Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Теория: Аудармалық трансформациялар туралы түсінік





Аудармалық немесе тіларалық трансформация дегеніміз - қайта жасап өзгертудің көмегімен оригинал бірліктерінен аударма бірліктерінен өтуді айтады. Аудармалық трансформация мазмұн мен мәнері бар тіл бірліктерімен жасалатындықтан олар формальды-семантикалық сипатқа ие, әрине бастапқы бірліктерді форма жағынан да мағына жағынан да өзгерте ді

Аударма процесін сипаттау шеңберінде аудармалық трансформация статистикалық жағынан, яғни бастапқы тіл бірліктерімен олардың сөздіктегі сәйкес келушілігінің арасындағы қатынасты талдау емес, динамикалық жағынан, яғни аударма тәсілі(әдісі) ретінде, аудармашы әртүрлі оригиналды аудару кезінде сөздік сәйкестігі жоқ, контекст бойынша қолдануға келмейтін жағдайда қолдана алатын аударма тәсілі ретінде қарастырылады. Бастапқы тіл бірліктерінің сипатына (түріне) қарай аудармалық өзгертулер лексикалық және грамматикалық болып 2-ге бөлінеді. Сонымен бірге күрделі лексика-грамматикалық өзгертулер, яғни бір мезгілде оригиналдың лексикалық және грамматикалық өзгерту немесе деңгей аралық, яғни лексикалық бірліктен грамматикалық бірлікке не керісінше грамматикалық бірліктен лексикалық бірлікке өту түрі болады. Аударма процесінде қолданылатын лексикалық өзгерулердің негізгі типтері мынандай аудармалық тәсілдерден тұрады: аудармалық транскрипция және транслитерация, калькирование және лексикалық-сематикалық ауыстырулар (конкретизация-нақтылау,генерализация-жалпылау және модуляция). Ең көп тараған грамматикалық өзгертуге: синтактикалық ұқсасу (уподобление) (дословный перевод – сөзбе-сөз, өзгеріссіз), сөйлемді мүшелерге бөлу, сөйлемдерді біріктіру, грамматикалық ауыстыру (сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшесін) ауыстыру жатады. Күрделі лексикалық-грамматикалық өзгертуге: антонимдік аударма, экспликация (описательный-перевод - сипаттау) және компенсация жатады.

Транскрипция және транслитерация дегеніміз – оригиналдық лексикалық бірліктерінің формасын аударма тілінде әріптердің көмегімен қайта жасайтын аударма тәсілі. Транскрипция бойынша (арқылы) бөгде сөздің дыбыстық формасы қайта жасалынды, ал транслитерация арқылы сөздің графикалық формасы (әріптік құрамы) қайта жасалынады. Қазіргі заманғы аударма практикасында транскрипция транслитерацияның кейбір элементтерін сақтай отырып басты тәсіл болып табылады. Тілдердің фонетикалық және графикалық жүйелері бір-бірінен өзгеше болатындықтан бастапқы тілдің сөздерінің формасын аударма тілінде беру шартты және жуық түрде алынады: absurdist –абсурдист (автор произведения абсурда), kleptocracy – клептократия (воровская элита), skateboarding – скейтбординг (катание на роликовой доске). Әрбір қатар тілдер үшін бастапқы тілдің сөзінің дыбыстық құрамын берудің ережелері жасалынады, транслитерацияның элементтері сақталынғаны жайлы көрсетіледі. Ағылшын – орыс аудармаларында ең көп кездесетін транскрипцияларда транслитерация элементтері негізінен кейбір айтылмайтын дауыссыз дыбыстармен редукцияға ұшыраған дауысты дыбыстар боп келеді. Мысалы: dorset [do:sit] - дорсет, Campbell [‘kœmbәl] -кэмпбелл), сонымен бірге дауысты дыбыстар арасындағы қос дауыссыз дыбыстарды және сөздің аяғындағы дауыстыдан кейін келетін дауыссыз дабыстарды беру: Bonners Ferry – Боннерс Ферри, (boss-босс), аудармада әлдеқашан белгілі үлгіге сөздердің дыбысталуын жақындастыратын, сөздердің орфографияларының кейбір ерекшеліктерін сақтау: (Hercules missile – ракета «Геркулес», deescalation – деэскалация, Columbia – Колумбия). Әдеттегі кейбір бағынбайтын сөздер: тарихи тұлғалардың есімдері және кейбір географиялық атаулар: (Charles I – Карл І, William III – Вильгельм ІІІ, Edinborough - Единбург).

Калькирования дегеніміз – оригиналдың лексикалық бірліктерін, олардың құрамдас бөліктерін – морфеманы немесе сөзді ---- олардың аударма тіліндегі лексикалық сәйкестіктерін ауыстыру жолымен болатын аударма тәсілі. Калькированиянің мәні бастапқы лексикалық бірліктің структурасын көшіре отырып, аударма тілінде қайтадан жаңа сөз немесе тұрақты сөз тіркесін жасау болып табылатын. Мысалы: Superpower – «Сверхдержава», mass culture – «массовая культура», green revolution – «зеленая революция». Кейбір жағдайларда, калькирования тәсілін қолдану калькаланатын элементтердің тәртібін өзгерту жағдайында болады: First-strike-weapon – оружие первого удара, land-based-missile – ракета неземного базирования, rapid deployment force – силы быстрого развертывания. Кейде аударма процесінде транскрипция мен калькирование бірмезгілде болады: transnational – транснациональный, petrodollar – нефтедоллар, mini-skirt – мини-юбка.

Лексикалық, логикалық-семантикалық, грамматикалық, антонимдік компенсация.

Лексикалық-семантикалық ауыстырулар дегеніміз- оригиналдың лексикалық бірліктерін аударма тілінің бастапқы тілдің бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жасалынатын тәсіл. Мұндай ауыстыруларға негізінен нақтылау, жалпылау және модуляция (мағыналық даму) жатады.

Date: 2015-06-05; view: 2464; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию