Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ІІІ. Этнолингвистикадағы фразеологиялық антонимдердің мәні





Тарихи даму барысында кейбір фраземалардың ішкі формасы қандай да бір себептермен жойылуы, жоғалуы да мүмкін. Мағыналық пен бейнеліктің жаңаруы қайта жасалу үрдісін қарсы қоюға болады. Ол фраземалардың ішкі формасы мен экспресивтілігін жаңартуға сепепші болады. Фразеологизмдердің бойында сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде жеткен қоғамдық тәжірибенің, халықтық рухтық, және материялдық мәдениеттің көріністер сақталып бейнеленген. Сондықтан тілдің тұрақты тіркестеріне (мақал мәтел, фразеологизм т.б.) алғаш көңіл бөліп, олардың табиғатындағы халықтың қоғамдық өмірдің салт- санасын, әдет – ғұрпын көре білендер тек тілші ғалымдар мен фольклористер ғана емсе, сонымен қатар этногрофтар да болды.

Фразеологияның халықтың табиғатын түсінудегі, оның ұлттық мәдениетпен байланысын көре білудегі негізгі фактор – оның фраземалар мағынасындағы этнолингвистикалық және этномәдени көзін ашу қандай жағдайда немесе қандай себептердің тұсында фраземалар пайда болады деген сұраққа жауап беруден туындайтын мәселе олардың шығу тектерін айқындау, яғни тура мағынасында қолданылатын еркін сөз тіркестерінің пайда болу, шығу тегіне талдау жасау, фразеологизмердің ішкі формасын айқындау болып табылады. Фраземаның материалдық негізін жасайтын, құрамы жағынан толық грамматикалық тұрғыдан дәстүрлі шығу тегі еркін сөз тіркестері болып келетін тіл бірліктері сөз болып отыр. Еркін тіркестер мағыналық жағынан «жаңаруы», еркін тіркестің ауыспалы, бейнелі мағынада қолданылуы, нақтылықтан жалпылыққа өтуі фразеологизмдерді тудырады. Сөз тіркестерінің бойындағы ұлтқа тән ерекшелік, көрегендік пен білімнің жиынтығы мұндай тіркестерге халықтық сипат береді.

Халықтың тұрмыс тіршілігін, мәдени мұрасы және рухани байлығы, экономикасы мен қоғамдық саяси көрініс тапқан фразеологизмдерде қандай да бір нақты құбылыстық жағдайдың бейнесі ашық көрініп тұрады. Сондықтан фразеологизмдер идиомалануға икем тұрады. Ал фразеологизмдік антонимдер жағымсыз бен жағымдылықты, бар мен жоқты тағы басқаларды қатар салыстырып қарау арқылы белгілі бір ұғымның мәнін салыстыра ашып көрсетіп тұрады. Мысалы, қой аузынан шөп алмау (момын адам). Ол өзі қой аузынан шөп алмайтын момын екен, еш уақытта да бір адамға қатты сөз айтпапы (С.М.). Осыған қарсы мәнге «Шаш ал десе бас алады» (қатал, ұр да жық кісі). Ондайлар щшаш ал десе бас алған, айқайға зорлыққа сүйенгендер (Қ.Е.). Сондай – ақ бір тіркестің құрамындағы антонимдік қолданыс – аты бар, заты жоқ, күле кіріп күңірене шығу (арам ниетін білдірмей, екі жүзділік ету).

Күле кіріп бұл жерге әдетпенен

Күңірене шықпасын әдетпенен.

Аға көрдім өмірде, іні көрдім,

Қайсысынан көңілім дәметпеген. (С.Қ.)

Бір күн бие, бір күн түйе тағы басқа мысалдар бір – біріне қарама – қарсы екі құбылысты қатар қолданып олардың ара қатынасын ашып беріп тұр. Келтірілген фразеологиялық антонимдердің бірінші компанентінің көбі фраза жасауға ұйытқы сөз болып табылады, бірақ бұл негізгі шарт емес, тілдегі барлық фразеологиялық антонимдерде ортақ компанент келе бермейді, тек халықтың тілдік сапасында, тілінде ұзақ жасасып келген байырғы сөздік қордағы лексемалар ғана ұйытқылық қызмет атқарады.

Этнолингвистика деген терминнің өзі этнос және линггвистика сөздерінің қосылуынан шыққан. Этнос ұғымы шеңберіне халықтың болмысы, әдет – ғұрпы, мәдениеті, сезім- сенімі, яғни тұтас халықты қамтитын мәселелер кіреді. Ал этнолингвистика солл айтылғандардың тілдегі көрінісі. Тіл- сан ғасырлар бойы сұрыпталып, дамып, жетіліп, күрделеніп жетілетін процес.

Әр сөздің өзінде салмақ жатыр, дегенмен алдыңғы бөлімдерде сөз мағынасының өзгеретініне, жаңаратынына тоқталдық. Қазіргі біздің тіліміздегі қалыптасқан тұрақты сөз тіркестерін өте тереңнен тарихи тұрғадан қарастыруымыз керек. Ә. Болғанбаев атап көрсеткендей фразеологизмдерде екі қабатты мағына болады. Бірінші қабаттың ауыс мағынасы болса екінші қабат та тура мағынаға ие (яғни еркін сөз тіркесінен құралып мағынасыздану процесіне ұшыраған). Этнолингвистиканың қарастыратын мәселесі де сол екінші қабаттағы мағынаға байланысты. Мысалы: қазақта ала жібін аттамау- қиянат жасамау, сұғанақтық істемеу, арамдыққа бармау мәнінде айтады. Енді осы жерде «ала жіп» тіркесіне мән берсек, қазақ халқының ұғымында ала жіп өте киелі, жас баланың тұсауын да ала жіппен кесіп, оған сәтті қадам тілеп, ниет білдірген. Енді сол ала жіптен аттамау өте мәнді де терең түсінік танымнан туған, халықтың әдет- ғұрпы мен таным- сенімен байланысып жатқан тіркес. Бұл тіркестің қазіргі мағынасы нақты құндылығын жоймаған. Бұл тіркестің антонимін алсақ жақсылық пен жамандық ұғымының ара қатынасы анық көрінген. «Киянат жасады» (әділетсіздік істеді). Бұл тіркесте де этностің таным түсінігімен астасқан ұғым бар. Ала жібін аттамау, қиянат қылмау екеуі де мораль, этнографиялық ұғымға ие.

Антонимдік қолданыс ретінде қазақ ұғымындағы «қара», «ақ» сөздерін алсақ, бұлардан жасалған сөз тіркестері де аз емес. Ақ таң атты- қара күн туды, қара жүрек (рақымы жоқ адам),ақ етек (арамдығы жоқ адам), ақ арулап қою (өлікті қадірлеп қою)- қара жерге кебінсіз кіру. Келтірілген тіркестердің бәрі халықтың наным –сенімімен әдет- ғұрпымен байланыстыра айтылған. Демек фразеологиялы тіркестердің табиғатын түсіну үшін оларды бір біріне қарама- қарсы мәнде қолдана отырып, олардың алғашқы мағынасына мән беру керек. Қай кезеңде қандай мағынасында қолданылған, қандай оқиғалармен байланысты, яғни тіркестің қалай жасалғаны емес, қандай жағдайда жасалғаны ескерілуі тиіс.

Тілдік қорымызда көне тұрмысымызбен, ұлттық ұғымымызбен байланысты жануарлар атауының қатысуы арқылы жасалған фразеологиялық антонимдер де аз емес.

І. Ат басын тіреп жүру (қоонақ болу, келіп тұру немесе бір жерге жету). Абай ауылынан кеткен бетінен қонаға бүгін жетіп, Мұхаметжан жаңа келіп, ат тұмсығын тіреген жері осы. (М. Ә.)

ІІ. Ат ізін салмау (қатынаспау). Шынымен –ау, жоғалған бұзау құрлы көрмеді – ау. Көзімнің тірісінде біреуі ат ізін салмағаны ма деп, деп апам көзіне жас алды. (Ө.Т.) Немесе ат ізін құрғатпау (жиі келіп тұру). Зейнепке сыбаға әкелушілер ордадан ат ізін құрғатпады. (С.Б.).

І. Қозыдай томпайу (тойып тамақтану)

ІІ. Аш қасқырдай ұлу (аштықтан, аш өзегі түсу).

І. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды (ынтымақсыздық).

ІІ. Төсекте басы, төскейде малы қосылу (туыстық жақындық).

І. Төрт түлігі сай (бай). Ерназар өзі бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты.

ІІ. Тігерге тұяғы жоқ (малы жоқ). Биыл төртінші жыл жау жүр, жылқыдан тігерге тұяқ қалдырмай алып кетті.

Адамнаң дене мүшелеріне байланысты жасалып, мағыналарының жаңаруы нәтижесінде тілімізге бекіген фразеологизмдер:

І. Жамбасының астынан жеп жатты (қиналмай еңбектенбей өмір сүреген адам).

ІІ. Ащы тер төгу (Қиналып әрекет ету).

І. Тілі майда (Майда сөзді, тілі жұмсақ)

ІІ. Ащы тіл (сөзі өте ауыр, жер жебіріне жету)

І. Тілі қысқа (сөзге олақ адам)

ІІ. Тілі мен жағына сүйену (көп сөйлеу)

 

Табиғат құбылысын білдіретін фраемалар:

Ат құлағы көрінбейтін ақ боран – аспан айналып жерге түскен ыстын

 

Тарихи кезеңдермен, тұлғаларымен байланысты фраземалар:

І. Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама (жаугершілікке ұшырап, өзге жаққа ауған ел туралы айтылған. Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама ауып келіпті.

ІІ. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған кезең (тыныш бейбіт заман). Асан Қайғы желмаяға мініп, жерұйықты, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мекенді іздеді.

 

Қазақ халқы ежелде хандық билікте болғандықтан хан сөзіне байланысты фразеологиялық антонимдерде ұшырасады.

І. Ханнен қаперсіз болды (алаңсыз, ойсыз бейқам жүру).

 

ІІ. Хан түленді (қайғырды, майымдады).

Ертедегі жаугершілік заманда туып, бүгінгі күн мағынасы жаңарған араздық пен татулықтың ара қатынасын білдіретін фраземалар.

І. Қаймағы бұзылмау (ешбір шашау шықпау, бірлікте өмір сүру).

Қаймағы бұзылмаған қалың елді,

Аздырмақ берекесін алып енді.

Қайдағы қаңғыбасты қамқор санап,

Ендігі осы ғана қалып еді.

 

ІІ. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады (жау басып алу)

Жау жағадан алғанда,

Жол көрінбес көзіме,

Арған, Найман жиылса

Таңырқаған сөзіме

Қайран сөзім қор болды

Тобықтының езіне.

Фразеологизмдердің әдет – ғұрпы көзделіп дәлелдей түсінетін материалдар көп. Мысалы құмалақ салу. Халық тіәжірибесінде құмалақ салып болашақты болжайтын ғұрып бар. Құмалақ салудың өзіндік атаулары бар. Мысалы, құмалақтың түсуіне қарап, ашпасәліп, жетіәліп, оң көз, көз түсу тіркестері қолданылады. Ал фраземалардың антонимдік қолданыс ретінде маңдай ашық (бақыты жанған)- маңдай жабық немесе жолы жабық; бүйірі тоқ (қоржыны тоқ), басы көтеріңкі (жолға шығады), құйысқаны берік (жағдайы жақсы)- екі өкпесі кысыңқы (жағдай нашар), жүрегі күпті (күдігі басым) немесе жүрегі қаралы тіркестер қолданылады.

Этнолингвистика ғылымының негізін салған ғалым Ә. Қайдар этнолингвистикалық арнаға тоқтала келіп «Тіл тамыршысы бола білу деген сөз -... Көпшілік қауымның білетіні лексикалық бірліктердің бойына ғана тән толық ауқымы емес, жарым жартысы ғана, яғни көбінесе күнделікті өмірде өзара қарым- қатынас жасауға қажет «үстіңгі қабаттағы» лексикалық мағыналары ғана. Ал олардың екінші деңгейі «ауыс, туынды, келтірінді, идеомалық, фразеологиялық» тағы басқа деп аталатын мағыналар тобына келсек олар көбінесе тілдік ортада қалыптасқан дәстүрлі «мағыналық символ» ретінде сөйлеу контексіне қарай қолданылғанымен түп төркіні баршаға айқын емес. Лексикалық немесе фразеологиялық бірліктердің ішкі формасы, яғни екінші деңгейлі шығармаларын – этнолингвистикалық шығармалар»,- деп атаған.

Ә. Болғанбаев «Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойындағы қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесі негіз болған»,- дейді.

Қазақ тілі ұлт болмысының өзіндік ерекшеліктерін танытатын бейнелі тіркестерге өте бай. Ұлттың менталдық өрісінің ауқымы мен көркемдік ойлау қабаттарын және қазақ тілінің есепсіз тіл қуатының молдығын білу үшін ұлт тіліндегі фразеологизмдерге жүгінген жөн. Халықпен бірге жасап келе жатқан эмоциялық мазмұны жоғары образды тіркестердің өміршеңдігін оның қолданысынан байқауға болады. Қазіргі жазба әдеби тілдің қатталған беттерінде қалып бара жатқан фразеологизмдерді бүгінгі ұрпақ тілінен жиі ұшырату қиын. Қазіргі қазақ ұлтының (жастарының) ойы терең болғанымен тілі жұтаң. Ал жастар тілі мүлде қасаң тартып қысқа қайрылатын сөздер мен сөз тіркестерге ауысуда. Өмір ағыны, дәуір екпінің әсерінен асығыс, қысқа да нұсқа сөйлейтін ұрпақ тілінде мәнерлілік азайып келеді. «Сөзі мірдің оғындай, тілінің майын тамызып», «өткір тілді» шешен сөйлейтіндер бұрынғының қазығы болып елестететіндей. Алайда жас буын келер ғасырда қалай дегенмен де ана тілінің мәйегін іздейтіні хақ. Демек әр халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктері оның ғасырлар бойы жасалған тілінен көрінеді. Кейде сол ұлттың тілінде ұлттық әлдебір қасиеттерін өзгелерден оқшау етіп бағалайтын, анықтайтын тіркестер қалыптасады. Қолданылу осы арқылы ұрпақтан ұрпаққа сақталады. Рухани құндылық – қашан да сол ұлттың төл құжаты. Олай болса, осы ғылыми жұмыс көп құндылықтардың бірі ретінде бір мұқтажын өтейді деген ниетпен ұсынылып отыр.

 

 

Date: 2015-05-23; view: 1688; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию