Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Айналдыру сынамасы





Жұмыс барысы: зерттелушіні Барани орындығына денесін бекіту үшін планканы бекітіп отырғызады. Көлденең көзді нистагм болуы үшін оны басын 15 бұрышқа түсіруін сұрайды. Тәжірибе жүргізуші секундына жарты айналым жылдамдығымен зерттелушіні бір қалыпты айналдырады. 10 секундтан кейін орындықты кенеттен тоқтатады да, зерттелушіні көзін ашуынсұрайды. Бір уақытылы секундомерді қосады. Нистагм жоғалған кезде секундомерді тоқтатып, оның ұзақтылығын есептейді.

Келесі зерттеуді бастамас бұрын зерттелушіні Барани орындығында айналдырғанда қандайда бір сезіну пайда болса ол туралы айтуын сұрайды. Оның көзін байлап 1 секундте жарты айналым жылдамдығымен 10 рет айналдырады. Зерттелуші қозғалыс басында айналысты сезінеді және оның бағытын анықтайды. Содан соң қозғалыс бір қалыпты болғанда, ол бұл сезінуді жоғалтады да, орындықтың тоқтағанын хабарлайды. Орындықты тоқтатқан кезде зерттелушіде кері айналыс сезімі пайда болады.

Барани модификациясындағы кілтеуіш байқауы

 

Зерттелушіден 0,5см бас деңгейі арақашықтығында қарандашты орналастырады. Қарандашқа қарап, көзін жұмып қарандаштың жоғарғы ұшына сұқ саусақпен жанасуын сұрайды. Ізінше жоғарыда айтылған орындықта айналдырады. Орындықты тоқтатқан соң ол қолын алдына созып, көзін ашпай қайта қарандаштың жоғарғы ұшына жанасуға тырысады.

Отолитты байқау

Зерттелушіні Барани орындығына отыруын, көзін жабуын және басын 90 алға июін сұрайды. Орындықты айналдырады. 5 рет айналдырған соң орындықты кенеттен тоқтатады, бұл кезде ортаңғы сызықтан корпустың ауытқуын бақылайды. Пульстің жоғарылауын және төмендеуін байқайды.

Қорытынды:

 

Төменгі тармақ
Ортаңғы тармақ
Жоғарғы тармақ  

Сурет.325. Беттің сезімтал иннервациясы (үштік нерв тармақтары)

 

 

Сурет. 76 Форстер периметрі арқылы көздің алаңын анықтау.

Ақпаратты қайта өңдеу
декодтау
декодтау
Қыртыс асты орталықтардың белсенділігі, басқа орталықтармен байланысы
    Импульстарды өткізу
Рецепторлық потенциалдың қалыптасуы мен импульстер ағынының генерациясы
кодтау

 

 


 

 

 

 

«Астана медицина университеті» АҚ

 

Қалыпты физиология кафедрасы

 

№ 17 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

051302 «Стоматология» мамандығы бойынша

Тақырып: Ағзаның шартты рефлекторлық қызметі және оның нейрофизиологиялық механизмдері. Жоғарғы психикалық қызметтер.

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

 

 

 

Құрастырушы:

Доцент Ибраева С.С.

 

Астана 2013ж.

1. Тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық қызметі және оның нейрофизиологиялық механизмдері. Жоғарғы психикалық қызметтер.

2. Мақсаты: Адамның тәртіптік реакциясы өмірлік әрекет үрдісінде жүре пайда болған шартты рефлекстің жинақтығымен анықталады да, олар организмнің бейімделі барысында тұрақты тұрде жаңарумен, жинақталуымен сипатталады. ЖЖІӘ әртүрлі типтеріне жататын жеке ерекшелікті шартты рефлекторлық байланыс сипаттайды. Оқытылып отырған тақырыптың өзектілігі, уақытша байланстың түзілу қабилеттілігі мен оның ұзақ уақыт бойы сақталынуы- шартты рефлекторлық әрекетті анықтайтын құрылысмдық негіз болып табылады да, ми қыртысының құрылымының серпімділігін айқындайды.

. 3. Оқу мақсаты: Студентті шартты рефлексті құрастыру әдістеріне және шартсыз бен шартты орталықтардың аралығындағы уақытша байланыстың түзілу жолдарын талдауға үйрету. «Жол сүрлеу» жүретін орталықтардың орналасуы меншартты-рефлекторлық байланыстың негізгі механизмдері мен түзілу заңдылықтарын ұйымдастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тәртіптің туа біткен түрлері (шартсыз рефлекстер және инстинктер).

2. Шартты рефлекс, жануарлар мен адамдардың үнемі өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайына бейімделу түрі ретінде. Шартты рефлекстердің жіктелуі.Уақытша байланыстың пайда болу механизмі.

3. Шартты тежелу рефлекстерінің түрлері(ішкі және сыртқы).Тежелудің қорғаныштық рөлі.Тежелу жайында қазіргі кездегі көзқарастар.

4. Үлкен жарты шарлар қыртысының талдау- синтездеу іс-әрекеті.

5.Дәрігер- стоматологтың мануальды дағдыларды үйренудегі динамикалық стереотиптің рөлі.

6. Эмоциялар және оның ролі. Эмоцияның қағидасы.

7. Түс. Физиологиялық механизмдер. Түстің кезендері.

8. И.П. Павловтың 1 және 2 сигналдық жүйелер жайындағы ілімі, дәрігер – стоматолог үшін маңызы.

9. Биологиялық және әлеуметтік мотивациялар. Жеке тұлға қалыптасуындағы биологиялық мотивациялар.

10.Стоматологиядағы еңбек қызметінің физиологиялық негізі.

11.Организмнің физикалық, биологиялық, әлеуметтік факторларға адаптациясы.Бейімделу түрлері.

12.Стресс.Жалпы адаптациялық синдром механизмдері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері Таратылатын ақпаратты оқытушыдан алу міндетті(электронды нұсқа немесе баспа иүрінде).

1. Егеуқұйрықтарда белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру

2. Тәжірибелік жануарларда тәртіптік реакцияларды зерттеу

№3 - №10 жұмыстарды оқытушы сабақ барысында жүргізеді.

3. Айзенко бойынша ЖЖІӘ типтерін зерттеу

4. Өзін-өзі бағалау

5. Сигналдық жүйенің басымдылық ететін типті анықтау

6. «Бозторғай немесе жапалақ» тесті

7. Қысқа уақыттық есті зерттеу. Тікелей есте сақтау көлемін анықтау

8. Мағыналық естің көлемін анықтау

9. Қабылдау мен ойлаудың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін анықтау

10.Әдістемелік құрал «Шульте кестесі»

 

6. Әдебиет:

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

4.Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

1.Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

2.Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

 

7. Бақылау: Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу және билет бойынша жазбаша бақылау.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Date: 2015-12-13; view: 1174; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию