Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сенімділік теориясының негіздері. Сенімділік теориясының терминдері мен анықтамалары





Сенімділік - объектінің уақытқа қарай берілген шектерде шартты функцияларды орындау тәсілдерін белгілі режімдер мен қолдану жағдайларында, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау, көлік тасымалдау; қалтықсыз жұмыс істеу, ұзақ мерзімділік, жөндеуге жарамдылық, сақтаушылық қасиеті.

Сенімділік – жұмыстағы уақытын сипаттайтын бұйымның қасиеті, яғни, ол пайдалану процесінде болатын бұйымның негізгі сипаттамаларының өзгеруін ескереді. Бұйымның сапасы оның сенімділігінің негізгі болып табылады. Бұйымның сапасы дегеніміз атқаратын қызметіне сәйкес оның іс жүзінде қолдануылуына жарамдылық дәрежесін анықтаушы қасиеттерінің жиынтығы. Бұйымның сапасын бағалау объективті бөлу үшін сандық көрсеткіштердің үлесін көбейтуге тырысу керек. Бұйымның сапасын сипаттайтын қасиеттер жиынтығына оны әртүрлі көзқараста сипаттайтын параметрлер кіреді. Параметрлер негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі параметрлерге бұйымның жұмыс істеуіне өте маңызды оны сипаттаушы сандық көрсеткіштер (мысалы, қуаты, өнімділігі, жылдамдығы, қысымы, жүккөтергіштігі) кіреді. Қосымша параметрлерге жұмыс істеуге қолайлылығын, сыртқы түрін және басқаларды сипаттайтын сандық көрсеткіштер кіреді. Пайдалану кезінде бұйымның қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарымен сенімділік теориясы айналысады. Өндірісте бұйымның сапасын анықтайтын касиеттерді бағалау қолайлылығына байланысты екі топқа бөлүге болады:

1) «лездік қасиеттер» - қысқа уақыт ішінде бұйымды жасаушы заводтарда немесе оны пайдаланудың ең алғашқы уақыттарында бақылаулық тексерулер кезінде бағалауға болатын сипаттамалары (қуаты, өнімділігі, сыртқы түрі және т.б.);

2) бұйымды пайдалануда немесе арнайы стендтерде сынағанда көп уақытты қажет ететін сипаттамалары. Техникада сенімділік бойынша терминдер МЕСТ 13377-67 көрсетілген. Бұл МЕСТ бойынша сенімділік теориясының терминдері мен аңықтамаларын 4 топқа бөлуге болады:

- объектілер;

- күйлері мен оқиғалары;

- қасиеттері;

- сенімділіктін сандық көрсеткіштері.

Объектілер. Бұл топқа жөндеуге жарамды және жарамсыз бұйым (жүйе) мен бөлшектер (жүйе элементтері) кіреді.

Бұйым – объекті жөніндегі жалпы ұғым. Оған машиналар, механизмдер, агрегаттар және олардын элементтері жатады. Жөнделмейтін деп істен шыққан жағдайларда жөндеуге болмайтын бұйымдарды айтады. Жөнделетін бұйымдарға істен шыққан жағдайларда жөндеуге болатындар жатады.

Күйлері мен оқиғалары. Жұмысқабілеттілігі – бұйымның берілген функцияларды техникалық құжаттарда қойылған талаптарға сәйкес параметрлермен орындайтын оның күйі.

Ақаулылық - бұйымның техникалық құжаттардағы талаптардың біреуіне де болса сәйкес келмейтін күйі. Ақаулылық істен шығаратын және істен шығармайтын болып бөлінеді.

Істен шығу – жұмысқабілетінің бұзылуына әкелетін оқиға. Бұл оқиға пайда болу себептеріне тәуелді істен шығулар жүйенің элементтері қиратылуымен байланысты және байланысты емес болып екіге бөлінеді. 1.1-кесте - Істен шығудың сыныптамасы Сыныпталу белгісі Істен шығудың түрі Пайда болу шарты Қалыпты жағдайда және қалыпты емес жағдайда пайда болғандар Пайда болу себептері Қиратылуымен байланысты және байланысты емес Тегі Құрылымдық, технологиялық, пайдаланулық Пайда болу сипаты Кенеттен, бірте бірте, анық, жасырын, толық және жартылай Істен шығулардың өзара байланысы Тәуелсіз және тәуелді Салдарлары Қауіпті, қауіпсіз, ауыр, жеңіл Дұрыстау күрделілігі Қарапайым, күрделі Болжау мүмкіншілігі Болжанатын, болжанбайтын, жұмыс істеу уақыты немесе параметрлері бойынша

Қасиеттері. Сенімділігі – бұйымның талап етілетін уақыт ішінде өзінің пайдаланулық қасиеттерін сақтай отырып берілген функцияларды орындау қасиетті.

Істен шықпағыштығы – бұйымның жұмыс істеу уақыты ішінде мәжбүрлік үзіліссіз жұмыс қабілетін сақтау қасиеті. Жөндеуге жарамдылығы - бұйымның техникалық күтім және жөндеулер көмегімен істей шығулары мен ақауларын болдырмауға, анықтауға және дұрыстауға ынғайлылығын көрсететін қасиеті.

Сақталғыштығы - бұйымның техникалық құжаттарда көрсетілген сақтау және тасымалдау мерзімдерінен кейін және сол кезеңдерде шарттастырылған пайдаланулық көрсеткіштерін сақтау қасиеті.

Өмір ұзақтығы - бұйымның техникалық күтім мен жөндеуге арналған үзілістерімен шектік күйге дейін жұмыс қабілетін сақтау қасиеті.

Тауардың сенімділігі – тауардың ұзақ мерзімге жарамдылығынан, қасиеттердің сақталуынан, жөндеуге жарамды-лығынан тәуелді болатын сапаның күрделі қасиеті. Кейбір бұйымдар үшін жоғарыда аталған қасиеттердің біреуі ғана тән болуы мүмкін. Эклектроприборлардың, автомобильдердің кейбір механизмдердің қайтымсыздығы өте маңызды.

Ұзақ мерзімге сақтау –бұл бұйымның өз көрсеткіштерін сақтау қасиеті, сақталуының орташа мерзімі, гамма – проценттік мерзімі.

Сақталу - бұл тамақ өнімдерінде маңызды рөл ойнайды.Жөндеуге жарамдылық техникалық қызмет көрсетудің орташа құнын,берілген уақтта жөндеуді орындау ықтималдылығын анықтайтын көрсеткіш.

Date: 2016-01-20; view: 3682; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию