басқа өндірістерге шикізат ретінде кажетті өнімдерді — жылу, металл, шлактарды да шығарады.

Технологиялық процестердiң экологиялық тиiмдiлiгiн бағалау үшiн өнеркəсiп өндiрiсiндегi қоршаған ортаға зиянды заттардың экологиялық көрсеткiшi қолданылады. Бұдан басқа екiншi бiр маңызды бағалау критериi — ресурс сыйымдылық көрсеткiшi — пайдалы өнiм шығару процесiндегi жұмсалатын энергия, су, ауа, шикiзат, т.б. табиғи ресурстардың үлесi. Өкiнiшке орай, қазiргi кезде бұл көрсеткiштердiң үлесi өте жоғары. Қор үнемдегiш технологияларды қолдану тиiмдi болар едi. Бұл технологиялар табиғи ортадан алынатын шикiзаттарды үнемдеп пайдалану, технологиялық процесте қолданылатын материалдық жəне энергетикалық ресурстарды тиiмдi пайдалану, т.б. негiзiнде жүзеге асырылады.

Қалдықсыз өндiрiс, өндiрiске енгiзiлген табиғи ресурстарды неғұрлым тиiмдi жəне үнемдi пайдалану үшiн шешiмдер қабылдау үшiн қажет.

Билет№6

Date: 2016-06-09; view: 1228; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию