Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Ағылшын етістіктерінің қолданылу ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз





Аударманың лексикалық трансформацияларын қарастыру барысында тағы бір басты назар аударатын жайт ағылшын тілінде қабылдау, сезіну және ойлау іс - әрекетін білдіретін танымал етістіктердің аударылу ерекшеліктері болып табылады. Жас аудармашылар ағылшын тіліндегі to see, to believe, to understand және to feel етістіктері бір мағыналы емес екендіктерін ұмытпау қажет, яғни оларды үнемі көру, сезу, сену, түсіну, деп аудара берген қате болады. To see, to believe, to feel етістіктері газетті – публицистикалық стильде түсіну, ойлау, қарастыру, санау (ойлау мағынасында) деп аударылса, to understand етістігі әдетте сomplex object (күрделі бастауыш) айналымдарында орыс тіліндегі клише – формуласына – мәлім болғандай деп аударылады. Мысалы: Ch.P. Snow is understoodto be a great promoter and populariser of Soviet Literature in England – Мәлім болғандай,Чарльз Сноу кеңес әдебиетін Англияда танымал етіп жүр.

Ағылшын тіліндегі әр түрлі мағыналарға ие сөздердің үшінші тобына үстеулік мағынаға ие етістіктер жатады. Мұндай етістіктер екі мағына білдіреді: бірінші мағынасында іс - әрекетті білдірсе , екінші мағынасы сол іс - әрекетті сипаттайды. Бұл етістіктердің үстеулік мағынасы келесіден көрінеді: Яғни бұл етістіктердің мағыналары толықтауышпен, үстеумен, мекен пысықтауышпен білінеді. Мысалы: Over 500 london students yesterday roared their way through fleet Street through the heart of the City demanding that “Smith must go” - Лондондық 500 – ден астам студенттер көшеге»Смит жоғалсын» деген қатты айқалған дауыстарымен Флит – стриттан Ситидің орталығына дейін жүріп өтті. Мұнда to roar етістігі to roar one’s way through Fleet street құрылымында мағынасы бойынша айқайға ұласқан қозғалу етістігін қосып, ал to roar етістігінің мағынасын іс – қимыл пысықтауышымен жеткізуге тура келеді. Үстеулік мағынаға ие етістіктердің адекватты аудармасы әдетте аударманың грамматикалық трансформацияларын талап етеді, оның ішінде қосымша сөздерді қосу, сөз таптары мен сөйлем мүшелерінің орын басу әрекеттерін талап етеді. Мұндай үстеулік мағынаға ие етістіктердің көбісі тілге еніп үйреншікті тіркестерге айналып кетті. Мысалы: to bow somebody out of the room, the train steamed in to (out of) the station , the truck rumbled in to the town. Аударма кезінде олардың жеке мағынасын келтіріп аудару қиынға соғады, өйткені олар бір жағдайдан екінші жағдайға көшу іс-әрекетін , іс - әрекетке деген құлшынысты білдіреді. Сондықтан мағыналарының толықтығы әдетте бейнелеп аудару көмегімен көре аламыз. Мысалы: The crocodile shuttered homeunder hailstones and through the ugly streets – Салқыннан дірілдеп жауынның астында балалар үйінің тәрбиеленушілері ұзын сап құрап лас көшелер бойымен келе жатты. Бұл жерде үстеулік мағынасы бар to shutter етістігі және home үстеуі салқыннан дірілдеп , келе жатты деп аударылса, crocodile метафорасы да бейнелеп аудару көмегімен тәрбиеленушілер, ұзын can деп аударылады.

Үстеулік мағыналары бар етістіктерді аударудың өзіндік екі заңдылықтары бар:

· Егер үстеулік мағынасы бар етістік қозғалыс пен оның сипаттамасын білдірсе, ол әдетте белгілі бір пысықтауыштық сөз қосылған етістікпен аударылады, яғни пысықтауышта тұрған сөз сол іс - әрекетті сипаттайды. Мысалы: The train whistled outof the station – Поезд жүру қоңырауын беріпстанциядан қозғалды.

· Егер үстеулік мағынасы бар етістік бір жағдайдан екінші жағдайға көшуді, іс әрекеттің себебі немесе нәтижесін білдірсе ол екі етістікпен яғни бағыныңқы сөйлеммен және мақсатты инфинитив көмегімен аударылады. Әдетте сөз таптаорының орын басу амалы немесе қосымша сөздер қосу амалы орындалады. Мысалы: He had an elder brother who had flunked out of law school – Оның емтихандарды тапсыра алмай және сол үшін заң факультетінен шығарылып жіберілген ағасы болды.

 








Date: 2015-06-05; view: 820; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.004 sec.) - Пожаловаться на публикацию