Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Рай категориясы





Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модалъдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы болып табылады.

Етістік модальдылық мәнге өте бай сөз табы. Белгілі қимыл, іс-әрекеттің белгілі субъекті тарапынан іске асу-аспауы, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауына сөйлеу-

шінің көзқарасы, пікірі, бағасы (анықтығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығы, орындалу ниеттілігі, шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрық мәндері т.б.) қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктің модальдылық мәнінің бірден-бір грамматикалық (категориялық) көрсеткіші бола тұрса да, етістіктің барша модальдылық мәнін толық қамтый алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сия бермейді. Мысалы, адам-су, білгіш-сіну, жетім-сіреу, білген-су, жүр-іңкіреу, кел-гіштеу сияқты сөздер қимыл, іс-әрекетті білдіретін етістік қана емес, сонымен бірге -сы, (-сі), -сін (-сын), -сір, (-сыра), -іңкір (-ыңқыра), -гіште (-ғышта) т.б. қосымшалар қимылға бәлдену, тыраштану „әлденемедегі бола қалып, болып көріну", бәлсіну, менсінбеу, бұлдану, зартұту, зәрулік, тапшылық көру, тең еместікті сезіну, қимылдың қайталануы және оның мардымсыздық, жағымсыздық сипаты, қимылдың күшейтпелі, үдей түсу мәні т.б. сияқты модальдық реңктер үстейді. Сондай-ақ негізгі етістік пен модаль сөздерінің тіркесінен құралған тіркесті түбір етістіктер де әр түрлі модаль мәндерін білдіреді: барған (-атын), сияқты (тәрізді), айтуға тиіспін (тиістімін), айтуың керек (қажет, мүмкін, тиіс) т.б. Бұл сияқты етістік қосымшалары мен тіркесті түбір етістіктердің модальдылық мәні күмән тудырмайды, бірақ рай категориясының ауқымына енбей жүр, себебі, біріншіден, модаль мән, реңк тудыратын қосымшаларда категориялық сипат жоқ, барлық етістікке я етістіктің белгілі бір грамматикалық тобына әрдайым жүйелі түрде жалғана алмайды, екіншіден, олардың көпшілігінің І (-сы, -сі, -сын -сін, -сындық, -ғыш-та, -ғыш-те т.б.) сөзжасамдық қасиеті бар немесе жоғарыда көрсетілгендей, лексика-грамматикалық сипаты бар, етістік түбірінің грамматикалық сипатына (2-жақ жекеше бұйрық рай тұлғасымен сәйкес келуі, тікелей жіктелмеуі, сол тұлғасында қолданыла алмауы) сай келеді, үшіншіден, негізгі етістік пен модаль сөздің көмекші мәнде тіркесуі етістік табиғатында таза грамматикалық категория емес, лексика-грамматикалық құбылыс ретінде жеке қаралуы тиіс. Өйткені соңғы үлгінің таза морфологиялық сипатынан гөрі семантиклық (мағыналық), синтаксистік (қатынастық, қызметтік) мәні басым сияқты көрінеді және ол модаль сөздердің көпшілігі осы мәнде – қызметте есім сөздермен тіркесіп келіп те сөйлемді 7—1086 аяқтап (предикатты қызметін атқарып) ойдың, модальдығын да білдіріп тұрады. „Модаль сөздер мен модаль шылаулардың ашық рай формаларымен жиі қолданылуы нәтижесінде көптеген аналитикалық модаль тіркестер туған (ЫА -ҚҚТ, 325). Немесе кейде модальдылықты екі түрге бөліп, рай арқылы модальдылықтың берілуі объективті модальдылық деп, арнаулы жеке сөздер арқылы берілуі субъективті модальдылық деп те көрсетіледі. (ҚҚТ, 241)

Негізінен алғанда, рай категориясының ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі бөлініп көрсетіліп жүр. А.Ысқақов жалпы бұл сияқты рай түрлерін жоққа шығарғанымен, рай категориясын (етістіктің модальдығын) қимылдың, іс-әрекеттің ақиқатқа қатысын білдіруіне қарай „екі топқа реальды немесе ашық (негізгі) және неғайбыл (жәрдемші) немесе ирреалды рай деп бөледі. Бұлай бөлуге негіз болып отырған бұл рай түрлерінің семантикалық сипаты ғана емес (реальды мән және ирреальды мән) сонымен бірге неғайбыл (ирреальды рай түрлері бұйрық рай, шартты рай, қалау рай) белгілі морфологиялық тұлғалар жүйесі арқылы берілсе, ашық (негізгі) райда арнаулы грамматикалық көрсеткіштер болмайды", сөйтіп, олар арнаулы көрсеткіштерінің болу-болмауына қарай „бір-біріне қарама қарсы қойылып қаралады" (ЫА -ҚҚТ, 322-333). И.Маманов дәстүрлі төрт райдың үстіне „шарттылық рай мен өкініш рай" деп тағы екі түрін қосқан" (М.И. -ҚҚТ, 119-154). Айта кету керек, ғалымның шарттылық рай деп отырғаны ашық райдың бір түрі де, өкініш рай дегені ниет, тілек мәніндегі қалау райдың бір түрі сияқты.

Ашық рай – қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде болу-болмауын білдіретін рай түрі. Демек, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі қимыл, іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәтпен (шақпен) байланысты (өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, әлі өтпегенін, бірақ өтетінін) сипатын білдіру, сөйтіп, ашық рай, бір жағынан, етістіктің рай категориясының бір түрі болса, екінші жағынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрайды. Осыған байланысты райдың басқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасайтын арнайы қосымшалары жоқ болып келеді. Демек, шақ категориясы дегеніміз екінші жағынан ашық рай екен де, енді ашық райдың сипаты шақ категориясы мен оның түрлері шеңберінде қарастырылады.

Бұйрық рай айтушының тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қаратылып, бұйыра, сұрай айтылатын, өзіне (1-жаққа) байланысты қимылды, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні – бұйрықтық мағына. Бұйрықтық, негізінен алғанда, 2-жаққа байланысты болып отырады: Тыңда, дала, Жамбылды (Ж). Ғылым таппай мақтанба (А). Ей, жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол! (Ы.А) Енді сен жүре бер, аздан соң жауабын өзім берейін (Ә.Ә.) „Көктің құсы, жаздың аңы аман тұрғанда, оң көзім, екі қолым аман тұрғанда, мені қарны ашып өзегі талады деп ойламаңдар (С.М .) Өзіңіз шаршағансыз, осында қона кетіңіз (М.Г.) Тоңғандарың мына тұс-тұсындағы ауылдарға барып, жылынып қайтыңдар (М.Ә.). Құдықты шапшаң қазып, самауырды тез қойып жіберіңдер (М.Ә.) Сендер ананы Горькийше сүйіңдер (С. Бақб.).

Ал 3-жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тіле), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалып отырады. Тілегім бақыт тап та, өмірлі бол, Қорлықпен ағармасын қара шашың (Қ.А.) Шөл дала сусын ішсін, шөлі қансын. Алма өссін, гүл бақшасы жапырақ жарсын. Сайрандап адам ұлы кең дүниеде, Бұлбұл құс бойы балқып, әнге салсын (Ж) Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез (А). К,айратпен кіріп жалынбай, Ақылмен тауып ойласын. „Мен қалайға салынбай, Жылы жүзбен жайнасын. (А).

1-жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады, өйткені одан (сөйлеуші) өзіне-өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді ғой. Соған қарап 1-жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен шығару керек деген де пікір жоқ емес. Сөйле десең, сөйлейін сөз келгенде... – Жолдан адасып көп күн жүрсек, бізге тамақ керек болар, үйректі де ұстап алайық, -деді (Ы.А) Алдымда толған мақсат, толған таңдау, Алайын мынасын ба, анасын ба? (С.Т.) Мен не болсам, болайын, сен аман бол (А) Мен өлейін, сен сау-ақ бол (А).Хан мен уәзір ақылдан айрылыпты, өлтірейік екеуін жынды екен, -деп (А).

Сөз жоқ, бұйрықтық мағынаны білдіруде 2-жақ пен 1 және 3-жақтардың арасында айырмашылық бар екені айтылып жүр. „Бұйрық райдың үшінші жағындағы етістіктер қаулы, қаралар, үндеулерде де жиі қолданылады. Мұндай мағына бұйрық райдың бірінші жағында да бар. Бұл айтылғандардан басқа бұйрық райдың бірінші, үшінші жағындағы етістіктер сөйлем ішінде басқа сөздермен байланыса айтылуына қарай, бұйрық мағынасын көрсетпейтін де кездері болады" (ҚТГ, 195).

Бұйрық райдың құрамында бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәнді білдіретін бірінші және үшінші жақ пен олардың көрсеткіштері болуы бұйрық райдың түрлену парадигмасына, тұлғалық жүйесіне байланысты. Мағыналарында бұйрықты білдіруде өзгешелік болса да, бұйрық райдың жіктелу жүйесі, яғни 1-2-3-жақта және жекеше-көпше түрленуі бір парадигмалық жүйенің көрсеткіші болып табылады. Жіктелу үлгісі:

Мен бар-айын, келе-йін, сөйле-йін, біз бар-айық, кел-ейік, сөйле-йік.

Сен бар-, кел-, сөйле-. Сендер бар-ыңдар, кел-іңдер, сөйле-ңдер.

Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз, Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер, сөйле-ңіздер.

Ол бар-сын, кел-сін, сөйле-сін, Олар бар-сын, кел-сін, сөйле-сін.

Жіктелу үлгісінен көрінетіндей, бұйрық райдың 1-жағында жекеше -айын, -ейін, -йын, -йін, көпше - айық, - ейік, -йық, -йік жалғауы жалғанса, 2-жақ жекеше анайы түрінде арнайы қосымша жоқ, бірақ бұл – етістіктің түбір тұлғасы емес, нөлдік форма, өйткені түбір болса сол сөз табының түрленуіне негіз болатын бастапқы тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі) грамматикалық тұлға, сол түбірге жалғанатын тұлға, демек, бұйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі) мен түбір тұлға омоформа болып табылады. „Бұйрық рай формасының екінші жақ жекеше түріне ертеде -ың, -ің, -ң қосымшасы жалғанып айтылатын болған. Мұны бұйрық райдың екінші жақ сипаты түріндегі және екінші жақ көпше түрінің құрамындағы -ың, -ің, -ң қосымшасы (ал-ың-дар, ал-ың-ыз) дәлелдей алады. Сонымен қатар өзбек тілінде қазірде де екінші жақ бұйрық райға - ың, - ің, -ң морфемасы жалғанып айтылады". Сондай-ақ „бұйрық рай формасының үш жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып, сөйлеушінің бір істі орындау туралы өзіне, туындаушыға және бөгде адамға не затқа қаратып, сыпайы тілек түрінде айтуын білдіреді (М.И. - ҚҚТ, 153): айтайын-шы, айтайық-шы, айт-шы, айтыңдар-шы, айтыңыз-шы, айтыңыздар-шы, айтсын-шы т.б. Әрине, олардың мағынасы бұл сөздердің айтылу сазына, интонациясына да байланысты.

Шартты рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық категориялар тұлғаларына -са, -се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райлы етістік 3-жақта ықшамдалған түлғада (жедел өткен жақ тұлғасы сияқты) жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз тұлға болып қолданылады, сондықтан көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады.

Жекеше Көпше

Мен айт-са-м, сөйле-се-м Біз айт-са-қ, сөйле-се-к

Сен айт-са-ң, сөйле-се-ң Сендер айт-са-ңдар, сөйле-се-ңдер

Сіз айт-са-ңыз, сөйле-се-ңіз Сіздер айт-са-ңыздар,

Ол айт-са-, сөйле-се- сөйле-се-ңіздер

Олар айт-са, сөйле-се-

 

Қазақ тілінде шартты рай тұлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да, де шылауымен тіркесіп қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады. Көзімді ашып, алдыңғы жаққа қарасам, екі адам қарауытып тұр екен (Ғ.М.) Тыс қанша көріксіз болса да, қоңыр үйдің өз күні балқып тұр екен ғой! (М.Ә).

Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты модальдылық мәнді білдіріп, тиянақты мәнінде сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады: Шіркін, биыл оқуға түссем! Осы отырысыңды әкең көрсе! Сен машинамен келсең, біз бәріміз есік алдына шығып тосып тұрсақ! Бұнымен бірге шартты райлы етістік жіктеліп келіп ғой, еді, екен,. етті (ма, ме) сұраулық шылау сияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтініш-өкінішін, болжам, ниетін т.б. білдіреді: бар-са-м екен, сөйле-се-ң етті, бар-са-ңыз ғой, жолық-са еді т.б.

Сондай-ақ - са, -се тұлғасына - шы, - ші қосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде қолданылады, екінші жақта кейде - ң жіктік жалғауының орнына тұлғасы айтылады

мен барса-м-шы біз барса-қ-шы

сен барса-ң-шы, біз барса-й-шы, сендер

сіз барса-ңыз-шы, барса-ңдар-шы

сіздер барса-ңыздар-шы.

Шартты райлы етістік игі еді сөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: бар-са игі еді, жолық-са-м игі еді т.б. Болжамды сияқты модальды реңкті білдіріп, шартты райлы етістік керек сөзімен де тіркесіп қолданылады: айт-са керек, көнбе-се керек т.б. Бұлардың барлығында да шартты райлы етістік жіктеліп келеді де, көмекші сөз сөйлем баяндауышын тиянақты етіп отырады.

Қалау рай – сөйлеушінің қимыл іс-әрекетті орындауға я орындамауға қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Қалау рай бірнеше жолмен жасалады, негізгі етістіктерге -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып тәуелденіп барып (тәуелдік жалғауы арқылы жіктеліп, яғни жақтық, жекешелік-көптік мән үстеліп), оған кел (келді, келеді) көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Жіктелуі:

Менің оқы-ғы-м келді (келеді) біздің оқы-ғы-мыз келді (келеді)

Сенің оқы-ғы-ң келді (келеді) сендердің оқы-ғы-ла-рың келді (келеді)

Сіздің оқы-ғы-ңыз келді (келеді) сіздердің оқы-ғы-ла-рыңыз келді (келеді)

Оның оқы-ғы-сы келді (келеді) олардың оқы-ғы-сы келді (келеді)

Сөйтіп, бұл тұлғалы қалау рай етістік синтаксистік сипаты жағынан жақсыз сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.

Кейде сөйлемде қалау рай конструкциялы тіркестің ілік септігіндегі сөздің септік жалғауы түсіп қалып та жұмсалады, бірақ ілік септік тұлғасындағы сөз логикалық субъекті болғанмен, грамматикалық субъект болып таныла алмайды. Бұл – ауызекі сөйлеу тілдің әсері болу керек.

Сондай-ақ етістік түбіріне -ғай, - гей, -қай, -кей қосымшаларының үстелуі арқылы және осы тұлғаға еді көмекші етістігі тіркесу арқылы немесе шартты рай тұлғалы етістікке игі, екен сөздерінің тіркесуі арқылы да тілек мәнді қалау рай жасалады. Жіктелуі:

Мен бар-ғай-мын, бар-ғай едім, барса игі едім, көрсем екен, біз бар-ғай-мыз, бар-ғай едік, бар-са игі едік, көрсе-к екен.

Сен бар-ғай-сың, бар-ғай едің, барса игі едің, көрсең екен, сендер бар-ғай-сыңдар, бар-ғай едіңдер, көрсең-дер екен.

Сіз бар-ғай-сыз, бар-ғай едіңіз, барса игі едіңіз, көрсе-ңіз екен, сіздер бар-ғай-сыздар, бар-ғай едіңіздер, барса игі едіңіздер, көрсе-ңіздер екен.

Ол бар-ғай, бар-ғай еді, барса игі еді, көрсе екен Олар бар-ғай, бар-ғай еді, барса игі еді, көрсе екен.

Date: 2016-02-19; view: 1998; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию