Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХАТТАМАСЫ. Қарағанды қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты АА





 

20__ жылғы 4 қыркүйек Сарань қ.

 

Жауап алу басталды: 9 сағ. 15 минут.

Жауап алу аяқталды: 10 сағ. 15 минут.

 

Қарағанды қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты АА. Бақытбаев мына мекенжай бойынша орналасқан: Қарағанды қ., Ермеков көшесі, 122, Қарағанды қ. ІІБ-де №1 кабинетте ҚПК 115, 199, 214, 71-баптарына сәйкес жәбірленуші ретінде №14357203100555 қылмыстық іс бойынша жауап алды:

 

Тегі, аты, жөні: Иванов Иван Иванович

Туған жылы: 01.09.1979жылы туған

Туған жері: Қарағанды қ., Қарағанды облысы

Ұлты: орыс

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: жоғары техникалық

Отбасы жағдайы: бойдақ

Жұмыс орны, лауазымы: «Строй ЛТД» ЖШС инженер

Тұратын жері: Қарағанды қ., Жамбыл көш. 9-11

Байланыс телефоны: 87773151515

Паспорт немесе басқа да құжаттар: жеке куәлік №987654321 07.07.2005ж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берген

Сотталғандығы: сотталмаған

Жәбірленушінің күдіктіге қатысы: бейтарап

 

ҚР ҚПК-ның 110, 210, 214-баптарына сәйкес жәбірленуші И.И. Ивановқа ҚР ҚПК-ның 71-бабының талаптарына сәйкес іс үшін маңызы бар қандай да бір мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам айғақтар беру үшін жәбірленуші ретінде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкін екендігі туралы түсіндірілді.

Жәбірленушінің: келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; дәлелдемелерді ұсынуға; өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; өкілінің болуына; қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға; заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға; өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;
өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға; өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге; айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы; қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге; соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға; іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге және оларды қарауға қатысуға; өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге құқығы бар.

ҚПК-тің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушіге заң көмегі тегін көрсетіледі.

Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.

Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол ҚПК-тің 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған ҚҚПК-тің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.

 

Жәбірленуші: И.И. Иванов __________________

 

Жәбiрленушi айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергенi үшiн заңға сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.

Қылмыстық құқық бұзушылықпен өзіне мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.

Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, оның ішінде қорғалуға құқығы бар жәбірленушіге ҚР ҚПК 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

 

Жәбірленуші: И.И. Иванов __________________

 

Жәбірленуші И.И. Иванов құқықтарымен және міндеттерімен танысқаннан кейін: «Айғақ беруден бас тартпаймын, оны өзім еркін білетін орыс тілінде беремін, аудармашының және адвокаттың көмегін пайдаланбаймын, бұл менің материалдық жағдайыма байланысты емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына мұқтаж емеспін» деді.

 

 

Жәбірленуші: И.И. Иванов __________________

 

Істің белгілі жағдайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша жәбірленуші И.И. Иванов мынаны көрсетті:

Жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша жалғыз тұрамын, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған жоқпын.

20__ жылғы 1 қыркүйекте шамамен сағат 21:00-де мен өзімнің қызым Ксения Александровна Флиртовамен «Фарт» кафесінде кездестім. Сол кеште мен оған ұсыныс жасағым келген.

Дүйсенбі болғандықтан, мен мекемеде көп адам болмайды деп ойладым.

Сонымен қатар, біз онда кездескен кезде, залдың екінші басында бізден басқа бір нәрсені тойлап жатқан 10-15 адамнан тұратын компания отырды. Сондықтан, мен қызыма кешкі ас ішіп, одан кейін үйіне жеткізіп салатынымды айттым.

Біз бір сағаттай әңгімелесіп отырдық, одан кейін біздің үстелімізге мас күйінде болған жас жігіт келіп, Ксенияны биге шақырды.

Менің қызым бас тартты, бір мезгілде мен де оның жалғыз емес екенін және одан аулақ жүруін ескерттім.

Алайда ол жігіт тұрып алды. Одан кейін мен оны өз компаниясына апарсам, олар оған қарайды деп ойладым. Өйткені жігіттің мас екені анық көрініп тұрды.

Мен оны қолынан ұстап «Жүр достарыңа апарайын» деп айтқанымда ол қымбат шарапты алып үстелге ұрып сындырып, үшкір жағымен менің қолымды және ішімді жарақаттады. Қанды көргенде есімнен танып қалдым.

Есімді жинаған кезде қасымда менің қызымнан басқа ешкім болған жоқ.

Күзетшілер жаңағы жігітті ұстап алыпты, ал оның қасындағы адамдар әкімшімен бірнәрсе туралы келіскілері келді.

_________________

 

Сұрақ: Сіз бұрын күдікті Н.Қ. Қазтаевты білетін бе едіңіз? Оны жақтырмайтындай жағдайдасыз ба?

Жауап: Жоқ. Н.Қ. Қазтаевты бұрын білген жоқпын. Оны жақтырмайтындай жағдайда емеспін, өйткені ол менің халімді білуге емханаға келіп, кешірім сұрады және есінде ештене жоқ екенін айтып, алкогольді көтере алмайтынын, ал оның әріптестері ішуге мәжбүрлегендерін түсіндірді. Бұдан басқа, ол менің емделуімді төлейтінін және келтірілген залалдың орнын толтыратынын айтты.

_________________

 

Сұрақ: Сіз Н.Қ. Қазтаевтың қылмыстық жауапкершілікке тартылуын қалайсыз ба?

Жауап: Жоқ, қаламаймын. Маған келтірілген залал өтелгеннен кейін онымен татуласқым келеді.

_________________

 

Сұрақ: Өзіңізге келтірілген залалды қаншаға бағалайсыз?

Жауап: Емделуді есепке ала отырып, келтірілген залалды 227 000 теңгеге бағалаймын.

_________________

 

Жәбірленуші: И.И. Иванов _________________

 

Жауап алған, хаттама жасаған:

Қарағанды қ. ІІБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) А.А. Бақытбаев


Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің өкілінесотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуға рұқсат беру туралы

ҚАУЛЫ

 

20__ жылғы 4 қыркүйек Қарағанды қ.

 

Қарағанды қ. ІІБ тергеушісі аға лейтенант А.А. Бақытбаев№14357203100555 қылмыстық істің метриалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАЛДЫ:

20__жылғы 1 қыркүйектешамамен сағат 22:00-деН.Қ. Қазтаев, мына мекенжай бойынша:Қарағанды қ.,Мангитогорская көшесіндегі 8-үйде орналасқан «Фарт» кафесінде, алкогольдік мас күйінде, маңызы жағынан болмашы, бұзақылық ниетпен денсаулыққа зиян келтіру үшін лайықталған заттарды пайдалана отырып, өзiнiң әрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынып, қоғамға қауіпті зардаптардың туындауын алдын ала болжай отырып, қасақана И.И. Ивановқа ауырлық дәрежесінің жеңіл түріне жататын дене жарақатын салды, сондай-ақ 20 000 теңге сомасына «Фарт» ЖШС-нің мүлкін қиратты.

Мүлікті бұзу бөлігінде іс бойынша жәбірленуші болып заңды тұлға – «Фарт» ЖШС танылды, оған 20 000 теңге сомасында мүліктік залал келтірілді.

ҚПК-нің 71-бабының 12-бөлігіне сәйкес, егер жәбірленуші болып заңды тұлға танылса, онда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.

20__жылғы 2 қыркүйектегі № 1111 сенімхатқа сәйкес «Фарт» ЖШС-нің мүддесін қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында Иван Иванович Петров жүзеге асырады.

Жазылғаннның негізінде ҚПК-нің 71, 76, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

Ивана Иванович Петровқа жәбірленушінің, азаматтық талапкер өкілі ретінде сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуға рұқсат берілсін.

Шешім қабылдау туралы мүдделі тараптарға хабарлансын.

 

Қарағанды қ. ІІБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) Н.Қ. Қазтаев

Таныстым:

Жәбірленушінің өкілі (қолы) И.И. Петров

 

Азаматтық жауапкер өкілінесотқа дейінгі іс жүргізуге

қатысуға рұқсат беру туралы

ҚАУЛЫ

20__ жылғы 20 қыркүйектегі Қостанай қ.

Қостанай қаласы ІІБ ПЗБ ТБ-нің тергеушісі полицияның аға лейтенанты У.К. Әбдібеков №143911031001396 қылмыстық істің материалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАЛДЫ:

20__жылғы 30 мамырда сағат 23.00 шамасында В.В. Найденко
Л.А. Губановпен және В.В. Соколовпен алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында пайдакүнемдік ниетпен, бөтен мүлікті иемденіп алу мақсатында, заңсыз, ілініп тұрған құлыпты жұлып алып, мына мекенжайы бойынша орналасқан: Қостанай қаласы Абай даңғылы, 75-үйге кіріп келіп, қабырғалардан батериялар мен құбырларды жұлып алып, жасырып алып, «БК Құрылыс» ЖШС-ге жалпы сомасы 150 290 теңгеге елеулі материалдық залал келтірді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «БК Құрылыс» ЖШС-нің сенімхаты бойынша өкілі С.В. Жадькодан жалпы сомасы 150 290 теңге материалдық залалды күдіктілерден өндіріп алу туралы талап-арыз келіп түсті.

Алдын ала тергеу барысында күдікті В.В. Соколовтың қорғаушысы оның әкесі А.В. Соколов танылды, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қорғаушы А.В. Соколовтан сотқа дейінгі іс жүргізуге оның азаматтық жауапкер өкілінің қатысуын тану туралы өтінім келіп түсті.

Жазылғаннның негізінде ҚПК-нің 75, 77, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Азаматтық талапкердің өкілі А.В. Соколовқа сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуға рұқсат берілсін, ол туралы оған хабарлансын.

Қостанай қаласы ІІБ ПЗБ ТБ-нің

тергеушісі полицияның

аға лейтенанты (қолы) У.К. Әбдібеков

 

Қаулы маған 20__жылғы 20 қыркүйекте хабарландырылды, ҚР ҚПК-нің 77-бабында көзделген құқықтар азаматтық жауапкердің өкілі
А.В. Соколовқа түсіндірілді.

Азаматтық жауапкер өкілі ____________ А.В.Соколов

 

Қостанай қаласының

№2 сотының төрағасы

А.К. Қалмұхамбетовке

 

Азаматтық талапкер:

А.А.Иванов

20.01.1975 жылы туған

Қостанай қ., Абай к., 200

Жауапкер:

В.В.Сидоров

15.05.1988 жылы туған

Қостанай қ., Толстой к., 99

 

 

Date: 2015-12-13; view: 1421; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию