Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Физиология кафедрасы. № 16 сабаққа таратылатын материал





№ 16 сабаққа таратылатын материал

 

Тақырыбы: Көру, дәм сезу, иіс сезу, есту, тепетендік және соматосенсорлық

талдағыштар физиологиясы.

№ 1 ЖҰМЫС

Көру өткірлігін анықтау

Жұмыс барысы: Көру өткірлігін анықтау үшін 12 бағанға орналасқан әріпті белгілі Сивцев – Головин стандартты кестесін қолданады. Әр бағанға әріп мөлшері жоғарыдан төмен қарай. Әр бағанның бүйірінде арақашықтықты белгілейтін сан болады, бұдан берілген 1 көру бұрышынан әріпті қалыпты көз анықтайды. Кестені жарық қабырғаға іледі немесе қосымша электрлік лампамен жарықтандырады.

Зерттелушіні кестеден 5м қашықтықта орындыққа отыруын және арнайы қалқамен көзін жабуын сұрайды. Тәжірибеші сілтеуішпен зерттелушіге әріптерді көрсетіп, оларды атауын сұрайды. Анықтауды бағанның жоғарғысынан төменге қарай түсіре отырып, ең төменгі бағанды көрсетеді. 2 – 3 секунд ішінде зерттелуші барлық әріптерді дұрыс айтады және анық көреді. Содан соң көру өткірлігін мына формула бойынша есептейді: V=d/D, мұнда V – көру өткірлігі, d – зерттелушінің кестеден арақашықтығы, D – қалыпты көздің көру арақашықтығы. Содан соң екінші көздің көру өткірлігін анықтайды.

Қорытынды:

№ 2 ЖҰМЫС Форстер периметрінің көмегімен көру өрісін анықтау

Жұмыс барысы: Көру өрісін анықтауды Форстер периметрінің көмегімен өткізеді. Периметрді жарыққа қарсы қояды. Зерттелушіні жарыққа арқасын қаратып отырғызады және периметр штативінің ойшасына иегін қоюын сұрайды. Егер сол көздің көру өрісі анықталса, иекті қойғыштың оң жақ бөлігіне қояды. Штатив ұшы көзшарасының төменгі шетімен келетіндей етіп реттейді. Зерттелуші бір көзбен периметр доғасының орталығындағы ақ дөңгелекті белгілеп, екінші көзді қолмен жабады. Периметр доғасын көлденең қалыпқа келтіріп, өлшеуді бастайды. Бұл үшін ақ марканы периметр доғасының ішкі беткеімен 90 - тан 0 - қа ақырын жылжытады. Зерттелушіні белгілінген көзге айыратын марканың қозғалмай көрінген кезін айтуын сұрайды. Сәйкес келетін бұрышты белгіліп, екіншілей тексереді. Көру өрісінің шекарасы дәл анықталғанына қарай, зерттелуші меридианы көбірек болады.

 

Бағытталуы Көру өрісінің мөлшері, градуспен
Ақтың Жасылдың, қызылдың, көктің
Жоғары Төмен Сыртқа Ішке    

Алынған нәтижемен екі түске де периметрлік сурет сызасыз. Ақ, жасыл және басқа түстердің көру өрісінің мөлшерін салыстырыңыз және олардың арасындағы айырмашылық себебін түсіндіріңіз.

Қорытынды:

№3 ЖҰМЫС Мариотта тәжірибесі

Жұмыс барысы: Зерттелушіге сол көзін жауып, карточканы оң қолында ұстап ақырын ашық оң көзіне әкелуін сұрайды. Бұл кезде зерттелуші көзқарасын сол бейнеленуде ұстауы керек. Оң жақ көзден 20 – 25см арақашықтығында бейнелену жоғалады.

Содан соң екінші көзбен де дәл осыны істейді.

 
 

Қорытынды:

 

 

№4 ЖҰМЫС Аномалоскоп көмегімен түсті көруді зерттеу

Жұмыс барысы: АН – 59 аномалоскобы түстің үш түрлілігін анықтауға негізделген, бұл көздің торлы қабығында үш түрлі клеткалық жарық сезгіш қабылдағышы болуымен түсіндірілетін қағидаға негізделген. Бұлар барлық спектрлі сезімталдық бойынша ажыратылады. Торлы қабықта қалыптасатын сигналдар әрі қарай миға беріледі де, біздің түсті ажыратуымызға негіз береді. Сонымен АН – 59 аномалоскобында қабылдағыштың үш жүйесінің әр қайсысымен сынақ жүргізіледі және оның құралуының ерекшелігі болып саналады. Бірінші сынақта түсті ажырату жеткілікті түрде бағаланады.

Қорытынды:

 

№5 ЖҰМЫС Қарашық рефлекстері

Жұмыс барысы: Зерттелуші шам жарығына қарама-қарсы отрырады. Зерттеуші, зерттелушінің екі көздің қарашығының өзгерісін бақылайды, содан соң, зерттелуші бір көзін алақанмен жабады, ал зерттеуші осы көздің қарашығының өзгерісін бақылайды. Содан кейін осы көздің ашылғандағы қарашықтың өзгерісін анықтайды. Зерттелуші екі көзін де 30 сек. жабады, ал зерттеуші екі көз ашылғандағы қарашықтың өзгеру реакциясын бақылайды.

Келесі кезекте зерттелушінің алысқа көздерін тігуін сұрайды. Осы кезде 15 см. алшақтатылған саусақ ұшына немесе қаламсапқа көздерін жылдам тігуін қадағалайды. Осы уақытта зерттеуші көз конвергенциясы және біруақытта қарашық реакциясын бақылайды және көз өсі мен қарашық шамасы қалай өзгеретіндігін белгілейді.

 

№ 6 жұмыс Сипап сезу өткiрлiгi.

Құрал-жабдықтар: сызғыш, өлшегіш – циркуль, зерттелуші-физикалық дені сау, жүргізілген тәжірибе нәтижелерін қызықтырмайтынадам.

Жұмыс жағдайы:

1. Барлық тәжiрибе бойы өлшегіш – циркуль температурасы тұрақты.

2. Өлшегiш - циркyль инелерінің ұзындықтары бірдей.

3. Өлшемдерi анық және миллиметрлiк шкаласы бар сызғыш.

Жұмыс барысы: Өлшегiш - циркуль дене бөлiгiне жанасқанда eкi "укол" айырмашылығы анық болуы тиiс. Көз жеткiзбеушiлiк болмас үшiн бiр және сол дене бөлiгiнде тәжiрибенi eкi рет қайталайды. Eкi өлшемнiң арифметикалық ортасы тәжiрибе ортасы болып есептелiнедi.

Тәжiрибеге арналған дененiң 3 бөлiмi, яғни:

·Тiл

·Иық

● Қолдағы саусақ таңдап алынады.

Өлшегiш - циркуль арасын бiртiндеп жақындата отырып, eкi укол орнына бiр немесе бірнеше тітіркендіргіш саны дәл таба алмайтын сезіміне көз жеткіземіз.

Тіл Иық Қолдағы саусақ
0,9мм 48мм 4мм

 

Бірнеше уақыттан соң, тәжірибе қайта жүргізіледі.

Тіл Иық Қолдағы саусақ
0,8мм 43мм 4мм

 

Алынған нәтиженің орташа арифметикалық мәні есептелінеді.

Тіл Иық Қолдағы саусақ
0,85мм 45,5мм 4мм

 

Тұжырымдар: Тәжірибе нәтжесін дененің түрлі бөліктерінде сипап сезу өткірлігі әр түрлі екендігіне көз жеткізетіндігін дәлелдейді. Саусақ немесе иыққа қарағанда, тіл жанасуға өте сезімтал.

Сипап сезу өткірлігі – айырым табалдырығына айтымды шама, яғни екі нүктедегі шама (қос сезімі) жанасу сезімімен аяқталынатын тірі нүктесін бір уақытта екі тітіркендіргішпен тітіркендіру арасындағы машинальді арақашықтық.

 

№7 жұмыс Терморецепторлардың бейімделуі.

Құрал – жабдықтар: Суы бар тостаған: Біріншісінде – су температурасы 100С – ге тең.

Екіншісінде – су температурасы 250С – ге тең. Үшіншісінде – су температурасы 400С – ге тең.

Зерттелуші – физикалық дені сау, жүргізілген тәжірибе нәтижелерін қызықтырмайтын адам.

Жұмыс жағдайы:

1. Бөлме температурасы тұрақты.

2. Тәжірибе барысында тостағандағы су температурасы термометрмен бақыланады.

Жұмыс барысы: Тәжірибе жүргізгенде зерттелушінің қолын алдын – ала суытпайды және ысытпайды. Тәжірибені бір рет жүргізу жеткілікті, өйткені жұмыс жағдайын дұрыс сақтағанда, жұмыс нәтижелері бірден алынады.

Сонымен, сол қол су температурасы 100С – ге тостағанда – суықты, ал оң қол су температурасы 400С – ге тең тостағанда жылуды сезеді. 5 минут күтеміз. Екі қолда да су температурасы 250С – ге тең тостағанға салынады.

Сол қол – жылуды, ал оң қол суықты сезеді. 2 – 10 минут күтеміз – бейімделу тиімділігі, екі қолда тостағандағы су температурасын қалыпты температура ретінде қабылдайды.

Бейімделу (лат. Adaptatio - теңесу) – қоршаған орта факторының әсерінен организмнің бейімделу қасиеті мағынасында.

Тұжырымдар: Тәжірибе нәтижесін адамға қажет жағдай, көбіне температуралық жағдайға бейімделіс адамға тән қасиет екендігін дәлелдейді


Көру өрісінің сызбанұсқасы

 

Науқастың аты-жөні....................................................... Күні............................

 

Сол көз Оң көз

 

Көру өткірлігі Нысан Көру өткірлігі Нысан


№8 жұмыс Температуралық, кезектескен бейнелер.

Құрал – жабдықтар: Колба (стакан).Бірінші жағдайда суық сумен толтырылған. Екінші жағдайда ыстық сумен толтырылған. Секундомер.

Зерттелуші – физикалық дені сау, жүргізілген тәжірибе нәтижелерін қызықтырмайтын адам.

Жұмыс жағдайы: Бөлме температурасы тұрақты.

Жұмыс барысы: Адам терісіне суық және жылы заттың әсерін екі реттік талдау жүргіземіз. І талдау – ұзақ жанастыру. ІІ талдау – қысқы уақыттық, жиі жанастыру.

Суық сумен толтырылған колбаны маңдаймен 2 – 5 минут бойы жанастырамыз. Жанастыру доғарылғанда, суықты сезу жалғаса береді, бірақ бұл сезім біртіндеп жойылады. Жүргізу тәртібін өзгертеміз, яғни 2 – 5 минут бойы, 1 – 3 секунд жиілікпен колбаны жиі – жиі маңдаймен түйістіреміз. Нәтиже барысында суықты сезу тәжірибе бойы тұрақты болып қалады, ал жанастыру сезімін біз жанастыру жиілігі бойынша сеземіз.

Осы тәжірибені жылы (ыстық) сумен жүргіземіз.

Жылы сумен толтырылған колбаны маңдаймен 2 – 5 минут бойы жанастырамыз. Жанастыру доғарылғанда, жылуды сезу жалғаса береді, бірақ жылуды сезу алдыңғы тәжірибедегі суықты сезуге қарағанда жылдам жойылады.

Жанастыру жағдайын жоғарыда жүргізілген тәжірибеге сай өзгертеміз. 2 – 5 минут бойында жанастыру жиілігі 1 – 3 секунд. Колбаны алғанда жылуды сезу жойылады. Кезекті жанастыру және жылуды сезу Үзілген сипатта болып табылады.

Тұжырымдар: тәжірибе нәтижесінде жылуға қарағанда суықтық тітіркендіргіш әсері айқын деген қорытынды жасаймыз.

№9 жұмыс

Дәм сезу табалдырығын анықтау.

Жұмыс барысы:

Зерттелетін адамның тіл ұшына пипеткамен бір тамшы берілген ерітіндіні тамшылатады. Олар оны жұтып, ерітіндінің дәмін анықтайды.

Нәтижесі:

Зат Дәм сезу табалдырығы
Тәтті  
Ащы  
Тұзды  
Қышқылды  

№10 жұмыс

Сүйектік және ауалық өткізгіштігін зерттелуі

Жұмыс барасы: Сүйекті өткізгішті байқау үшін дыбыс шығарғыш камертонның аяғын зерттелушінің самайдың ортасына орналастырады. Зерттелуші екі құлағымен де дыбысты бірдей күшпен еститіндігін белгілейді. Содан соң бір құлаққа мақта тығып, тәжірибені қайталайды. Мақта тығылған құлақта дыбыс қатты естілетін сияқты болады. Бұл кезде дыбыс есту рецепторларына бассүйектің ең қысқа жолымен жеткендігімен түсіндіріледі. Әріқарай екінші зерттелушінің құлағын бірінші зерттелушінің мақта тығылмаған құлағын резеңкелі түтікпен жалғастырады. Екінші зерттелуші дыбысты дәл солай естиді, себебі дыбыс толқындарының кеңістікті бағанада таралуы жүреді.

Сүйекті және ауалық өткізгіштікті салыстыру үшін сонымен қатар Ринне тәжірибесі жүргізіледі. Дыбыс шығарғыш камертонның аяғын самай сүйегінің емізікше тәрізді өсіндісіне тығыз жанастырады. Зерттелуші біртіндеп әлсізденген дыбыс естиді. Дыбыс өшкен кезде камертонды құлаққа апарады. Зерттелуші қайта дыбыс естиді. Секундомер көмегімен дыбыстың естілу уақытын анықтайды. Тәжірибе кезінде есту талдағышы бейімделмеуі үшін камертонды 0,5м алшақтатады, кішкене уақытқа қайта құлаққа әкеледі.

Қорытынды:

№11 жұмыс Бинауральді дыбыс

Жұмыс барысы: з ерттелушіні орындыққа тәжірибе жүргізушіге арқасымен отырғызады. Зерттелушінің құлағына фонендоскоптың резеңкелі түтігінің ұшын кигізеді, фонендоскопқа дыбыс шығарушы затты әкеледі. Қай жағынан дыбыс шығып тұрғанын көрсетуін сұрайды. Содан соң фонендоскоптың бір түтігін одан ұзынына ауыстырады да, тәжірибені қайталайды. Зерттелуші дыбыс көзі қысқа түтік жағынан екенін хабарлайды.

Қорытынды:

 

Камертон сипаты Өткізу типі Камертон дыбысын қабылдау ұзақтығы
Қалыпта Зерттелушіде
Оң құлақ Сол құлақ
  Ауалы      
Сүйекті      
  Ауалы      
Сүйекті      
  Ауалы      
Сүйекті      
  Ауалы      
Сүйекті      
  Ауалы      
Сүйекті      

№12 жұмыс Тепе-теңдік аппаратың қызметтік тұрақтылығын анықтау

Date: 2015-12-13; view: 2125; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию