Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Сұрақ. Карталардың номенклатурасы





Топографиялық карталардың әрбір бетінде трапеция түрінде рамкасы болады, үстіңгі және төменгі жақтары параллель болады, ал жаны – меридиандар. Карталардың әрбір параққа мұндай бөлінуі жол - жол қылып сызу (разграфкой) деп аталады.

Географиялық сеткаға сәйкес, картаны параққа бөлу негізінде, картаның сол парақтағы бейнеленген жер шарындағы кез келген жергілікті жердің ауданы анықталады.

Сонымен қатар, рамкалардың меридиан мен параллель жағының беттесуі, карта парақтарының көкжиек (гаризионт) жақтарының байланысымен орналасуын анықтайды, атап айтқанда: рамканың жоғарғы жағы солтүстік, төменгі жағы – оңтүстік, сол жағы – батыс және оң – шығыс болып табылады.

Номенклатура -картаның қандай да масштабтары мен аудандарының қажетті парағын жеңіл және тез табу үшін белгіленген ереже бойынша өзінің нөмірлік және әріптік белгісі берілген.

Әрбір парақтың номенклатурасы оның рамкасының солтүстік жағының үстінде, ортасында немесе оң жағында көрсетіледі. Сонымен қатар, номенклатура парағы қасында, онда орналасқан ірі жергілікті пункттің атауы жазылады. Әрбір парақта сонымен қатар жапсарлас, оған іргелес парақ наменклатурасы белгіленеді. Бұл белгілер сыртқы рамка орталарында барлық төрт жағында орналасады.

Кеңестік топографиялық карта номенклатурасы біртұтас, әрбір масштабтағы карта үшін бірдей жүйені құрайды.

Барлық масштабтағы топографиялық карталар номенклатурасының негізінде миллионды карта парағы жатқызылған. Жоғарыда көрсетілгендей, бұл картаның әрбір парағы келесі өлшемді рамкасы бар: 6° ұзақтығы бойынша және 4° еңдігі бойынша. Демек, егер де меридиандарды 6°, ал параллелдерді 4° арқылы өткізсе онда Жер үсті трапецияға бөлінеді, олардың әрқайсысы 1:1000000 масштабты картасының жеке парағына сәйкес келеді.

Масштабы 1:1000000 карта парағы номенклатурасы қатардан (белдік) және бағаналардан құралады; парақ қатарлары латын алфавитінің бас әріптермен белгіленеді. Қатар есебі экватордан бастап полюсқа қарай жүргізіледі. Парақ бағаналары араб сандарымен нөмірленеді. Олардың есебі батыстан шығысқа мередианнан 180° бойлықта жүргізіледі. Мысалы, Смоленск қ. парақ номенклатурасы №-36 (Смоленск) болады.

Бұл жол - жол қылып сызу (разграфки) жүйесі және 1:1000000 масштабтағы карта парақтары номенклатурасы халықаралық болып табылады.

Миллионды картаның парақ бағаналары өлшемі мен орналасу бойлығы бойынша алты градусты зонамен сәйкес келеді, онда біздің топографиялық карталарды Гаусс проекциясында құрауда жер үсті эллипсоиды бөлінеді. Өзгешеліктері олардың нөмірлерінде бар: өйткені зона есебі нөлдік (гринвичтік) меридианынан, ал миллионды карта бағанасы - 180° меридианнан есептеледі, онда зона нөмірі бағана нөмірінен 30-ға ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ, сондықтан, карта парағының номенклатурасын біле отырып, оның қай зонаға жататынын және керсінше оңай анықтауға және керісінше зона нөмірі бойынша бағанасын анықтауға болады. Мысалы, парақ Смоленск қ. алтыншы зонада орналасқан: 36-30=6.

Басқа аса көлемді масштабтағы топографиялық карта парақтарының өлшемдері былай орналасқан, миллионды картаның әрбір парағына әрдайым оның толық саны сәйкес келеді. Осыған сәйкес масштабы 1:500000 және одан да көлемді карталарының әрбір парағының номенклатурасы миллионды картаның сәйкес парағының номенклатурасымен қиысады, оған нөмірі мен әріпі қосып құралады, онда бұл картаның парағының тиісті орналасуы көрсетіледі.

Миллионды картаның парақ шектерінде әр түрлі масштабтағы карта парақтарының орналасуы, сонымен қатар олардың нөмірлену тәртібі суретте көрсетілген. Суретте көрсетілгендей, миллионды картаның бір парағына сәйкес:

- 1:500000 масштабты картасының 4 парағы, А, Б, В, Г әріптерімен белгіленеді; демек, парақ Смоленск қ. №-36-А (Смоленск) деп белгіленеді;

- 1:200000 масштабты картасының 36 парағы, римдік сандармен I дейін XXXVI дейін белгіленеді; сонымен, парақ Смоленск қ. №-36-IX (Смоленск) номенклатурасы болады;

- 1:100000 масштабты картасының 144 парағы 1:500000 масштабты картасының 4 парағына сәйкес келеді, олар А, Б, В, Г орыс бас әріптерімен белгіленеді. 1:50 000 масштабты картасының парағының белгіленуі 1:100000 картасы сол парақтардың номенклатурасымен оған сәйкес әріпті қосып ҚҰРАЛАДЫ. Мысалы, №-36-41-В Смоленск қ.1:50000 масштабты картасының парағы белгіленеді.

 

 

- 1:50000 масштаб картасының бір парағы 1:25000 масштаб картасының 4 парағына сәйкес, орыс а, б, в, г. кіші әріптерімен белгіленеді. 1:25000 картасының номенклатура парағы 1:50000 картасының номенклатурасынан оған әріп қосумен ҚҰРАЛАДЫ. Мысалы, №-36-41-В-а Смоленск қ.1:25000 масштаб картасының парағы белгіленеді.

Солтүстік 60° параллель ауданына масштаб топографиялық карталар қосарланған БОЙЛЫҒЫ (долгота) парақтары бойынша шығарылады, ал солтүстік 76 параллельі – төрттік беттерден, үштік беттерден шығатын масштабы 1:200000 картасынан басқалары. Осындай жиынтық парақтар номенклатурасы, 2-4 жалқы парақтан тұратын, сол жалқы парақ номенклатурасынан оған соңғы индекс (әріптер мен саны) қалған парақтардың номенклатурасын қосумен ҚҰРАЛАДЫ. Мысалы, Р-52-23, 24 (1:100000 масштаб картасы).

Жиынтық таблицалары және оны пайдалану.Картада сол немесе басқа аудандарды табу кезінде қажетті парақты жинақтау үшін және олардың номенклатураларын тез анықтау үшін арнайы жиынтық таблица бар. Белгіленген масштабтағы картаның беттеріне әрбір клетка сәйкес келеді, ал нөмірлері беттің номенклатурасын көрсетеді. Олар өзімен кішірек клеткаларға меридиандар мен паралльдердер бөлінген, кішірек масштабтағы схемалық картаны көрсетеді. Жиынтық таблицасы бойынша қажетті парақтардың номенклатурасының көшірмесі солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі.

 

 

Мысалы, егер де 1:100000 и 1:50000 масштабтағы картаны алу қажет болса, Мозырь-Лоев ауданына (бұл аудан сызылған), бұл парақтардың номенклатура тізімі карталарға тапсырыста былай болады:

 

1:100000 1:50000

Н-35-143,144 Н-35-143-А, В, В, Г М-35-11-А, Б, В, Г

Н-36-133,134 144-А, Б ,В ,Г 12-А, Б, В, Г

М-35-11,12 Н-36-133-А, Б, В, Г М-36-1-А, Б, В, Г

М-36-1,2 134-А, Б, В, Г 2-А, Б, В, Г

 








Date: 2016-02-19; view: 494; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.006 sec.) - Пожаловаться на публикацию