Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мектеп жасына деінгі баланың мектепке даярлаудың бағыттар мен оқуға бейімдеу жолдары

Балалардың мектепке дайындығын қалыптастыруда жүргізілген іс-әрекет, тек түзету жұмыстары арқылы ғана үлкен орын алмай сонымен қатар, басқа да танымдық әдістерінің дамуы арқылы, мысалы, зейіннің қасиеттерінде, ес пен қабылдауда, сөйлеу мен ойлауда және т.б. процестерінде үлкен орын алуы тиіс. Балалардың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыру сабақтардың, білімнің тиімділігін олардың дамуы деңгейі мен зейінінің жоғары дамығанына әсіресе ырықты зейінінің ролі ерекше жоғары болады. Балалардың санасын бақылау үшін, оұу әрекетіндегі зейінінің анықтау обьектісіне туралау, есте сақтау, ойлау мен сөйлеуде алдарына мақсат қойылады. Зейін – барлық психикалық таным процестерімен байланысты және соның көмегімен анықталады. Бірақ, өте тығыз байланыс ырықты зейінмен ес процесінің арасында оқуға даярлығын қалыптастырудың алғашқы кезеңінде көрінеді. Мұғалім бала алдында тек зейінін дамыту туралы ғана емес, сонымен қатар, оқыту материалдарын есте сақтау қажет деген мақсат қояды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында балалады ырықты зейін басымырақ қалыптасады және сөздік қоры дами бастайды, бұл құбылыстар әдістердің жиынтығы мен нақты қимылдар арқылы іске асады. Ол мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ырықты зейіні мен ырықты ес процесінің әрі қарай дамуына көмектеседі, оған себеп әрекеттер – ойындар болады. Ойын кезінде балалар көп нәрсені есінде қалдырады және бір нәрсені көздеуі нақты болады. Ал, жасанды жағдайларда, ойнау әрекеттері арқылы, олардың ырықты зейіні мен ырықты ес процесі тежелеп қалады. Әдістер арқылы ырықты зейін мен бала есінің дамуы жақсы жүреді. Мұндағы саналы мақсат – баланың ойын арқылы зейінін нақтылап, есте қалдыру, еске түсіру, оңай және ерте орындалады. Ойын барысында көрсетілген кқріністер мен әрекеттердің мазмұнын да нақтылау керек. Балалада жүргізілетін ойындар шартына немқұрайлықпен қарап, ойынға араласуы әлсіз болса, онда құрбыларына кері әсерін тигізеді, сондықтан ойын алаңына кетуі қажет. Бұл жағдай, балаладың қарым-қатынас қажеттілігі мен змоционалды кеңею мақсатының бағытына және есте қалдыруға итермилейді.

Балаларды мектепке оқуға даярлайда, сөйлеу процесінің дамуы, балаладың мектептегі оқу жағдайын жақсартатын бірден-бір әсер болып табылады, өйткені сөз – ол мұғаліммен сөйлесу, сол арқылы білімді игеру және психикалық процестердің дамуы мен жетілуі болып табылады.

Психологиялық қасиеттердің негізін анықтаған Л.С Рубинштейн баланы мектептегі оқуға қалыптастыру, тұтас қасиеттердің даму деғгейі болатынын және оқу әрекетінде қалыптасуы, күрделі структураға, икемділігіне немесе жеке адамдық санының даму қорына кіретінін айтты. Белгілі шарттар бойынша сана дамуының негізгі белгілері жайлы С.Л. Рубинштейн, біріншіден, жеке қасиет ретіндегі белгілерді анықтап, тұтас икемділіктерді үйреніге қалыптасуындағы темпті бөлді және үйренудің оңайлығы, қозғалудың жылдамдығы және тасымалдаудың кеңдігін анықтайды. Н.А. Менчинская «дамыту» ұғымының мағынасын ашып, «бұл ұғым бойынша білімді қалыптастыру және оқу әрекетінің түрлерін дамытып, қабылдауды көрсетті». Балаларды мектептегі оқуға дайындау, авторлардың айтуынша – адамның жеке тұлға ретінде дамуының көрсеткіші. Мектепке дейінгі жастағы балалады мектепке дайындаудағы оқу деңгейі дамуы мен қалыптасуының әдейілеп қарастырылмағанына байланысты, біздің жұмысымыздағы, балаларды мектептегі оқуға дайындау деңгейінің бағытына әсер етеді. Біздің анықтауымыз бойынша, мектепке дейінгі жастағы балалардың функционалды дайындығының деңгейі жеткіліксіз болғандықтан, көрсеткіштегі белгілер бойынша, көру аппаратының қалыптасуы мен төменгі интеллектуалды дайындықтың оқуға ешқандай негізсіз әсер ететіндіктен, білімді меңгергенде қабылдаудың төмендігінен, балалардың танымдық әрекеті мен психологиялық процестерімен, зейін, қабылдау, ойлау, ес, қиял және т.б. байланысты.

Адамның көру жүйесі – көбінесе жоғары ұйымдасқан сенсорлық жүйемен, қоршаған дүниені активті танудан, белгілі қабылдау процесін хабарлауы мен оны миымен көруді меңгеруі үлкен роль атқарады.

Заттарды көру, формаларды және түстерді ажырату, мектепке баратын балаларда болады және осы жаста оның құрылысы қалыптасады. Балалар мектепке оқуға дайындығын дамытуға және қалыптастыруға, қандай қарым-қатынаста болатындығын анықтау үшін, салыстыра талдау жүргіздік. «Балалардың мектептегі оқуға даярлығын дамыту және бірінші сынып оқушыларын оқуды қабылдау деңгейін», ал, екіншіжағынан – көру аппаратының қалыптасуы, моторикалық дамуы және вербальды ойлауы, баланың оқуға деген жеке компоненті және т.б. және вербальды ойлауда, оқуды қабылдау «мектепте ер жету» деңгейіне әсер етеді.

Осы жастағы балалармен жұмыс барысында баланың қиялын оятатын шығармашылық тапсырмаларға кқңіл аудару керек.

Бала ұзінің тәжірибесімен құрдастармен бөліседі, соның арқасында қарым-қатынасында танымдық мативтері қалыптасады. Бала өз алдындағы қиындықтарды шамасы келгенше өзі шешіп, өз мотивтерін ересектердің мативтеріне бағындыра бастайды. (үлкендер дем алып жатқанда шулы ойыннан бас тарта алады) оқуға және есепке қызығушылығы туындайды. Мақсатты түрде есте сақтап қала алады. Каммуникативтік дамуымен қатар жоспарлы сөйлеуге, яғни бала өз әрекетін жүйелі және логикалық тұрғыдан дұрыс қалыптастыруғатырысады. Осы жаста Адами эмоцияның барлығын ажырата отырып, оның өз бойында да интеллектуалдық, адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына жол береді.

Баланың интеллектуалдық сезіміне мыналар жатады: білімпаздық, бәрін білуге құштарлық, қалжынды көтере білу, немесе көңілділік, таңғалғыштық.

Эстетикалық сезімімне: сұлулықты сезе білу, ержүректілік сезімі.

Адамгершілік сезіміне: табандылық сезімі, ар-ождан сезімі,достық сезімі. Осы жаста балаларда өтірік айту, яғни өз іс-әрекетін ақтау үшін мақсатты түрде шындықты бұрмалау пайда бола бастайды. Мұндай қасиеттің дамуы бала мен ата-ананың шектен тыс қатал болуы баланы қзіне деген сенімін жояды ды, бала ересек адамның алдында беделін жоғалтып алмас үшін өз әрекетіндегі келеңсіз жағдайларды және қзінің әрекетін басқа біреулерге аудара салуға дайын тұрады. Міне осы кезде адамгершілік нормаларды үйрет ата-аналарға жүктеледі.

6-7 жастағы балалар ойын барысында келісімшарт құрып, бір-бірінің көзқарасымен санасып, өз эмоциясының жәй-күйлерін ұстамдылықпен игере отырып ойнауға үйренеді. Берілген тапсырманы сапалы орындайды, егер қате кеткен болса, тез арада жөндеуге тырысады. Бала әр-түрлі танымдық әдебиеттермен танысады, оларды өз бетінше қолдануға тырысады. 6-7жастағы кқрнекі бейнелі ойлауы дамып, оған абстрактілі оулау лементтері кіреді. Сонда да көп нәрсенін ішінен бір затты бөліп алу кезінде, қиындықтар да байқалып тұрады.

Қиял белгілі бір затқа тәуелді болып қалмай, ішкі әрекетке айналып ол өз қиялын сөздік шығармашылықта көрсете бастайды. Мысалы: санамақтар, мазақтамала, өлеңдер және сурет салу, мүсіндей кездерінде. Міне осы жас ерекшеліктерін ескере отырып, Баланы мектепке дайындаудағы негізгі қағидаларды жасауға болады. Баланың мектепке дайындау кезінде ең алдымен баланың мектепке деген қызығушылығын туғызып, содан кейін ғана дамытушылық жұмыстар жүргізу керек. Негізгі жұмыстар:

1. Баланың қажеттіліктерінен туындайтын психикалық үрдістерді жаңарту;

2. Балаға субьективті қарым-қатынас жасау;

3. Баланың жақын ардағы даму аймағын ескере отырып жеке қарым-қатынас жасау;

4. Баланың қызығушылығын тудыратын, оларды жандантыратындай сабақтарының көпшілігін ойын түрде жүргізу;

5. Балалармен қарым-қатынас достық түрде мейрімділік тұрғыда жүргізіліп,жанға ауыр сөздерді баланың іс-әрекетіне қолданбау;

6. Баланың немесе бүкіл топтың жұмысына эмоциялық ағымды баға беріп отыру, әрбір жеңіс балаға қабілетін дамыту тек сандық, 1,2,3,4,5 баға бермей, істелген жұмыстың жақсы және жаман жақтарына талдау. Ең алдымен ересек адам балаларға жұмысты талдау жасауды өзі көрсетеді. Ол әр жұмысты мейлінше, мейрімділікпен әңгімелей отырып, қателіктерін баланың жанына ауыр тигізбей жеткізуге үйретеді. Мұндай талдау бала мен тәрбиешінің арасындағы қарым-қатынастың сақталуына және баланың өзін-өзі ұстай білуіне кқмегін тигізеді

Бірініші кезекте тәрбиеші мұғалім немесе психолог балаларды өзінің эмоциясымен қызықтыру керек. Эмоционалды тұрғыдан берілген сабақ баланың бүкіл берілген мағлұматты үлкеннен тез қабылдап, оны есіне сақтап қалуына кқп әсерін тигізеді топтарда баланың саны жұп болуы шарт.өйткені көбінесе сабақ командалық жарыстар түрінде өтеді. Сонымен қатар егер бұл топтардағы балалардың психологиялық ауытқулары болса немесе тіл кемістігі бар балалар болса,топ 6-8 адамнан тұратындай болуы қажет. Сабақ арасында 10 минуттық демалыстар немесе сергіту сәттері, ойындар міндетті түрде керек. Осы кезде ең қиыны – баланың танымдық қабілеттерін арттыру. Егер ондай қабілеттері болиаған күндері оқуға деген қызығушылығын туғызу қиын болады.

Танымдық қызығушылықты біз жанып тұрған «алаумен» теңеуімізге болады. Ол жанып тұру үшін жаңа білімдері мен дағдыларды отын ретінде беріп отырмасақ, «алау» бықсып немесе сөніп қалуы мүмкін. Бұл көбінесе дамуында ауытқуы бар және тіл мүкістігі бар балаларға қатыстысты. Өйткені олардың көбінде медициналық жағынан ауытқулар болады. Бұл танымдылық қабілеттері мүлдем дамымай қалады деген сөз емес, шала қалады деген сөз. міне осы кезде бізге тағы да ойын көмекке келеді. Бала ойын барысында жеңіске жетуге тырысады да берілген тапсырманы тиянықты орындап шығады. Әрекет әртүрлі болғандықтан, қиын кездерде бала жеңістен де бас тартатын кездері болады. Сол кезде көмекке үлкен адам келуі қажет. Көмек арқылы жеңістің дәмін сезіп, екінші қайтара жеңілмеуге бел буады.

Қорыта келгенде, мақсатты психологиялық тұрғыдан Баланы мектепке дайындау, мектеп бпғдарламасын орындауда баланың күш-жігері толықтай жететіндігін айғақтайды. Осындай педагогикалық-психологиялық демеу көрсетудің нәтижесінде бала бойында мектепке бейімделу тез өтіп, нашар оқушылардың саны азайып, оқуға деген қызығушылықтары жоғарғы деңгейге көтеріледі.

2-кесте.

Мактепке психологиялық даярлық бағыттары

 

Жалпы дене дамуы 6-7 жасар баланың дене бітімінің – бойы, салмағы, бұлшық-ет тонусы,көкірек қуйсының көлемі, тері жамылғысының қалыпты мөлшерге сәйкес келуі және көз жанары; естуі; қимыл-қозғалысы; қолы мен саусақтаранаң нәзік қимылы; жүйке жүйесініңқозу мен тежелу жағдайы; жалпы денсаулығы жатады.
Танымдық даярлық Мазмұнына баланыі сөздің қоры, көзқарас деңгейі; олардың жақын арадығы даму аймағына бағытталуы; көрнекі бейнелікойлаудың жоғары деңгейлері;оқу міндетін ерекшелеп бөле алуы мен оны әрекеттің дербес мақсатына айналдыра айналдыра алу іскерлігін жатқызады.
Жеке басы мен әлеуметтік психологиялық даярлығына «оқушының ішкі жағдайы» деп аталатын жаң әлеуметтік қатынастың; оқу үшін қажетті адамгершілік қасиеттер тобының; баланың құрдастармен, үлкендермен қарым-қатынас сапасының, мінез-құлық ырықтылығының қалыптасуын жатқызады.
Мектепке психологиялық даярлық бағыттарының көңіл-күйлік,еріктік даярлығы Егер бала алдына мақсат қойып, шешім қабылдай алса, іс-әрекетін жоспарлап, оны жүзеге асыруға күш жұмсай алса, осы жолда кездескен кедергілерді жеңе алса – қалыптасқан деп есептелінеді, әрі баллада психологиялы үрдістердің ырықтылығы жетіледі деп санайды.

 


<== предыдущая | следующая ==>
Мощности определяются по формуле | Егіс тәжірибесі

Date: 2016-02-19; view: 2147; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию