Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топырақтың антропогендік өзгерісі мен жай-күйінің мониторингі





1. Биосферада азот айналымын анаэробты бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (теңіз экожүйесінде) бірнеше топтары жүргізеді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердегі түйнек бактерияларында азотты сіңіру процесі оттегінің артық мөлшерінен арнайы өсімдік гемоглобинімен қорғалған күрделі ферментті жүйенің көмегімен жүреді. Биологиялық азот сіңіру процесінің тікелей өнімі болып саналатын амин тобы бүкіл организмдер қатысатын айналымға қосылады. Бірақ негізгі ролді топырақ пен су бактерияларының үш тобы: азоттандырушылар, нитрат түзушілер және азотсыздандырушы бактериялар жүргізеді. Бактериялардың алғашқы екі түрі атмосферадағы молекулалық азотты байланыстырьш, оларды өсімдіктердің азотты қоректенуіне қажетті түрлерге (нитрит, нитрат, аммоний тұздары) айналдырып, сондай-ақ органикалық азотты қосылыстарды (амин қышқылдары, пептидтер, белоктар) түзеді. Барлық қоректік деңгейлердің зат алмасуынан өткенде осы қосылыстар NH4+ бөле отырып ыдырайды, сөйтіп, осы қарастырылған цикл қайталанып отырады. Топырақ пен су бактерияларының тобы, яғни, азотсыздандырушы бактериялар азот қышқылының тұздарын нитриттерге, молекулалық азот пен аммиакқа дейін ыдыратады. Қазіргі кезде азоттың едәуір мөлшерін атмосфераға өнеркәсіп орындары мен көліктердің ластануы салдарынан түсуде

Фосфор айналымы. Фосфор нуклеин қышқылдарының, клетка мембраналарының, энергия тасымалдаушы жүйелердің (АДФ, АТФ), сүйек ұлпасының, дентиннің (тістің негізгі бөлігін құрайтын сүйек ұлпасының бір түрі) құрамына кіреді. Фосфор айналымының ерекшелігі - редуценттердің фосфорды органикалық түрден бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде. Фосфордың айналымын тұйықталған деп есептеуге болмайды, себебі фосфаттардың басым көпшілігі мұхит шөгінділерінде қалып отырады. Фосфордың айналымы құрылықта да мұхитта да жүреді. Фосфориттер мен апатиттер - құрамында фосфоры бар тау минералдары. Атмосфералық физикалық және химиялық үгілу нәтижесінде тау жыныстары бұзылады. Бұзылған өнімдер су, жел, мұз арқылы, ары қарай табиғи сулар арқылы Әлемдік мұхитқа келіп түседі. Бұл жерде фосфор фитопланктонның құрамына енеді. Қоректік тізбек бойынша фосфор теңіз жануарларының организміне түседі. Ары қарай теңіз құстары, жануарлары арқылы (балық аулауға байланысты) фосфор қосылыстары құрылыққа шығады.

Фосфор жылжымалы элемент, сондықтан оның айналымы қоршаған ортаның көптеген факторларына, бірінші кезекте антропогендік факторларға тәуелді. Өсімдіктердің фосфорды сіңіруі топырақ ерітіндісінің қышқылдығына байланысты. Суда натрий мен кальций фосфаттары нашар ерісе, сілтілі ортада мүлдем ерімейді. Қышкылдық көтерілген сайын фосфаттар жақсы еритін фосфор қышқылыны айналады. Фосфор тыңайтқыштарын артық мөлшерде қолданса, топырақта фосфорлану деген зардап орын алуы мүмкін. Фосфор улы элемент болмаса да, фосфорлану кезінде тұздардың концентрациясы жоғары болғандықтан, өсімдіктердің өсуі мен дамуы, әсіресе вегетация басталған кезеңде баяу болатыны байқалады. Себебі фосфордың мөлшері топырақта көп болғандықтан басқа элементтердің біршама тапшылығы күшейіп, өсімдіктердің коректенуі бұзылады, сонымен қатар экологиялық тұрғыдан зиянды ауыр металдарды және басқада улы заттарды көбірек сіңіруге мүмкіндігі жоғарылайды.

2. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу.Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы. Ассамблея Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмыс бағытын анықтап, Бас директорын (5 жылға) тағайындайды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының орта әкімшілік органы — Хатшылық (штаб пәтері Женева қаласы; Швейцария). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 192 мемлекет мүше (2000). Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 1992 жылы 19 тамызда мүше болып қабылданды (Еуропа аймақтық ұйымына кіреді). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: [Еуропа] (аймақтық бюросы — Копенгаген қаласында, Дания); Африкалық (Браззавиль қаласы; Конго); Жерорта теңізінің шығыс бөлігі (Александрия қаласы, Египет); Оңтүстік-Шығыс Азиялық (Нью-Дели қаласы, Үндістан); Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі (Манила қаласы, Филиппин) және америкалық (Вашингтон қаласы, АҚШ). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмысының негізгі бағыттары: жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оған мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, медицина статистика есеп жүргізу (мысалы, ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықаралық деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мәліметті тарату, т.б.), дәрілік препараттардың дайындалуын жіті қадағалау, медицинаның маңызды мәселелерін шешуде ғылым зерттеулер жүргізуді қолдау, т.б. 1978 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Алматы халықараралық конференциясында 20 ғасырдағы Денсаулық сақтау ісінің хартиясы аталған “Алматы декларациясы” қабылданды. 1979 жылы Өлкелік патология ғылым-зерттеу институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылым-зерттеу ортлық) жанынан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен бірлесіп жұмыс істейтін алғашқы медицина-санитариялық көмек жөніндегі Халықараралық орта ашылды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бюджетінің негізін оған мүше елдерден жүйелі түрде жиналатын жарналары құрайды.

БҰҰ-дың Деңсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бүкіл дүниежүзілік Ұйымы

1946 жылы құрылған.

Қатысушылар — БҰҰ-ға мүше мемлекеттер.

Мақсаты — қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адам денсаулығын қорғау және жақсарту.

Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ластану деңгейін бағамдау және бақылау, радиоактивтік сәулеленуден қорғау, климаттың өзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық стратегиясын талдап-белгілеу.

Мекен-тұрағы — Швейцария, Женева

3.Миллиондаған жылдар бойы геологиялық орта эндогендік және экзогендік әрекеттерге байланысты және Жердің сыртқы қабаттарынын, өзара қарым-қатынастары нәтижесінде қалыптасып, тепе-теңдік жағдайда болып келді. Қейінірек қоғам өмірінің даму барысында, әсіресе қазіргі замандағы ғылыми-техникалық револю-ция жағдайында, адамдардың геологиялық ортаға тигізетін әсері күшейе түсті. Сонын, салдарынан қоршаған ортаның табиғи жағдайдағы тепе-тендігі бұзылып, әр түрлі өзгерістер байқалады. Қейде мұндай әрекеттер ғаламдық көлемдегі ірі өзгерістер туғызады. Антропогендік әрекепер (инженерлік құрылыс, ауылшаруашылық, гидро-техникалық, таукен өндірісі және т. б.) әдетте жер қыртысының белгілі бір аймақтарын қамтып (техногендік әрекеттердің қарқындылығына қарай) өзіндік із қалдырады. Мұндай аймақтар техносфера немесе ноосфера (грекше “ноос” — ақыл, ес, парасат) деп аталады (Вернадский, 1944). Қазіргі кезде В. И. Вернадский негізін қалаған биосфералық ілім адамдардьщ саналы іс-әрекеттерін бүкіл планеталық сферада түгел қамтитын ілім негізі (ноосфера) болып қалыптасып келеді.

Адамдардың геологиялық ортаға тигізетін техногендік әсері минарагениялық, геохимиялық, геофизикалық, геодинамикалық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық болып ажыратылады.

Минарагениялық және геохимиялық өзгерістер антропогендік әрекеттерге (таукен өндірісі, құрылыс ісі және гидротехникалық және т. б.) байланысты жер қыртысын құрайтын заттардың орын ауыстырып, қайтадан көшіп-қонуымен сипатталады. Мұндай әрекеттердің нәтижесінде минералдық ресурстар қоры азайып, кен өндіру ісінің технологиялық жағдайы өзгереді (минарагениялық өзгерістер), сонымен бірге геологиялық ортаның химиялық тепе-теңдігі бұзылып, литосфера-атмосфера-гидросфера араларындағы экологиялық қарым-қатынас өзгереді (геохимиялықөзгерістер).

Геофизикалық өзгерістер жер қыртысының жоғары бөліктерінде геофизикалық жасанды өрістер (сейсмикалық және дыбыс толқындары, электромагниттік токтар және т. б.) түрінде байқалады. Олар литосфераны құрайтын заттарға әсерін тигізіп, металдардың коррозиясын күшейтеді.

Геотермиялық өзгерістер жер бетінің және су қоймаларының жылулық режимдерінің өзгерістерімен анықталады. Әсіресе, олар көп жылдык, тоңды аудандарда жақсы байқалады.

Жер мониторингі жер ресурстарын басқарудың жалпы жүйесіне кіреді. Бұл жүйе келесі бір-бірімен байланысты блоктарды қамтиды: жерге орналастыру, жер кадастры, ізденістер, мониторинг, геоақпараттық-техникалық блогы.

Ал жер мониторингі болса үш өзара байланысты блоктардан тұрады:

Биосфералық (жаһанды)

Биологиялық (санитарлық)

Геоэкологиялық (табиғи шаруашылық)

Жер ресурстарын басқару Агенттігімен жүргізілетін мониторинг геоэкологиялық мониторингтің бөлігі болып табылады.

Жер мониторингін жүргізу мақсаты – табиғатты қорғау іс-әрекеті және экологиялық қауіпсіздікті басқару ақпаратты қамтамасыз ету.ҚР барлық жер қоры жер мониторингісінің объектісі болып табылады

Жер мониторингінің талаптары: жер қорының құрылымы мен түрлі жерлердің күйінің өзгеруін уақытымен анықтау, өзгерістерді бағалау, болжау, зиянды процестердің салдарын алдын алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу; жер кадастрын жүргізуді, жерді тиімді пайдалануды, жерге орналастыруды ақпаратпен қамтамасыз ету; жер учаскелері мен жер алқаптарының күйін бағалау; топырақ құнарлығының өзгеруі, топырақтың ластануы және топырақтағы басқа да өзгерістермен байланысты процестердің дамуын бақылау; табиғи азық алқаптарының өсімдік жамылғысы күйінің өзгеруін, топырақтың деградациясын, оның қалпына келу қарқынын, радионулейдтердің жиналу деңгейін, сонымен қатар, топырақтың антропогендік жүктемелерге төзімділік дәрежесін бақылау; елді мекендердің, өндірістік объектілердің астындағы жерлердің күйін бақылау; жердің күйін жүйелі түрде бақылау; жер қорында болып жатқан өзгерістерді анықтау, осы өзгерістерді бақылау және талдау; зиянды процестердің алдын алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу; Мониторингті жүргізу уақытында келесі мәселелер шешіледі: жер күйінің өзгеруін уақытында анықтау, оларды бағалау, болжау және қатерлі процестердің салдарын алдын алу жйне жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу; мемлекеттік жер кадастрын, жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізуді, жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласындағы басқа да функцияларды, жерге орналастыруды ақпараттық қамтамасыз ету; азаматтарды жер күйі жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Билет№4

Date: 2016-06-09; view: 1585; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию