Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. АзИГЗУ әскери кафедрасының бастығы





Бекітемін

АзИГЗУ әскери кафедрасының бастығы

Отставкадағы полковник А.Коновалов

Ж.

 

«Мотоатқыштар бөлімшесінде арнаиы насихат жұмыстарын ұйымдастыру» 801500 - әскери-есеп мамандығы бойынша оқитын студенттерге

әскери топография дайындығынан өткізілетін сабақтың

ЖОСПАРЫ

№ 1 тақырып: Топографиялық карталар және оларды оқу.

Оқу және тәрбие мақсаттары:

Тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер:

- топографиялық карталардың шығуының негіздерін;

- топографиялық шартты белгілерін;

- әртүрлі масштабтағы және түрлердегі топографиялық карталардың тағайындалуы;

- топографиялық карталардың сызуы мен номенклатураларын;

- топографиялық карталарды оқи;

- белгіленген аудандар көрсетілген карта беттерін тере білу керек.

Уақыт: 2 сағат

Өткізу орны: № 17 оқу сыныбы.

Әдіс: лекция

Материалдық қамтамасыз ету: әртүрлі масштабтағы және түрлердегі топографиялық карталар

Әдебиеттер:

- «әскери топография» оқулығы;

- «әскери топография» анықтамалығы;

- топографиялық карталардың шартты белгілері.

 

Оқу сұрақтары және бөлінген уақыты

№ п/п Оқу сұрақтары Уақыт (минут)
1. Кіріспе бөлімі: 5мин.
2. Негізгі бөлім: 1сұрақ. Картографиялық бейнелеудің өзіндік ерекшелігі мен геометриялық маңызы. «топографиялық карта», «жоспар», «карта масштабы» түсініктерінің анықтамасы. 2 сұрақ. Топографиялық карталардың жіктеуі (классификация) арнауы. 3 сұрақ. Карталардың номенклатурасы.   20мин.     10мин.   40мин.  
3. Қорытындау бөлімі: 5мин.

Кіріспе бөлімі:

- взвод кезекшісінен баянат қабылдау;

- студенттердің санын, сабаққа дайындықтарын және сыртқы пішінін тексеру;

- тақырыпты және оқу сұрақтарын хабарлау.

Кіріспе

Карта - бұл жер бетінің белгілі бір шарттар бойынша жазықтықта (қағазда) кішірейтіліп белгіленуі. Әскери іс пен халық шаруашылығының қажеті үшін түрлі карталардың көп мөлшері дайындалады. Оларды масштабы, әлеуметтік мазмұны, қолданылуы (мысалы, географиялық, топографиялық, оқу үшін) бойынша топтастырады. Топографиялық картаның географиялық картадан негізгі айырмашылығы – оның масштабында. Оларға: 1:25 000 - 1:100 000 маштабына дейінгі карталар жатады.

Әскери істе карталар кеңінен қолданылады. Олар жергілікті жер туралы мәліметтің қайнар көзі, әскерлердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады. Ол мотоатқыштар, артиллерия әскерлері, ракета әскерлері, танк әскерлері, ұшқыштар және басқа мамандарға қажет. Картамен бейтаныс жерлерде бағдарлау жасалынады, ұрыс қимылдырын жүргізуге шешім қабылданады; шеру жасалады; ракета жіберу мен артиллерия атысы үшін мәліметтер дайындалады, жергілікті жерде инженерлік жабдықтау бойынша есеп айыру мен өлшеулер жүргізіліеді; нысана координаттары анықталып, нысананы көрсету жүзеге асырылады.

Красовскийдің эллипсоиды. Барлық елдерде бірдей жалпы қабылданған жердің эллипсоиды осы уақытқа дейін анықталмаған. Совет Одағында және де басқа социалистік мемлекеттерде топографиялық карталардың негізін құру және геодезиялық пункттердің координаттарын анықтауда Красовскийдің эллипсоидын қабылдады. Осылай советтік көрнекті геодезияшы ғалым Ф. Н. Красовскийдің (1878-1948 г.) құрметіне аталған, осы кісінің басшылығымен өлшеудің үлкен материалын ғылыми өңдеуде жердің эллипсоидының көлемі туралы аса нақты деректер алынды.

 


Жердің эллипсоидының көлемі келесідей деректермен сипатталады:

Үлкен жартылай ось - 6378245 м, кіші жартылай ось - 6356863м. Осы деректерден жердің осьінің айналуы жердің экваторының диаметрінен шамамен 43 км-ге қысқа екені көрінеді. Сондықтан, ерекше дәлдікті керек етпейтін, бірнеше практикалық тапсырмалар үшін радиусы мөлшермен 6371 км-ге тең, ал барлық үсті – 510 млн. 50.км. жуық Жердің пішінін шарға қабылдайды.

 

 

Жердің эллипсоидының көлемі (Ф. Н. Красовскийдің)

Элементтері Ауқымы (величина)
Үлкен жартылай ось (экваториальный радиус) а 6378245 м
Кіші жартылай ось (полярный радиус) в 6356863 м
Қысым (сжатие) 1:298,3
Шарға қабылдайтын Жердің орташа радиусы принимаемой за шар 6371117,7 м
Меридианның ұзындығы 40008548 м
Экватордың ұзындығы 40075704 м
Жердің үсті 510083000 км2
Құрғақ жердің үсті (поверхность суши) 148628000 км2 (29,2 %)
Судың үсті 361455000 км2 (70,8 %)
Жердің көлемі 1083320000000 км3

 

Date: 2016-02-19; view: 850; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию