Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Биосфераның негізгі үш қабаты





Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Биосфераның бөлімдері:

1. Тропосфера

2. Гидросфера

3. Литосфера

4. Ноосфера

5. Биосфераның пайда болуы

Жердің бөлімдері.

Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді.Биосфераның ертеден бері қарай құралып кележатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анқтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі организмдер болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі организмнің қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады. Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылғасозылған.Бұлэра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді. Тірі материя үшін сол жүйеге кіретін элементтердің, яғни элементарлы бөлшектерден (электрон, протон) бастап организмдер мен қауымдастықтар, биосфераға дейін иерархиялық бір-біріне бағыныштылығы тән. Сондықтан, биологиялық деңгейлер жоғарылаған сайын обьектілер арасындағы қарым-қатынастар да күрделене түседі.

Экология ғылымы организмдер мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды барлық деңгейлерде зерттейді. Материяны құрайтын элементтердің құрылымдық-функционалдық бірігуінің ерекшеліктері негізінде төмендегідей деңгейлерді бөледі.

Молекулалык деңгей. Биологиялық макромолекулалар: нуклейн қышқылдары, белоктар, полисахаридтер т.б. маңызды органикалық заттар деңгейінде бірігу.

Клеткалық деңгей. Элементарлық тірі жүйе, барлық тірі организмдердің негізгі құрылымдық-функционалдық бірлігі. Көп клеткалы жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар ұлпаларының құрамында немесе жеке организм ретінде (бактериялар, қарапайымдылар, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтар) тіршілік етеді.

Ұлпаның деңгейі. Ұлпа - құрылысы мен атқаратын қызметі жағынан ұқсас клеткалар тобы. Жануарларда - шығу тегі, құрылысы, организмдегі атқаратын қызметі ұқсас клеткалар жүйесі. Өсімдіктерде - әдетте шығу тегі ұқсас, құрылымдық және атқару қызметі бойьшша бір-бірімен байланысты клеткалар жүйесі.

Мүшелік деңгей. Бірнеше қызмет атқаратын әртүрлі типтегі ұлпалардың құрылымдық-функционалды бірігуі.

Популяция - бір-бірімен және қоршаған ортамен байланыста болатын, өзіне ұқсас топтардан әртүрлі дәрежеде оқшау тіршілік ететін бір түрге жататын особьтар жиынтығы.

Түр - белгілі бір ареалда тіршілік ететін генофоны ортақ, бір-бірімен шағылысып өнімді ұрпақ беретін, морфо-физиологиялық белгілері ұқсас популяциялар жиынтығы.

3. ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІРІМ және мониторинг – геология орта факторларының кеңістіктік өзгеру заңдылықтары мен морфологиясын анықтау мақсатында және картаға, қимаға, сондай-ақ есеп беру құжаттарына түсіру үшін жүргізілетін инженер-геологиялық зерттеулер; ал геология орта факторларының өзгерісі инженер құрылыстарды салу, оларды пайдалану жағдайын анықтайды, олардың инженер іс-әрекеттер нәтижесінен болатын өзгерістерін болжайды.

Инженерлік-геологиялық түсірімнің қарастыратын негізгі мәселелері: ауданның геология құрылысын, геоморфол. және гидрогеологиялық ерекшеліктерін, тау жыныстарының инженер-геологиялық қасиеттерін, қазіргі геология процестер мен құбылыстарды зерттеу; инженер-геологиялық жағдайлардың кеңістіктік өзгеру заңдылықтарын анықтау; инженер-геологиялық жағдайлардың жеке құраушылары арасындағы өзара байланысты анықтау; салынған инженер құрылыстар мен геология орта арасындағы өзара әсерді зерттеу; инженер-геологиялық жағдайлар дамуының қалыптасу тарихын және қазіргі тенденцияларын анықтау; аумақтарды шаруашылық мақсатында игеру процесінде инженер-геологиялық жағдайлардың өзгеруінің болжамын жасау.

Инженерлік-геологиялық түсірімнің ауқымы мен мазмұны ауданның инженер-геологиялық жағдайларының күрделілігіне, зерттеу міндеттеріне, жобалау сатыларына қарай анықталады. Ірі масштабты инженерлік-геологиялық түсірімде бақылау пункттерінің негізгі нобайы, барлау қазбаларының орындары геодезиялық аспаптар көмегімен анықталады, аэрофототеодолиттік суреттермен салыстырылады. Инженерлік-геологиялық түсірімнің нәтижесінде аймақтың инженер-геологиялық картасы жасалады. Аймақ құрылыс салуға жарамдылығы мен қолайлылық белгілеріне қарай аудандарға бөлінеді.

Билет№5

РШК, топырақтың «биологиялық сіңірілуі» туралы ұғым. Топырақ, су және жұмыс зонасындағы зиянды заттардың РШК көрсеткіштері.

Экожүйенің құрылымы және қызметтері. Экожүйе құрылымындағы антропогендік өзгерістердің қайтымды және қайтымсыз түрлері.

Date: 2016-06-09; view: 1226; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию