Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сенімділікті бағалау





Жабдықтардың сенімділіктерін бағалау олар жұмыс істеп тұрғанда алынған статистикалык деректерді жинау, жүйелеу және өңдеу арқылы іске асырылады.

Жабдықтардың сенімділігін бағалау 4 негізгі кезеңдерден тұрады: 1) жабдықтардың істен шығулары жөнінде деректер жинау;

2) алынған деректерді жүйелеу, талдау жасау және жалпылау;

3) жабдықтардың сенімділігін бағалайтын сандық көрсеткіштерді таңдау және негіздеу;

4) істен шығулар заңдылықтарын табу үшін алынған деректерді математикалық өңдеу.

Бірінші кезең жұмыстың ең қиын бөлігі болып табылады. Осы кезеңді ұйымдастыруға алынатын ақпараттың сапасы өте жоғары дәрежеде бағынышты, сондай-ақ бұл кезеңге жабдықтардың төзімділігіне берілетін баға да тәуелді. Жиналатын ақпараттар талапқа сай сапа беру үшін бұл кезеңде алынатын деректер шын, толық және үзіліссіз болуы керек. Жабдықтардың істен шығулары жөніндегі шындық олардың жұмыс істеу уақытын, істен шыққан уақытын және жөндеуге кеткен уақыттын үздіксіз анықтап көрсету арқылы анықталады. Деректердің толықтығы жабдықтарды пайдалану жағдайы мен жұмыс істеу режимдеріне байланысты. Деректер үздіксіз болу үшін істен шығулар кезінде де деректер жинауды тоқтакпай, үздіксіз жүргізу керек.

Статистикалық деректер жинаудың екі жол бар:

1) іс жүзінде пайдаланылык жатқан жабдықтардың жұмысын бақылау;

2) жабдықтың жұмыс істеуін тәжірибеде көрсететін арнай жабдықтар көмегімен сынау.

Жабдықтардың істен шығулары мен жұмыс қабілеттілігі жөніндегі мәліметтерді шын жағдайда алу үшін ол деректер жазылатын арнайы жорналдар жүргізеді немесе сынау кезінде істен шығулар мен ақаулар сол сынауға арналған жорналға тіркеледі. Бұл жорналдардан басқа статистикалық ақпараттар тәуліктік рапорттардан, сұрау парақтары арқылы, техникалық формулярлардан және т.б. алынады. Алынған алғашқы деректер жүйеленеді, жалпыланады, талдау жасалады және алғашқы бағалаудан өтеді. Бұл жұмыстар үшін өте көп уақыт керек. Оларды оңайлату үшін есептегіш машиналарды пайдаланған тиімді. Технологиялық машиналардың сенімділігін төменде көрсетілген сандық көрсеткіштер кешенімен анағұрлым дәл анықтауға болады. Олар:

- істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы;

- істен шығудың жиілігі мен қарқыны;

- істен шыққанға дейінгі орташа уақыт; - орташа қызмет уақыты; - техникалық пайдалану коэффициенті;

- жұмыс істеу қабілетін қалпына келтірудің орташа уақыты;

- жөндеудің өзіндік жұмыс қиындығы.

Осы көрсеткіштерді пайдаланып математикалық жолмен кездейсоқ шамалардың таралуының сандық мәндерін анықтау керек. Математикалық жолмен алынған шамаларды өңдеу кездейсоқ шамалардың қатарын құрауға, олардың эмпирикалық функцияларын табуға, эмпериялық таралулар параметрлерін есептеуге, оларды алдын-ала алынған теориялық заңдармен салыстыруға келіп саяды. Таралу қатарының берілуінің ең қарпайым түрі деректерді кесте түрінде беру. Кесте көмегімен таралу гистограммалары (үзгісіз кездейсоқ шамалар үшін) мен полигондарын сызады.

 

Date: 2016-01-20; view: 1707; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию