Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі





Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарады.

1. Есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері, атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Кино үстінде бұлар бір-біріне бір ауыз сөз айтқан жоқ. (Ж. Молдағалиев).

2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, кемектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады. Мысалы: Кеудемде жаным тұрғанда Гауһарды ешкімге бермеспін (С. Мыңжасарова). Жалғыз сенен айырылып, Артыңа қарап аһ ұрдым (А).

3. Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш болады. Мысалы: Ешбір дарынды ақын, ешбір дарынды жазушы орыс әдебиетін, орыс әдебиеті арқылы дүние жүзілік озық әдебиеттің көрнекті үлгілерін аттап өте алмауы керек. (Ғ. М.). Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол (А). Бұл сұраққа жауап бермей, аз отырып барып сөйледі. (С. М.). Бірнеше жұмсақ алақан Көтеріп бара жатқандай (Ғ. Қайырбеков).

4. Есімдіктер мезгіл, мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш болады. Мысалы: Бүгін ешқайда бармайсыңдар, маған бір кешті қимайсыңдар ма? (Ж. Молдағалиев). Бірен-саран шыққан астықтарын жұрт әлдеқашан жинап алған. (С. Дөнентаев).

Есімдіктер жіктеліп қолданылса, баяндауыш болады. Мысалы: Менің іздегенім — сенсің. Әнеугі келген бала — осы. Сен нешіншісің?

Есімдіктің мағыналық түрлерінің (жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау) семантикалық, құрамдық жақтарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Зат есімнің орнына жүретін немесе субстантивтенген есімдіктер септеледі. Оның ерекшеліктері:

1) барыс септік тұлғасы жуанданып, -ған болып кетеді;

2) ілік, табыс, шығыс септіктерде сөз соңындағы д, н түсіп қалады.

3) жатыс септікте сөз соңындағы л дыбысы н дыбысына айналып кетеді:

4) көмектес септікте түбірдің соңғы л,н дыбыстары түсіп қалып, одан кейін ілік септіктің қалдық тұлғасы -ны, -ні үстеліп барып – мен жалғауы жалғанады.

5) бұл (бұ) сілтеу есімдігі атау мен іліктен басқа септіктерде әрі мұ түрінде де қолданылады.

Сеп Тік мен Сен ол бұл сол сіз
А. Мен Сен ол бұл сол сіз
І. ме-нің се-нің о-ның бұ-ның мұ-ның со-ның сіз-дің біз-дің
Б. ма-ған са-ған о-ған бұ-ған со-ған сіз-гс біз-гс
Т. ме-ні се-ні о-ны бұ-ны мұ-ны со-ны сіз-ді біз-ді
Ж. Мен-де сен-де он-да бұн-да мұн-да сон-да сіз-де біз-де
Ш. Ме-нен сен-ен о-нан бұ-дан мұ-нан со-дан сіз-ден біз-ден
К. Ме-ні-мен се-ні-мен о-ны- мен бұ-ны- мен мұ-ны- мен со-ны-мен сіз-бен біз-бсн

Кейбір сөз табы семантикалық процестердің негізінде есімдікке ауысқан, ол прономиналдану процесі деп аталады: бір, біреу,т. б.

Date: 2016-02-19; view: 1252; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию