Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Егіс тәжірибесі





Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 

Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты

 

 

«Мектеп учаскаскесінде оқу тәжірибе жұмыстарын

ұйымдастыру» пәні бойынша

ЛЕКЦИЯЛАР

жинағы

 

Оқытушының аты-жөні:. а/ш.ғ.д профессор: Төлеубаев Ж.С.

 

Тараз 2012ж

 

 

Лекциялар жинағы Қазақстан Республикасының Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесі бекіткен оқу жұмыс бағдарламасы негізінде жасалынды.

 

Лекциялар жинағы «Биология және БОӘ» кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама №___ «____»___________2012 ж.

 

Кафедра меңгерушісі __________Зияева Г.К.

 

 

Лекция №1

Мектеп оқу тәжірибе аланыңда жүргізілетін жұмыстар

Егістікте тәжірибе жүргізу методикасы және орындау техникасы.

Ауыл шаруашылығында өндірістің басты құралы бұл – Жер. Адамдар өздеріне қоректікке ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, мал шаруашылығына жемшөпті өңдеу өнеркәсібіне шикізат ретінде техникалық дақылдарды осы жерге егіп, өнімдерін алады. Ал жерден мол өнім алу үшін ғылымға негізделген тәсілдер қолдану керек, ал тәсіл негізінен ғылыми теорияға сүйенеді.

Тәсіл негізінен – Практикалық – вегетативтік, Лизиметрлік, егістік тәжірибе болып есептеледі. Осы тәсілдер бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тиімді әдістерді немесе сорттарды ауылшаруашылық егіншілігін енгізеді.

Ауыл шаруашылығында ғылыми- зерттеу жұмысының негізгі мақсаты әрбір дақылдың өнімділігін арттырып, тиімді түрлерін көбейту, өсімдіктер дүниесін жаңарту болып саналады.

Тәжірибе жүргізген ғылыми мекемелердің бірі – тәжірибе станциялары – олар әр аймақтың ерекшеліктеріне сай ауыспалы егіс жүйесін енгізудің негіздерін сақтап, топырақ эрозиясына қарсы күрес жүргізіп, тың аймақтарды игенріп, интенсивті әдістерді қолдану шараларын анықтайды.

Тәжірибе арқылы анықталатыны - бітік егін өсіріп, мол өнім алу болса, сол өнімнің сапасы төмен болады, белогы аз, дәндегі уызы нашар болып, құрғақ затты, қажетті витаминдер мен микроэлементтердің құрамы анықталады.

Мысалы, құбылыстың даму заңдарын ашып, оны түсіндіруді ғылыми зерттеу дейміз. Зерттеу теориясының негізіне ғылыми бақылау мен тәжірибе жатады. Сол тәжірибелер мәліметтерін талдап, тексеріп- қорытқаннан кейін өңдеу теориясын дамытуға болады.

Құбылыстың дамуын зерттеуші – оның саны мен сапасын өлшеу арқылы, оның қасиетін, жағдайларын анықтау – ғылыми бақылау болып саналады.

Күздік дақылдардың түптену кезеңінде, егін көктегеннен 8-10 тәуліктен соң ылғалмен қамтамасыздығы, ауамен жылылығы 13°С-тан жоғары болғандығы тек бақылау арқылы ғана байқалады.

Егер күздік бидай танабына әр гектарына 10 тонна көк енгізсек, онда дақыл 10кг N, 10кг P және 45кг K тыңайтқышын алатындығын тек бақылау арқылы байқауға болады. Бақылауды жеке бір зерттеу тәсілі деуге болмайды, ол тек зерттеу методикасын толықтырады. Құбылыстың зерттеу мәндерін, себептері мен өзара байланыстарын нақтылы анықтауда зерттеушінің құбылысты немесе жағдайды жасанды жүйеге келтіруі тәжірибе болып саналады.

Ол ғылыми- зерттеу методикасының негізі. Ғылыми тәжірибенің ерекшелігі – оны қайтадан қайталап сол түрде жүргізуге болатындығы.

Тәжірибе мен бақылаудың бір-бірінен айырмашылықтары бар. Егер бақылау арқылы табиғаттың сыртқы құбылысы сана –сезімге еніп ақиқатты тізетін болса, тәжірибе – біздің санамыз, ой-пікіріміз арқылы болжау нақтылығын, дұрыстығын іс арқылы тексеруді талап етеді.Сондықтан да жаратылыс ғылымдарын зерттеуде тәжірибе методикасы ең басты құрал болып саналады.

Тәжірибе жұмысында ең қиыны, ол алдын- ала жоспар құру болып саналады. Зерттеуші тәжірибе жұмысын басынан аяғына дейін ойға салып көзге елестетпей, мәселені анықтай алмайды.

Әрбір жүргізілген тәжірибелер варианттарға бөлінеді:

- Сапалы вариантқа – мысалы, сорттар, дақылдар, себу тәсілі, топырақ өңдеу, алғы дақылдар жатады;

- Санды вариантқа - суару нормасы, тыңайтқыш нормасы, топырақ өңдеуде оның қабатының тереңдігі, т.б. жатады.

Егіс тәжірибесінде бір немесе бірнеше варианттар өлшемдерін тәжірибе варианттарымен салыстыру жолын стандарт немесе бақылау варианты дейді.

- Стандарт варианты немесе бақылау варианты деп – тәжірибе жүргізілгенге дейінгі зерттелген немесе егіншілер жұмысында көр жылғы анықталған мәліметтер пайдалануын айтады.

- Тәжірибе бақылау (стандарт) варианттарының жиынтығы тәжірибенің схемасы болып табылады.

Агрономияның зерттеу жұмысында кеңінен қолданылатын салыстырмалы экспирименттер мыналар:

- Лабороториялық әдіс, Вегетативтік әдіс, Лизиметрлік әдіс.

Егіс тәжірибесі.

Лабороториялық әдіс -Өсімдік тірі организм – оған тіршілікке факторлардың бірі жетпесе - өнімділігін кемітеді. Сондықтан арнайы дайындалған лабороторияда өсімдіктің өсуіне факторлардың әсерін талдауда Практикалық тәжірибе – химиялық, физикалық, химиялық-физикалық, микробиологиялық –цитологиялық, т.б. әдістерге бөлінеді. Өсімдік тіршілігінің факторлары ылғал, қоректік зат, жылу, жарық, ауаның әсерлерін анықтауда – кәдімгі ыңғайлы дайындалған бөлмелерде (теплица) жасанды жағдайларда тәжірибе жүргізу арқылы дайындалады. Лабороториялық әдісті қолдануда басты объектілердің болуы қажет емес, Тәжірибенің мақсатына қарай – лаборатория жағдайындатопырақ қабаттарындағы құбылысты зерттеу үшін қосымша аппараттар, приборлар қолданылады.

Вегетативтік әдіс – арнайы вегетативті үйде әр түрлі агрохимиялық немесе физиологиялық мәселелерді шешу үшін өсімдіктерді арнайы ыдыстарда егіп өсіреді. Өсімдіктерді жасанды ортада өсіру әдісін тұңғыш рет француз ғалымы Ж.Буссенго (1802-1887) қолданды. Өсімдіктерді жасанды ортада өсіру әдісін неміс физиологтары Кноп пен Ю.Сакс жасап шығарған. Бұл әдістің мәні мынада: Тәжірибе жүргізілетін өсімдіктер ыдыстарда өсіріледі, оны вегетативтік ыдыстар деп атайды.

Ыдыстың ішіне топырақ немесе таза жуылып қыздырылған құм салынады немесе су құйылады. Оған қажетті қоректік заттардың ерітінділерін құйып, өсімдікті отырғызады.

Вегетативтік әдіс арқылы -өсімдікке қажетті қоректік заттардың сыртқы орта факторларының – жылу-ылғал-жарық-химифлық заттардың әсері және өсімдікке қажетті судың мөлшері зерттеледі.

Белгілі бір фактордың өсімдікке тигізетін әсерін, өсімдіктің өнімін есептеу, анатомиялық өзгерісін, биохимиялық динамикасын зерттеу арқылы анықталады.

Өсімдіктің табиғи жағдайда өсуіне қарағанда – вегетативтік экспирименттің ерекшелігі бар.

1. Мұнда ыдыстардағы топырақ аз болғандықтан- өсімдіктің тамыры еркін жайылып өсе алмайды.

2. Ыдыстағы өсімдіктер кейбір химиялық элементтердің жетіспеуінен суды бойына біркелкі таратпайды.

- Ыдысқа топырақты салар кезде топырақтың құұрылысы бұзылады. Сондықтан бұл әдіс арқылы алынған мәліметтерді пайдаланып, тәжірибені табиғи жағдайда жүргізу арқылы сынақ өткізу. Өсімдіктерге қандай минералдық элементтердің қажет екенін білу үшін дақылдарды суда өсіоу әдісі қолданылады.

- Өсімдіктерді минералды тұздардың әлсіз ерітіндісінде өлтіреді;

- Ерітіндіде элементтердің бірде біреуін екіншісінде болдырмау арқылы олардың өсімдікке қажеттілігі мен маңызын анықтайды. (Кноп, Тимирязев 1896).

Вегетативтік шағын үйлерде өсімдіктерді топырақ толтырған немесе құм толтырылған ыдыстарға отырғызады. Бұдан басқа қиыршық құмға немесе гидрокультур (гидропоника) ретінде отырғызуға болады.

- Ыдыстың үстіңгі жағы қиыршықтармен, керамзитпен немесе вермикулитпен толтырылып, астыңғы жағына қоректік ерітінділер жіберіледі.

- Вегетативті экспириментті техникалық процестердің дамуының арқасында күрделі инженерлік құрылыс –фитотрон пайда болады.

- Фитотронда лаборатория корпусы оранжериясы, климаты және мұздату камералары орналасқан.

- Жаңа сорт шығару - физиологияда, генетикада, селекцияда өсімдікті қоректендірудің маңызды теориясын анықтауға мүмкіндік береді. Дәнді дақылдардың жаңа сорттарын жеделдете шығаруда вегетативтік әдіс Республикада кеңінен қолданылады.

Лизиметрлік әдіс – вегетативті әдістен айырмашылығы - өсімдік топырақ қасиеттері тікелей егіс танабында зерттеледі. Лизиметрлік тәжірибеде табиғи жағдайда ылғал мен қоректік заттардың жылжуы мен балансын – тепе-теңдігін есептеуге мүмкіндік беретін өсімдіктің өмірі мен топырақ процесіндегі өзгеріс динамикасын зерттейді.

Лизиметр – танапта – белгілі бір көлемі, ені, көлденеңі, және тереңдігі, түбі арнайы қоршалады. Оған бетон, кірпіш,т.б. қолданылады. Лизиметрдің негізгі шарты – белгілі бір тереңдікте арнайы шүмегінің болуы – шүмек арқылы топырақтың жоғарғы қабаты мен төменгі қабаттарына судың сіңуі, ал ол кезде қоректі тұздардың еріген мөлшерін зерттеуге мүмкіндік береді. Лизиметр ішіндегі топырақ қабатының қалыңдығы әр түрлі – 1-2 метр тереңдікте болады.

Лизиметрлік тәжірибелер егіншілікте - мелиорацияда, топырақтану ғылымында, агрометеорологияда, физиологияда, агрохимияда және селекцияда, дақылдардың су қорын- тепе-теңдікті жауын суы немесе суармалы су арқылы қоректік заттардың жылжуын, шайылуын және табиғи жағдайда транспирация кофицентін анықтауда кеңінен қолданылады.

Лизиметрді реттеудің екі тәсілі бар:

1. Лизиметрді тікелей топыраққа орналастыру;

2. Лизиметрге топырақ топырақ толтыру.

Топырақ қабаттарындағы және өсімдіктердегі ылғал мен қоректік заттарды есептеуге лизиметр өте қолайлы. Дегенмен, лизиметрдегі топырақтың төменгі қабаты негізгі топырақ қабатынан бөлінгендіктен, ылғал мен ауа және қоректену режимі кәдімгі егіс жағдайынан - басқаша болады.

Егіс жағдайында өсімдікті зерттеуде Лизиметрлік экспириментті егіс тәжірибесінен кейін вегетативтік тәжірибесінен жоғары бағаланады.

Егіске тәжірибе жүргізудің вегетативтік әдісі егістік танабында түбі жоқ шәйнекте топырақты 20 немесе 50см тереңдікке орналастырып зерттейді. Егіншіліктегі әр түрлі факторлардың - тыңайтқыштардың топырақ қабаттарында құнарлығының тиімділігін бағалауда егіс тәжірибе жүргізудің вегетативтік экспириметтерінің өзгешелігі - арнайы қосымша жабдықты қажет етпейді.

Соңғы жылдары егіске тәжірибе жүргізудің вегетативтік әдісі агрометеорологияда, егіншілікте, өсімдіктер селекциясында кеңінен қолданылады. Өйткені, егіншілік жағдайында мейлінше жақындайды.

Егіс тәжірибесі – арнаулы егіс жағдайында орындалатын зерттеу жұмысы. Егіс тәжірибесенің негізгі мақсаты зерттеудегі варианттардың айырмашылығын анықтау, өсімдіктің өніміне және сапасына немесе өсіп-өну тәсілдеріне факторлардың әсерін бағалауға көмектеседі.

Егіс тәжірибесі агрономиялық ғылыми-зерттеудегі ең бір басты экспиримент болып саналады. Ол ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін, жаңа агротехникалық тәсілдерді және олардың компоненттерін ғылыми-зерттеп анықтауда кеңінен қолданылады.

Егіс тәжірибесінің ерекшелігі – ол мәдени өсімдіктерді топырағы мен ауа райы және агротехникалық жағдайлары ауыл шаруашылығының өндірісіне жақын немесе шаруашылықтың өзінде тікелей зерттелететіндігі.

Егіншіліктің түрлі мәселелерін зерттеуде негізгі қолданылатын – егіс тәжірибесі. Мысалы, ауыспалы егістер, топырақты өңдеу тәсілдері, тыңайтқыштарды қолдану, агротехникалық тәсілдерді, сорттарды, ауыл шаруашылық машиналарды сыннан өткізу осы әдіске жүктеледі.

Мөлдектің қайталануын үлкен көлемді мөлдекті бірнеше бөлікке бөліп, әр жерге орналастырғандай деп қарауға болады.

Мысалы, мөлдектің орналасуына орташа шаманың ауытқуына әсері:

 

  Көрсеткіштер Мөлдектің орналасуы
Бір орында Екі орында Төрт орында Сегіз орында
Мөлдектің көлемі (м2)   Ортада ауытқуы (%)     5,16     4,98     3,08     2,75

 

Кестеден байқайтынымыз – мөлдектің 1080м2 көлемін 2,4-8 орынға бөлгенде орынға ауытқу шамасы едәуір төмендегені байқалады.

Салыстырмалы егістік тәжірибелеріндегі варианттарды қайталауынсыз зерттеу жүргізуге болмайды.

Мөлдектің көлемін өсіргеннен де варианттың қайталану санын көбейткенде егістік тәжірибе нәтижесінің дәлдігі артады.

Егістік тәжірибенің барлық қайталану мөлдектерін бір зерттеу учаскесінде жүргізеді, яғни бір қабатқа, екінші қабатқа, үшінші қабатқа немесе көптеген қабаттарға (ярустарға) орналастыру (1 сурет).

 

 

 

 

4-қайталауға бес мөлдекті орналастыру тәсілі а)- б)- в) жаппай орналастыру г) шашып орналастыру

Мөлдек көлемі – Егістік тәжірибе учаскесінің формасы мен көлемі бірдей тік бұрыш учаскеге бөлу мөлдек деп аталады.

Мөлдектің көлемі негізінен егістік тәжірибе өзгешелігі мен қойылған мақсатына, топырақ құнарлығының ала-құлалығына, қолданылатын агротехникасына және зерттейтін мәселеге байланысты болады.

Мөлдекке егістік тәжірибе схемасы бойынша қабылданған мөлшер бойынша орналастырылады.

Оның көлемін екіге бөледі:

1. Тәжірибелі

2. Есепті

Мөлдектің тәжірибелі көлемінде зерттелетін вариант орналасады. Есептік көлемнен – дақылдың нақты өнімін есептейді. Оның тәжэірибе варианттары мен стандарт (бақылау) варианттарын орналастыруға пайдаланады.

Егістік тәжірибені жүргізуге ең қорлайлысы қайталауларды бір қайтара орналастырған жөн.

- Қайталанудың ішінде егістік тәжірибе схемасындағы варианттарын орналастыруға әр түрлі әдістер қолданылады:

- стандартты

- жүйелі

- кездейсоқты рендомизм

1) Стандартты әдіс арқылы егістік тәжірибе схемасында бақылау (стандарт) вариант саны әр қайталауда өсіріледі.

- Егер егісті тәжірибе схемасында әр тәжірибе варианты бақылау (стандарт) варианты мен қатарында болса, оны ямб әдісі дейді, ал 2-тәжірибе варианттарынан кейінгі бір стандарт варианты орналастырылса – дактиль әдісі дейді. (Дактиль- daktils- әріп-бармақ)

Стандарт әдісінің кемшіліктері:

а) қатар орналасқан мөлдектер өнімдерінің аралығында тікелей өзара байланысы бола бермейді.

б) бір-бірінен едәуір қашықтықта орналасқан мекендерді салыстыру қиын

в) Егістік тәжірибе варианттар саны көп болса, тексеруге икемсіз, әрі сол учаскенің көп жері тиімсіз пайдаланылады.

Осы кемістіктердің салдарынан стандарт әдіс егістік тәжірибе жұмысында кеңінен қолданыла алмайды. Стандарт әдіс негізінен селекцияда қолданылады. Мысалы, сұрыптаудың бірінші сатысында тұқым тапшы болса, онда мөлдектің көлемі, әрі қайталау саны да болмайды, ондайда стандарт әдісін қолданады.

2) Жүйелі (системалы) әдіс. – Егістік тәжірибе қайталауының ішіне тәжірибенің анықтаған схемасындағы тәртібімен варианттарды учаскеге орналастырады. Қайталауларды бір қатарға орналастырғанда - варианттары әр қайталау ішінде тәжірибе схемасындағы жүйесімен өзгертілмеген түрінде орын алады, яғни бірінші қайталаудағы 5-вариант -1-2-3-4-5 жүйесімен орналасса, басқа қайталауларында да сондай жүйе сақталады.

Егістік тәжірибе қайталаулары екі немесе көп қатарлы орналасқанда мөлдектерде бірінші варианттаға 1-қатардағы қайталау схемасы толық сақталады. Мысалы, 1-2-3-4-5 варианттары, 2-қатарда тәжірибе схемадағы бірінші вариант жылжып, бестен кейін 2-3-4-5-1, 3-қатарда варианттар 3-4-5-1-2 сатылы орналасады.

І ІІ ІІІ ІV V
                                   
                                   

 

А) 1-2-3-4-5

Б) 2-3-4-5-1

В) 3-4-5-1-2

Г) 4-5-1-2-3

 

- Егістік тәжірибені осылай орналастыруды шахмат жолымен орналастыру дейді.

- Егістік тәжірибе қайталауларын тәжірибе схемасында 8 немесе 10 варианттан аспаса бір қайтара орналастырады.

Ғылыми агрономияда тәжірибе жұмысында жүйелі әдіс басты орын алады. Бұл әдістің ерекшелігі тәжірибе жүргізу жолының оңайлығы болса, оның кемістігі варианттардың тиімділігі күтпеген жерден бұрмалануы болады. Сондықтан да жүйелі әдісін тек зерттеу тәжірибесін бастарда, дайындық жұмысын жүргізуде немесе ғылыми мәліметтерді көрсетуде және егістік тәжірибелердің басқұа салаларында пайдаланылады.

3) Кездейсоқ (рендомизм) әдісі - Егістік тәжірибе варианттарын қайталау учаскесіне жеребе салу немесе кездейсоқ сандар бойынша құралған таблица арқылы кездейсоқ жолыме табылған вариантты мөлдекке орналастырады. – Мұндай орналастыруды- рендомизм – кездейсоқ- ретсіз әдіс дейді (ағыл. Rendom – кездейсоқ- ретсіз).

 

Date: 2016-02-19; view: 2324; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию