Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сұрақ. Картографиялық бейнелеудің өзіндік ерекшелігі мен геометриялық маңызы





Жазықтықтың сфериялық үстін ажыраусыз және қатпарсыз көрсету мүмкін емес.

Бұл дегеніміз, осындай үстін бұрмалаусыз жазықтыққа жоспарлы түрде, яғни оның толық барлық геометриялық ұқсастығын сақтай отырып бейнелеу мүмкін емес,

Жобаланған Жердің материктер, арал және басқа да бөліктері кескінінің деңгейі тек қана глобуста толық ұқсастығымен сақталынып бейнеленуі мүмкін екендігі анық. Глобуста гографиялық сетка, демек, Жердің барлық бейнесінің үстінде келесідей негізгі геометриялық ерекшеліктері бар:

а) жер шарынының кез келген сызық үзіндісі глобуста бірдей кішірейіп бейнеленеді, яғни, бейнелеу масштабы глобуста барлық жерде бірдей болып қалады. Глобуста барлық меридиандар ұзындығы бойынша өз ара бірдей. Бұл ерекшілік бейнелеудің тең масштабтылығы деп аталады.

б) жер шарынының кез келген көлденең бұрышы оның глобустағы сәйкес бұрышына тең, яғни, глобустағы әрбір фигураның бейнесі оның анық кескіні жаратылысына сәйкес. Барлық меридиандар параллелдерді тік бұрыш арқылы қиып өтеді. Бұл ерекшелік тең бұрыш қасиеті деп аталады.

в) глобустағы бейнеленген барлық аудан өлшемі, оның жер шарындағы өлшеміне пропорционалды, яғни, глобустағы ауданы жер шарындағы ауданына сәкестігі тұрақты. Бұл ерекшелік шамалас бейне қасиеті деп аталады.

Бұл барлық ерекшеліктерді бірдей және толық картада сақтау мүмкін емес. Жазықтықта салынған, яғни, картада гографиялық сетка, меридиан және параллелдерін бейнеленуі (картада бұндай сетка картографиялық сетка деп аталады), олай былай бұрмаланады.

Географиялық сетканың әрбір клеткасы бұрмаланады, демек, барлық жер үсті ерекшеліктер бейнесі, өйткені олар туралы қажетті өлшем мәліметі топографиялық түсірілім немесе аэротүсірілім материалдары бойынша алынған, оны құрауда картаға картографиялық сетка клеткасы бойынша түсіреді.

Бұл ретте ұзындығы, ауданы мен бұрыштарының бұрмалауын айырады. Бұрмалау сипаты мен өлшемдері құрау амалына байланысты, яғни, карта негізі болатын картографиялық сетка типіне байланысты тәуелді.

Жазықтықта Жер эллипсоидының параллельдер және меридиандар сеткасын құру амалы (яғни картографиялық сетка) мен оның негізінде жер шары үстін бейнелеу әдісі картографиялық проекция деп аталады.

Барлық советттік топографиялық карталары 1:25000, 1:50000, 1:100000 және 1:500000 масштабта бірдей Гаусс теңбұрышты проекциясында құралады. Бізде бұл проекция далалық геодезиялық өлшем қортындысын өңдеу үшін және годезиялық пунк координаталарын анықтауда қолданылады.

Советтік топографиялық карталар жасауда проекцияның геометриялық маңызы келесідей анықталады.

Жер эллипсоиды барлық үстінің әрбірі 6° бойынша 60 зоналық меридиан бойынша бөлінеді. Әрбір зонадағы орташа мередиан осьтық (белағаш) меридиан деп аталады, ол зонаны екі тең бөлікке бөледі – батыс және шығыс бөліктеріне.

 

 

 

 

Зонаның есебі алдағы меридианннан батыстан шығысқа жүргізіледі, содан кейін көптеген мемлекеттерде, соның ішінде КСРО – да Гринвикалық обсерваториясы (Лондонның маңайында) арқылы өтетін Гринвикалық меридианы қабылданды.

 

 

Сонымен, біздің топографиялық карталарда қолданатын проекцияның негізгі басымдығы төмендегідей:

1. 1:25000 және ұсақ масштабтағы топографиялық карталарға қойылған, дәлдігі бойынша, бұрмалаудың мардымзыздығына байланысты, бұл проекция барлық талаптарға жауап береді. Зона шетіндегі барынша сызықтық бұрмалаулары 0,1% өлшеу сызық ұзындығынан аспайды, 1:25000 масштабты карта үшін де графикалық дәлдіктің мөлшерінен шықпайды.

2. Бұл проекция жанжақтылығымен ерекшеленеді: 1:500000 бастап одан да ірі, және де жер шарының кез келген бөлшегі үшін әртүрлі масштабтағы топографиялық карталар үшін қолданылады.

3. Бірыңғай проекцияның арқасында біздің барлық топографиялық карталар жазық тікбұрышты координата жүйесімен байланысты, сондықтан КСРО - да геодезиялық пунктардың жағдайы анықталады. Бұл біздің карталардың және жазық тікбұрышты координаттар жүйесінің ерекше артықшылығы болып табылады, өйткені осы жүйеде кординаттар нүктелерін, карта бойынша да, және де тікелей өңірді өлшеу бойынша да алуға болады.

 

Топографиялық карталар деп, рельеф және барлық жергілікті бұйымдар соншалықты шынайы бейнеленген, олар бойынша бейнеленген аймақты жете елестетуге болады, олар өңірді жете зерттеу үшін пайдаланылады.

Жоспар - барлық бөлшектерінде масштабтың тұрақтылығын сақтайтын шағын жер үстінің, бөлшегін жазықтықта кішірейтілген және толық бейнелеуі. (алаңы 10 кв.км дейін)

Карта масштабы. Бұрын көрсетілгендей, біздің барлық топографиялық карталар, масштабы 1:1000000 картасынан басқасы, жеке 6-градус зонасы бойынша - бірдей тік бұрыш проекциясынан құралады. Бұл әрбір осындай зоналарды деңгейі үсті жазықтыққа бұру, яғни жердің өзінің ауытқымасына қарамастан картада іс-жүзінде көрінбейтін бұрмалаусыз көрсетуге болады.

Сол себепті мұндай картаны барлық өңірлердің кескінін геометриялық ұқсастығын сақтаған өлшем кезінде жоспар ретінде пайдалануға болады.

Картада жергілікті жер кішірейтілген түрде көрсетіледі.

Картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтың ұзындығына қатынасы карта масштабы деп аталады. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр түрлі болуына орай, масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10 000 он мыңдық, 1:25 000 жиырма бес мыңдық, 1:50 000 елу мыңдық, 1:100 000 жүз мыңдық, 1:500 000 бес жүз мыңдық, 1:1 000 000 миллиондық.

Сандық масштаб алымы бірге тең бөлшекті көрсетеді, ал бөлшектің бөлімі картада жергілікті жер сызығының ұзындығы қанша ретке кішірейгенін көрсетеді. Мысалы: 1:50000 масштабында карта сызықтық өлшемдер 50 000ретке кішірейтілген, яғни картаның 1см-і жергілікті жердің 500 м-іне сәйкес келеді.

Сызықтық масштаб – бұл сандық масштабтың графикалық мәнері. Түзу сызықты масштаб негізі деп аталатын кесінді бірнеше рет салынған. Масштаб негізі жергілікті жердегі жүздеген метр немесе км-дің бүтін санына сәйкес келеді. Қағиди бойынша, оның ұзындығы 2см-ге тең. Бірінші негіз майда бөліктерге бөлінеді.

Картаның 1см-ге сәйкес келетін жергілікті жердегі метр немесе км-дегі қашықтық масштаб шамасы деп аталады.

Естеріңде болсын! Егер сандық масштабтың бөліміндегі екі соңғы нөлді сызып тастасақ, онда қалған сандар 1см-ге неше метр сәйкес болатынын яғни масштаб шамасын көрсетеді. Мысалы: 1:25 000 масштабты картаның 1см-не жергілікті жердің 250 м шамасына сәйкес келеді.

 

Date: 2016-02-19; view: 1519; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию