Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Физиология кафедрасы. №14 сабаққа таратылатын материал





№14 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Зат және қуат алмасу. Рационалды тағамдану. Сыртқа бөлу физиологиясы. Жылу реттеліс. Тері шығару.

№1 ЖҰМЫС

Гаррис – Бендикс кестесінің көмегімен негізгі

алмасуды анықтау

Жұмыс барысы: тәжірибеде зерттелушінің қалыпты жағдайдағы негізгі алмасуын спирометаболограф көмегімен анықтау керек. Бұл үшін зерттелушінің жынысына, жасына, бойына және дене салмағына сай арнайы кестемен немесе номограммамен негізгі алмасуды есептейді. Негізгі алмасудың бұзылыу мен сипатын тәжірибеден табылған ауытқу көрсетеді.

Зерттелуші 21 жастағы әйел адам деп есептейік. Ростомер көмегімен оның бойын, дене салмағын өлшейді. Бойы – 160см және салмағы – 60кг. Негізгі алмасуды өлшеу үшін сәйкес кестені ашады.

Өлшеуіш кесте екі А және Б кестесінен тұрады.

А кестесінен – зерттелушінің салмағы 60кг-ға қарсы тұрған 1229 санын табады.

Б кестесінен– көлденеңнен 21 жасты, тігінен – 160см-дің қиылысқан жеріндегі 198 санын табады.

А – кестесіндегі 1229 санына, Б – кестесіндегі 198-ді қосады. Сонда зерттелушінің қалыпты негізгі алмасуы 1427 ккал құрайды.

Тәжірибе барысында анықталған негізгі алмасу 1382,4 ккал теңеседі. Қалыптан ауытқу 3% шамасын құрайды.

Қорытынды:

№2 Жұмыс

Рид формуласымен негізгі алмасуды есептеу

Жұмыс барысы: зерттелушінің 3 рет 1 – 2 мин сайын оң қолдың максимальді және минимальді артериялық қысымын, пульсін өлшейді, эмоционалды тыныштық және бұлшықет ширығуының жоқтығы кезінде зерттелушіні арқасына жатқызған қалпында пульсін есептейді. Есептеу үшін минимальді көрсеткіштерді алады.

Негізгі алмасудың қалыптан ауытқуын Рид формуласымен есептейді:

Ауытқу дәрежесі = 0,75*(пульс жиілігі+пульс қысымы*0,74)-72

Сонымен қатар намограмманы қолданады.

Қорытынды:

 

Б

Жұмыс №3 Брок формуласымен сәйкес салмақты анықтау.

Салмақ (кг) = бойы (см) - 100

20 жастан кейiн әр келесi 1О жылдықыта 60 жасқа дейiн алынған Брок көрсеткiштiң 3% - тiк өлшемiн қосамыз. Мысалы: 20 жаста, бойы - 180см, сәйкес салмақ Брок формуласы бойынша тең болуы тиiс: 180 – 100 = 80кт

30 жаста: 80кг + (80 * 3% / 100%) = 82,4кг

40 жаста: 80кг + (80 * 6% / 100%) = 84,8кг.

№4 ЖҰМЫС Номограмма арқылы адамның қалыпты салмағын анықтау

Номограмманы қалай қолдануды ескертемiз. №1 көрсеткiш - бойды бiлдiредi. №2 көрсеткiш - дене салмағы. №3 көрсеткiш - сәйкес салмақтан ауытқу. Бой санын 3 көрсеткiшiндегi "ноль" нүтeciн сызғышпен қосыңыз, сонда дене салмағы көрсеткiшiнде сiз сәйкес салмақты табасыз. Бойдың маңызы және шын салмақты қосып, сәйкестiк ауытқудың процентiн анықтаңыз. Сiзге сымбатты, денiңiз сау, бақытты болуыңызды тiлеймiз.

Қорытынды:


 



№5 ЖҰМЫС. Несептің сыбағалы салмағын анықтау

Жұмыс барысы: зерттелінетін несепті көлемі 100 мл цилиндрге құяды. Оған ыдыстың қабырғаларына тимейтіндей етіп, урометрді батырады. Уромертдің сұйықтық беткейінің деңгейіне сәйкес келетін бөлінуі бойынша фиксациялайды.

Қорытынды:

№ 6 ЖҰМЫС. Несептің рН-ын анықтау.

Жұмыс барысы: Несептің рН анықтау үшін несепке батырған кездегі өзіңін түсін өзгертетін арнайы жолақтар қолданады. Осы өзгерулер бойынша берілген кестемен салыстырып, несептің реакциясын бағалайды.

Қорытынды:

№ 7 ЖҰМЫС. Адамның тер бөлінулерін зерттеу

Жұмыс барысы: А дамның тер бөлінулерін бөлме температурасында 15-30 мин бойы зерттейді. Ол үшін дене салмағын анықтайды және дененің әртүрлі бөліктеріне жағылған иодтың спирттік ерітіндісі кепкеннен кейін крахмал ерітіндісін сіңіріп алған мақтадан тоқылған матаның кесектерін фиксациялайды. 15-30мин кейін қайтадан дене салмағын анықтап, мата кесектерінің түсінің өзгеруіне байланысты тер бөліну қарқындылығын бағалайды. Кейін сынаушыны термокамераға орналастырып, тексеруден өткізеді.

Қорытынды:

№ 8- жұмыс Оттегiнiң жетiспеушiлiк жағдайында ағзаның төменділігіне

дене температурасының әсері.

Мақсаты: Оттегiнiң жетiспеушiлiк кезiнде ағзаның төзiмсiздiгiне дене температурасының ecepiн оқып - бiлу.

Құрамы: үш ақ тышқандар, 2 эксикатор, мұз, ыстық су.

Жұмыстың өткiзiлу тертiбi: 3 тышқанды флаконға салып, оның iшiне кеңiстiктей ауа енбейтiндей етiп қақпағын тығыз жабады. Тышқаны бар флаконды (40С) ыстық суы бар эксикаторға орналастырады, ал екiншiсiн мұз бөлiктерiмен қоршап жабады, үшiншi флакондағы тышқан бақлау болып табылады. Тәжiрибе 20 мин созылады. Әр түрлi жағдайдағы тышқандардың тәртiбi мен жағдайына бақылау жүргiзiледi. Қай температуралық жағдайда гипоксия ерте пайда болатындығын белгiлейдi. Тәжiрибеге дейiнгi және кейiнгi жануарлардың тыныс алу жиiлiгiн санайды. Оттегiнiң жетiспеушiлiгiнде төзiмдiлiкке дене температурасымен қоршаған ортаның әcepi туралы қорытынды жасайды.

Қорытынды:

№9 жұмыс Дене температурасын өлшеу.

Жұмыс барысы:

Медициналық термометрді сілкиді және 30 секундқа қолтықасты ойығына орналастырады. Көрсеткішін жазады және қайта сілкиді.

Дәл осы әдіспен көрсеткіші тұрақты болғанға дейін әр -1; -1,5; -2; -2,5 минут сайын тіркеуін жалғастырады.

Термометрді дезинфекциялайды және ауыз қуысының температурасын анықтайды. Термометрдің шетін тілдің астына қойып, ауызды жабады.

 

Қорытынды:

 

№10 жұмыс

 

113 – суретті салу («Основы физиологии» под редакцией Ткаченко Б.И.-Санкт – Петербург: МФИН, 1994, 1 том, стр. - 486).

Ағзаның жылу алмасуының реттелу механизмінің сызба нұсқасы.

 

Қыртыстың, тамырлардың, ішкі мүшелердің, ОЖЖ терморецепторлары
Сыртқы орта температурасы
Гипертермия (қалтырау)
гипотермия
Жылу қайтарым
Жылы өнім
Нейрогуморальдік регуляцияның механизмі
ОЖЖ Берілген гипоталамус термосезімтал температураның нейрондар шамасы ∆ t˚ C

 

 

Жылуөнім (А) және жылуберу (Б) жолдары
Ескерту: жыліөнім –биохимиялық процестердің нәтижесі, жылубөлу-физикалық процестің нәтижесі
Экскрименттердің және несептің бөлінуі
Асқорыту сөлдерінің бөлінуі
Тыныс алу
Тер бөліну
Булану
Жылубөлушілік
Жылуөткізгіштік
Бұлшық ет
өзге мүшелер
бауыр

Рид номограммасы

Факультативті реабсорбция
Облигатты реабсорбция

Несепнәр Несеп қышқылы Пуриндік негіздер Креатинин Гиппурдық қышқыл Эфир-күкіртті жұп қышқылдар Индикан Стеркобилиноген Урохром Ацетон+ацетосірке қышқылы ақуыздар  
Органикалық заттар
Бейорганикалық заттар
Кесте. Адам несебінің құрамы(1200-1500мл есебінен)

Ескерту: суретте бауырдың метаболиттік қызметтерімен қатар басқа да маңызды қызметтері көрсетілген
  экскреция
өт түзілу және өт бөліну
Қанның депосы
Минералдар алмасуына қатысу
Гормондардың бұзулуы
Дәрумендердің сіңірілуіне қатысу
Фагоциттік қорғаныс
Токсикалық заттардың зиянсыз етілуі
Ұйытатын және ұйытуға қарсы жүйелердің компоненттерінің синтезі
Липоидтардың алмасуы  
Ақуыздық алмасу
Май алмасуы (липидтік)
Дезаминдену Қайта аминдену Несепнәр түзілуі Қан ақуыздарының синтезі
Көмірсулық алмасу

Ескерту: «суық тер» эмоционалды реакцияның мүмкін болатын вегетативті компоненті (тері бозаруымен сипатталады)
Ескерту: тері бетінен 1мл су буланған кезде ағза 2,35 кДж жылу жоғалтады.
Тер бөлу
Жоғары температура
тері
Тер бөлу (суық тер)
кеңею
тері
тарылу
қорқыныш тударытын көрінетін кейіп,

Қан айналымының компенсациясы
Na және НО кідіруі
Қан айналымы көлемінің үлкеюі
Альдостерон түзілуінің күшеюі
АҚ жоғарылауы
АҚ жоғарылауы
Тамырлардың тарылуы
Ангиотензиннің тамырларға әсері
Ангиотензин түзілуі
Рениннің қан ақуызымен қосылуы
АҚ төмендеуі

бауыр
асқазан
өт капилярлары
Асқазан бездері
Он екі иелі ішек
Қақпа венасы
Бауыр жасушалары
тер
Байланыстырушы тіндер
тері
Тер безі

«Астана медицина университеті» АҚ

 

Қалыпты физиология кафедрасы

 

№ 15 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

051302 «Стоматология» мамандығы бойынша

Тақырып: Ас қорыту, зат алмасу, жылу реттелу және сыртқа бөлу физиологиясы бойынша қорытынды сабақ

 

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

 

 

 

Құрастырушы:

Доцент Ибраева С.С.

 

Астана 2013ж.

1.Тақырып: Ас қорыту, зат алмасу, жылу реттелу және сыртқа бөлу физиологиясы бойынша қорытынды сабақ

2.Мақсаты: АІЖ, асқазан секреция фазаларының әртүрлі бөлімдерінің қызметі туралы түсінік беру, секреторлы және моторлы механизмдердің негізгі асқорыту жолындағы қызметі жайлы білім беру; ашығу, тойынудың пайда болу механизмін түсіндіру, АІЖ моторикасының механизмінің реттелуін түсіндіру, АІЖ зерттеу әдістемелерін үйрету.

3. Оқу мақсаты: Асқазан секреция фазаларын оқу, асқорыту жүйесінің негізгі

функциональды әр түрлі бөлімдер механизмдерін оқу;аштық,тойымдық пен шөлдеу сезімі

механизмдерінің пайда болуын түсіндіру, АІЖ механизмдерінің моторикалық реттелуін

түсіндіру,зат айналымның негізгі дағдысын үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Асқорыту жүйесінің қызметтері (секрециялық, моторлық, сіңіру, экскрециялық, инкреторлық). Асқорыту типтері. Асқорытуды зерттеу әдістері.

2. Ауыз қусысындағы асқорыту. Ауыз қуысының шырышты қабатындағы рецепторларының шайнау актісін реттеудегі ролі.

3. Шайнау аппаратының функционалдық сипаттамасы. Асты қабылдау және тіс қатарларының тұтастығы бұзылған кездегі мастикациограмма қисығының өзгерісі.

4. Сілекейдің құрамы мен физиологиялық маңызы. Сілекей шығарудың механизмі, оның реттелісі.

5. Ауыз сұйықтығы, оның физиологиялық маңызы.Сілекей бездері мен оның шығару өзектерін зерттеу тәсілдері (зондтау, сиалография, термовизиография және т.б.).

6. Қарындағы асқорыту. Қарын сөлінің құрамы мен қасиеттері. Қарын сөлінің бөлінуінің реттелісі.

7. Ұлтабардағы асқорыту. Өт құрамы мен қасиеті, оның маңызы.

8. Ішек сөлі. Асқорыту жолының қозғалыс қызметі, оның реттелісі.

9. Тоқ ішектегі ас қорыту ерекшеліктері.

10. Асқорыту жолының түрлі бөлімдерініңі заттарды сіңіруі. Сіңудің түрлері мен механизмдері.

11. Организмдегі заттар алмасуы туралы түсінік. Қоректік заттардың тәуліктік нормалары. Қоректік заттардың пластикалық және энергиялық маңызы.

12. Азоттық тепе-теңдік, оң және теріс азоттық балланс.

13. Қоректік заттар алмасуының реттеулі. Организмдегі минералдық заттардың маңызы.

14. Негізгі зат алмасу, оның клиникадағы маңызы. Организмнің энергиялық тепе-теңдігі. Жұмысшы алмасу. Әртүрлі еңбек кезіндегі организмнің энергиялық шығыны. Ұтымды тамақтанудың физиологиялық негізі.

15. Физикалық және химиялық терморегуляция. Ауыз қуысының температуралық топографиясы.

16. Терморегуляция орталығы. Жүйкелік және гуморальдық терморегуляция механизмдері.

17. Ауыз қуысының шырышты аймағының организмдегі тұрақты температураны ұстап тұрудағы маңызы.

18. Бөліп шығару мүшелері, олардың ішкі ортаны тұрақты параметрлерін ұстап тұруға қатысуы.

19. Организм гомеостазын ұстап тұруға сілекей бездерінің және ауыз қуысының шырышты қабығының қатысуы.

20. Бөліп шығарушы мүшелердің сыртқы экскреторлық қызметтері.

21. Нефрон. Зәр түзілу механизмі, оның мөлшері және құрамы. Бүйрек қызметінің регуляциясы.

22. Тері бетінің аймағы. Терінің маңызы. Терінің қызметі. Терідегі зат алмасу қызметтері. Терінің сезгіштігі.

23. Бет жақ аймағы терісінің ерекшелігі. Тері қызметінің жастық өзгерулер.

24. Қолтық бездері. Тер бөліну регуляциясы.

5. Оқыту және білім беру әдістері:

Барлық практикалық жұмыстар кішігірім топтарда жүргізіледі: үлестіруші матиалды оқытушыдан алу керек. (электрондық түрде немесе қағаз түрінде).

1. Асқазан сөлі мен сілекейінің рН-ын анықтау

2. Ацетилхолин мен адреналинның егеуқұйрықтың ащы ішегінің оқшауланған кескінінің моторикасына әсері

3. кезбе нервті тітіркендірген кездегі ішектер моторикасы мен өзгерісін бақылау

4. Гаррис-Бендикс кестесінің көмегімен негізгі алмасуды анықтау

1. Рид формуласы бойынша негігі алмасуды есептеу

2. Брок формуласы бойынша идеалды салмақты анықтау

3. Номограмма бойынша адамның идеалды салмағын анықтау

8. Несептің сыбағалы салмағын анықтау.

9. Несептің pH-ын анықтау.

10. Адамда тер бөлінуін зерттеу.

11. Оттегі жетіспеу жағдайында дене температурасының адам ағзасының төзімділігіне әсері

12. Дене температурасын өлшеу.

Дебиет

Қазақ тілінде

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

4. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның

нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

7. Бақылау

Билет бойынша жазбаша бақылау.

«Астана медицина университеті» АҚ

 

Қалыпты физиология кафедрасы

 

 

№ 16 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

051302 «Стоматология» мамандығы бойынша

Тақырып: Көру, дәм сезу, иіс сезу, есту, тепетендік және соматосенсорлық талдағыштар физиологиясы.

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

 

 

 

Құрастырушы:

Доцент Ибраева С.С.

 

Астана 2013ж.

1. Тақырыбы: Көру, дәм сезу, иіс сезу, есту, тепе-тендік және соматосенсорлық талдағыштар физиологиясы.

2. Мақсаты: Талдағыштар жүйесінің түзу-талдау әрекетінің күрделі кезеңдері мен тегершіктері туралы білім, студентке гоместаз бен бейімделіс тегершігін тереңінен талдауға мұқтаж етеді.

3. Оқу мақсаты: Талдағыштық, сенсорлық жүйе және олардың құрылымы туралы ұғымдарды студенттерге беру. Талдағыштардың қызметін негізгі зерттеу тәсілдері туралы ұғым беру және студенттерді тәжірибеде қолдануына үйрету.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. И.П. Павловтың талдағыштар туралы ілімі. Жіктелісі, функционалдық қасиеттері мен рецепторларының ерекшеліктері. 2. Көру талдағыштардың жіктелуі. Түсті ажырату теориялары. Көру бейнесінің қалыптасуы.

3. Есту талдағыштары. Есту талдағышы жүйесінің дыбысты өткізу және қабылдау бөлімдері. Дыбыс қабылдау ілімдері (Г.Гельмгольц, Резерфорд, Г.Бекеши). Дыбыстың ауа, сүйек арқылы өтуі.

4. Тепе-тендік талдағыштар, оның қасиеттері және ролі.

5. Қозғалыс, тактилді талдағыштар, олардың сипаттамасы. Тактилді рецепцияның тіс протезіне биімделудігі ролі.

6. Иіс сезу талдағышы. Иістердің жіктелуі, оларды қабылдау теориялары.

7. Дәм сезу талдағышы.

8. Ауыру сезімінің биологиялық маңызы. Ноцицепция және антиноцицептивтік жүйе. Ауыз қуысы қабаты, тіс тінінің және периодонтаның ауыру сезімталдығы.

9. Стоматологиядағы жергілікті және медикаментоздық емес тәсілінің физиологиялық негізі.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері таратылатын материалдарды мұғалімнен алу міндетті (электронды вариант немесе қағазға басылған түрде)

  1. Көру өткірлігін анықтау
  2. Форстер периметрі арқылы көру алаңын анықтау,
  3. Соқыр дақты анықтау. Мариотта тәжірибесі.
  4. Полихроматильдік кесте және аномалоскоптың көмегімен түсті сезінуді зерттеу.
  5. Қарашық рефлекстері
  6. Сипап-сезу өткірлігі
  7. Терморецепторлардың бейімделуі
  8. Температуралық, кезектескен бейнелер
  9. Дәмнің сезімталдығының табалдырығын аңықтау
  10. Сүйектік және ауалық өткізғішті зерттеу
  11. Бинауральді есту
  12. Тепе-тендік аппаратының қызметтік тұрақтылығын зерттеу

 

6. Әдебиет:

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 05, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар. Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

4. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

 

Қосымша:

1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

 

  1. Бақылау: ситуациялық есептерді шешу және билет бойынша жазбаша бақылау.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Date: 2015-12-13; view: 1882; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию