Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы





Етістік түбір күйінде де, әр түрлі грамматикалық (лексика-грамматикалық) тұлғаларында қимылдың, іс-әрекеттің, амал-процестің болуын (болғанын, болып жатқанын, болатынын, болу сипатының әр түрлі реңін) білдіреді. Сонымен бірге қимылдың, іс-әрекеттің болуы да өмірде болатын құбылыс. Міне, қимыл, іс-әрекеттің яғни етістік білдіретін мағынаның іске аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Сөйтіп, етістік білдіретін қимыл, іс-әрекетгің қарама-қайшы мәні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне (негізгі, туынды, күрделі), етістіктің лексика-грамматикалық категориялары (етіс, күшейтпелі етістік) тұлғаларына -ма, -ме, -ба, -бе, -на, -не қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын да жасайды.

Болымсыздық категориясының бірден-бір тұлғалық көрсеткіші -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыздық тұлғасы. Әрине, етістіктің болымсыздық мәнін беретін басқа да аналитикалық жолдары бар. Атап айтқанда, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ар, -ер, -р -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес (кейде емен) көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Бірақ бұлар болымсыздық категориясына жатпайды, оның грамматикалық сипаты (түбірмен 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен сәйкес келуі, тікелей жіктеле алмауы етістіктің таза грамматикалық тұлғаларына негіз болуы) сәйкес емес. Болымсыздық категориясы етістіктің лексика-грамматикалық категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс енгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады:1) бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, оңымен омоформа жасайды; 2) тікелей жіктелмейді; 3) сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады; рай, шақ, (есімше, көсемше және тұйық етістік тұлғалары тек болымсыз етістік) тұлғасының үстіне ғана жалғана алады, керісінше болмайды. Сондықтан И. Маманов „болымсыздық қосымшалар - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -негізгі етістіктер (етістік түбірлер мен модификациялы етістіктер" яғни етістіктің лексика-грамматикалық категориясы (И.С.) мен функциялық етістіктердің яғни етістіктің таза грамматикалық қатегорияларының (-И.С.) шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады", - деп көрсетеді. (М.И. -ҚҚТ, 9-10)

Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады; айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр-ме, сөйлеп қой-ма, беріп жібер-ме т.б. Әрине, бұлар қимыл, іс-әрекеттің болымсыздық мәнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістікке жалғануда белгілі стильдік мән білдіреді, стильдік жүк атқарады, егер болымсыздық форма екі етістікке (әрі негізгі, әрі көмекші) де жалғанса, онда ол болымдылық мән білдіреді, онда да әдеттегі болымдылықтан өзгеше ерекше стильдік бояу болады: айтпа-й қойма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды, сұра-ма-й кет-пе-ді т.б.

Date: 2016-02-19; view: 2091; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию